«Арман»
шағын орталығы тобындағы
ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі
Өткізу
күні:
21.02.19ж.
Тәрбиеші:
Ахметжанова
АМ
Білім
беру саласы:
«Коммуникация»
Пән:
Драма.
Өтпелі
тақырып:
«Мен және қоршаған орта»
Тақырыбы:
««Үш
жалқау» әңгіме»
Мақсаттары:
Тәрбиелік:
Шығарманың
мазмұны арқылы еңбексүйгіштікке
тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Әдеби
шығарма кейіпкерлерінің жақсы – жаман
қылықтарын атап көрсету.
Оқыту:
Әңгімені
айта отырып, рөлмен ойнау, диалог сөздерді
мәнеріне келтіре айта білуге үйрету.
Педагогикалық
технологиялар:ойын
технологиясы, денсаулық сақтау, ТРИЗ.
Ресурстармен
қамтамасыз ету: тақырыптық
суреттер.
Билингвалдық
компонент (ортаңғы тобы):
жалқау – ленивый, үш – три.
Ұйымдастырылған
оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық
кезеңі:
-Қазір
жылдың қай мезгілі?
-Қыс
мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?
-Балалар
сендер қандай ертегі білесіңдер?
Олай
болса біз бүгін «Үш жалқау» ертегісі
жайлы әңгімелесеміз.
Негізгі
бөлімі
-Ертегіні
бастамас бұрын артикуляциялық жаттығулар
жасайықшы.
Тілімізді
шығарып,жоғары ерінді жалап,тілді ауыз
қуысына тереңірек апару.
Жалпақ
тілді шығарып астыңғы ерінге ұстап тұру
керек.Аузымызды жауып,доп жасаймыз.
-Мен
сендерге қазір «Үш жалқау» ертегісін
айтып берем. Сендер мұқият тыңдандар,
оқып болған соң сендерге сұрақ қоям.
Балаларға
«Үш жалқау» ертегісінің мазмұнын айтып
беру. Ертегі бойынша балаларға сұрақтар
қою.
-Ертегі
қалай аталады?
-Ертегі
ұнады ма?
-Ертегіде
неше жігіт болды?
-Үшеуіде
қандай болды?
-Үшеуіде
бас көтермей не істеді?
-Олар
қайда шығады?
-Тоғайға
келгенде қандай ағаштың жанында жатады?
Енді,біз қазір «Үш жалқау» ертегісін
сахналаймыз.
Балаларды
рөлге бөліп, атрибуттарды таратып берем.
-Жарайсыңдар,балалар!
Қорытынды
Қандай
ертегіні сахналадық?
-Ертегі
не туралы?
-Жарайсыңдар,балалар.Сендер
бүгін оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар.
Балаларды
мадақтау.
Ертеде
бірінен – бірі өткен ағайынды
үш жалқау болыпты. Бар бітіретіндері
бас көтермей ұйықтай беру екен.
Үш
жалқау.
Бірде
үшеуі жолға шығыпты. Тоғай арасына
келгенде, мәуелі ағаш көлеңкесіне қисая
кетіпті. Бірінші жалқау:
– Е...
құдай, мына өріктер піссе, - депті.
Екіншісі:
–Ауызға
келіп түссе, - депті.
Сонда
үшіншісі оларды міней сөйлеп:
–Түу,
соны айтуға қалай ерінбейсіңдер, - депті.