400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үш таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдері

Материал туралы қысқаша түсінік
қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Қорытындылау /Табиғатты қорғау

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.4.3.2.Өзі таңдаған заңдылық бойынша тізбектер құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу.

3.1.2.8.Үштаңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану.

3.5.2.4. Қосу мен азайту, көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда қолдану.

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар:

1000-ға дейінгі сандардың тізбегінің заңдылығын анықтау, әріпті өрнекті құру, оқу, жазу.

Бірқатар оқушылар:

Берілген әріптің мәнін екі әріптік, сандық өрнектің мәнін табу.

Кейбір оқушылар:

өзі таңдаған заңдылық бойынша тізбектер құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

1000-ға дейінгі сандарды тура және кері санау.

Пәндік лексика және терминология:

Үштаңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдері, сандардың тізбегі.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Заңдылық дегеніміз не?

Заңдылықты қалай жалғастыру керек?

Жазылым:

Өрнектерді бағанмен жазу.Сандардың тізбегін жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Үштаңбалы сандарды қосу мен азайту алгоритмі.Сандардың тізбегі туралы түсінік.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет




0-3

Ынталандыру.

Жануарларды кімнен қорғайды?

Жануарларды қорғау үшін қандай шара қолданады? (Орман шаруашылығын жандандыру және қорғау, өзендер мен көлдерді қорғаужәне тиым салынған жерлерде  аңшылық кәсіпке тиым салу, қорықтар салу).

Қорық деген не екенін білесіздер ме? 
Қорықтар – адамдарға шаруашылық қызметіне толықтай тиым салынған жабайы табиғаттың бір бұрышы.Бұл жерде ағаштарды кесуге, балық аулауға, аңшылық жасауға тиым салынған. Қорықтарда сирек кездесетін жабайыжануарлар мен өсімдіктер қорғалады.

Қалай ойлайсыздар ҚР территориясында қорықтар бар ма? (ҚР территориясында 10 қорық бар)




4-6


Өзектендіру.

1-тапсырмадағы мәтінді оқып, 300-ден кіші 10 санды атаңыз. 191-ден үлкен 10 санды жазыңыз. Сәуледе көрсетілген теңсіздіктердің көптеген шешімдерін жазыңыз.





7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Өткен сабақта біз үштаңбалы сандарды баған түрінде қосу мен азайтуды, заңдылықты анықтауды және оны жалғастыруды үйрендік. Алға жылжу үшін алдыңғы сабақта алған мәліметтің қаншалықты есте қалғандығын білу керек.




12-29


Өзіндік жұмыс

2 және 3-тапсырмаларды өз беттерімен орындайды.

Қиындықтарды түзету

Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексереді.

– Кімде қиындықтар туындады?

– Қай жерден қате жібердіңіз?

– Жіберілген қатенің себебі неде?

– Өзіндік жұмыста қате жібергендеріңіз, іс-әрекетіңіздің мақсатын құрыңыз.

(Қосымша тапсырмаларды орындау).

– Қиындық туындаған оқушы жұмысының түпкі мақсаты қандай?

(Қателерді түзеу).

– Қателерді түзеу алгоритмін пайдаланамыз.

– Әркім өзінің есебі жайында айтады.

4-тапсырма жұппен орындалады.





30-40


Өткенмен жұмыс

6-тапсырманы орындау үшін оқушыларға мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап беру керек.

Наурызым қорығында өсімдіктің қанша түрі бар?

Алекеуінде қанша?

Өзіндік жұмыс

7-тапсырма, кесте бойынша теңдеулер құрып, оны шешеді.

8-тапсырманы орындау үшін келесі үш санды атап, сандық қатарды жалғастырып және сандардық қатардың заңдылығын табу қажет.

9-тапсырманы жұп болып орындайды, ал 10-тапсырманы топ болып орындайды.


41-45


Рефлексия.

Мұғалім оқушыларға сөйлемдері аяқталмаған үлестірмелі қима қағаз таратады, оқушылар жалғасын жазады:

Мен… тырысып көремін.

мені … таңғалдырды.

…маған өмірлік сабақ болды.

Меніңқалауым…

Үй тапсырмасын балалардың жеке қиындықтарын ескере отырып анықтайды.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
546
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі