400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 30 материал табылды

"Үш тіл туралы"

Материал туралы қысқаша түсінік
тіл туралы баяндама
Материалдың қысқаша нұсқасы

36 орта мектеп

10 «ә» сынып оқушысы

Сағитжанова Гүлсезім

Үш тілді меңгеру - жарқын болашақтың кепілі

Тіл – халықтың ең негізгі байлығы. Қазіргі заман талабына сай үш тұғырлы тіл саясатын бәріміз де қолдаймыз. Бүгінгі күні біз «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген халық даналығын ойымыздан шығармағанымыз жөн. «Әлемде Қазақстан халқы үш тілді білетін, жоғары білімді ел ретінде танылуы керек. Бұл: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық тіл, қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикамен сәтті ықпалдасудың тілі», - десе елбасымыз, соның ішінде «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» деп атап айтқан еді. Солай болуы заңды да.

Ана тіліміз – қазақ халқының жан дүниесі, рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгі. Ана тілі - әр адамға ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған, ананың әлдиімен, бесік жырымен құлаққа сіңіп, атадан балаға жетіп отырған мирас, ұлы күш.

Ал, үш тілді білу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Әлемнің алпауып мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды деп санайды. Сондықтан да біз де өз халқымыздың, еліміздің қарыштап дамып, өркениетті, дамыған елдер қатарынан қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлейтін, жаза білетін маман ғана бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Елбасымыз Н.Назарбаев білім және ғылым министрлігі мен мәдениет және спорт министрлігіне бірлесіп «Үш тілде білім беруді дамыту жол картасын» дайындауды тапсырған еді. Онда мемлекет басшысы «үш тілді білу ойдан шығарылған дүние емес, бұл қажеттілік» - деген болатын.

Халқымыз ежелден тіл абыройын биік көтеріп, әдетте тіл жөнінде, тіл ــ адамдар ара қарым-қатынас жасау құралы деп, оған жай-жадағай анықтама берілгенімен, іс жүзінде тіл тек адамдар ара қарым-қатынас жасау құралы ғана болып қалмастан, қайта онан да маңыздысы, ол белгілі бір ұлттың ұлттық сана-сезімі, халықтың халықтық қасиеті, оның жалпы тарихы, әдет-ғұрпы, мәдениеті қатарлыларды тұтастай өз бойына қамтып жататын күрделі ұғым. Сондықтан тіл мейлі қайсы ұлттың болмасын тарихы мен тағдырының, тәрбиесі мен тағылымының, бүкіл халықтық болмысының баға жетпес асылы, сарқылмас құнды қазынасы, ұлт рухының ұйтқысы болып келген. 

Көптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі, себебі, жаһандандыру және киберкеңестікке шыққан заман тілдерді білуді талап етеді.   Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының 12 сессиясында:  «Қазақстандықтардың жас ұрпағы кем дегенде үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерулері қажет»-деп, Еуропадағы мектеп түлектері мен студенттерінің өзара бірнеше тілде еркін сөйлесулері қалыпты жағдайға айналғандығын атап өтті.  Кем дегенде үш тілді меңгеру-заман талабына айналып отырған қажеттіліктердің бірі. 
    Үш тұғырлы тіл саясатын дұрыс түсінбей, бүгінгі күні бұл саясатты қолдамайтындар да бар. «Үш тұғырлы тілдің» шын мәнінде, мемлекеттік тілімізге еш зияны жоқ. Бұлай дейтін себебіміз қазақ халқы барда, Нұрсұлтандай дана көшбасшымыз барда мемлекеттік тіліміз мәңгі жасамақ. 

«Үш тұғырлы тілді» білу – еркіндіктің, бүкіл әлем бойынша жүріп тұрудың кепілі. Президентіміз Н.Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясында «үштілділікті мемлекеттік дейгейде ынталандыру керек» дейді. Сонымен қатар, ол: «Орыс тіліне және кирилицаға біз қазақ тіліне қандай қамқорлықпен қарасақ, сондай қамқорлықпен қарауымыз керек. Орыс тілін білу – біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршаға белгілі. Дәл осы орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымдары мен араласатын ортасын кеңейтіп келе жатқанын жоққа шығармауға тиіспіз. Біз ағылшын тілін игеруде серпіліп жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің осы әлингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктер ашады» дейді. Шынымен де, ағылшын тілін білген адам шексіз мүмкіншіліктерге ие болады.

Оқытудың жаңа инновациялық әдістері пәнге байланысты жаңа технологияларды пайдалануға итермелейді. Инновация деген ұғым латын тілінде жаңарту ,жаңалық, өзгеріс енгізу деген мағынаны білдіреді. Оның мәні: өздігінен және білім алуға негізделген қабілетті дамытады. Қазіргі таңда оқушы-ақпаратпен қаруланған ,жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек. «Балаға білім бергенде,алыстан жақынға,таныстан жатқа көшіп,жаңа  білімді ескі білімге байлап беру керек»- деп Мағжан Жұмабаева айтқан ,оқыту үрдісіне жаңа көзқараспен қарау керек. Жазу,баспасөз,электрондық пошта радио,теледидар мен комьютер күнделікті өмірде қарым-қатынасты жақсартуға және тілдік қарым-қатынастың төрт психологиялық әрекеттерін дамытуда көмекші құрал болып табылатыны аян.

ЮНЕСКО XXI ғасырды «полилингвизм ғасыры» деп атады. Болашақ ұрпағымыз тек ана тілін меңгеріп қана қоймай, бірнеше шетел тілін меңгеруі керек. Ал шетел тілін жан-жақты меңгертуде оқыту-тәрбие үрдісін қызықты, ыңғайлы және ұтымды қылу үшін бірнеше тілдегі (қазақ, орыс,ағылшын) әдіс – тәсілдерді қолдануымыз керек.

Тәуелсіз ел болған соң әлемнің барша жұртымен қарым-қатынас жасай бастадық. Енді біз тек орыс тілін ғана емес, қытай, түрік, ағылшын, француз және басқа ұлттардың тілін біліп, олармен қатынас жасауға тиістіміз. Алайда, әлемде  ең басты тіл - ағылшын тілі екені дау туғызбайтын ақиқат.Ағылшын тілін білсеңіз, бүкіл елдерді аралауға мүмкіншілігіңіз артады.

Тілдік пәндерді біріктіру арқылы полилингвалды тұлғаны қалыптастыру заман талабы болғандықтан, ұлағатты ұстаз өз білімін, шеберлігін ортаға салып, оқушылар санасына сіңіру керек.

Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған.

Бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз- ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағымына ілесу деген сөз.Оған қоса ағылшынша білсең, әлемдегі ең үздік, ең беделді жоғарғы оқу орындарында білім алуға мүмкіндігің мол. Тіпті оқуыңды тәмамдаған соң біршама уақытқа шетелде қалып, еңбек етуін үшін де бұл тамаша мүмкіндік. Ең бастысы, ағылшын тілін білу-бұл іскерлік қарым-қатынас және әлемнің кез келген нүктесінде бизнеспен айналысу үшін міндетті талап.

Ағылшын тілі әлемдегі ең кең тараған тіл болып табылады. Шет тілдердің арасында ағылшын тілі ешкімге шаң жұқтырмай, алғашқы орынды бермей келеді. Туризм, бизнес, ғылым, білім беру жүйесі т.б. әлемнің түрлі саласында дәл осы ағылшын тілі алғашқы орында.

«Үш тұғырлы тіл» бағдарламасының басты мақсаты – қазақ тілін орыс жіне ағылшын тіл дірежесіне дейін көтеру. Бүгінде ағылшын тілі бастауыш сыныптардан бастап оқытыла бастады. Бұл, өте дұрыс нәрсе. Себебі, бала жастайынан тілді базалық деңгейде білсе, болашақта кәсіби деңгейде үйреніп алуына мүмкіндік туады. Қазіргі кезде мектеп бағдарламасынан ағылшын тілін еркін меңгерген көптеген жастарымыз шет елдерде білімін дамытып, тәжірибе молайтуда.  

«Білекке сенер заманда-ешкімге есе бермедік. Білімге сенер заманда – қапы қалып жүрмейік » – деп Абылай хан айтып кеткендей, ертеңгі күннің болашағы бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән екенін естен шығармайық. Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік,шығармашыл тұрғыдан ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.

 Қорытындылай келгенде, болашақ жастарымыз өз тілін ардақтай отырып, заман талабы тудырып отырған үш тілде еркін сөйлеп, әлемнің кез-келген жерімен еркін байланысқа түсіп жатса еліміздің ертеңінің көркейте түсері сөзсіз. Осы жастарымыздан еліміз, елбасымыз үлкен үміт күтеді. Ел болашағы жастардың қолында!  







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.05.2019
461
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі