Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Үш аю" орыс халық ертегісі, сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қойылымдық театрлар үшін құрылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Үш аю» орыс халық ертегісі (қуыршақ театры)

Жүргізуші: Күн күледі жадырайды,
Құстар келіп сайрайды.
Кел, балалар, келіңдер.
Ертегіге еніңдер.
- Ерте, ерте, ертеде орманда үш аю өмір сүріпті. Әке аю- ААА, ана аю – Ааа, кішкентай қонжық – ааа. Олар үйшігінен шығып, серуендеуге аттанады. Ал сол кезде орманға жидек теруге шыққан Маша деген кішкентай қыз үлкеееен орманда адасып кетеді. Жан-жағына қараса тек шыршаларды ғана көреді.

Маша: Жидек теруге шыққан ем,

Адасып қалдым әттең мен,

Жол көрсетер кім маған (деп жылайды да, әрі қарай жүре береді)

Жүргізуші: Маша жылап келе жатып, үш аюдың үйшігіне тап болады, есікті қағады. Жауап жоқ. Қарас есігі ашық тұр. Шам жанып тұр.Қыз ішке кіреді. Бөлмеде ешкім көрінбейді.

Маша: үйде біреу бар ма? (Машаның қарны аш. Үстелдің үстінде үш тәрелке ботқа тұр. Үлкен тәрелкедегі ботқаны жейді) - жоқ дәмсіз, Ортаншы тәрелкедегі ботқаның дәмін көреді: - жоқ, маған ұнамады, дәмі жоқ,- дейді де үшінші кішкене тәрелкедегі ботқаның дәмін көреді: - ООО, дәмді маған ұнайды – деп кішкентай көк тәрелкедегі ботқаны ұнатады.

Енді Маша, үстелге отырып тамақ жеу үшін өзіне орындық таңдайды. Үлкен орындыққа отырамын деп - құлап түседі, ортаншы орындыққа отырып еді – ыңғайсыз болады, үшінші орындық әрқашанда ыңғайлы болып, сол орындыққа отырып, ботқаны жеп, тауысып қояды. Қарны тойған Маша тербетіліп ойнаймын деп орындықтың аяғын сындырып алады.

Қыз орнынан тұрып, келесі бөлмеге кіреді. Бұл жерде үш төсек бар екен. Ең үлкені — Михаил Иванычтікі, ортаншысы — Настасья Петровнанікі, ал үшіншісі — қонжықтікі. Қыз ең үлкен төсекке шығады.

Маша: Бұл маған тым үлкен. (Одан түсіп, ортаншысына жатады). Бұл маған тым биік көрінеді. Ыңғайлы болғаны — үшінші төсек. Қатты шаршаған қыз осы қонжықтың орнына жатып, тәтті ұйқыға батады. Бұл кезде орманды аралап шаршаған әрі қарындары ашқан аюлар үйлеріне оралған еді. Ішке кірген олар алдымен тамақтанбақшы болады.

Ең үлкен аю өз табағына қарап, жуан дауысымен:

Менің ыдысыма тиіскен кім?! — деп ақырады.

Настасья Петровна да ыдысына қарап:

Менің табағымды орнынан қозғалтқан кім?! — дейді ашуланып.

Кішкене қонжық жіңішке дауысымен:

Менің тамағымды мүлдем ішіп қойыпты, — дейді көк табақты қолына алып.
Үлкен аю енді үлкен қасығын ұстап:

Менің қасығыма тиіскен кім?! — деп ақырады жуан дауысымен.

Менің қасығымды орнынан қозғалтқан кім? — дейді Настасья Петровна. 

Қонжық жіңішке дауысымен:

Ал менің қасығым жоқ, — дейді жан-жағына қарап.

Михаил Иваныч:

Кім менің орындығымды қозғалтқан?! — дейді зор дауысымен.

Настасья Петровна болса:

Ал менің орындығыма отырған кім? — дейді налып. Оның дауысы үлкен аюға қарағанда жайырақ шығады.

Менің орындығымды біреу тіпті сындырып тастапты, — дейді қонжық жыламсырап.

Аюлар ішкі бөлмеге кіреді.

Менің төсегіме жатқан кім?! — дейді Михаил Иваныч ақырып.

Ал менің төсегіме шыққан кім? — дейді Настасья Петровна басын шайқап.

— Ой, менің төсегімде біреу жатыр, — дейді қонжық таң қалып. Аюлар қонжықтың төсегіне жақындайды. Маужырап ұйықтап жатқан кішкентай қызды көреді
. У-шудан оянған Маша қорқып кетеді:

Үлкен аю: сен кімсің? Қорықпа мен саған тиіспеймін- дейді.

Ортаншы аю: келе ғой, хош иісті және қою балдан дәм тата ғой,- дейді өзіне жақын тартып.

Үшінші қонжық: кел, бәріміз дос болайық, бізге қонаққа келіп тұрасың, ормандағы бар достарымызды жинап, би билеп ән саламыз. Өте көңілді болады.

Жүргізуші: Сонымен үш аю мен Маша айырылмастай дос болыпты. Олармен әрқашанда көңілді.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2021
3093
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12