400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үш аю ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру саласы: Әлеуметтік Білім бөлімі: Көркем әдебиет Мақсаты: Балалардың білімін бекіту, ертегілер үзінділерін әңгімелей білу. Балалардың қиялдарын дамыту, сөздік қорын молайту. Бүгін бізге келген қонақтарға шаттанып, оларға құрмет көрсетіп, өзіміздің қандай балалар екенімізді дәлелдейік. Бәріміз шеңберге тұрып, тобымыздың ұранын айтып жіберейікші! Бала-бала балақан Қане қайсы алақан. Саусақтарым айбат, Олай-бұлай ойнат. Топ-топ басайық, Жалаудан гүл жасайық. Жаса-жаса – алтын күн, Жаса-жаса – алтын қыс. Балалар сендер ертегілер еліне саяхатқа барғыларың келе ме? Ендеше тыныш отырып, мұқият тыңдайық!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Үш аю ертегісі

Білім беру саласы: Әлеуметтік

Білім бөлімі: Көркем әдебиет

Мақсаты: Балалардың білімін бекіту, ертегілер үзінділерін әңгімелей білу.

Балалардың қиялдарын дамыту, сөздік қорын молайту. Бүгін бізге келген қонақтарға шаттанып, оларға құрмет көрсетіп, өзіміздің қандай балалар екенімізді дәлелдейік. Бәріміз шеңберге тұрып, тобымыздың ұранын айтып жіберейікші!

Бала-бала балақан

Қане қайсы алақан.

Саусақтарым айбат,

Олай-бұлай ойнат.

Топ-топ басайық,

Жалаудан гүл жасайық.

Жаса-жаса – алтын күн,

Жаса-жаса – алтын қыс.

Балалар сендер ертегілер еліне саяхатқа барғыларың келе ме? Ендеше тыныш отырып, мұқият тыңдайық!

Ерте-ерте, ертеде, бір кішкентай Аружан деген қыз болыпты. Бір күні орманға барып, адасып қалыпты. Қалай үйін табарын білмей, жүре беріпті. Сонда алдынан бір үй кезігіпті. Бұл үйде үш аю өмір сүреді екен. Әкесі, анасы және баласы. Осы кезде үш аю үйінде болмаған екен. Кішкентай Аружан үйге кірсе,үстолдың үстінде тамақтар тұр екен. Әрқайсысының дәмін көріп, кішкентай аюжың тамағын жеп қояды. Содан кейін әбден шаршаған Аружан жататын бөлмеге барып, әр төсекке жатып көріп, кішкентай аюдың төсегіне жатып ұйықтап қалады.

Бір кезде үш аю үйіне оралады. Үйлеріне кіріп, біреудің болғанын байқайды. Сол кезде кішкентай аю: «Менің тамағымды кім жеп қойған?», - деп жылайды. Үшеуі ұйықтайтын бөлмеге кірсе Аружан ұйықтап жатады. Үшеуі бірдей «Бұл кім?» деп бақырған дауыстан шошып оянған Аружан үш аюды көріп, қатты қорқып, ашық тұрған терезеден секіріп түсіп қашып кетеді. Үш аю ұстай алмай қала береді.

  • Балалар сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

  • Иә

  • Орманға жалғыз баруға болама?

  • Болмайды!

  • Мынау кімнің үйі?

  • Аюдың!

  • Мұнда кімдер тұрады?

  • Әкесі, анасы, баласы.

  • Дұрыс! Сендер өте ақылдысыңдар! Балалар, сендер шаршадыңдар ма?

  • Иә

  • Ендеше бәріміз орнымыздан тұрып, бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті

Қорбаңдаған аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Балалар, аю туралы кім тақпақ біледі?

Қарақат: Аю отыр жайғасып,

Қолымен құлағын сипалап.

Қимылды байқап жасайық

Жасайық соны қайталап.

Ақмаржан: Қалың майдан маймаңдар

Қар астында қалған қап.

Көп ортайып көктемде,

Тұрды орнынан айқайлап.

Айқын: Тауға шықсаң қалың қар,

Сайға мінсең қалың қар.

Байқаңдар, қар астында

Ұйықтап жатқан аю бар.

Нұрлыбек: Аю отыр партада

Екі қолы қалтада.

Апай сабақ сұраса,

Ұйықтап қалыпты масқара.

Рахмет балалар! Ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Жеміс-жидек жегенім,

Балды жақсы көремін. (аю)

Өзі ширақ, өзі қу

Жүрген жері айқай-шу. (түлкі)

Бұрап қойған сағаттай

Айқайлайды таң айтпай. (әтеш)

Құрметті қонақтар, біздің бүгінгі сабағымыз осымен аяқталды. Назар салып тыңдағандарыңызға көп рахмет!
















Мұнайлы ауданы

№6 орта мектеп жанындағы шағын орталық







«Үш аю» ертегісі
















Тәрбиеші: Кабулова Д.С











2015-2016 оқу жылы










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
4 наурыз
2489
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі