жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Үш тұғырлы тіл саясаты - ел жастарының болашаққа бастар жолы»
Ақжанова Гүлнара Серғазықызы
Ақтөбе қаласы
№41 жалпы білім беретін орта мектеп
математика пәні мұғалімі
«Үш тұғырлы тіл саясаты - ел жастарының болашаққа бастар жолы»
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.Тілдің адам өміріндегі ең шешуші рөль атқаратыны әркімге де түсінікті. Ол танудың, түсінудің, дамудың құралы.
Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, болашағы, бұған ешкімнің де шүбә келтірмеуі даусыз.Биыл тәуелсіздігіміздің таңы атқанына жиырма бес жыл толып отыр. Тіл мен тәуелсіздік егіз ұғым. Тіл – тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі – елдігіміз бен бірлігіміздің туы. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл туралы оңды көзқарас қалыптасып отыр. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілі бүгінде ұлттық руханиятымыздың өзегіне айналды.
Кезінде алаш қайраткері А.Байтұрсынұлы: «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады» - деуі де тегін емес.
Әр халық ана тілін дамытуына, әлемдегі бүкіл елдің мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі ұжымдық құқығын жүзеге асыруына заң жүзінде мүмкіндік алды. Тіл заңнамасының түп негізі – Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасында «Тіл туралы» Заңы – халықаралық тіл дамытудың өлшем-үлгілеріне сәйкес келеді.
Осы заң Қазақстан Республикасында тілдерің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құметпен қарауды қамтамасыз етеді.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деуі Қазақстандағы тіл саясатының бүгіні мен болашағын айқындайды. Ел тәуелсіздігінің ең маңызды нышаны – мемлекеттік тіл. Қазақстанды мекендейтін әртүрлі ұлт өкілдерінің тіліне құрмет көрсету, олардың ана тілінде білім алып, төл мәдениетін дамытуына жағдай жасау – мемлекетіміздің маңызды стратегиялық саясаты.
Көп тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениетаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады.
«Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз». «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез-келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады. Осылай тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйымдастыратын ең басты құндылығымыз – туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі» [2, 5].
Қазіргі жаһанданған, ақпараттың дамыған ғасырында болып жатқан түрлі өзгерістер мен жаңашылдықтар еліміздің экономика саласына да, білім беру жүйесіне де тың ізденістерді енгізіп отыр. «Жаһандық дағдарыстың жалғасуының әсерінен әлемде болып жатқан өзгерістер бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз – егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру»,-деп Елбасымыздың Жолдауында айтылғандай, еліміз қай салада болмасын қарқынды дамып, әлемдік кеңістікке қарыштай қадам басып, еркін қанат сермеуде.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында еліміз береке мен бірліктің, ынтымақ пен достықтың, татулықтың өлкесі болып, көпұлтты мемлекетке айналып отыр. Осы орайда елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап өткендей: «Біз - көпұлтты қоғамбыз. Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениетін және салт-дәстүрін дамытуға барынша жағдай жасауды алдыңғы уақытта да жалғастыра беретін боламыз»[2, 24],-деген еді.
Бүгінгі білім беру жүйесі модернизацияланған заманда көп тілді меңгертуге аса назар аударылып, жан-жақты жол ашылған. «Келешекке кемел біліммен»,-деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұстаным еткендей, келшекке терең біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген құзіретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірегейі болып отыр.
Үштілді оқыту – заман талабы. Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі.
«Үштілділік - нақты тұлға, ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда қарым-қатынас үдерісінде қажет болған жағдайда үш түрлі тілді алма-кезек қолдану құбылысы»,-Б. Хасанұлы анықтама бергендей [5, 4], бүгінде оны қолдануға жан-жақты күш салынуда.
Осы орайда құрылған «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» басты мақсаты:
Елбасының үштұғырлы саясаты аясында шетел тілін үйрену, оның қолданыс аясын кеңейту бүгінде кезек күттірмейтін өзекті де келелі мәселелердің бірі болып отыр. Алайда «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»,-деп ақын жырлағандай, өз тілінде еркін сөйлеп, өз тілін құрметтейтін тұлғаны баулысақ, өзге тілді қадірлейтін тұлғаны баулитынымызға көз жеткіземіз. Сондықтан да «Мемлекеттік тілді үйрету балабақшадан басталуы тиіс. Бұл - заман талабы»,- деген елбасының қағидасына сүйене отырып, қазіргі таңда балабақшадан бастап мектеп табалдырығын аттаған сәттен ана тілін меңгертуге, сауаттылыққа күш салынуда. Осы орайда ауыр жүк артылып отырған мұғалімдер мен тәрбиеші-ұстаздардың бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеудегі еңбегі зор. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2050 » стратегиясында мұғалімдерге сенім арта отырып, жастарымыздан үміттенеді. «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан да сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет ауыр»-делінгендей [4,3], жастарды сауатты баулысақ болашағымыздың жарқын болатыны белгілі. «Мен сөзімді, әсіресе, жастарымызға арнағым келеді. Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер. Ал кейінгі толқын жастарға айтарым: Сендер – болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер»,-деген жолдарда жастарымызға деген үміт пен сенім жатыр. [2,57]. Сондықтан да жастарымыздың болашағы үшін әлемдік деңгейдегі зияткерлік мектептер мен кәсіптік-техникалық колледждер ашылып, «Болашақ» бағдарламасының негізінде олардың шетелге шығып білім алуына жан-жақты жол ашылған.
Мемлекеттік тіл мәселесіндегі Елбасының үлкен қадамы 2006 жылдың 24 қазанында Астана қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында жасаған баяндамасы болды. Қоғамда үлкен серпіліс туғызған осы баяндамасында: «Патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңыздағы мәселе – мемлекеттік тіл мәселесі. Мемлекеттік тіл – бұл Отан бастау алатын Ту, Елтаңба, Әнұран секілді дәл сондай нышан және ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс» деп Қазақстан Республикасы ұстанып отырған тіл саясатының мәнін түсіндіре келіп, маңызды ой-тұжырымдарымен бөлісті. Елбасының осы баяндамасында Үкіметке берген тапсырмаларын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1025 қаулысымен Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия құрылды. Комиссияның негізгі міндеттері: мемлекеттік тілді кешенді және жүйелі дамыту мен енгізу, елде орыс тілін білудің жоғары деңгейін сақтап қалу, ағылшын тілін тереңірек және қарқынды үйрену жүйесін құру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; мемлекеттік тіл саясатын және тілдік құрылысты іске асыру тетіктерін одан әрі жетілдіру болып табылады.
Қоғам дамуының басқа салаларымен қатар мемлекеттік тіл де тең дәрежеде дамуы қажет, өйткені ол мемлекет тәуелсіздігінің баянды болуына негіз жасайтын басты тіректердің бірі болып табылады.
Адамзат тарихының сандаған ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесі көрсеткендей қоғам мен мемлекет құрылымындағы күрделі құбылыс – тіл мәселесі болып табылады.
Сондықтан да біз оны халықтар арасында достықтың бастауы, олардың ынтымағы мен береке-бірлігінің тірегі ретінде қадір тұтамыз.
Қоғам дамуының басқа салаларымен қатар мемлекеттік тіл де тең дәрежеде дамуы қажет, өйткені ол мемлекет тәуелсіздігінің тілегі болуына негіз жасайтын басты тіректердің бірі болып табылады.
Үштілділіктің маңызын түсіне білген жанның еліміз үшін болашақтағы алары да, берері де мол. «Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады» [2,51].
Осынау мүмкіндіктерді игеру мақсатында бүгінгі білім ордалары үштілділікті енгізудің, оны тиімді жүргізудің тың жолдарынан ізденіс табуда.
Қорытындылай келгенде, болашақ
жастарымыз өз тілін ардақтай отырып, заман талабы тудырып отырған
үш тілде еркін сөйлеп, әлемнің кез-келген жерімен еркін байланысқа
түсіп жатса еліміздің ертеңінің көркейте түсері
сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Жарықбаев Қ. Аталы сөз.– Алматы: Жалын, 1980.
-
Ақиқат. 2013 жыл, №1. «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.
-
Ақиқат. 2011жыл, №5. «Қазақ тілін білу - әншейін бір ұран емес», Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясының ХҮІІ сессиясында сөйлеген сөзі
-
Назарбаев Н.Ә. (Қазақстан халқына жолдауы). Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан.Астана,2007
Күні: 3.04.2017ж 11 а
класс
Тақырыбы: «Құқықтық тәрбие және құқықтық
жігер»
Түрі:
пікірталас
Білімдік мақсаты : Құқықтық тәрбиенің
өмірілік қажеттілігін оқушыларға
түсіндіру.
Тәрбиелік: Құқықтық тәрбиенің жігердің
қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу,
өз ойларын еркін айтуға
үйрету.
«Қазіргі ұрпақтың үш мінезі алаңдатады деген
екен. Олар құлқынның құлы болып жолдан таю, нәпсі үшін лас істерге
ұрыну, білімі бола тұра қараңғы наданның ісін
істеу.»
Мұхаммед
пайғамбар
«Тәртіпсіз ел болмайды , тәртіпке бас иген
құл болмайды.»
Б.Момышұлы
«Ісін өндіре алмаған қырсыз бала ,қырсығын
әкесінен іздейді.»
«Ұяда не көрсең ұшқанда соны
ілерсің.»
«Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен
он үшке дейін құлыңдай қина, он үштен ары сырласыңдай
сыйла.»
«Жақсы бала сүйініш , жаман бала
күйініш.»
«Атаңа не қылсаң алдыңа сол
келер»
Тәрбиелік шараның
жүрісі:
1.Ұйымдастыру кезеңі
.
2. Пікірталас
.
3.Қорытынды.
Мұғалім сөзі: Республикада жүргізіліп жатқан
саяси экономикалық және рухани әлеуметтік өзгерістер адамдар мен
құқық арсындағы байланыстарды реттей алмай отыр. Қылмыс шексіз
өсуде, қоғам және жеке адамардың меншігін ұрлау, тәртіп бұзушылық ,
адам өлтірушілік, және т.б. етек алуда. Қабылданған заңдар мен
қаулы, қарарлар көп жағдайда орындалмайды.Бұған себеп , қоғамымызда
қажетті деңгейде құқықтық сана мен жігердің жетіспеушілігінен болып
отырғаны анық.
Жүргізуші: Енді бүгін де біздің қоғамда
өзекті мәселе болып отырған СПИД , нашақорлық, жасөспірімдер
арасындағы бұзақылық , ұрлық, т.б. қылмыстар етек алып отыр.
Бұлардың өсуіне құқықтық тірбие мен санаың , жігердің жетпей
тұрғаны.Осы үш қылмыс төңірегінде баспасөз материалдарында
жарияланған деректер арқылы пікірімізді
білдірейік.
Оқушы: СПИД-ке қарсы күрес күні деп 1
желтоқсан белгіленген. Бұл әлемдік проблема қоғам үшін қауіпті ,
оған қарсы дәрі- дәрмек бүгінде жоқ, дәрменсіз болуда. Бұл дерт тек
1983-1984 жылдары белгілі болып анықталған. Қазақстан бойынша бұл
дертке шалдыққандардың саны 5500-ге жетті, 500 адам көз жұмды.
Бұған қарсы жақында барлық мектептерде 5 қараша мен 5 желтоқсан
аралығында айлық өткізілді. Дәрігерлермен кездесу өткізілді. СПИД
дертінің қатерлігі жайында қабырға газеттері шығарылды. Дүние
жүзілік денсаулық қорынан бұған қарсы күресу үшін қаржы бөлініп
отырады.
Оқушы: Біздің топтың тұжырымдамасы бойынша
бұл дерттің етек алуына әлеуметтік жағдайдың және құқықтық сана мен
жігердің төмен болуында дейміз. Жақында Оңтүстік Қазақстан
облысында болған СПИД кесірінің салдарынан бірнеше нәрестелер көз
жұмды, бұл оқиға кейбір мамандардың селқостығынан болып отырғандары
белгілі. Адам баласы көбіне өз кінәсінен тап
болады.
Оқушы: Біздің топтың шешімі , бұл кесел жайлы
мағлұматты жиі беріп отыру
керек.
1. СПИД деген не
?
2. Бұл неліктен
қорқынышты?
3. Оның қоздырғышы
не?
4. Жұғу жолдары
қандай?
5. Қандай жағдайда
жұқпайды?
6. Қандай белгілері
бар?
7. Қорғану
жолдары.
8. Сіздің ауру жұқтырған адамға көз қарасыңыз
қандай?
9. Телеарналар арқылы бұған қарсы күрес
жарнамаларының жиі берілуі керек
пе?
Және тағы басқа сұрақтар қою арқылы
құлақтандырып халық санасына жететін деңгейде насихатталып отырса
дейміз.
Оқушы: Жауаптарыңызға рахмет. СПИД пен
нашақорлық ағайынды кесел деп айта аламыз. Нашақорлыққа қарсы күрес
жүргізушілер тобына .Біздің еліміздегі халықтың әлеуметтік
жағдайының төмендігінен немесе құқықтық тәрбиенің , мәдениеттәі
жоқтығынан белең алып отырған қылмыс деп ойлайсыздар ма, осы
кеселді?
Оқушы: Біздің елімізде нашақорлыққа қарсы
күресті күшейту мақсатында ҚР әділет министрлігі жанынан нашақорлық
және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитет
құрылған.Нашақорлыққа экономиканың , әлеуметтік жағдайдың әсері жоқ
деп айта аламын.
Оқушы: Экономикалық даму деңгейі жоғары ,
халқының әлеуметтік қорғалу жүйесі ғажап, нағыз демократиялық ел
деп жүрген Швецияны есірткі емін еркін жайлап алған соң, 1960
жылдан 1991 жылға дейін мұнда қылмыс 3,5 есе өсті. 1990 жылдар
ортасында Швеция қылмыс деңгейінен Еуропа елдері ішінен алдыңғы
қатарға шықты. Шашақорлық жайында жариялық сипат алған Нидерланды
астанасында жүз мың адамға шаққандағы кісі өлтіру қылмысының
өршігені соншалық әлем бойынша алдыңғы орынға
шықты.
Экономикасы дамыған елдерде соңғы 30 жылда
есірткімен жүргізілген күрес нәтижесі мардымсыз болғанын
байқаймыз.Наркоқылмыс тежелудің орнына бұрынғыдан бетер өсіп
барады. ТМД елдердің өзінде тарала бастады. Қазақстан Европа мен
Азия арасындағы байланыс жолы болып кетпесін деген қауіп
бар.
Оқушы: КСРО кезіндегі «темәр перде» саясаты
қоғамды идеология жағынан ғана емес, есірткі заттардың елге еніп
кетуінен де қорғанғаны рас.Ал, қазір мұндай тосқауыл жоқтың қасы.
Осындай ахуалда құқық қорғау органдарының жұмысы айтарлықтай
күрделене түсетіні белгілі, дегенмен нашақорлық қылмыс көзден таса
қалып жатқан жоқ.
Мемлекетімізде нашақорлық , уытқұмарлық,
маскүнемдік дерттеріне қарсы бағыттылған саясат жүргізіліп
жатыр.
Оқушы: Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы
күрес стратегиясының басты міндеттерінің бірі әлеуметтік
иммунитетті қалыптастыру болып табылады. Елімізде белгілі бір
дәрежеде иммунитет бар деп айтуға болады. Мысалы, 30- дан жоғары
жастағылардың нашақорлықпен айналысатыны да сирек. Ал есесіне
мұндай иммунитет балаларда жоқ. Есірткі тұтынушылардың 77 пайызы
15-19 аралығында алған дәмін татқандар екен. Әсіресе, 13-14
жастағылар осынау жаман әдетке үйір болады. Астаналық бір мектепте
10-14 жасқа дейін оқушыларға зерттеу жүргізгенде , олардың
көпшілігінің ішімдікке және басқа есірткі заттарға аңсары ауып
тұрады екен, оған арақ және темекінің жарнамасы әсерін
тигізген.
Жүргізуші: Жауаптарыңызға рахмет! Қоғам
өміріндегі қылмысты жазалау жолымен жою мүмкін бе? Қылмыс жасағанды
жазалау мемлекеттік саясаттың бір парасы. Айыптың кінәсән жуып
қоғамға қайта қосылуы бұл да мемлекет алдындағы өзекті міндет.
Кәмелетке толмағанлдарды қоғамнан оқшаулап түзету мекемелерінде
ұстаған дұрыс па? Оған қалай
қарайсыздар
Оқушы: Кәмелетке толмағандардың психикасы әлі
қалыптаспаған. Сондықтан, колония моралінің ықпалына тез түседі.
Екінші жағдайда адамдар жазылмаған мінез-құлық нормалары
салт-дәстүрі мен моралі бар түзету колонияларының жағдайына
бірте-бірте бейімделіп кетеді. Адамның қоғамнан ұзақ уақытқа
оқшалануының оның психикалық ахуалымен әлеуметтік жағдайына кері
әсер етіп, түзелмейтін өзгерістермен адамның азып тозуына,
ызалануына әкеліп соғады. Егер түрме сотталушыны қоғамда өмір сүріп
үйретпесе, ол түрмеде өмір сүруді үйретеді. Бас бостандығынан айыру
жазасын қылмыскерді түзетудің тиімді құралы ретінде кеңінен
қолданудың қате екенін уақыттың өзі дәлелдеді. Мысалы, бідің еліміз
халықтың саны жағынан талай елден артта тұрмыз, ал бірақ
қылмыскерді жазалап түрмеге жабудан үшінші орында екенбіз. Біздің
елден озып тұрған ел АҚШ пен Ресей ғана. Бұл елдердің халқы әлде
қайда басым.
Оқушы: Біздің байтақ еліміз патшалы Ресейдің
отарына ілікпей тұрғанда түрме дегенді бәлмей-ақ өз араларындағы
бұзақы, сотқарларды жөнге салып, ру, ел арасындағы тыныштықты
сақтап отырған. Осығын қарап, кезінде біздің ұлтымызда құқықтық
тәрбие мен жігер басым болған деп айта
аламыз.
Жүргізуші: Жауаптарыңызға рахмет. Сіздер осы
бұзақылық ұрлыұ және т.б. қылмыстарды жою үшін, болмаса азайту үшін
қандай ұсыныстар айтасыз. Өз ұсыныстарыңызды жариялап көрермендер
алдындағы қалтаға салуларыңызды
сұраймын.
1. қоғамдық, құқықтық сананы кішейту
қажет.
2. мемлекеттік, ұлттық идиологияны күшейту
қажет.
3. барлық азаматтарды жұмыспен қамтамасыз
етіп, орташа табыс табатындай жағдай туғызу
керек.
4. әрбір Қазақстандық азаматтың бойында
патриотизм мен отанға деген шынайы берілген сүйіспеншілікті
қалыптастыру керек.
5. қылмыс жасаған адамдарға жаза ретінде көп
мөлшерде айып төлету
қажет.
6. айып салудан түскен қаржыға құқықтық
насихат жүргізу
керек.
Қорытынды:
Құқықтық тәрбие мен құқықтық жігерлі сана
алдымен отбасынан басталады. Бүгінгі қоғамды дамыту үшін
әрқайсысымыз құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойымызда құқықтық
сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін өмір көрсетіп отыр. Аталған
қылмыс түрлерін болдырмау, оның алдын алу үшін құқықтық насихатты
күшейтіп, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіру
қажет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген