жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Үш тілді білу- заман талабы
Үш тілді білу- заман талабы
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауында «Мен қазіргі замандағы қазақстандық үшін үш тілді білу әркімнің дербес табысының міндетті шарты екенін айтамын .Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындардың саны кемінде 20 пайызға болатынын /білемін» деп атап көрсеткен болатын. Сол себепті Қазақстан Республикасындағы ең бірінші кезекте тұрған тіл саясаты туралы басты мәселе мемлекеттік тілді еркін меңгерту,шет тілін оқытудың сатысын халықаралық стандартқа сай көтеру. Бұл үшін жетілдірілген әдіс ретінде шетел ғалымдарының іс-тәжірбиелерімен танысу қажет екендігі ешбір дау туғызбайтыны белгілі. Баршамызға белгілі мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту үшін тиісті бағдарламалар қабылданды. Солардың бірі – «Үш тұғырлы тіл мемлекеттік бағдар» 2011 жылдан бастап мықтылап қолға алынған жоба бүгінгі күні өз жұмысын бастап, оң нәтиже беріп келеді. Үштілділік бағдарламасының негізінде қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілдерін меңгеру көзделуде, яғни тілдердің үйлесімде бірлесіп өмір сүреді
“… Жастарға сапалы білім берумен қатар, сол білімін қоғамдық-әлеуметтік ортада пайдалануға икемдеу, олардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы еліміздегі білім мен ғылымды дамыту мәселелеріне баса көңіл аудару керек.”
Н. Назарбаев
«Сонымен Функционалдық сауаттылығы дегеніміз- адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету. Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:
-белсенділік
шығармашылық тұрғыда ойлау
-шешім қабылдай алу
-өз кәсібін дұрыс таңдай алу
-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.
Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
Функционалды сауатты адам – қоғамның құндылықтарына сәйкес, қоғамдық ақуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді. Бүгінгі күнге қажетті мамандықты таңдап дұрыс шешім қабылдап, заманауи ақпараттық технологиялардың тілін біліп кез келген әлеуметтік ортаға бейімделеді. Осы тұрғыда функционалды сауатты адамның негізгі белгілерін тұжырымдауға болады: қоғамдық ортада өмір сүре білетін, тіл табыса білетін, белгілі бір сапалық қасиеттері бар, жалпы негізгі және пәндік құзыреттіліктерді меңгерген адам болып саналады .
Жалпы, барлық зерттеушілердің болжамы бойынша адамдардың сауатсыздық деңгейінің төмендеуі, оларға дұрыс білім беріп, тиянақты оқытпаудан, оқырман болуға үйретпеуден болған көрінеді. Осыған байланысты 1997 жылдың өзінде-ақ Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту жөніндегі Концепция жобасында адамдардың сауатсыздығын жою еліміздің жалпы орта білім беру жүйесіндегі реформалануға тиісті стратегиялық нысан екендігі атап көрсетілді. Осы мәселені анықтау күн тәртібіндегі негізгі мәселеге айналды. Сараптама нәтижесіне көз салсақ, бiлiм құрылымдарының білім алушыларды қоғамдық- шығармашылық өмiрге араласуына бағытталмағанын байқаймыз. Басқаша айтқанда, дәлел бар да, оның iске асыру жоқ. Содан болар мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың өзінің жыл сайынғы Жолдауында «функционалдық сауаттылықты арттыруды» негізгі тапсырма етіп жүктеуі бекер емес. Елбасы дұрыс айтады, «білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей, оны керiсiнше, әлеуметтiк адаптация процесіне бейiмдеу қажет».
Заманауи мектептің ең басты міндеті оқушы өмірінің барлық белеңдерінде білім алуға деген құлшынысын қалыптастыру үшін, оған әрбір қадамының маңыздылығын түсінуге мүмкіндік беруден, тәсілдер мен таным көздерін таңдауда бағдар ұстай білуге үйретуден тұрады. Бұл – Елбасының білім саласын жаңарту туралы бастамаларын іске асырудағы маңызды тетіктердің бірі. Аталған тетіктер Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында, жаңа Мемлекеттік бағдарламада, «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында, Назарбаев Университетінде оқыған дәрісінде және басқа да сөйлеген сөздерінде айрықша мән беріліп айтылған. Олар өз нәтижесін бере бастады. Оның нақты дәлелін, дүниежүзілік экономикалық форумда жарияланған әлем елдерінің бәсекеге қабілетті рейтингідегі соңғы нәтижелерден байқауға болады. Елбасы бастамасымен өмірге келген «Функционалдық сауаттылық бойынша Ұлттық жоспардың» маңызы ерекше. Оның мақсаты – оқушылардың салалық сауаттылығын дамыту арқылы, тиiмдi қызмет түрлеріне бейімдеу. Сонымен қатар, ол орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып табылады. Бұл – дәстүрлі мектеп моделінен рационалды модельге, әрі қарай феноменальді модельге «үш адым» ілгері аттау дегенді білдіреді. Осы мақсатқа қол жеткізу арқылы Қазақстан оқыту деңгейі мен сапасы жағынан жетекші елдер тобына қосылады.
Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдермен қаруланған біршама ұстаздар қауымы өз мамандығына деген сүйіспеншілігі арта түсіп, жаңа нәтижелерге жетуде, шәкірттерінің жаңа белестерді меңгеруіне жол ашуда. Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Біздің еліміздің негізгі тірегі – зияткерлік ұлт мүмкіндігі. Сондықтан да біздің балаларымыздың сапалы білім алуы маңызды. Оқушылардың мектепте алған білімін қоғамдық — әлеуметтік ортада пайдалануға икемдеу, олардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы еліміздегі білім мен ғылымды дамыту мәселелеріне басымдық берілуі тиіс. Мұндай жаңа міндеттерді мұғалімнің кәсіби санасының өзгеруінсіз, кәсіби құзіреттілігінің өсуінсіз ескі психологиямен, ескі әдістермен, ескі біліктілік арттыру жүйесімен шешу мүмкін емес. Олай болса қоғам – жаңалыққа жаны құмар, жаңаша ойлайтын, өзгермелі өмірге икемделіп қана қоймай, оны жағымды жаққа өзгертуге белсенді қатысатын ұстаздарға мұқтаж.
Сапалы білім беру мақсатында тиімді әдіс-тәсілдерді ізденіспен пайдалану- ұстаз алдына қойылып отырған уақыт талабы. Ю.К.Бабанский: “ Сапаны арттыру- нақты жағдайдағы кез келген шешімнің ең тиімді нұсқасын таңдау”- деп атаған болатын.
Қысқа мерзімді жоспар
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы: 3 мин 8 минут (білу, түсіну) Оқылым, айтылым |
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып тазалығына мән беру
Топтық бағалау парақшасы
Үй жұмысын сұрау . "Суреттер сыр шертеді" әдісі арқылы әр топқа суреттер беріледі (топтық жұмыс) І І ІІІ топ. Екі бірдей ыдыстың 1- белгісіз сұйық, 2 -не су құйылған. екеуінің де массалары бірдей. Сұйықтықтың қайсысының тығыздығы артық?
ІV топ . Таразының бір табағында бір кесек қорғасын, екіншісінде - қалайы кесегі бар. Қорғасын кесегі қай табақта?
Дескриптор: - суреттерді сипаттайды. - қатты денелердің тығыздықтарының кестесін пайдаланып, қорытынды жасайды. - суреттердегі есептің шешімін түсіндіріп береді Оқушылар өздерін " Бағдаршам" арқылы бағалайды
С
|
Оқу құрaлдaры, А3 форматта суреттер Бағдаршам түстес дөңгелекшелер |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы: 14 мин (білу, түсіну, қолдану) Оқылым, айтылым, жазылым |
"Айналмалы бекет" әдісі арқылы сынақ - тәжірибелік есеп беріледі. Есепті флипчартқа түсіреді . 1 - айналым тапсырманы орындайды 2- айналым қатесін табады 3- айналым түзету жасайды 4- айналым әр топ өз ойларын қосады. Сынақ - тәжірибелік есеп:
М
Дескриптор: - массаның өлшем бірлігін ХБЖ -не келтіреді -керосиннің тығыздығы арқылы көлемін есептейді -Мензурка арқылы стаканға құйылатын керосиннің қажетті мөлшерін мл өлшемімен есептейді - тәжірибе нәтижесін сипаттайды |
флипчарт, маркер, мензурка, керосин құйылған шөлмек, стакан |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы: 15 минут (білу, түсіну, қолдану) |
"Хат келді" әдісі арқылы деңгейлік тапсырма беру. (жеке жұмыс) І деңгей 1. 125л сұйықтықтың массасы 100кг. Оның тығыздығын табыңдар. 2.Шөмелеуші преспен жиналған шөп теңінің массасы 40 кг және мөлшері 90х40х55см. Осы тапталған шөптің тығыздығын табыңдар. ІІ деңгей 1 2.Ұзындығы 30 см, ені 20 см аквариумнің 25 см биіктігіне дейін су құйылды. Аквариумдағы судың массасын анықтаңдар. ІІІ деңгей 1. Текшенің барлық жақтарының ауданы 150см2, ал істелген заттың тығыздығы 2700 кг/м3 болса, текшенің массасы қандай болады? 2. Темірден және алюминийден жасалған заттардың көлемдері бірдей. Егер темірдің массасы алюминйдің массасынан 12,75 г артық болса, осы заттардың массалары қандай? (ρАлю=2700кг/м3, ρтемір=7900кг/м3)
Дескриптор: - есептің шартына сай берілгенін жазады; - өлшем бірліктерді ХБЖ келтіреді; - тығыздықты есептей алады; -тығыздық формуласы арқылы массаларын анықтайды |
Тапсырма жазылған конверттер |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Кері байланыс Рефлексия 3 минут |
Сабаққа оқушыSWOT талдау жасайды |
Талдау парақшалары |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Үйге тапсырма 2 минут |
Тәжірибелік тапсырма. Өз бөлмелеріңдегі ауа массасын табыңдар |
Күнделік , жұмыс дәптер |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қосымша ақпарат |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Саралау - оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бағалау - оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыс; денсаулық және қауіпсіздік, АКТ - мен байланыс, құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сыныптағы оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, сыныптың қажеттілігіне қарай сабақ мақсатына жету үшін төменде көрсетілген әдістер арқылы тапсырмаларды таңдап алдым. Үй тапсырмасын тексеруде "Суреттер сыр шертеді" әдісі арқылы суреттермен берілген есептерді барлық оқушылар үшін топтық тапсырма етіп таңдадым. Себебі, топтық жұмыс арқылы ЖАДА аймағын ұйымдастырып,барлық оқушылармен кейбір қабілетті оқушылар арасында көпіршелер қалыптасып, алдыңғы сабақта өтілген материалдарды еске түсіріп, суреттер арқылы заттардың тығыздығын табуды түсініп, оқылым,тыңдалым, айтылым дағдылары қалыптасады. Ойлаудың білу, түсіну деңгейлерінде болады. Сабақтың ортасы кезеңінде "Айналмалы бекет" әдісін сынақ - тәжірибелік есепті шешуге топтық жұмыс ретінде таңдадым. Бұл тапсырма арқылы сыныптағы кейбір оқушылар мен оқушылардың басым бөлігісынақ - тәжірибелік есептерді шығару барысында ойлаудың білу, түсіну, қолдану деңгейлерінде болып, сын тұрғысынан ойлаудың танымдық қабілеттері артады. Бұл тапсырма арқылы барлық оқушыларсабақ мақсатына тәжірибе жасау арқылы кейбір оқушылардың қарқындылығының көмегіне жүгіне отырып, жетеді. Сабақтың соңы кезеңінде тығыздық бойынша білімдерін қорытындылау үшін "Хат келді" әдісі арқылы деңгейлік тапсырманы жеке орындауға ұсынамын. Тапсырмаларды әр оқушының деңгейіне сәйкес жасаймын. Сабақтың алдыңғы екі кезеңдерінде барлық оқушылар топтық жұмыс арқылы заттың тығыздығын табудың сурет арқылы ой қорытып, тәжірибе арқылы есептеуді түсінеді деөз деңгейіндегі тапсырманы жеке орындай алады. Сабақты мақсатын меңгергендіктерін саралау үшін деңгейлік тапсырманы жеке орындау ойлаудың білу, түсіну, қолдану деңгейлерін және оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастырып, сабақ мақсатына жетеді. |
Сабақ барысында оқушылардың сабақ мақсатына жетуіне қолдау көрсете отырып, қалыптастырушы бағалау тәсілдерін қолданамын. Сыныптағы топтық талқылауға араласа алмай отырған оқушыларға кері байланыс жасау арқылы сабақ мақсатына жету үшін оқудыңқай деңгейіне жеткенін білетіндей жағдай жасаймын. Топтық жұмыс кезіндеоқушылар өздерін бағалаудың "Бағдаршам" арқылы кері байланыс береді. Сынақ - тәжірибелік есептерді талқылауда топтағы тапсырманы орындауға өз ойын жеткізе алмай отырған оқушыларға ауызша бағалау жүргізіп,"Сенде аз да болса ілгерілеу бар, егер үздіктердің қатарында болғың келсе, саған анықтамаларды, формулаларды меңгеруге көңіл бөлуің керек", "Нақтылық жетпейді, сен мұны бұдан жақсы жасай аласың" деген сөз тіркестерін пайдаланып ,кері байланыс беремін . Деңгейлік тапсырма бойынша оқушылардың дәптерлеріне оқу мақсатына бағытталған жазбаша бағалау жүргіземін. Сабаққа кері байланысты барлық оқушыдан SWOT талдау жүргізу арқылы аламын. Оқушылар сабақтан алған білімдерінің күшті,әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп- қатерін атап көрсетеді |
Тығыздықты есептеу барысында математика пәнімен байланыс, яғни амалдарды дұрыс орындау, есептеулерді дұрыс жүргізу, текшенің жақтарының ауданы арқылы көлемді табу қолданылады. Сынақ - тәжірибелік есептерді шешуде құралдарды қолдануда қауіпсіздік ережелерін сақтайды. Тығыздықты есептеу барысында индустрияландыру және инновацияларға негізделген экономикалық өсу құндылығына жол ашу |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қорыта айтқанда оқушының үш тілді жетік меңгерген, мектепте алған білімді өмірде еркін пайдаланып, өз орнын табатын білімді, тәжірибелі, мамандығын жетік білетін жеке тұлға болуын қамтамасыз етуіміз керек. жаңа заман талабына сай болу үшін жаңа бағдарлама бойынша білімді шыңдау -заман талабы.

топ. Табақтары теңгерілген таразының үстінде текшелер
орналастырылған. Текшелер істелген заттардың тығыздықтары бірдей
ме?
І топ . Таразы табақшасында көлемдері бірдей жез бен
алюминий кесектері бар. Жез кесегі таразының қай
табақшасында
ензурканы
ғана пайдаланып, шөлмектен стаканға 120г керосин
құйыңдар.

.Мензуркаға
салынған заттың қандай металл екенін анықтаңдар. Массасы
2,28кг

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген