400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

"Ұрпаққа ұран- ұлы есім"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақшаға ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ұрпаққа ұран - ұлы есім»

Мақсаты: Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу.Ұлы жеңіс мерекесі туралы ұғымдарын бекіту.

Жүру барысы: «День победы» әнімен балалар келіп тұрады.

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.

Ұлы Отаным басымды иіп бір минут

Есіне алмақ сол бір кезгі қайғыны.

1941 жылы 22-маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын- қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамған.

Тұтқиылдан жау тиіп,

Қырғын соғыс басталды.

«Ана туралы баллада» әнімен,бейнеролик көрсету.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар!Ұлы жеңістің 70-жылдық мерейтойына арналған II-кіші «Көбелектер» тобы дайындаған «Ұрпаққа ұран-ұлы есім» шағын мерекелік шарамызды қабыл алыңыздар!

Жаңғыртып әнмен аспан кеңістігін,

Халқымыз қуанышты тегіс бүгін

Жауды жаншып отанды азат еткен

Құрметтеп қарсы алады жеңіс күнін

Жүргізуші: Балалар біз қандай мерекені тойлағалы жатырмыз?

Балалар: Жеңіс күні

Жүргізуші: Жеңіс күні қай күн?

Балалар: 9 мамыр

Жүргізуші: Ұлы жеңіске неше жыл?

Балалар: Ұлы жеңіске 70-жыл

Жүргізуші: Соғысқа қатысқан ардагер аталарымызды, апаларымызды атай қойыңдар.

Жүргізуші: Балалар мынау не?

Балалар: Ақ көгершін

Жүргізуші: Бұл қандай құс?

Балалар: Бейбітшілік құсы

Жүргізуші: Бұл құс нені тілейді?

Балалар: Тыныштықты соғыс болмаса екен дейді

Жүргізуші: Олай болса ақ көгершін әнін қабыл алыңыздар!(қыздар ақ көгершін биіне билейді. Ақ көгершін әні жіберіліп тұрады.)

Жүргізуші: Құрметті қонақтар «Көбелектер» тобы балаларының жеңіс күніне арналған мерекелік құттықтауын қабыл алыңыздар.

Мейрамбек: Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні

Жақсы үміттің шырағы жанды міне

Аспан бетің қаптаған қара тұман

Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні

Алихан: Жеңіс күні құтты болсын

Құтты болсын аталар

Ұмытпайды ешқашан

Жауынгерді балалар

Каусар.Т: Тыныштық болсын әлемде

Тартпасын халық қайғы-шер

Тіршілік болсын жерімде

Көрмесін енді жамандық

Ернұр: Жеңіс,жеңіс

Бабамыздың қызыл қаны төгілген

Кеше туған және біздің

Бағымыз боп көрінген

Каусар.Тоқтамыс: Мәншук апай-батыр қыз

Ардақтаймыз атын біз

Ұқсап Мәншук апайға

Өсіп келе жатырмыз

Рауан: Жеңістің күні келгенде

Көшеге жайнап шығады

Сөнбесін оның жұлдызы

Сөнбесін өмір шырағы

Олжас: Жеңіс, жеңіс

Өміріміз ашқан бізге есігін

Ұмылтамыз өткеніміз

Батырлардың есімі

Дамилия: Әсем әндей қоңыр күйдей

Жылдан жылға жаңғырып

Жаса жеңіс ел ерлігі

Сен жасай бер мәңгілік

Мансур: Қия шыңға өрмелендер

Болашаққа батыл бар

Жеңіс деген өрен ерлер

Мәңгі өлмейтін батырлар

Ақсезім: Қара бұлтқа оранбасын күн көкте

Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте

Отанының бақыты үшін мерт болған

Батырларды есіне ұста, құрметте

Санжар.М: Жермен көктің арасын

Шарпығанда қалың өрт

Әлия орыс қаласын

Азат етіп мерт болды

Айару: Бейбітшілік нұрына

Дүние жүзі сенеді

Соғыс өртің өшіріп

Бейбітшілік жеңеді

Елигер: 70 жыл бейбіт көктем таңы атқаны

70 жыл шуақты күн таратты әнін

Есімде содан бері жетпіс рет

Ашылды жеңіс күннің парақтары

Ақсамал: «Ат ауыздығымен су ішкен, ерлігімен су кешкен».

Сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып,

отан қорғауға біздің батыр апаларымыз

«Шығыс жұлдыздары» Әлия Молдағұлова мен Маншук Мамбетова асқан ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапқан. Хиуаз Доспанова Ұлы Отан соғысында ұшқыш болған алғаш қазақ қызы.

Нұрәлі: Шығыстың қос шынары

Әлия Маншук қайсар қызы қазақтың

Ерлігіне таңғаламын ғажап-тым

Солар төккен қызыл қанның арқасы

Қазақстан аспанында азат күн

Аманжан: Бауыржан атам ардақты

Алды биік атақты

Жетелеп алға қазақты

Жеңіске жолды бастапты

Нұралы: Ажал боп төнген жауына

Дауылды көктің қыраны

Оралды ала тауына

Ерліктің өжет бір әні

Бағдәулет: Туған жер, өскен орта, байтақ дала

Махаббат ыстық жүрек құмарлана

Сүйеді төлегендей ер баласын

Баулыған батырлыққа отан ана

Жүргізуші: Енді балаларымыздың орындауында «Катюша» биін қабыл алыңыздар!

«Жойылсын жалғыс сөз соғыс деген» әні орындалады.Балалар гүл шоқтарын мәңгілік алауға қояды.

Shape1 Shape2

Жүргізуші: Сен неткен отан анам ғажап едің

Әсемдеп көркем тілмен жазар едім

Болашақ ұрпағының бақыты үшін

Жайнай бер ұлы отаным қазақ елім

Елімізде енді соғыс болмасың,отанымыз тыныш жұртымыз аман болсын! – деп «Көбелектер» топ балалары дайындаған Ұлы жеңістің 70-жылдығына ертеңгіліміз аяқталды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
546
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі