Ертегі:
«Үш
көбелек»
Күн
шуақты алаңқайда апалы-сіңлілі 3 көбелек
тату тәтті өмір сүріпті.
Олардың біреуі ақ, екіншісі
қызыл, үшіншісі сап-сары екен.
Көбелектер
гүлден-гүлге қуана ұшып-қонып өмірлерін
көңілді өткізіпті. бірде тасыр-тұсыр
етіп жаңбыр жауып кетеді.
Көбелектердің
қанаттары дымқылданып қайда тығыларын
білмей дал болады.
Ал
себелеп жауған жаңбыр тоқтар емес.Малмаңдай
су болған көбелектер
Лалагүлге келіп:
Көбелектер:
-Лалагүл
, лалагүл бізді жаңбырдан қорғашы
-деп өтінеді.
Лалагүл:
-Жарайды ,ақ көбелектің түсі маған
ұқсайды екен.Мені саяласын. Ал ,қызыл,сары
көбелек басқа жерге тығылыңдар –дейді
Мұны
естіген
Ақ
көбелек:
- Менің әпкелерім су болып
жүргенде жалғыз өзім сенің саянда қалай
жайбарақат отырамын. Оларды да тасаңа
тыға алмасаң, онда менде
отырмай-ақ қояйын –деп
ұшып кетеді.
Үшеуі
ұшып келеді,Ұшып келеді. Жаңбыр да қоятын
түрі жоқ.
Қараса
, үлкен қызыл қызғалдақ өсіп тұр екен.
-Көбелектер:
Қызғалдақ,қызғалдақ
.Жаңбыр тоқтағанша біз сенің аяғына
тығыла тұрсақ бола ма ?
-Қызғалдақ:
--Қызыл көбелек маған
ұқсайды. соны алайын қалқама. Ал ,
ақ көбелек
пен сары көбелек басқа орын іздесің -
дейді қызғалдақ.
Бұған
ренжіген қызыл көбелек:
Қызыл
көбелек:
--Сен менің әпкелерімді қабылдағын
келмесе,маған да көмектеспей-ақ қой.Тоңсақ
.бірге тоңайық,-деп
ұшып кетеді .
Көбелектер
қараса ,алдарыңда үлкен сарғалдақ өсіп
тұр.
Көбелектер:
-О,тамаша
сарғалдақ. Жаңбыр тоқтағанша сені ықтай
тұрайықшы?—деп
өтініш жасайды.
-Сарғалдақ:
-Жарайды , мен өзім түстес сары көбелекті
жаңбырдан қорғай тұрайын.Басқаларын
өзге жер ізлеңдер,-деп жауап қайырады.
Сары
көбелек:
-Жо-жоқ , сен менің әпкелеріме
көмек бере алмасаң , мені сені
паналамаймың оданда су болғаным
артық-деп
жауап қайырып ,ұшып кетеді.
Көбелектердің
бұл сөздерін бұлттың ар жағындағы
тығылып тұрған күн естіп қалады.
Күн
көбелектердің өзара бір-біріне
мейірімділігіне ,ауызбіршілігіне
қуанады. Оларға көмектесуге
ұйғарады. Күн бұлттарды ыдыратып
жіберіп, аспанға жарқырап шыға келеді.
Жылы
шуағын шашып көбелектердің үстін
кептіреді.
Қуанған
көбелектер қанаттарын шаттана қағып
,қайтадан көңілдене бастайды.Осыдан
кейін көбелектер лалагүл , қызғалдақ,
сарғалдақ гүлдеріне қонбайтын болыпты.
Осы
көрінісімізді көрсету арқылы айтқымыз
келгені:
Мейірімділік
- ол басқаларға қамқор болу.