Үштілді білім беруді жүзеге
асыру ұстаз міндеті
Үштілділік – бәсекеге қабілетті
елдер
қатарына апарар басты баспалдақтардың
бірі.
«Үштілді меңгеру- жарқын
болашақтың кепілі»- дей отырып қазақ тілі мемлекеттік тіл, орыс
тілі ұлтаралық қарым- қатынас тілі және ағылшын тілі- жаһандық
экономикаға ойдағыдай кірігу тілі деп бекер айтылмаған.
Сондықтанда оның жүзеге асыруына Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасы септігін
тигізіп отыр.
Үштілді білім беру
бағдарламасы аясында үштілді меңгеру тәжірбиесін жинақтаған
ұстаздар, әлемдік деңгейге көтерілуі керек. Бұл оқушылардың
халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік әріптестерімен
ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат
көздеріне қол жеткізуілеріне мүмкіндік береді. Еліміздің ертеңі
өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы шәкірттерді өсіру үшін
бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани әлемдік озық ой- пікірімен
ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілу
қажет. Бұл мәселе бүгінде мемлекеттік деңгейде
талқыланып, білім реформалары аясында қарастырылып отырғандығы
қуантады. Қазіргі таңда оқушыларға физика, информатика, химия-
биология пәндерін ағылшын тілінде оқытуды толығымен қолға алып
отыр.Осы реформаны қолдап,
оймен ұштастыра келе,
2017-2018 оқу жылында мектеп директорының басшылығымен, Caspian
Training Group компаниясының бастауымен ағылшын тілінен
04.09.17-27.06.2018 уақыт аралығында білім алуды жөн көрген
мектебіміздің физика пәнінің мұғалімі- Асылбекова Сандуғаш
Советовнаның шешімін дұрыс деп ойлаймын . Осы аталған курсты аяқтап
EMI ( Certificat in EMI skills English as a Medum of instruction)
халықаралық дәрежедегі сертификатын алуға үміттенеді. Қазіргі
уақытта үш тілді білім беруді заман талабына сәйкестіре келе, осы
алған білімін ұштастыра отырып, оқушыларды жан-жақты, білімді,
білікті тұлға ретінде қалыптастыруға бар күшін салатынына
сенемін.