400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үш таңбалы сандарға бөлу алгоритмі

Материал туралы қысқаша түсінік
Үш таңбалы сандарға бөлу алгоритмі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Математика

Мектеп: №4ЖОББМ

Күні:22.11.19

Мұғалімнің аты-жөні: Серікханова Айдана Арманқызы

Сынып: 4«Ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың

тақырыбы

Үш таңбалы сандарға бөлу алгоритмі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу

Бағдарламасына сілтеме)

Үш таңбалы сандарға бөлуді орындауды үйренеді.

Оқу бағдарламасына сілтеме

4.1.2.11-екі таңбалы/үш таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу алгоритмін қолдану.

Күтілетін нәтиже

Сабақ нәтижесі:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Құндылық

Достыққа адал болу,топтық және жұптық жұмыстар барысында достық қарым-қатынасты сақтау.

Пәнаралық

байланыстар

Дүниетану

Бағалау критерийі

Жеке,жұптық тапсырмаларды орындай алады.

Алдыңғы білім


Үш таңбалы сандарға көбейту алгоритмі.


Сабақ жоспары:

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы



3мин













Психологиялық ахуал:

Сәлеметсіздерме оқушылар. Менің аты-жөнім Серікханова Айдана Арманқызы. Мен М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледждан келдім.

Ал сабағымызды бастамас бұрын танысып алайық. Танысу әдісі былай:

Менің есімім Айдана мен Айдай сұлумын. Осылай өз есімдерің қай әріпінен басталады сол әріпінен жақсы қасиеттеріңді айтасың.

Үй тапсырмасы:

Тыңдаңдар қыздар,

Тыңдаңдар ұлдар.

Қолдарыңды созыңдар

Алақанды ашыңдар

Қайсымыз 5 алудан қашпаймыз

Ендеше үй тапсырмасын орындап тастаймыз.

Үй тапсырмасын «Қалпақ» әдісімен сұраймын. Барлғымыз көзімізді жұмамыз. Мен кімге қалпақты кигіземін сол үй тапсырмасын айтады.

«Құрастыру»

Қане балалар кейбір парталарда қағаз жапсырылған, сол қағаз кімнің партасында жапсырылған сол оқушы шығып тақтаға жапсырсын. Қандай сурет шықты?

Міне оқушылар бүгінгі біздің тақырыбымыз «Үш таңбалы сандарға бөлу алгоритмі». Сабақтың мақсаты үш таңбалы сандарға бөлуді орындауды үйренесіңдер.

Балалар біздің поезд «Ғажайып» қалаға аттану үшін, біз тапсырмаларды орындап, поезд теміржолын құрастыруымыз қажет.

























Ғажайып қала плакаты.

Сабақтың ортасы









Жаңа сабақ.

Есіңде сақта!

Үш таңбалы санға бөлу амалы қалай орындалғанына қара.

Бірінші толымсыз бөлінгіш – 3 918 саны.

3 918-ді 653-ке бөлемін. Бөліндіге цифр таңдаймын.

Ол үшін 39 жүздікті 6 жүздікке бөліп, 6 санын аламын.

​Тексеремін: 653 · 6 = 3 918. ​Бөліндінің мәні 6-ға тең


Бірінші толымсыз бөлінгіш – 1 375 саны.

1 375-ті 573-ке бөлемін. Бөліндіге цифр таңдаймын.

Ол үшін 13 жүздікті 5 жүздікке бөліп, 2 санын аламын.

Тексеремін: 573 · 2 = 1 146.

​Қалдықты табамын. Ол бөлгіштен кіші (229 < 573).

​2 цифрын түсіремін. Екінші толымсыз бөлінгіш 2 292-ні 573-ке бөлемін. Дәл солай пайымдаймын.

​Тексеремін. Қалдық нөлге тең.

​Бөліндінің мәні 0...-ке тең.

Бірінші рельсті орналастыру үшін мына тапсырманы орындайық.

Жазбаша көбейту алгоритмі

1 тапсырма

Қазір 193 ел* – ЮНЕСКО-ның Әлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау конвенциясының мүшесі. 2018 жылы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне 1 092 нысан кірді. Олардың 845-сі – мәдени, 209-ы – табиғи, ал қалғандары – аралас нысандар. Тізімде қанша аралас нысан бар?

845+209=1054

1092-1054=38

Жауабы: тізімде 38 аралас нысан бар.



























Енді екінші рельсті орналастыру үшін мына тапсырманы орындайық

2 тапсырма

Есепте және тексер.

4 167 : 463 = 9

5 274 : 586 = 9

1 539 : 171 = 9

65 076 : 986 = 66

5 256 : 584 =9

6 183 : 687 = 9

1 358 : 194 = 7

93 765 : 987 = 95

11 584 : 362 = 32

36 512 : 652 = 56

12 152 : 124 = 98

13 533: 347 = 39


Тақтаға орындайды. Топпен.



Бас бармақ пен бағалау



Үшінші рельсті орналастыру үшін мына тапсырманы орындайық

3 тапсырма

Теңдеулерді шеш.

d : 524 = 3 570 : 70

d : 524 = 51

d = 51 ×524

d = 26724

26724÷524 = 3 570 : 70

51 =51

x : 258 = 98 756 – 97 984

x : 258 = 772

x = 772 ×258

x = 199 176

199 176÷258= 98 756 – 97 984

772 = 772

Төртінші тапсырманы орындау үшін рельсті орнына қою керек

4 тапсырма

Есептерді шығар. Осыған ұқсас есеп құрастыр.

А) Егер тіктөртбұрыш пішінді үстелдің ауданы- 126дм², ал ұзындығы 14дм болса, ені қанша болады?

S= 126 дм2

a= 14дм

b-?

Шешуі: 126 дм2 ÷ 14дм =9 дм

Жауабы:Ені 9 дм.

Ә) Осы үстелдің периметрін есепте.

Шешуі: P= 2×(14+9) =46 дм

Жауабы: Периметірі 46 дм.


Бесінші рельсті орналастыру үшін мына тапсырманы орындайық

5 тапсырма

Аспан астындағы ашық музейге 3 күнде (бейсенбі, жұма, сенбі) 11 875 адам келді. Бейсенбі күні келушілер саны сен­бі күні келгендерге қарағанда 3-ке кем болды, ал жұма күні 3 875 адам келді. Бейсенбі және сенбі күндерінің әрқайсысында музейге неше адам келді?

3 күнде - 11875

Бейсенбі - ? 3кем

Сенбі-? 3 кем

Жұма-3875

Шешуі:

11875-3875=8000

8000:2=4000

4000-3=3997

Жауабы: Бейсенбі күні 4000 адам кірді. Сенбі күні 3997 адам кірді.



Шапалақ бағалауы













Алтыншы рельсті орналастыру үшін мына тапсырманы орындайық

6 тапсырма:

Өрнектер құрып олардың мәнін тап.

А)Азайғыш-208 500, азайтқыш 44 455 пен 523 сандарының бөліндісі түрінде өрнектелген.

208 500-(44455/523) =208 415

Ә) 120 638 бен 80 294 сандарының қосындысына 11 983 пен 521 сандарының бөліндісін қос.

(120 638+80 294)+(11 983/521) =200 953


Жетінші рельсті орналастыру үшін мына тапсырманы орындайық

7 тапсырма:

А)Мектеп күріш әкелінді.6 күн бойы күніне 4 кг 500 г-нан күріш жұмсалды. Егер 32 кг күріш қалған болса, асханаға қанша килограмм күріш әкелінген?

1күн- 4.5кг (к)

Қалды -32кг(к)

Барлығы -?

Шешуі: 6•4.5=27

27+3=59кг(к)

Жауабы: мектеп асханасына 59кг күріш әкелінді.

Ә)Асханада орамжапырақ салынған85 бәліш пісірілді, бұл күріш салынған бәлішке қарағанда 2 есе кем.

Орамжапырақ салынған бәліштің нешеуі артық пісірілді?

Орамжапырақ салынған бәліш – 85

Күріш салынған бәліш- ? 2 есе кем

Шешуі:85×2= 170 (күріш бәліш)

170-85= 85

Жауабы: Орамжапырақ салынған бәліштің 85- і артық пісірілді.

Б)17 қалта ұнның массасы -34 кг,ал 25 қалта күріштің массасы -75 кг. Күріш салынған қалта ұн салынған қалтадан қанша килограмм ауыр?

17 қалта ұн м.-34 кг

25 қалта күріш м.-75 кг

Шешуі: 34÷17= 2 (ұн)

75÷25 = 3 (күріш)

3-2 =1 кг

Жауабы: Күріш салынған қалта ұн салынған қалтадан 1 килограмм ауыр.







Ақырғы рельсті орналастыру үшін мына тапсырманы орындайық

8 тапсырма:

Сен зерттеушісің

Қалай ойлайсың,төртбұрышты бір түзу сызықпен бөлуге бола ма:

-Әрқайсысының тік бұрышы бар екі үшбұрышқа;

-Тік бұрыштары жоқ екі үшбұрышқа?





Тапсырма


Сабақтың соңы


















Рефлексия: «Кемпірқосақ»

Қызыл түсті - Өте жақсы түсіндім

Жасыл түсті – Орташа түсіндім

Сары түсті – Түсінген жоқпын.

Үй тапсырмасы:

Оқулығымыздағы 58 беттегі 9 тапсырмасын орындап келу.































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
30 желтоқсан
6108
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі