400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Үш таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары. Математика пәні бойынша. 3 сынып. Тақырыбы: " Үш таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдері"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК




















Сынып: 3 «Б»

Күні: 16.09.2021

Тақырыбы: «Үш таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдері»

Топ: 410

Әдіскер: Ахметова А.К.

Бекітемін:

Баға:








2021 жыл


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

Геометриялық фигуралар

Машықкердің аты-жөні:

Қуаныш М.Е.

Күні:

16.09.2021ж

Сынып: 3 «Б»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Үш таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.1.2.5 үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық   құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау;

3.1.2.8 үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және жазбаша   алгоритмдерін қолдану.

Сабақтың мақсаты

Үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдануды үйрету.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Машықкердің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


5 мин

І. Ұйымдастыру бөлімі:

  • Амандасу;

  • Оқушыларды түгендеу;

  • Жағымды психологиялық ахуал орнату:

«Көңіл-күй неге ұқсас?» әдісі

Мақсаты: Жағымды эмоция орнату, оқушыларды ынтымақтастық қарым-қатынасқа түсіру.

  • Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сендердің ше?

Әрбір күн – таңертеңнен басталады. Біз көңіл-күйімізді реттеуге тиіспіз. Бұл үшін мен келесіні ұсынамын – мен сендерге өлең оқимын, сендер оны қимылмен орындайсыңдар.

Қарашы күз келді, күз келді,

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.


Жұмыс ережесімен келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты, дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!


Сабақтың мақсатымен танысу: Үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану.

Үй тапсырмасын тексеру






- Амандасады;

- Психологиялық ахуалды қалыптастыру үшін мұғалімнің соңынан іс-қимыл арқылы қайталайды.















- Жұмыс ережесін мұқият тыңдап танысады;

- Сабақтың мақсатымен танысады.

- Үй тапсырмасын айтады.























А3 форматта жазылған жұмыс ережесі

Сабақтың ортасы

6 мин






















6 мин



















6 мин






2 мин
















5 мин

ІІ. Негізгі бөлім.

Оқулықпен жұмыс (№1, 29 бет)

Шарты: Мәтінді оқы.

Егер қыраттың салыстырмалы түрдегі биіктігі 200 метрден асса, жақсы айқындалған баурайы мен етегі болса, онда ол тау деп есептеледі. Тауларды биіктігіне қарай аласа, орташа және биік деп ажыратады. Аласа таулардың биіктігі 1000 метрге дейін барады.

Мысалы, Қазақстандағы аласа таулар: Мұғалжар (Үлкен Бақтыбай, 657 м), Маңғыстау таулары (Бесшоқы 556 м).

Сұрақ:

  • Мәтінде қандай сандар кездесті?

  • Оларды кему ретімен айтыңдар;

  • Әрбір санда неше жүздік бар?


№2. Есептеудің қалай орындалғанына қара.

а) Жазамын...

Бірліктерді қосамын: 3+7=10 – бұл 1 ондық және 0 бірлік. 0-ді жазамын, ал 1 ондықты есте сақтаймын.

Ондықтарды қосамын: 7 онд.+2 онд.+1 онд.=10 онд. – бұл 1 жүздік және 0 ондық. 0 – ді жазамын, ал 1 жүздікті есте сақтаймын.

Жүздіктерді қосамын: 2 жүзд.+ 7жүзд. +1жүзд.=10жүзд. = 1 мыңдық. Мұны жүздіктің сол жағына жазамын.

Жауабын оқимын: қосындының мәні 1000-ға тең.

Тақтамен жұмыс.

№3

345+655 1000-645 802+198 782+218

1000-367 933-399

666+334 1000-443 1000-888



Сергіту сәті:

Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.
Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.
Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,
Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.
Алға, артқа қарадық та – үш дедік.
Тағы жаңа жаттығулар істедік.
Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,
Отырайық көңілді енді марқайтып.


Кестемен жұмыс.

Кесте бойынша өрнектер құрып, олардың мәнін табыңдар.


Қосылғыш

70+30

200+200

192-6

Қосылғыш

60

360-80

250

Қосындының мәні





№5. Есепті шығар.

Ғалымдар Балқаш көлінің түбін зерттеді. Бірінші күні олар көлдің 276 метрін, ал екінші күні одан 185 м артық зерттеді. Олар екі күнде көлдің қанша метрін зерттеді?

Дескриптор:

- Берілген есепті оқиды;

- Есепте қандай сандар кездескенін айтады;

- Сол сандарды өсу ретімен жазады;

- Әрбір санда неше жүздік бар екендігін айтады.
















Дескриптор:

- Есепті оқиды;

- Есептеудің қалай орындалғанын анықтайды.














Дескриптор:

- Есепті оқиды;

- Есептерді тақтаға шығарып орындайды.





Сергіту сәтін орындайды.














Дескриптор:

- Кесте бойынша өрнектер құрастырады;

- Олардың мәнін тауып, кестеге жазады.





Дескриптор:

- Есепті оқып, талдайды;

- Шығару жолын жазып, шешімін табады.

Қ
Б: «Отшашу» әдісі арқылы






Барлық тапсырмаларға:

«Фишка тарату» әдісі

1 фишка - 1 балл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
10 желтоқсан
1160
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі