Ұрпақтар сабақтастығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұрпақтар сабақтастығы

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ұрпақтар сабақтастығы

Мақсаты: Ұрпақтар сабақтастығы мақсатында ардагерлерімізді жас ұрпақ тәрбиесіне бағыт – бағдар көрсетуге оқушылармен кездесу өткізу

Түрі: Кездесу

Әдісі: Сұрақ-жауап

Ұйымдастыру кезеңі: Кезедесуді бастауға дайындық

Кіріспе: Армысыздар, ақылмен түйсініп, жүрекпен сезінетін пайым - парасатымен, талғам - танымымен танылатын асыл жандар! Ұрпақтар сабақтастығы мақсатында ардагерлерімізді жас ұрпақ тәрбиесіне бағыт – бағдар көрсетуге оқушылармен кездесу өткізіп отырмыз. Қош келіпсіздер!

Бүгінгі жастармен кездесуге мектеп – интернатымыздың ардаргер ұстаздары ұстаз _____________________шақырылды. Ұстазымыздарымыз біздің мектеп – интернаттан зейнетке шықты.

Негізгі бөлім:

Жастар мен аға буын өкілдерінің кездесуі бүгінгі күні маңызды болып отыр. Себебі жастарға тәрбиелік мәні бар, патриоттылық бағытында, адамгершілік тақырыбында, салт – дәстүр мен ұлттық құндылықтар тақырыбында әңгіме айтылуы сиреп барады. Оның үстіне қоғамда болып жатқан түрлі келеңсіз оқиғалар жастардың қатысуымен жүріп жатыр. Кейбір ата – ананың балаға көңіл бөлетін уақыттары да жетпей жатады. Бұндай кездесулер тәрбиелік тақырыпты ғана қозғамай, белгілі тұлғаны да жастарға танытады, тәжірибе береді.

Оқушылардың сұрақтары:
- Балалық шақтан есіңізде не бар?
- Туған жер сізге несімен ыстық?
- Жас кезіңізде қандай болдыңыз?
- Еңбек еткен жылдары есіңізде қалған қызық оқиға?
- Балаларыңыздың ішінде ерекшелейтініңіз бар ма?
- Бала кезіңізде қандай ойын түрлерін ойнадыңыз?
- Ұстаз мамандығын не себепті таңдадыңыз?
- Қазіргі жастар қандай?
- Мектепте қандай пәнді ұнаттыңыз?
- Алғашқы ұстазыңыз кім еді?
- Сіздің мінезіңіз қандай болды?
- Мектеп оқыған кезде балдармен төбелестіңіз бе?
- Бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?
- Мамандықтың басқа түрін таңдар ме едіңіз?

 Балалық шақтан есіңізде не бар?
- Туған жер сізге несімен ыстық?
- Жас кезіңізде қандай болдыңыз?
- Еңбек еткен жылдары есіңізде қалған қызық оқиға?
- Мектепте қалай оқыдыңыз?
- Бала кезіңізде қандай ойын түрлерін ойнадыңыз?
- Ұстаз болуды бала кезіңізден армандадыңыз ба?
- Ұстаз мамандығын не себепті таңдадыңыз?
- Ең алғашқы жұмыс күніңіз есіңізде ме? Несімен есте қалды?
- Мектепте қандай пәнді ұнаттыңыз?
- Алғашқы ұстазыңыз кім еді?
- Сіздің мінезіңіз қандай болды?
- Бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?

Нақыл сөздер

«Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»

«Ұстазға қарап шәкірт өседі»

«Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»

«Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»

«Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»

Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше ұстаздарымызбен ойын ойнасақ.

Ұстаздар шардың ішіне бір қағазға сұрақ жазылады, сол шарды жарып ішінен сұрақты алып жауап берулеріңіз керек.

1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/

2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/

3. Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/

4. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/

5. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/

6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/

Ұстаздар үлкен рахмет. Орындарыңызға жайғассаңыздар болады.

Ардагер ұстаздарымыз бен мектеп – интернат директорының уақытша міндетін атқарушы Қ.Қ.Әмірқызына сөз кезегін беремін.

Қортыныды: Оқушылармен кездесуде апайларымыз өзінің еңбек жолдарымен, тәжірибелерімен бөлісті. Оқушыларға өлке тарихынан, ұлт тәрбиесінен, салт – дәстүрден мағыналы әңгімелерін жеткізді. Одан бөлек жастардан қойылған қоғамдағы кемшіліктер, бала тәрбиесіндегі жетіспеушіліктер, дәстүрдің дамымай жатқан тұстары туралы сұрақтарға, өз пікірін, кеңесін шынайы әңгімеледі. Ұстазымыздың Жастар неден қателеспеу керек, қандай бағытқа басымдылық берген дұрыс екенін де тілге тиек етті.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.02.2021
1889
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі