жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша түрде қалдықпен бөлу/Қазақстанның математиктері
110-сабақ. Жазбаша түрде қалдықпен бөлу//Қазақстанның математиктері
Тақырыбы: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша түрде қалдықпен бөлу/Қазақстанның математиктері
|
Мектеп: №11 |
|||||||||||||||||||||||
Күні: 20.02.2019 ж
|
Мұғалімнің аты-жөні: Джандарбекова А.Ш
|
|||||||||||||||||||||||
Қатысқандар саны:20 |
Қатыспағандар саны:0 |
|||||||||||||||||||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
3.1.2.10 мынадай жағдайларда: 23∙2, 123∙2, 46:2, 246:2 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану. |
|||||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтижелер |
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: |
|||||||||||||||||||||||
Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлу алгоритмін қолданады. |
||||||||||||||||||||||||
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: |
||||||||||||||||||||||||
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлу алгоритміне түсінік береді. |
||||||||||||||||||||||||
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: |
||||||||||||||||||||||||
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлу алгоритмін түсіндіруді біледі. |
||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар: Екі/үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлу алгоритмін түсіндіреді. Пәндік лексика және терминология: үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша түрде қалдықпен бөлу. |
|||||||||||||||||||||||
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл. Талқылау: Бөлуді қай разрядтың сандарынан бастау керек? Бөліндінің цифрлық құрамын қалай анықтауға болады? Бөлу кезінде шыққан қалдық туралы не айтуға болады? |
||||||||||||||||||||||||
Жазу |
||||||||||||||||||||||||
Бір таңбалы санға қалдықпен бөлінген жазбаны жазыңыз. |
||||||||||||||||||||||||
Тірек білім, білік, дағдылар |
Бір таңбалы санға жазбаша бөлу. |
|||||||||||||||||||||||
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Қалдықпен бөлу- бір натурал санды екінші санға бөлгенде, қалдық нөлге тең болмайтындай етіп бөлу. Қалдықпен бөлгенде, қалдық үнемі бөлгіштен кем болуы керек. |
|||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
|||||||||||||||||||||||
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикерлер. |
|||||||||||||||||||||||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
|||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Математика, тарих, |
|||||||||||||||||||||||
Жоспар |
||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Қоры |
||||||||||||||||||||||
0-1 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі Дескриптор: - жаңа тақырып бойынша, бір таңбалы санға жазбаша бөлу туралы білетіндерін айтады; -жазбаша бөлу заңдылықтарын сақтай отырып есеп шығарады; Психологиялық ахуал қалыптастыру: Қуанамын
мен де, |
«Жылулық шамы» бір-біріне сәттілік тілейді.
|
||||||||||||||||||||||
1-3 мин
|
Үй тапсырмасын тексеру: 64-бет, №10 тапсырманы орындату 2-ден 9-ға дейінгі сандарды тура теңдік шығатындай бос орындарға қой. Сандар қайталанбауы керек!
|
№3 слайд |
||||||||||||||||||||||
3-5 мин
|
Ынталандыру. Мұғалім оқушыларға Қазақстанның математиктері туралы әңгімелейді. 2005 жылы Алматы қаласындағы мектеп оқушыларына арналған математика мен физика пәндерінен Жәутіков олимпиадасы өтті. 1. Қазақстан математиктері туралы мәлімет Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы (1911-1989) - ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми және техника қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. О.Жәутіков - республикалық физика-математика мектебін ұйымдастырушылардың бірі. Бұл мектеп қазір Орынбек Жәутіковтің есімімен аталады. Ол республикамызда математик ғалымдарды дайындауда және математиканы насихаттауда көп еңбек сіңіріп, отандық математиктер мектебін қалыптастырды. Асқар Жұмаділдаев 1956 жылы Қызылорда облысындағы Шиелі қыстағында дүниеге келген. Асқар Жұмаділдаевтың арғы атасы Шоң өңірге белгілі адам болған. 1970-72 жылдары Алматыдағы №56 Сатпаев атындағы физика-математика мектеп-интернатында оқыды. Кейiн физика-математика кластары негiзiнде жаңа мектеп ғимараты салынып, Республикалық физика-математика мектебi болып қайта құрылды. Мектепте жүргенiнде талай қалалық, республикалық және бүкiлодақтық физика-математикаға қатысты жарыстарға қатысып, талай рет жүлдегер атанды.
|
Оқулық, №4 слайд математиктердің портреттері.
№5 слайд
|
||||||||||||||||||||||
5-7 мин
|
Белсендіру. Оқушылар оқулықтан №1 тапсырманы ұжымда ауызша орындайды, кестені қарайды, бөліндінің мәнін және қалдықты атайды, барлық қалдықтардың қосындысын табады, халықаралық олимпиадаға әлемнің қанша мемлекетінен оқушы келгенін анықтайды. №1 тапсырма
Ш: 3+2+6+4=15 Ж: халықаралық олимпиадаға қатысу үшін әлемнің 15 елінен оқушылар жиналған.
|
Оқулық. «Сиқырлы қалпақ» арқылы қайталау сұрақтары беріледі.
№6 слайд Таблицамен жұмыс (маркермен жұмыс) |
||||||||||||||||||||||
7-11 мин
|
Мақсат қою (проблемалық жағдаят). Мұғалім оқушыларды топтарға бөледі және үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлу амалының жазбасын мұқият қарауды ұсынады. Соңғы толық емес бөлінді бөлінгішке қалдықсыз бөлінбейтіндіктен, мәселелі жағдаят туындайды.
|
Оқушыларды жұп және тақ сандарға бөлу (мұғалім көрсеткен санға бөлінеді) өздері түсіндіреді |
||||||||||||||||||||||
11-20 мин
|
Жаңаны ашу. Жаңаны
ашып, мәселелі жағдаяттан шығу үшін
мұғалім оқушыларға алдымен өз
тұжырымдарын айтуды сұрайды. Содан
кейін оқушылар оқулықтан үш таңбалы
санды бір таңбалы санға қалдықпен
бөлу алгоритмімен танысады. Топ ішінде
әр оқушы тізбек бойынша жазбаша
қалдықпен бөлу алгоритмін және
тексерудің бір пунктін түсіндіреді.
Оқушылардың соңғы пункттен, толық
емес бөлінгіш толығымен бөлінбей
қалған кездегіден басқа, алдын ала
суреттелген іс-әрекеттерінің барлығы
ұқсас. б 1<2. Мұғалім бөлу кезіндегі қалған қалдықты әрқашан бөлгішпен салыстыру керек екенін түсіндіреді. Ол бөлгіштен көп болмауы керек. Жауапты оқимын:123 (1қалдық) Қалдықпен
бөлуді көбейтумен тексерген оқушыларға
қиындық тудырмауы керек.
|
Дәптер, оқулық
№7 слайд
|
||||||||||||||||||||||
20-23 мин
|
Сергіту сәті |
видеожазба |
||||||||||||||||||||||
23-30 мин
|
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. Оқушылар №3 тапсырманы жұппен орындайды. Мұғалім әр жұпқа жұмыс түрінен таңдау жасауды ұсынады. Оқушылар екі таңбалы, үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша бөлуді орындайды, екі таңбалы санды, үш таңбалы сандарды қосу мен азайту алгоритміне сай есептеу.
Қалдықпен бөлуді орында. Есептеуді тексер. 364:3=121(1қалд.) 121·3+1=364 483:2=241(1қалд.) 241·2+1=483 968:3=322 (2қалд.) 322·3+2=968 Өздік жұмыс Оқушылар оқулықтағы №4 тапсырманы орындайды, а) пунктіндегі есепті және ә) пунктіндегі сұрауы өзгертілген есепті шығарады. а)360 теңгеге – 4 ашықхат 810 теңгеге -? ашықхат
ә) 6 қаптама -180 ашықхат 8 қаптама -? ашықхат
|
№8 слайд
Жемістер жинайық!
№9 слайд
|
||||||||||||||||||||||
30-35 мин
|
Жаңаны қолдану.
(Ж.Ж) «Көршіңмен кеңес» ойыны. 6-тапсырманы жұпта орындайды. Тапсырма қалдықпен бөлу арқылы есепті шығаруға жаттығуға бағытталған. Орындаған тапсырманы келесі жұппен салыстыру.
(Ж.Ж) 7- тапсырманы – практикалық жұмысты түсінік бере отырып жұппен орындайды. Егер тіктөртбұрыштың бір диагоналін жүргізсе, тіктөртбұрыш екі тікбұрышты үшбұрыштан құралған болады. Бұл бөліктердің аудандары бірдей. Яғни, бір тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табу үшін тіктөртбұрыштың ауданын тауып, оны екіге бөлсек жеткілікті. Тікбұрышты үшбұрыштың ауданының формуласы: S = (a • b) : 2, мұндағы: а және b – тіктөртбұрыштың қабырғалары. Бұлар үшбұрыш үшін тік бұрышты құрайтын қабырғалары болып табылады. 7 а) тапсырмасында үшбұрыштың ауданын есептеу керек. Оқушылар тікбұрышты үшбұрыштың ауданын есептеуді естеріне түсіреді, есеп шығарады: (4 ⋅ 9) : 2 = 18(см2) 7ә) тапсырмада тәжірибелік жұмыс жүргіземіз: тіктөртбұрыш сызамыз, оны қиғаш сызықпен екі тікбұрышты үшбұрышқа бөлеміз, тікбұрыш үшбұрыштың ұзындығы мен енін өлшейді, тікбұрышты үшбұрыштың ауданын есептейді.
|
Оқулық, дәптер №9 слайд
«Кезекші микрофон» білім алушылар жаңа тақырып бойынша сұрақ-жауаптар ұйымдастырады.
№10 слайд
№11 слайд
№12 слайд
|
||||||||||||||||||||||
35-36 мин |
Аяқталуы Сабақты бекіту Синтез «Өрмекші торы» әдісі Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді айта отырып өрмек жасайды. |
«Өрмекші» әдісі
|
||||||||||||||||||||||
36-37 мин |
Бағалау «Блоб» ағашы арқылы білім алушылар өздерін бағалайды.
|
«Блоб» ағашы
|
||||||||||||||||||||||
37-40 мин
|
Рефлексия. Рефлексия жүргізу үшін балаларға өз біліктіліктерін мақсатымен сабақтастырады, сабақ барысында кім қолынан не келетінін түсінді:
|
Жетістік жолағы. №13 слайд «Жылулық шамы» әр білім алушы бүгінгі сабақтан алған әсерлерін шамның қасына стикерлерге жазып жапсырады.
|
||||||||||||||||||||||
Үйге тапсырма: №5 тапсырма, 66 бет |
||||||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
||||||||||||||||||||||||
Пəнаралық байланыс: Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері. Тарихпен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
||||||||||||||||||||||||
өліндінің
мәнін табу кезінде шыққан соңғы санды
бөлгішке көбейткен кезде бөлгіштің
санынан анағұрлым аз сан шықты. Яғни
соңғы бөлінгіш толық бөлінген жоқ. 2

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген