«ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН-ҰЛЫ
ЖЕҢІС»
Мақсаты:«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген
қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға
баулу. Отанға тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс
салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым
етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі
басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға
тәрбиелеу.
Қатысушылар: Ұлы Отан соғысының ардагері
Жарманов Қалмырза, тыл ардагері Савчева Евдакия Григорьевна, тыл
ардагері Алтынбаева Ұлболсын, «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр
филиалының қызметкерлері, колледждің күндізгі бөлім студенттері,
архив қызметкерлері, БАҚ өкілдері
Регламент
Баяндамашыға 5-10
минут
Шығып сөйлеушілерге 5-10
минут
Өткізілу
барысы:
1. Ұлы Жеңіске мың тағзым! (жеңіс туралы
әндер, өлеңдер оқу)
2.Ардагерлермен
сұхбат
3. Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды!
(оқушылардың шығармашылығы)
4. «Отты жылдар елесін, кітаптан оқып
білесің...» (кітап көрмесі)
5.
Қорытынды
1-Жүргізуші:Құрметті қонақтар,студентер. Жеңіс күні
9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл
мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен
көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында
қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан
соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.Олай
болса бүгінгі
«Ұрпаққа ұран болған –Ұлы
жеңіс»тақырыбындағы кездесу кешіне хош
келдіңіздер.
2-Жүргізуші:
Аз емес зар жылаған, егілген
жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген
қан.
Кеудеге зілді қасірет салды
соғыс.
Қирады талай арман көңілге
алған
Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан
Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин,
Талғат Бигелдинов т.б.және де өз жерлестеріміз де
бар.
Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы
бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен
апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде
қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен
еске алайық.
(1 мин
үнсіздік)
1-Жүргізуші:
Кеш қонақтарын таныстырып
өтсек...
Академик С.А.Джиенкулов
атындағы Байқоңыр колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
Дауленбаева Шолпан Ануарқызы
2 ж – Байқоңыр қалалық
архивінің басшысы Қапанова Бағдад
Жүсіпқызы
1 ж- Ұлы Отан соғысының
ардагері Жарманов Қалмырза ата
2 ж- Тыл ардагері Савчева
Евдакия Григорьевна
1 ж- Тыл ардагері Алтынбаева
Ұлболсын.
2ж-Ақай ауылының
әкімі-
1-Жүргізуші: Иә, кім де болса өз Отанын қорғауға қашанда
дайын. Ұлы Отан соғысына арналған бүгінгі кездесу кешімізді ашу
үшін колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Дауленбаева
Шолпан Ануарқызына сөз кезегін
береміз.
2-Жүргізуші:
Ән «Қазағым» Куантқан
Қалдыбай
1-Жүргізуші:
Байқоңыр қалалық архивінің
басшысы Қапанова Бағдад Жүсіпқызына сөз кезегін
береміз.
2-Жүргізуші: Хор: «Сарбаздар
әні»
Баяндама «Ұрпаққа ұран болған
–Ұлы жеңіс» Тарих пәнінің мұғалімі Өмірзақ Шолпан
апай
1-жүргізуші
Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр
азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын
орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған
майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін студенттерге сөз
берейік!
1-оқушы: «Соғыстан қайтқан
солдаттар» Аралбаева Назипа
2-оқушы: «Соғыстың соңғы көктемі» Шылмырзаева Фаризат
3-оқушы: «Ұлы отан соғысы!» Базарбаева Айдана
4-оқушы: «Сен құрметте оны» Нағыманова
Аяжан.
2-Жүргізуші: Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған
шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата – әкелеріміз соғыстың алғашқы
сәтінде – ақ майданға аттанды. Осы қан майданда мерт болған
ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген
аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін
ешкім де ешқашан да ұмытпауға тиіс.
Сөз кезегі
Ұлы Отан соғысының ардагері
Жарманов Қалмырза атаға беріледі.
1-Жүргізуші:
Батыр ұл есімдері
ақталады
Жыр болып жүректерде
сақталады.
Ғасырдан ғасырларға аңыз
етіп,
Ұрпағы мәңгі бақи
мақтанады деп келесі бөлімімізді студенттердің өз
шығармашылығынан жеңіс туралы әндеріне
береміз!
Қонысбай
Төребай
Бақытбек
Назым
Жетесбаев
Дарын.
2-Жүргізуші: Міне, Ұлы Жеңіс күнінің 73 жылдық мерекесі
кезекті көктемнің шуақты күнімен бірге келіп отыр. Иә, осынау
ұлан-ғайыр даламыз нені бастан кешірмеді
дейсіз?
1-Жүргізуші: Иә, әрине осындай қиын қыстау кезеңдерді
бастан кешіргендегі қазақ халқының еңбекқорлығын, сабырлығын,
төзімділігін баса атап айтсақ артық болмас еді.Келесі
сөзді
- Тыл ардагері Савчева Евдакия
Григорьевна мен
- Тыл ардагері Алтынбаева
Ұлболсын әжелерімізге береміз.
Хор «Катюша»
2 -
жүргізуші: Бүгінгі күн – көптен күткен
салтанатты күн
зымыраған уақыттың қанатында
жеңістің міне 73-ші көктемі де келіп жетті. Ешкімде, ешнәрсе де
ұмытылмақ емес. Бұл сөз өткенге емес, болашаққа арналған. Олай
болса, Ұлы Жеңістің 74 жылдығында
кездесейік.
2 –
жүргізуші: Кешіміздің қорытынды сөзі «Нұр
Отан» партиясы Байқоңыр филиалы орынбасарының міндетін атқарушы
Мұқанова Кенжегүл апайға береміз.
2 –
жүргізуші: Ендігі сөз кезегі Байқоңыр
қалалық архивінің басшысы Қапанова Бағдад Жүсіпқызына
беріледі.
2 -
жүргізуші :Келесі сөз
кезегі колледж директорының оқу ісі жөніндегі
орынбасары Дауленбаева Шолпан Ануарқызына
береміз.
1 - жүргізуші: Ардагерлерге
мың тағзым!
2 - жүргізуші: Жеңістің туы
мәңгі желбіресін!
1 - жүргізуші: Жеңіс тойы
мәңгі жасасын! Мерекелік бейбіт күнде кездескенше аман - сау
болыңыздар