Үш
тілде тіл дамыту жұмыстарын тиімді
жүргізудің әдіс-
тәсілдері.
Көптілділік
– Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемде
болып жатқан мәселелердің бірі. Жаһандану
заманы тілдерді білуді талап етеді.
Қазақстанның әр азаматы кем дегенде үш
тілді білуі тиіс деп ойлаймын. Кем
дегенде үш тілді меңгеру – заман талабына
айналып отырған қажеттіліктердің бірі.
Қазақстан жастары бүкіл әлемде үш тілді
пайдаланып жоғары білімді азамат ретінде
танылуы тиіс.
Ағылшын тілі бірінші дүниежүзілік
әмбебап тілі болып табылады. Еліміздің
тарихында болып жатқан әлеуметтік -
экономикалық, мемлекеттік зор ұлттар
мен ұлыстардың бір-бірін түсінуіне
халықаралық сипат алған ағылшын тілінің
өзіндік рөлі зор. Әлемдегі көптеген
елдер ағылшын тілінде сөйлейді. «Өз
тілің – бірлік үшін, өзге тіл – тірлік
үшін» дегендейғ көп тіл білетін адамның
көп нәрсеге қол жеткізетіні, басқаларға
қарағанда қалаған жерінде жұмыс істеуіне
де мүмкіндігі мол екені, қай елге барса
да алдынан жасыл жарық жағылып тұратыны
белгілі жәйт. Келешекте
жеті жұрттың тілін біліп, мемлекеттің
мүддесін, ұлтың мен жұртыңның жай-күйін
әлемге дауысың жететін мінберден
асқақтата айтып тұратын күнге жетуіміз
керек.
Білім
орындарында шет тілін игеріп, тілдік
қатынасқа түсудің маңызды түрі – ауызша
сөйлеу тіліне үйрету. Ал толық түрде
жазбаша тілдік қатынасқа түсу, яғни
айтылған ойды тез түсіну, тез жауап қату
біртіндеп мектепте бастауыштық және
орта білімдік сатыларда, тіпті баланың
бүкіл өмірінде дамытылады. Балалардың
көңіл аударуының ерекшелігі, түр сипаты
тартымды, бояуы қанық заттар
арқылы оянады. Қабылдап отырған нысанға
деген қызығушылық сақталып отырған
жағдайда, затқа, материалға көңіл
аударулары сақталады. Көптеген негізге
алынатын тілдік дағдылармен
іскерліктері әзірге мектепке дейінгі
ұйымдардағы балаларға қол жетпестік
болып отыр. Бұл балалардың күрделенген
логикалық сөздер тізбегін жинақтай
алмай, бір типті сөз орамындағы сөздерді
ауыстыра (өзгерте) алмай, сөздерді
лексикалық бірліктер ретінде қабылдауына
және т.б. жағдайларға әкеліп соқтырады.
Үштілділікті
оқыту барысында мнемотехникалық
әдісі балалардың
сөз материалын есте сақтауда қалдыру
үшін қолайлы. Сонымен қатар дыбыстық
және көру қабілеттері де дамиды.
Мектепке дейінгілердің жас ерекшеліктеріне
қараса, осындай қорытындыға келуге
болады, сөйлейтін суреттерді пайдалану
әңгіме құрастырғанда, өлең, логоритмикалық
жаттауда жеңілдетеді және есте сақтау
процесін тездетеді. Есте сақтаумен
жұмыс әдістерін қалыптастырады. Сөйлейтін
суреттер, сипаттау сызбалары қызығушылық
тудырады және проблеманы шешуге
көмектеседі. Баланың тілін дамыту үшін
ересек тобындағы балалар шағын әңгіме
құрастырады, өлеңдер, логоритмикалық
жаттығулар жаттайды. Әңгіме сипаттағанда,
өлең, логоритмикалық жаттығулар
жаттағанда сызбалар қолданған қолайлы.
Мнемотехникалық
әдістің міндеті: тілдерді үйренуде тән
дыбыстардың дұрыс айтылуын жаттықтыруы,
сөз қорының байытуы, белсенуі мен
бекітуі, сөйлеудің грамматикалық
дұрыстығын жүзеге асыруы және тілдің
дамуы. Заман талабына сай
мнемотехникада ақпараттық
технологияны тәжірибеге
енгізу негізінде «бейнекөрсетілім»
әдісі, интерактивті – мультимедиялық
әдістерді қолданудың пайдасы зор.
Интерактивтік жаттығулар-балаларға
жаттығуларды дұрыс жасауға және өзін-өзі
тексеруге қажетті құрал.
Сонымен
бірге сөздік жұмысы сөз арқылы баланы
дәл ойлауға үйретеді, оның творчествалық
қабілетін арттыруға, сөйлеудің мазмұны
мен формасының бірлігін қамтамасыз
етуге бағытталады. «Сөз байлығы –
қоғамның байлығы және сол сияқты әр
адамның байлығы.Сондықтан балаларғы
сөздік жұмысын жүргізудің маңызы
зор.
Сөз
байлығының аздығы балалардың өз ойын
ауызша, дәл, жүйелі жеткізуіне қиындық
келтіреді.Сондықтан іс-әрекет кезінде
сөздік жұмысын дұрыс ұйымдастырудың
мәні зор.
Біріншіден,
ол баланың сөз байлығын молайтып кеңітсе,
екіншіден үйренген сөздерін қатесіз,
сауатты жазуға бейімдейді де, ал үшіншіден
сөзді үйрену арқылы бала тіл нормасымен
сөйлеп үйренеді.
Қорыта
келгенде көптілді
меңгерген жастардың алар белестері
биік. Сондықтан көптілді білім берудің
басты мақсаты әр білім
алушының жеке қабілеттерін көптілді
дамытуды қамтамасыздандыратын жағдай
жасау. Көптілді меңгерген, өзін-өзі
әлеуметтік және кәсіби билеуге,
өздігінен дамуға, өздігінен жетілуге
қабілетті тұлға қалыптастыру Енді
көптілділікті техникалық және
кәсіптік білім беру ұйымдары арасында
халық аралық стандарт деңгейінде тиімді
ұйымдастыру үлкен мәселе.
Блялова
Каракат Каирбековна