400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үш таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдері

Материал туралы қысқаша түсінік
қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Үш таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдері /Өсімдіктерәлемі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.8.Үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану.

3.4.3.1.1000-ға дейінгі сандар, мыңдықтармен миллионға дейінгі сандар тізбектерінің заңдылығын анықтау.

3.4.3.2.Өзі таңдаған заңдылық бойынша тізбектер құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу.

Оқу мақсаттары

Барлық оқушылар:

үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану.

Бірқатар оқушылар:

1000-ға дейінгі сандардың1000-ға дейінгі сандар тізбектерінің заңдылығын анықтау.

Кейбір оқушылар:

өзі таңдаған заңдылық бойынша тізбектер құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

Үш таңбалы сандарды қосу және азайтудың жазбаша алгоритмін қолдану.

Пәндік лексика және терминология:

Разрядтан аттап бір/екі үштаңбалы сандарды«бағанмен» қосу мен азайту алгоритмдері. Сандар тізбегі.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Заңдылық дегеніміз не?

Заңдықты қалай жалғастыру керек?

Жазылым:

Өрнектерді бағанмен жазу.Сандардың тізбегін жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Үштаңбалы сандарды қосу мен азайту алгоритмі.Сандардың тізбегі туралы түсінік.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет



0-3

Ынталандыру.

Санаңдар, балалар, тездетіп санаңдар.

Жақсы істі батылырақ көбейтіңдер,

Жаман істерді тездетіп азайтыңдар.

Тездетіп өз жұмыстарыңды бастаңдар!



4-6

Өзектендіру.

1-тапсырмада бірліктер мен ондықтарды, жүздіктердің санын анықтап, сандарды оқу керек. Оқушылар разрядты қосылғыштардың қосындысы түрінде сандарды жазады.

Санау материалдары мен кестелерді пайдаланып, оқушылар жұппен тәжірибелік жұмысты орындайды. Оқушылар1000 санының моделін жасайды.

- 1000 қандай болып шыққанын көрсет.

- Санды шығару үшін 1000-ды жүздіктер мен бірліктерге қалай бөлуге болады, айтып бер.




7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Өткен сабақта біз үш таңбалы сандарды баған түрінде қосу мен азайтуды үйрендік. Алға жылжу үшін алдыңғы сабақта алған мәліметтің қаншалықты есте қалғандығын білу керек.




12-29


Өзіндік жұмыс

Үштаңбалы сандармен амалдар орындаудағы қателіктер мен қиындықтарды анықтау маңыздыс болып табылады. Бұл үшін барлық үйретілген есептеу жағдайлары жинақталған диагностикалық тапсырма жүргізіледі. Мысалы:

569 – 425 560 – 329 1000 – 561

216 + 423 478 + 267 473 + 527

785 – 695 142 + 698 900 – 456

Ары қарай қателер мен қиындықтар анықталған жағдайда өзін-өзі тексеру жүргізіледі. Балалар есептеу алгоритмін түсіндіріп, орындалған тапсырмаларға түсінік береді.

Мұғалім оқулықтағы 2, 3, 4-тапсырманы өз бетімен орындауды тапсырады.

Қиындықтарды түзету

Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексереді.

– Кімде қиындықтар туындады?

– Қай жерден қате жібердіңіз?

– Жіберілген қатенің себебі неде?

– Өзіндік жұмыста қате жібергендеріңіз, іс-әрекетіңіздің мақсатын құрыңыз.

(Қосымша тапсырмаларды орындау).

– Қиындық туындаған оқушы жұмысының түпкі мақсаты қандай?

(Қателерді түзеу).

– Қателерді түзеу алгоритмін пайдаланамыз.

– Әркім өзінің есебі жайында айтады.

Сабақтың тақырыбымен жұмыс.

Мұғалім оқулықтағы 5-тапсырмада сандар тізіміне қараймыз.

254, 250, 246, …

Берілген сандық тізбектің заңдылығы неде?

Заңдылықтағы әрбір келесі сан қалай пайда болады?

Келесі сан қайсысы болады?

Қорытынды: әрбір келесі сан белгілі бір арифметикалық амалды орындауда алынады.

Сандық қатарды қалай шешеміз:

1-қадам: қатар тұрған екі санның бір-бірінен айырмашылығын анықтау.

2-қадам: қатар түзудің ережесін анықтау.

3-қадам: осы ережені басқа жұп сандарда тексеру.

4-қадам: осы ережені пайдаланып, қатардағы келесі санды анықтау.

Оқушылар сандық қатардың заңдылығын тауып, сандық қатарды ары қарай жалғастырады. Келесі үш санды анықтайды.

Мұғалім бағалау критерийлері бар тапсырманы қима қағазда немесе дәптерде орындауды ұсынады.

Балалармен бірге бағалау критерийлері талқыланады:

Мен:

-үш таңбалы сандарды 1000-ға дейін қосу мен 1000-нан азайту амалдарын бағанмен жазамын;

-разряд арқылы сандарды қосу мен азайтуды разряд бойынша қосу (толық 1000-ға дейін толық 1000-нан);

-Тексеруді орындау.



30-36


Өткенмен жұмыс

6-9, 10-тапсырмалар топпен орындалады. Оқушылар қиындық тудырған тапсырманы таңдап, соны шешеді.


37-40


Рефлексия.

Сабақ аяқталған соң балалар ағашқа жапырақтар, гүлдер, жемістерді жабыстырады:

Жемістер – сабақ пайдалы, жемісті болды;

Гүл – сабақ жақсы өтті;

Жасыл жапырақ – сабаққа көңілі толмады;

Сары жапырақ – сабақ ұнамады, зеріктірерлік болды.

Сабақта балалар жұмысын қалыптастырушы бағалау жүргізеді.

Үй тапсырмасын балалардың жеке қиындықтарын ескере отырып анықтайды.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
1190
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі