400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұсақ моторика арқылы балалардың тілін дамыту.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұсақ моторика арқылы балалардың тілін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Көкшетау қаласы білім бөлімінің жанындағы №16 «Бөбек» бала бақшасы» МКҚК













«Ұсақ моторика арқылы балалардың тілін дамыту»

(жинак)





№16 «Бөбек» балабақшасының тәрбиешісі:

Муканова Арайлым Дюсенбаевна















Көкшетау қаласы

2020 ж





Мазмұны:

Кіріспе ................................................................................................... 3 бет

Өзектілігі.................................................................................................4 бет

Мақсаты мен міңдеттері.........................................................................5 бет

Мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ саусақ

ерекшеліктері.........................................................................................8 бет


Баланың қол моторикасын дамытуға арналған ойындар.....................11 бет


Сенсорлық-дидактикалық белдемше......................................................21 бет


Қорытынды...............................................................................................24 бет


Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................25 бет


























Кіріспе


Қазіргі кезде «ұсақ моторика» деген тіркесті жиі естиміз. Сол ұсақ моторика дегеніміз не? Физиологиялық тұрғыдан айтқанда ол қолдың ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысы. Сонымен қатар «қол мен көздің» тепе-теңдігін де ұмытпауымыз керек, себебі қолдың ұсақ қозғалысы көздің бақылауымен жүзеге асады. Бала қозғалысы қоршаған ортадағы заттарды танып-білу барысында қалыптасады. Ересек адам нақты бір әрекет жасағанда біздің білегіміз әртүрлі бағытта қозғалу арқылы, қол қимылын жеңілдетеді. Ал балаға білегін айналдыру әлі де қиынға соғады. Сондықтан қозғалыс жасау кезінде оның қолының иықтан төмен барлық жері қозғалады. Яғни қарапайым қозғалыстың өзі баланың көп энергиясын кетіреді.
Неліктен баланың ұсақ моторикасын дамытуымыз керек?
Адам миының сөйлеуге және қолдың ұсақ қозғалысына жауап беретін аумағы өте жақын орналасқан. Яғни ұсақ моторикаға стимул жасау арқылы біз сөйлеу әрекетінің белсенділігін арттырамыз. Ұсақ моторика баланың өсе келе киініп шешінуіне, сурет салуына, жазуына көмектеседі.



























Өзектілігі:

Саусақ ойындары арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс- қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді. В.А.Сухомлинский «балалардың қабілеттері мен дарындылығының бұлағы – олардың саусақ ұшында. Неғұрлым бала қолының қозғалысында ширақтылық болса, соғұрлым қолының еңбек қаруымен өзара іс-қимылы жіңішкерек болады, бала ақыл-ойының шығармашылық сұрапылдығы көрнекті болады. Ал бала қолында шеберлік көбірек болса, бала ақылды болады...» деп жазған. Орталық жүйке жүйесінде ақпаратты өндеу кезінде талдау мен синтезі ұшталған моторлық қызметінің саналы таңдауды қамтамасыз етеді. Бала моторлық қызметінің жақсарған кезінде өзін кез келген жағдайда, кез келген ортада жайлы сезінетінін түсінеді. Л.В. Занков, А.Р. Лурия, М.С. Певзнер, Г.Е. Сухарева және басқа мамандар ұсақ моторикасын дамытудағы ақаулары ақыл-ой мешеулікке тән белгілері деп санайды. Осы мамандар мектеп жасындағы ақыл-ойы кем балаларда қол саусақтарының қозғалысы арбиған, келісімді емес, олардың нақтылығы мен қарқыны бұзылған деп атап көрсетеді. Л.В. Антакова-Фомина, М.М. Кольцова, Б.И. Пинскийлердің өткізілген зерттеулерінің мәліметтері бойынша ақыл-ой дамуы мен саусақтар моторикасының байланысы расталды. Балалардың сөйлеуін дамыту деңгейі қолының жіңішке қозғалысын қалыптасу дәрежесімен тікелей байланысты.
















Балабақшадағы бүлдіршіндердің ұсақ қол моторикасын дамытуға қойылатын мақсаттар:

Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық – саусақ ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды көптеген бейнелерді бейнелей алады. Баланың сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру тәрбие жұмысын жүйелі жүргізудің негізгі мақсаты болып табылады.

Кемеңгер ғалым, педагогиканың атасы В.А.Сухомлинский «Бала қабілетінің қайнар көзі- оның саусақтарының ұшында» деген екен, яғни бұл қағиданы біз мектепке дейінгі тәрбиелеуде, саусақтардың ұсақ моторикасы әдісін қолдана отырып, баланың сөйлеуге деген талпынысы мен қабілетін дамытуға мүмкіндік береміз.

Балабақшадағы бүлдіршіндердің ұсақ қол моторикасын дамытуға қойылатын міңдеттер:

Мектепке дейінгі баланың психикасының қалыптасуы аса құнды және ерекше маңызды кезең ретінде қарастырылады. Осы кезеңде баланың ақыл-ой мен қызметінің мәдени формаларымен қоршаған ортаны тануда адамға тән әдіс тәсілдерімен меңгереді; оның ойлаумен қатар жалпы және ұсақ моторикасы қарқынды дамиды. Сенсомоторикалық даму бала дамуының жетекші факторының бірі болып табылады. Мектепке дейінгі балалардың ұсақ моторикасын дамыту мәселесі тым өзекті, өйткені іс – әрекет жасау кезіндегі дәлдігі мен қозғалыс және икемділікті үйлестіруді жетілдіру, қол саусақтарының ұсақ моторикасын түзету. Қолдың саусақтары мен білезігінің ұсақ моторикасын дамыту мен жетілдіру, орталық жүйке жүйесін, барлық психологиялық процестерін, сөйлеуді дамытудың басты ынталандыру болып табылады. Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын бала туылған кезден бастау керек. Кішкентай сәбидің қолына массаж жасау арқылы біз алақандағы ми қыртыстарының жұмысын жақсартатын аймақтарды басамыз.

Ұсақ моторика дамуының бала жасына байланысты ерекшеліктері:
3-6 айда – Бала қолын аузына апарады. Қолдың қимылын көзбен қадағалайды. Көрген затына қолын созады және алады.

6-12 айда – Бір қолындағы затты екінші қолына ауыстыра алады. Қасықты ыдысқа, текшелерді қорапқа сала алады.

1-2 жаста – Шимайлар мен сызықтар сала алады. Ыдысты қолына алып, көтеріп іше алады. Төртбұрышты төртбұрышқа, домалақты домалақ тесікке сала алады. Кітаптарды парақтай алады. 5-6 текшені бірінің үстіне бірін қоя алады.

2-3 жаста – Үлгіге қарап қарапайым пішіндер сала алады. Қайшымен қиюды біледі. Қақпақтарды аша алады. Ірі моншақтар тізе алады.

3-4 жаста – Қаламды дұрыс ұстай алады. Нүктеленген суреттерді бастыра алады. Өзіне домалап бара жатырған допты ұстай алады. Қағазды бүктей алады.

4-5 жаста – Қарапайым пішіндерді бояй алады. Негізгі әріптердің баспа түрін жаза алады. Адамның негізгі мүшелері бар суретін сала алады. Қалтаның ішіндегі заттарды сипап сезу арқылы не екенін айта алады. Ермексазбен жұмыс жасай алады. Бау байлай алады.

5-6 жаста – Суреттерді жиектеп ұқыпты қия алады. Әріптер мен сандарды жаза алады. Балғамен шегені ұра алады. Геометриялық пішіндердің суретін сала алады.

Бала жоғарыда айтылған әрекеттерді жасай алмаса не істеу керек?
Балалардың ұсақ моторикасын дамытуда тақпақпен бірге жасалатын саусақ жаттығуларының орны ерекше. Данышпан қазақ халқымызда бұған да ерекше назар аударған. Мысалы, «Қуырмаш», «Санамақ» т.б. ойындарды ойнатудың баланың ұсақ моторикасын, көру-қозғалыс тепе-теңдігін сақтауда, зейін қою, есте сақтау, санау қабілеттерін дамытуда маңызы зор.

Соңғы жылдары біздің әлемде балалардың тіл дамуы төмендеді. Қазіргі кезде сөз қоры актуалдық проблема. Зерттеудің нәтижесінде балалардың тіл дамуы саусақтың қозғалуына байланысты деген тұжырым жасалды. Сонымен қатар саусақтың қозғалуы, баланың жасына сай болу керек. Ғылыми тұрғыда, балалардың тіл дамуы жіңішке қол арқылы дамиды.

Жалпы моториканың және саусақтың қозғалуы жетіспеуі тілдік функциясына байланысты. Жазуға бейімделмеген, жалпы моториканың және саусақтың қозғалуы жетіспеуі мектептің төменгі сыныптарынан бастап, оқуға деген негативтік әсерін тигізуі мүмкін. Қолдың ұсақ моторикасы баланың дамуына, оқуына өте маңызды. Мектепке дейінгі ұйымда жазу емес, жазуға дайындықтың маңызы зор.
Қол моторикасын арттыруға арналған ойындар мен жаттығулар баланың тілінің дамуына да әсерін тигізеді. Бала саусақтарымен әр түрлі жаттығулар орындап, үлкен жетістіктерге жетеді және баланы сурет салуға үйретеді, ары қарай жазуға да көмектеседі. Егер баланың саусақтары шапшаң жұмыс жасап, иілгіш болса жазуы да әдемі болады. Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйымдастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады. Тіпті баланың сөйлеу тілі қалыпты болған жағдайда бұл қолын басқаруы қалыпты деген сөз емес.
Егер 4 – 5 жастағы балада бау байлау қиындық келтірсе, ал, ермексаздан тек шар мен ұзынша жабыстырылса және 6 жаста тиек тігу – орындалмас және қауіпті іс болса, онда сіздің балаңыз кінәлі емес.
Өкінішке орай көп ата-ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму деңгейінің төмендігін тек мектепке барарда ғана байқайды. Бұл балаға өте ауыр жүк. Жаңа хабарларды қабылдаумен қатар, икемге келмейтін саусақтарымен қарындашпен жазып үйренуі керек.
Егер сіз бірінші сынып оқушысында жазуда қиындық болмасын десеңіз немесе 3 жастағы бала тілінің дамуында ақау болмасын десеңіз, дамыту ойын – жаттығуларын бала туылған соң екі айдан кейін бастаңыз. Ұсақ моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді. Омыраудағы баланың саусақтарын уқалауға болады, жас жарымдағы баламен саусақ ойындарын бастауға болады.
Пассивті жаттығу – ұсақ моториканы дамытудың алғашқы сатысы. Саусақ жаттығуларын ең төменгі деңгейден бастаған дұрыс.
Содан кейін ғана активті саусақ жаттығуларына көшу ұсынылады. Оның деңгейі баланың ұсақ моторикасының даму деңгейіне қарай таңдалады. Қол саусақтарына арналған пассивті жаттығулар жасау кезінде балаға қолайсыз жағдай туғызбауын және тітіркендірмеуін қадағалаған жөн. Жаттығуларды мақсатты пайдалануылуы мынадай әдістерді ұсынады: сипау, жаймен уқалау және діріл. Массажды әрекеттер саусақ ұшынан басталып төменгі буынға қарай жалғасады. Массаж жасау кезінде жай лирикалық әуен қоюға да болады.









Мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ саусақ моторикасының даму ерекшеліктері: Бүгінгі күні мемлекетіміз дамуында ауытқуы бар мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша қамқорлық көрсетуде. Бұл қамқорлықтың бәрі Елбасының халыққа жолдауында, ҚР Білім туралы заңында, «Кемтар балаларды әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» т.б. заңдарында айтылып, дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесі, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және кәсіби даярлығын шешуде, коррекциялық - білім берудің дамытушы сипаты айқындалып, бала мүгедектігінің алдын-алуға бағытталған көптеген көкейкесті мәселелер алға қойылды. Мұндай мәселеге төтеп беретін оқу - тәрбие жүйесінің басты орны – балабақша.

Демек, Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандартын басшылыққа ала отырып, «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» атты білім беру салаларына байланысты мектепке дейінгі баланың жас ерекшелігіне сай оқу іс-әрекетін шығармашылық, ізденіс негізінде жүзеге асыруда.

Соңғы кездері біз «ұсақ саусақ моторикасы» ұғымын жиі естиміз. Физиологтар ұсақ саусақ моторикасы деп, саусақ, қол және қолдың білезік бөліктерінің ұсақ бұлшықеттерін меңзейді. Осы бұлшықеттерді дамыту және шыңдау, адамның орталық жүйке жүйесінің, барлық психикалық үрдістерінің, сөйлеуінің дамуына басты ықпал етеді.

Қазіргі педагогиканың өзекті мәселесінің бірі мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылықтарын дамыту. Әрине, баршамызға белгілі, адам миының қозғалыс проекциясының барлық бөлігінің үштен біріндей, қол проекциясы алып жатыр. Осыдан келер қорытындымыз, танымдық функциялардың, ақпаратты қабылдаудың дамуына ұсақ саусақ моторикасының әсері зор.

Л.В. Занков, А.Р. Лурия, М.С. Певзнер, Г.Е. Сухарева және басқа да ғалымдар, ұсақ саусақ моторикасының бұзылуы, дамуында тежелуі бар балаларға тән белгілердің бірі деген болатын. Аталған ғалымдар, дамуында тежелуі бар балалардың саусақ қозғалысы ебедейсіз, бағдарлауы нашар, дәлдік пен жылдамдығының бұзылғандығын атап өткен.

Л.В. Анткова-Фомина, М.М. Кольцова, Б.И. Пинскилердің зерттеу нәтижесінде интеллектуалдық дамуы мен моторика дамуының байланысы дәлелденеді.

Тарихта адамзаттың дамуының өзі, қолдың қозғалысы мен тілдің (сөйлеудің) тығыз байланысын дәлелдейді. Алғашқы кезде адамдардың қарым-қатынас құралы ым-ишара болған. Мұнда қолдың ролі ерекше орын алған. Қорғану, көрсету, нақтылау және басқа қозғалыстар негізінде адамдар бір-бірін түсінген, қатынасқан.

Сонымен қатар, ертеден-ақ дана халқымыз баланың қол, саусақ қозғалысына ерекше мән берген. Қыздарын ісмерлікке баулыса, ұлдарын ұсталық, зергерлікке баулиды, ертедегі санамақтармыз, мазақтамаларымыз, саусақ ойындарымыз да оған куә. Ал нәрестелерді кішкентайынан сылап-сипап, буын-буындарын қозғалтып, бесікке бөлеген болатын.

Мидың қыртысы қаншалықты дамыса, соншалықты тіл де дамиды, және ақыл-ойы да соншалықты. Бұл концепция ғалымдардың қазіргі теориялар негізінде жатыр. Адам миының қыртысының тіл бөлігі қозғалыс бөлігімен көршілес орналасқан. Былайша айтқанда, оның бөлігі болып табылады. Алдыңғы мидың орталық иірімі − қозғалыс проекциясының бөлігі. Одан келетін бұйрықтар әр түрлі қозғалыстарға жауапты. Қолдың білезік бөлігі қозғалыс проекциясының үштен бір бөлігін алып жатыр, ал ол тіл, сөйлеу бөлігіне өте жақын орналасқан. Дәл осы қолдың білезік бөлігінің көлемі мен тіл, сөйлеу бөлігіне жақын орналасуы, ғалымдарды, ұсақ саусақ моторикасын жаттықтыру баланың тілінің дамуына зор ықпал ететініне алып келген. Электрофизиологиялық зерттеулер, тіл дамына жауапты бөлік саусақтардан тарайтын импульстердің әсерімен қалыптасады деп көрсетеді.



Төмендегі кестеде ұсақ саусақ моторикасын қандай іс-әрекеттер арқылы дамытуға болатыны көрсетілген.


Көріп тұрғанымыздай, қолдың қызметі мен тілдің дамуы қатар жүреді. Міндетті түрде, бұл балалармен жұмыста қолданылуы қажет. Ұсақ саусақ моторикасын шыңдау – тілді шыңдау. Ал тілді шыңдау ол ақыл-ойды да шыңдау деген сөз.

Ұсақ саусақ моторикасының балалардың жас кезеңдеріне байланысты дамуына келсек:

−   Туғаннан екі жасқа дейін. Жармасу - бала заттарды ұстауға үйренеді, мақсатты түрде қимылдайды.

−   Екіден төрт жасқа дейін. Дағдылар дами түседі, саусақтар белсенді қимылдайды. Қимылдарын басқара алады, жазықтықта бағдарлауы артады.

−   Төрттен сегіз жасқа дейін. Меңгерген ұсақ саусақ моторикасының дағдыларын қолдануды үйренеді, қол, қолдың білезік бөлігі, саусақ қимылдары бағдарлы.

Өйткені, мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ саусақ моторикасын дамыту − бастаулардың бастауы.

Ұсақ саусақ моторикасын дамытуды баланың нәрестелік шағында-ақ бастаған жөн. Нәрестенің қолына саусақ жаттығуы – саусаққа арналған массаж жасаған тиімді. Сол арқылы ми қыртысымен байланысты биологиялық нүктелерге әсер етеміз.

«Бала қабілеті мен дарындылығы – саусақ ұштарынан бастау алады. Саусақтардан басталатын нәзік салалар − шығармашылық ойларды нәрлендіретін қайнар көз» В.А. Сухомлинский десе, «Қол – құралдардың құралы» Аристотель, ал «Қол адамның сыртқы миы іспеттес» И. Кант. Жоғарыдағы ғалымдардың айтқан сөздері осыған дәлел болмақ.

Ұсақ саусақ моторикасын дамытудың маңызды бөлігі − саусақ жаттығулары. Саусақ жаттығулары эмоционалды, балабақшада және үйде, кез-келген бос уақытта өткізуге болады. Олар қызықты, баланың тілінің, шығармашылық қабілетінің дамуына әсер етеді. Балалар саусақ жаттығуларын үлкендердің артынан қайталағанда, саусақ моторикасын дамытады. Сол арқылы қол шапшандығы дамиды, өз қимылдарын басқаруы, белгілі іс-әрекетке зейіні тұрақтанады.

Тіл дамыту жұмысы қол арқылы жүру тиіс. Сонда ғана – неғұрлым үлкен жаттығу болады. Балаға тапсырмалар қызықты болу керек.
Баланың қол еңбегін арттыру үшін не істеу керек:
— қолмен ермексазды жұмсарту;
— алақандарымызды жұмып ойын ойнау (таңертең тұрдық – ашылу, кешке ұйықтадық — жабылдық);
— екі қолдың саусақтарымен «Жүру» үстелмен, алдымен ақырын, біресе ұрланып, содан кейін тез жүгіріп келуі. Жаттығу алдымен оң қолмен, содан кейін сол қолмен жасалады;
— ауада саусақпен сурет салу;
— қолдың басымен қолшам жасау;
— түймелерді тағып- ағыту, бауды байлау, құлыпты ашып – жабу т.б.;
— қақпақтарды жабу, механикалық ойыншықтарды кілтпен жүргізу;
— бұрандалар мен сомындарды бұрау;
— конструктор ойыны;
— құммен сурет салу;
— түрлі-түсті борлармен тұзды, шекерді, ұнтақ жарманы бояу;
— «Бассейн» ойынын ойнату т.б.
Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғауларының дамуы, қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету-тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады.

Саусақ жаттығуы мен ұсақ моториканы жүйелі жүргізудің жолын қарастырдым. Өз тәжірибемде түрлі дақылдармен сурет салу, түймелерді тізу, мозайкаларды жинау, асық ойнау, саусақпен сурет салу, ермексаз, балшықтан түрлі бұйымдар жасау, түйме қадау, моншақ тізу әдістерін қолдандым. Саусаққа киетін қуыршақтармен, саусақтың көлеңкесімен ойнау ойындарын жүйелі жүргізіп отырдым.

Баланың қол моторикасын дамытуға арналған ойындар

Қарақұмықтан сурет
Картон бетіне бала сурет салады, мысалы адам суреті. Одан кейін желімді қарындашпен бояған жерін желімдейді де үрме бұршақты жабыстырады. Үрме бұршақ сияқты кішкентай затпен жұмыс жасау қолдың білегі мен бұлшық етін дамытады
.

Конструктор және ермексаз
Конструктормен және ермексазбен жұмыс істеу ұсақ моториканы дамытады деген барлығына мәлім.


Балалар үшін ең қызықтысы ермексазбен жұмыс болды, мұнда бала ермексазды саусақпен бөліп алып, домалатады, ермексазды қалауынша қалыпқа келтіреді және кез-келген уақытта ермексазды бүлдіріп алам деп, қорықпастан жұмысына өзгеріс енгізеді, ол өз ісіне деген сенімділік тудырады. Бұл жерде психологпен бірлескен жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде психологтың бақылауы бойынша, ұсақ саусақ моторикасы агрессияны басады және баланың шығармашылық қабілетін дамытып, қолдың бұлшықеттерін бекітеді деген түйін жасады.

Сондай-ақ саусақтардық ұсақ моторикасын жыл мезгіліне қарай, бейнелеудің дәстүрлі емес техникалары арқылы сурет салу өте пайдалы, әрі қызықты екенін айта кеткен жөн. Мысалға алғанда қарда, құмда, асфальтта сурет салуға болады. Жазғы сауықтыру шаралары кезінде балабақша ауласында асфальтта сурет салу баланың шығармашылығын шыңдап, тілдік қорын дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Келесі әдістердің бірі өлең-тақпақ , ол саусақ жаттығуларымен ырғаққа ілесіп қимылдауына және баланың сөйлеу ырғағының қалыптасуына көмектеседі. Бұл әдіспен баланы ерте жастан бастап шынықтырған жөн. Саусақ ойындары сөйлеу лексикасының, сөздердің өзара байланысының (диалогты дұрыс жүргізуге, түсінік айтуға,т.б.) шыңдалуына себепші. Балалар әдебиетінен өлең,

тақпақтар қолдансақ «Қуыр, қуыр, қуырмаш», «Саусақ атаулары» өлеңдері балалардың қызығушылықтарын арттырады.


Жалпы алғанда саусақтардың ұсақ моторикасын қолдана отырып баланы ауызекі сөйлейтін сөзге үйретіп, еркін де жүйелі сөйлеуге мүмкіндігін ашуға, тілін дамытуға бірден –бір жол деп білемін.

«Ұсақ моторика арқылы балалардың тілін дамыту» тақырыбымен өзі білімімді жетілдіруді назарға ала отырып, түзету-тәрбие жұмысын жүйелі жүргізіп, сабақтарым мен сабақтан тыс іс-шараларға белсенді ұйымдастыруды мақсат еттім.

Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғауларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету-тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Баланың тілі негізінен мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Бұл кезеңде ағзаның барлық бөліктері және жүйелері қарқынды дамып, баланың дене және ой дамуына қажетті қозғалыстағы таным іскерлігі қалыптасады. Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады.

   Қол саусақтар жаттығулары есте сақтау және назар аудару қабілетін дамытатындығын психологтар айтып кеткен. Тақпақты саусақтар жаттығулары ырғаққа ілесіп қимылдауына және баланың сөйлеу ырғағының қалыптасуына көмектеседі. Сондықтан баланы ерте жастан бастап шынықтырған жөн. Саусақ ойындары сөйлеу лексикасының, сөздердің өзара байланысының (диалогты дұрыс жүргізуге, түсінік айтуға,т.б.) шыңдалуына себепші.



   Балалардың сөйлеу құзыреттілігі дұрыс және сөздік қоры бай болса, оларға өз ойын жеткізу оңайға түседі, қоршаған ортаны танудағы мүмкіндіктері кеңейеді, психологиялық дамуында белсеніс күшейеді. Сондықтан баланың сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыруды уақытылы қолға ала отырып, анық әрі дұрыс сөйлеуін қадағалау керек. Балалардың сөйлеу құзыреттілігінің дұрыс өз деңгейінде жетілуі, оның ата-аналарын да, тәрбиешілерін де толғандыру қажет.  

 Балалардың сөйлеу құзыреттілігі жоғары деңгейде қалыптасуы ұсақ моторика тәсілдері мен құрылымына байланысты.

Қазым

Қазым, қазым қаңқылда,

Көлде жүзіп салқында.

Жем шашайын жейсің бе?

Кәмпит берші дейсің бе?

Жоқ, жоқ, жоқ

Кәмпит тәтті болмайды ас, арпаменен бидай шаш.

Ешкі

Күнде тәртіп бұзыпты, Балаларды сүзіпті. Жемістерді үзіпті,

Мүйізіне тізіпті, міне, осындай алыпты, Атам көріп қалыпты, мазаны ала бердіңдеп, - мүйізін қағып алыпты.

«Кім келді?»

Қане, қане кім келді?Біз, біз, біз! Апа, апа, бұл сізбе? Иә, иә, иә!

Ағатайым, бұл сізбе? Иә, иә, иә. Біздер тату жанұя, Иә, иә, иә!

«Үкі»

Орманда қараңғы, бәрі – бәрі ұйқыда. Үкі ғана ұйықтамапты, Ммаңғазданып отыр қатты. Әрі – бері отырды да, қараңғыға қанат қақты.


«Шаян мен мысық»

Тасасында көпірдің, кәрі шаян тұрыпты. Көпірден өткен мысықтың, құйрығынан жұлыпты. «Құтқарыңдар, мяу-мяу-мяу!

Босатыңдар шаяннан!», кәне, кім бар, келіңдер! Мысыққа көмек беріңдер!

«Салат» саусақ ойыны

Сәбізді алып тазалаймыз ( оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды). Үккішпен үгіп майдалаймыз ( екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды). Қанттан сеуіп дәмдейміз ( саусақтардың ұшымен қант себеді). Міне дайын нәр тағам ( екі қолын алдына жайып көрсетеді). Дәруменге байыған ( алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді).

«Қолтырауын»

Қолтырауын қонақ күтуде, тістері тура шегедей. Бұл жерден қой өтпедіме?

Деп сұрадым ойын білмекке, ал ол болса тымпиып жатыр. Көзін қысып қылқиып жатыр.

«Кірпі» жаттығуы

Момақанмын алайда (үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады)

Тікенім көп абайла, (екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің тікенектері жасайды).

Кіріп кетсе қолыңа,

Өкпелеме жарайма!



«Достық» жаттығуы

Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос ( қолдың саусақтары өзара бірігеді)

Кішкентай саусақтар біз сенімен достасамыз ( екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізу)

Бір, екі, үш, төрт, бес (шынашақтан бастап, саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізу)

Қайтадан санауды бастаймыз.

Бір, екі, үш, төрт, бес

Енді санауды аяқтадық ( қолды төмен түсіреміз, демалтамыз).

Разминка:

Санайық жаңаша

Бір, екі, үш!

Желбіре жалауша,

Достықта біздің күш.

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Оларды атап шақырар,

Әрқайсысының аты бар.

Бас бармақ,

Балаң үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкене бөбек.

«Қимылды қайтала» жаттығуы

Мақсаты : қолдың, саусақтың қимылдарының үйлесімділігін дамыту.

Жаттығу барысы :

Жүргізуші балаларға қарама-қарсы отырып, саусақтарымен кез-келген «фигураны» көрсетеді. ( кейбір саусақтар бүгулі, ал кейбіреуі түзу, әртүрлі қимылдар). Балалар сол қимылды тура солай қайталау керек.


Қолдың саусақтарын дамытуға арналған жаттығу.

Мақсаты : қол саусақтарының күрделі үйлесімді қимылдарын дамыту.

А) Алақанды үстелдің үстіне қоямыз. Балалар бірінші оң, содан кейін сол қолдың саусақтарын бір-бірден көтереді. Осы жаттығуды кері жасап, қайталайды.

Б) Алақандар үстелдің үстінде, балалар кезекпен екі қолдың саусақтарын шынашақтан бастап көтереді.

В) Балалар сұқ және ортаңғы саусақтарымен қаламды немесе қарындашты ұстайды. Осы саусақтарын бүгіп, қайтадан қалпына келтіреді., бұл жерде қаламды үлкен саусақтан төмен түсіп кетпеуін қадағалау керек.

Г) Үстелдің үстінде 10-15 қарындаш немесе есептік таяқшалар жатыр. Оларды бір-бірден алып қолға жинау керек. Содан кейін тура солай қайтадан үстелге қою керек. Екінші қолмен көмектесуге болмайды.

«Фигураларды құрастыр» жаттығуы.

Мақсаты : қол қимылдарының икемділігін, дәлдігін, көз мөлшерін дамыту.

Жаттығу барысы: жүргізуші балаларға есептік таяқшаларды таратып береді. Балалар солардан геометриялық фигураларды жасап шығару керек.

Төмендегідей тапсырмалар беріледі:

  1. Төрт таяқшадан шаршы құрастыру;

  2. Үш таяқшадан үшбұрыш құрастыру;

  3. Үй құрастыру;

  4. Жалауша құрастыру;

  5. Жұлдызша құрастыру;


«Санамақ» ойыны.
Мақсаты : кіші моториканы және сөйлеу ырғағын дамыту.

Бір, екі, үш, төрт, бес,

Анаммен сурет саламын , ( алақанды жұмып ашады)

Міне басы, міне іші ( қолды шеңбер жасап айналдырады)

Аяқтары, қолдары, көздері ( қолымен кішкентай және үлкен шеңбер салу)

Аузы, сақинадан жасалған ( ауада сақинаны салу)

Әдемі шашы да бар ( қолдарын екі жаққа ашады)


Оң қолымда бес саусақ (оң қолының саусақтарын көрсету)

Сол қолымда бес саусақ (сол қолдың саусақтарын көрсету)

Бәрін қоссақ – он саусақ (екі қолының саусақтарын қосу)

Оң аяқпен секіремін (екі аяқпен кезек секіру)

Сол аяқпен секіремін (орында жүру)


Саусақ жаттығулары

  1. Шынжыр. Оң және сол қолдағы басбармақпен баланүйрек саусақтары түйісіп, жүзіктер секілді айқасып, шынжыр жасайды.

  2. Піл : оң қол алақаны жайылып тұрады. Сол қол саусақтары бас бармақ пен кішкене бөбек артқы аяғы болса, баланүйрек саусақ пен шылдыр шүмек саусақ алдыңғы аяқтар, ал ортаңғы саусақ пілдің тұмсығы.

  3. Доп: алақандар бір-бірімен жабысады. ( доп пішінін жасайды).

  4. Гүл : қолдар, саусақтар жоғары қарайды. Алақандар айшанақпен қосыла түптері өзара жанасады. Саусақтар ашылады. Осы жаттығуларды орындай отырып, мына өлең жолдарын айтады.

Саусақтар шынжыр болады,

Үзілмейді тартсаң да,

Ал, піл келіп шынжырды,

Үзіп кетті басқанда.

Тұмсығымен доп іздеп,

Ойнағысы келіп тұр.

Достық үшін пілге мен,

Гүл сыйлағым келіп тұр.



Саусақтар жүреді :

Екі саусақпен 5-ке дейінгі тура және кері санап, алға-артқа жүру.

Қолдар үстелде жатты,

Ұйқысы өте қатты.

Ал біріншісі оянды,

Керілуді ойға алды.


(Алақан үстелде жабысып жатыр, ал саусақтар көтеріліп тұр)

Оң қол тұрып қайта жатты,

Демалғысы келді.

Сол қолымыз оянды

Тәтті керілуді ойға алды.


(Екінші алақаны үстелде жатыр, ал саусақтары көтеріледі).

Енді екеуі оянды

Қатты-қатты керілді.


(Екі қолдың саусақтары көтерілді)

Көтереміз басбармақ

Соғамыз: тақ-тақ.

(Екі қолдың саусақтарын кезекпен көтеріп бір-бірлеп тақылдату)


«Тық-тық» дыбыс шықты

Басбармақ тақылдады.

Артынан саусақтарының

Барлығы мақұлдады.

Біз мысықпыз – мысықпыз,

Бізге жақындамаңыз

Тырнауға біз дайынбыз,

Бала емеспіз – мысықпыз!

(Екі қолдың саусақтары бірге, ал кейін әр қол кезекпен үстел үстін тырнайды)


Үстелімізге піл шықты

Тақылдаған үн шықты

(Алақан саусақтарымен үстел үстін тақылдату)


Аттар да келді жүгіріп

Тұяқпенен жерді ұрып.

(Саусақтардың ұшымен үстелдің үстін жеңіл тақылдату)


Сергектікпен, жеңілдікпен

Өрмекшілер келді бізге.

(Үстелдің үстін саусақтармен кезек-кезек баяу тақылдату)


Бақаларда секірді,

Батпаққа Кетті қашып батпаққа.

(Қолдың қоспасын көтермей, саусақтарды қысып, үстелді қағу).


Асықпай жердің бетімен

Кетті жылан еңбектеумен

(Үстелдің үстіне саусақтарды алмай, қолдын қоспасын дірілдету)


Күн шықты –

Құрттар қашты.

Күн батты –

Құрттыр шықты

(Саусақтары ақырын жұдырыққа жиналады, кейін ақырындап жазылады)


Бір күні қарбыз алдық,

Дәміне таңғалдық.

(Саусақ ұштарын біріктіріп дөңгелек жасау).


Қауынды да алдық,

Тең жартысын жардық

Тілік-тілік жасап

Ауызымызға салдық

(Саусақ ұштарын біріктіріп сопақша жасау).


Көңілді болды жолда

Екі аяқ жүгірер жолда

(Үстел үстінде саусақтар жұп-жұбымен «жүгіреді»)


Тәжірибемнің бастапқы кезеңінде баланың ұсақ қол моторикасы қалай дамып жатқандығын, жеке интеллектуалды қабілетін байқауға арнадым. Қасықты, қарындашты ұстау алмайтын, түймесін түймелей алмайтын және бәтеңке бауын байлай алмайтын балалардың қолының кіші моторикасы нашар дамыған болып есептелетінін байқадым. Олармен шашылған конструкторларды жинау, пазлмен жұмыс жасау, есептегіш таяқша және мозаикамен ойнау өте қиын. Олар басқа балалармен ойнаудан бас тартады, осы қызметтегі жұмыс жасағанда үлгермейді.

Бақшада қолданып жүрген сенсорлық-дидактикалық белдемшеге тоқталып кетейін.

Өзектілігі:

Бала бақшада жүрген балаларға әлеуметтік дайындықтың әр түрлі дәрежесі баланың жеке тұлғасының даму деңгейінің біркелкі емес, әлеуметтік ортаның ерекшеліктерімен, отбасылық тәрбие жағдайларымен және басқа да факторлармен байланысты. Осы айырмашылықтардың салдарынан балалар балабақшаға түсу кезінде бастапқыда бірдей емес бастапқы мүмкіндіктері бар, бұл оларға балабақша жағдайына тең дәрежеде бейімделуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан бейімделу кезеңі кез келген мәселені жоюға мүмкіндік береді. Осыған байланысты "бейімделу – дидактикалық юбка" әдістемелік құралын пайдалану баланың мектепке дейінгі ұйым жағдайына сәтті бейімделуі үшін жағдай жасауға байланысты өте өзекті болып табылады.

Міңдеттер:

1.Педагогтың баламен жылы және сенімді қарым-қатынасын құру.

2.Эмоционалды-ерік саласының дамуы.

3.Балалардың психикалық процесстерінің дамуы (қабылдау, зейін, есте сақтау).

4.Шығармашылық қабілеттерін, қиялын, сөйлеуін дамыту.

5.Танымдық және зерттеу белсенділігін дамыту.

6.Ұсақ моториканы дамыту.

7. Коммуникативтік қабілеттерін дамыту.


Мақсаты:

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін ұйымдастыруға қойылатын заманауи талаптарды іске асыру, балалардың мектепке дейінгі мекемеге сәтті бейімделуіне, танымдық - зерттеу саласын, бағдарлы қызметті жандандыруға және жетілдіруге ықпал ететін жағдайлар жасау.

Күтілетін нәтиже:



1.Қабылдаудың барлық түрлерін қоса алғанда, оқу құралдарымен танысу және іс-әрекет кезінде балалардың тікелей сезімтал тәжірибесін кеңейту.

2.Баланың танымдық, зерттеушілік белсенділігі, эмоционалды-ерік саласы және коммуникативтік қабілетін байыту.

3.Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру.

Жұмыс барысында мен осындай нәтижелерге қол жеткіздіремін :

1. Балабақша жағдайына оңай бейімделеді;

2.Қызықты, өз уайымдары туралы ұмытады;

3. Ойындарда ол дамып, жетілдіріледі;

4. Оң эмоцияларды алады;

5. Достық, қуанышты болуды үйрену;


Белдемше (юбка) жасау кезіндегі ережелер:

1. Көпфункционалды болуы керек.

2. Балалар үшін тартымды болуы керек.

3. Гигиеналық талаптарға сәйкес болуы тиіс.

4. Балалар мен педагогтарға ыңғайлы болуы керек.


1 бөлік: жабысқақ-қалта

Мақсаты: өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын дамыту, белгілі бір қалтадан ұнаған затты алу, оны бекіту, орнына салып, алып тастау.

2 бөлік: түймелер-қалталар

Мақсаты: балаларға түймелерді ажырату, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

3 бөлік: таспа-катушкалар

Мақсаты: балаларға түймелерді ажырату, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

4 бөлік: Бау-түймелер

Мақсаты: балаларды бау байлауға, түймелерді ажыратуға, қолдың ұсақ моторикасын дамытуға үйрету.




Қорытынды:


Баланың ұсақ моторикасының дамуы-қол саусақтарының және қол саусақтарының жұқа қозғалысы, баланың психикалық даму көрсеткіштерінің бірі ретінде бағаланады. Қазіргі уақытта бірқатар зерттеушілер (М. И. Кольцова, Е. И. Есенина, А. В. Антакова-Фомина және т.б.) қол саусақтарының ұсақ моторикасының дамуы балалар тілінің қалыптасуына оң әсер ететіні дәлелденген. Арнайы әдебиетте С.Жукова, Е.М.Мастюкова, Т.Б. Филичева,

М.В. Ипполитова, О. С. Бот) сөйлеу қабілеті артта қалған балалардың қолының моторикасын дамыту және жетілдіру үшін тәсілдердің сипаттамасы бар, әртүрлі ойындар мен жаттығулар келтірілген. М. М. Кольцова қолдың саусағын артикуляциялық аппарат сияқты "сөйлеу органы" деп қарастыруға барлық негіздер бар екенін атап өтті. Осы тұрғыдан алғанда, қолдың қозғалыс проекциялық аймағын мидың тағы бір сөйлеу аймағы деп санауға болады. Зерттеушілердің бақылаулары бойынша, баланың сөздік тілінің дамуы қол саусақтарының қозғалысы жеткілікті жұқа болған кезде басталады.

Саусақты ойындарды пайдалана отырып қол саусақтары мен саусақтарының жұқа моторикасын дамыту бойынша жұмыс сөйлеу мен оның функциясының қалыптасуына ғана емес, баланың психикалық дамуына да жағымды әсер етеді. Ұсақ моториканы дамыту баланың жалпы дамуы үшін маңызды рөл атқарады. Ұсақ моторика жаңа туған нәрестеден дамиды. Алдымен бала қолын қарап, оларды басқаруды үйренеді. Алдымен ол заттарды алақанмен, содан кейін тек екі (үлкен және көрсеткіш) саусақпен алады. Содан кейін баланы қасық, қарындаш, щетка дұрыс ұстауға үйретеді. Ұсақ моториканың өте маңызды ерекшелігі бар. Ол жүйке жүйесімен, көрумен, көңілмен, есте сақтаумен және баланы қабылдаумен байланысты. Сондай-ақ, ғалымдар шағын моториканың дамуы мен сөйлеудің дамуы өте тығыз байланысты екенін дәлелдеді. Бас миында сөйлеу және мотор орталықтары бір-біріне өте жақын орналасқан. Сондықтан қол саусақтарының моторлы дағдыларын ынталандыру кезінде сөйлеу орталығы белсендіріле бастайды.

Сондықтан баланың тілін дер кезінде дамыту үшін ұсақ моториканы дамытуға көп көңіл бөлу қажет. Ұсақ моторика қолдың ептілігіне, әрі қарай қалыптасатын қолжазбаға, баланың реакциясының жылдамдығына тікелей әсер етеді. Егер бәрі дұрыс болса, онда бала жазуға дайын, логикалық ойлай алады, жады, концентрациясы,қиялымен қоса байланыстырып сөйлей алады.








Қолданылған әдебиеттер тізімі:


  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 14 қыркүйекте №14235 болып тіркелді. Өзгертілді: № 90 6 наурыз 2020 жыл

Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг ұйымдастыру мен жүргізудің әдістемелік ұсынымдары. 2020 жыл

  1. Максаков, А.И. Правильно ли говорит ваш ребенок[Текст]/А.И.Максаков. – СПб.: Речь , 2012.

  2. Сохина, Ф.А. Развитие речи детей дошкольного возраста

  3. Тихеева, Е.И. Развитие речи детей[Текст]/Е.И.Тихеева.Фомичева, М.Ф. Воспитание у детей правильного произношения[Текст]/М.Ф.Фомичева. - М.: Просвещение

  4. Чиркина Г.В. Методы обследования речи детей[Текст]/Г.В.Чиркина: Пособие по диагностике речевых нарушений. — 4-е изд., доп. - М.: АРКТИ, 2003

  5. Эльконин, Д.Б. Развитие речи[Текст]/Д.Б.Эльконин

  6. Мектепке дейінгі ересек жастағы (5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі)

балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз» бағдарламаcы, Астана 2010.

  1. «Отбасы және балабақша» журналы, №2, 2014 жыл.













27



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
2 ақпан
929
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі