400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Үш тіл" сыныптан тыс жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі мұғалімдеріне үлгі ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Болашақта үш тілді білу маңызды ма? (Сыныптан тыс шара)

«Әр елдегі қазақ әр елдің тілін мықтап игерсе, ол - білім. Ол шетел тілінде сөйлесе - тіпті жақсы. Бірақ ана тілін тұншықтырып, көміп тастаса - ол кешірілмес күнә» (Н. Ә. Назарбаев)

Мақсаты: Оқушыларды ана тілімен қатар мектепте оқытылатын өзге тілдерден де теориялық білімдерін, тіл жайлы ұғымдарын тереңдету, мемлекеттік тілді сүюге, өзге тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Мұғалім: Құрметті оқушылар !
22 қыркүйек - ҚР халықтарының тілдері мерекесі. Әр халық өз тілінде сөйлеуге, оқуға құқығы бар.
Әр азамат өзінің ана тілін біліп, сүюге, құрметтеуге міндетті. Сонымен қатар, әр адам өзге де тілді үйреніп, оларға да құрметпен қарап, өз кәдесіне жаратып жатса, «Жеті түрлі ілім біл, жеті жұрттың тілін біл» деп ата бабаларымыз айтпақшы, нұр үстіне нұр болады. Сол себепті де біз бүгінгі шараны ана тілімізге және орыс тілі мен ағылшын тіліне арнап эссе жазамыз.

Біздің еліміз - көпұлтты мемлекет. Елімізде жүздеген ұлт өкілдері достық пен бейбітшілікте өмір сүруде. Бабалар аманаты - дәстүріміз бен туған тіліміздің аясы кеңейіп, әлемдік өркениетпен ұштастығын тауып жатыр. Соның бір кепілі - ел болып атап өтіп жатқан - тілдер мерекесі. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.
«Әр елдегі қазақ әр елдің тілін мықтап игерсе, ол - білім. Ол шетел тілінде сөйлесе - тіпті жақсы. Бірақ ана тілін тұншықтырып, көміп тастаса - ол кешірілмес күнә» деген Н. Ә. Назарбаевтың сөзін басшылыққа ала отырып, мектепте оқытылатын тілдерден эссе жазып жарыс өткіземіз.

Ең үздік эссе сайысы 11 сынып оқушылары аралығында өтті.

11 «а»сыныбынан:Қаламбаева Ұлданай, Бухарбаева Ақмарал, Төлеген Ақмырза .

11«ә» сыныбынан:Айтбай Арайлым, Батырбекова Жанат, Ұзақбаева Арайлым.

11 «б» сыныбынан:Бектай Балұр, Жолшы Шолпан,Сүлейменова Рамиза атты оқушылар қатысты.

11 сыныптар аралығында ең үздік эссе жазған және 1-орын алған оқушылар Қаламбаева Ұлданай және Бектай Балнұр ,2-орын алған оқушы Айтбай Арайлым.

Ең үздік эссе сайысына арналған   мектепішілік  іс – шараға оқушылар белсенді қатысып, жүлделі орындарға  ие болған оқушылар мектепішілік грамоталармен марапатталды.





























28 Абылай хан атындағы жалпы

орта мектеп КММ






«Болашақта үш тілді білу маңызды ма?»


Shape1








(11 сынып аралығында өткізілген

ең үздік эссе іс-шарасы)











Ұйымдастырушы:қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі: Ш.Джанкузиева



2016-2017 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27.12.2017
820
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі