400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

"Үш аю "ертегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: "Үш аю" ертегісі"

Мақсаты:Балаларға ертегінің мазмұнын түсіндіре отырып,ертегіге деген

қызығушылығын арттыру,балаларды адамгершілікке, адалдыққа,бірін-бірі

сыйлауға үйрету.

Қолданылатын декорациялар: Үйшік,орман,талдар,орындық,ертегі кейіпкерлері.

Автор:

-Ерте-ертеде Маша деген қыз болыпты.Маша әжесімен бірге тұрады екен.

Бір күні Маша орманнан гүлдер теріп қайтайын деп әжесінен сұранады.

Маша:

-Әжетай мен орманнан гүл теріп қайтайын жіберіңізші.

Әжесі:

-Жақсы бара ғой,бірақ маған тақпақ айтып берші сосын жіберемін.

Маша:

Әже деген көп шығар

Менің әжемдей жоқ шығар

Мейірімді ол кісі

Қандай ғажап күлкісі

Әжесі:Жақсы бара ғой.Қызым алысқа ұзама,адасып қаласың тез қайтып кел.

Маша:

-Жарайды әжетай.

Автор: Маша орманда гүл теріп,өлең айтып жүріп,адасып қалады.

Қайтар жолды таба алмай,жылайды,қарны ашады,шаршайды,ұйқысы келеді.

Маша:

-Ау-у ата,ау-у ата,

-Ау-у әже,ау-у әже қайдасыңдар,маған көмектесіңдер!

Автор:

Жолды таба алмаған Маша,орманда тұрған бір үйге кезігеді.

Маша:

-Үйшік-үйшік ,үйшікте кім тұрады.-деп айқайлайды.

Автор:

-Үйге кірсе ешкім жоқ,бұл үйде аюлар мекенлейтін еді,әкесі,анасы,және

баласы.Ашық тұрған есікке кірген Маша дастарханда тұрған ботқаны көреді.

Маша:

-Қарным ашты мына ботқадан жеп алайын,мұнда төсекте бар екен шаршадым

біраз мызғып алайын.-деп ұйықтап кетеді.

Автор:

-Бір кезде аюлар үйіне оралады.Шаршап келген аюлар асын ішпек болады.

Аюлар:Біздің үйге біреу кірген сияқты,адамның иісі шығады.Біздің

тамағымызға кім тиіскен,жеп қойыпты.

Бала аю:

-Менің төсегімде жатыр ұстаңдар оны-деп айғайлайды.

Автор:

-Аюлардың дауысынан шошып оянған Маша қорқып кетеді.

Маша:

-Аюлар,мені жемеңдерші мен сендерге тақпақ айтып беремін.

Аюлар:

-Жарайды.

Маша:

Ормандағы аюдың,құлпынайы көп екен

Теріп ,теріп ,алайық қалтамызға салайық.

Аюлар:

Жоқ бізге мұндай,тақпақ ұнамайды сені жейміз қарнымыз аш.

Маша:

-Жо-жоқ жемеңдерші мен сендерге жұмбақ жасырамын,шешесіңдерма?

Аю:-Жарайды,шешеміз.

Маша:

Тәтті көрсе жасқанар,айнымайды баладан

Үлкен болып жасқанар,кіп кішкентай арадан (аю)

Менімен ойнайсыңдарма?

Аюлар:-Ия ойнаймыз.

Маша:

Аю,аю тұршы, беті қолыңды жушы

Айнаға қарашы,шашыңды тарашы

Әй-әй көйлек киші,қане мені қушы- деп Маша қаша жөнеледі.

Автор:

Аюлар қорбаңдап Машаға жете алмай қалады.Осылайша Маша аюлардан

құтылып әжесіне келеді.

Қорытынды:Ертегі сендерге ұнады ма?Орманда кімнің үйі екен? Маша кімнің

тамағын жеп қойды?Маша аюлардан қалай құтылды?

Балалар:Ертегі бізге ұнады.Ертегі үш аю туралы.

Осылайша ертегіміз аяқталды .Тыңдағандарыңызға рахмет!

Сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
562
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі