"Ұрпаққа ұран болған-Ұлы жеңіс!"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ұрпаққа ұран болған-Ұлы жеңіс!"

Материал туралы қысқаша түсінік
9-мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған тәрбие сағатының жоспары. Жаңа бағдарламаға сай, кесте түрінде әзірленген. Бастауыш сыныптарға арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:

«Ұрпаққа ұран болған –Ұлы Жеңіс!»

Күні:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Ибатова Аружан Сансызбайқызы

Сынып: 4 «а»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны: 0

Көрнекіліктер

Видеоролик, жеке суреттер, слайдтар

Мақсаты:

- Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру;

-  Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу;

-Ұлы Жеңістің қандай жанқиярлықпен, қандай батырлықпен келгенін ұғындыру.


Құндылықтарды

 дарыту


патриотизм– батылдылық– көшбасшылық– төзімділік

Пәнаралық байланыстар

Әдебиет, тарих

АКТ қолдану дағдылары

АКТ дағдыларын дамыту. (ноутбук, интербелсенді тақта)

Тәрбие сағатының барысы


I.Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кіріспе сөз

3 -минут























Негізгі бөлім 2-минут



3-минут







6-минут











3-минут



3-минут

2-минут

3-минут





3-минут











Қорытынды бөлім.

- Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрбіріміз үшін қасиетті де қадірлі мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында аға-апаларымыздың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Ұрпаққа ұран болған-Ұлы Жеңіс» аталатын ашық тәрбие сағатымыз Ұлы Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.

Анықтама беру: 9 мамыр – Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қаруды шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жетті. 5-оқушы: Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың 30 сәуірінде тікті.

Мұғалім: -Бармысыздар, алты Алаштың ұландары! «Жеңіс деген - жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуанышпен мерекенің бұлағы»

«Еркін пікір алаңында» ой бөлісу:
Төмендегі Бауыржандай батыр бабамыздың сөзі туралы өз ойыңды айтып көрші. Сен бұл сөзге қандай дәлел қосар едің?
«Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң, жауды күйрете алмайсың»


Мұғалім:

Желбіреп жеңіс жалауы, Алаулап жанып алауы. Қазағым бүгін азат ел, Қуанышты бұл жаңалық.

Ортада өз өнерлерін көрсететін бастауыш сынып оқушыларын шақырамыз.

.




Мұғалім:

Азаттық үшін шайқаста, Жауынгерлер жаралы. Қаншама мына қазаққа, Жеңіс күнін сыйлады.

Оқушыларға «Ұлы Жеңіске-76 жыл» атты видеоролик көрсетіледі.

Топтық жұмыс. Топқа бөлу. «Пазылдар»  әдісі арқылы топқа бөлінеді.

Оқушыларға мозаика қиындыларын тарату арқылы 1,2,3 топқа бөліп отырғызады:

1.Бауыржан Момышұлы

2. Әлия Молдағұлова

3.Мәншүк Мәметова

«Кезбе тілші» әдісі. Үзінді сұхбат көрсету.






Мұғалім:

Азаттық сыйлап жаңа күн, Армандап келген сан ғасыр. Бұл жеңіс оңай келген жоқ, Жан беріскен,жан алып.

«Лездеме» әдісі. Өлең құрастыру.




Бинго

Өлеңнің атын айту.

  1. Ақ көгершін

  2. Отан Ана

  3. Бейбіт күн тілегі

  4. Алға,Қазақстан

  5. Мен қазақпын.

  6. Соғыстан қайтқан солдаттар


Мұғалім:

 Отан үшін от кешкен,
Денелерін оқ тескен.
Ұмытпайық бұларды
Ұрпағы үшін жан кешкен...

Хор: Соғыс өрті жанбасын,

Сәбилер жетім қалмасын!

Бесігінде сәбидің, есігінде әр үйдің

Болмасын соғыс, болмасын!

Келешек ұрпақтың тілегі осы.


Халық ерлігі өлмейді, ол жылдар өткен сайын қайта жаңғырып, адамзат зердесіне орала береді. Отан шежіресінде, біздің жүрегімізде батырлар есімі мәңгі жасай береді. Ұрыс даласында қан жұтып, қыршыны қиылған боздақтар да, жеңіс жалауын жер үстінде желбіреткен жауынгерлер де, бізге бірдей қымбат.


Хор: «Бейбіт күн тілегі»

Мұғаліммен амандасады.






























Оқушылар өз ойларын ортаға салады.






1-оқушы:

 Жабады, дала төсін, нала, қайғы,

Шын қайғы жас-кәріге қарамайды.

Қып қызыл көлдің бетін, сұңқылдаған

Аққулар қанатымен сабалайды.

2-оқушы:

 Жаныштап ажал ызғары,

Қайғыдан жүрек мұздады.

Қаусатып кетті қарттарды,

Қартайтып кетті қыздарды.

3-оқушы:

Отан Ана жылағанда шерленіп,

Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.

«Қара бұлтты қақ жарайық» деді де,

Қолдарына қару алды ерленіп.





Оқушылар назарын видеороликке аударады.



Оқушылар 3 топқа бөлініп отырады..








Оқушылар бір сәт өткенге оралып, «Кезбе тілші» әдісі арқылы сұхбат жасайды.

1-топ:Бауыржан Момышұлынан сұхбат.

2-топ: Әлия Молдағұловадан сұхбат.

3-топ: Мәншүк Мәметовадан сұхбат.


1-топқа:

Соғыс жалмап аға, іні, бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

2-топқа:

Жабады, дала төсін, нала, қайғы,

Шын қайғы жас-кәріге қарамайды.

3-топқа:

Жаныштап ажал ызғары,

Қайғыдан жүрек мұздады

















Оқушылар хормен айтады.











Оқушылар орындарынан тұрып «Бейбіт күн тілегі» әнін орындайды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.11.2021
1853
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі