Материалдар / Ұсақ қол маторикасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұсақ қол маторикасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушының ойлау қабілетін дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қырқүйек 2024
272
0 рет жүктелген
1300 ₸
Бүгін алсаңыз
+65 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +65 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар №5, 6

Пән: Логопедия

Мектеп: №10

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Мерекеева Аяжан Сержанқызы

Сынып:

Бастауыш

Сабақ тақырыбы

Қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

Оқу бағдарламасына сәйкес сабақтың мақсаттары

Саусақтардың динамикалық қозғалысының ұйымдастырылуын дамыту. «саусақтар амандасады», «қақпашық».

Тілдік сүймелдеу арқылы қол буынының және саусақтарды еліктеу арқылы әр түрлі қозғалыстарды жасауға үйрету.

Сабақтың барысы

Сабақтың

кезеңдері/ уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық-педагогикалық көңіл-күй.


«Бір күнгі танысына, қырық күн сәлем» дегендей, біз бүгін бір-бірімізбен дәстүрден тыс амандасудың түрлерін көрсетейік.
Бір-біріне күлімсірей қарап алақанның ішін және сыртын тигізіп сәлемдесу.
Оң жақ, сол жақ тізелерін түйістіріп амандасу.
Оң жақ, сол жақ иықтарын тигізіп сәлемдесу.
Бастарын бір-біріне тигізіп сәлемдесу.


Алдыңғы білімді еске түсіру

Артикуляциялық жаттығуларды орындау:

Барабан, Ат шабады, Тіс тазалау, Футбол, Тәтті тосап, Грибок, Грибок-гармошка, Заборчик, Заборчик-трубочка, Качелья, Жылан, Блинчики, Тарақ, Шарик, Кесе, Маса, Сағат


Тыныс алу жаттығулары:

  • Шәйді суыт

  • Қарды үрлеп ұшыр

  • Қиярдың иісін ажырат

  • Шарды үрлейміз

  • Мұрынмен дұрыс тыныста, ауызбен дұрыс дем шығар

  • Жапырақтарды ұшыр


Ұсақ моторика – тіл дамытудың негізгі тірегі. Саусақтарыңызбен әртүрлі жаттығулар жасай отырып, бала қолдың ұсақ моторикасының жақсы дамуына қол жеткізеді, бұл сөйлеудің дамуына жағымды әсер етеді (өйткені қозу мидың сөйлеу орталықтарында индуктивті түрде жүреді), сонымен қатар баланы сурет салуға және болашақта жазуға дайындайды. Қолдар жақсы қозғалғыштыққа, икемділікке ие болады, қозғалыс қаттылығы жоғалады. Алдымен саусақтардың нәзік қозғалыстары дамиды, содан кейін буындардың артикуляциясы пайда болады; сөйлеу реакцияларының барлық кейінгі жетілуі саусақтардың қимыл-қозғалыстарының жаттығу дәрежесіне тікелей байланысты.



Ұсақ моториканы дамытудың маңызы:

  • Ми қыртысының тонусын жоғарылатады

  • Ми қыртысының сөйлеу орталықтарын дамытады

  • Баланың сөйлеу дамуын ынталандырады

  • Сөйлеудің концептуалды және мотор орталықтарының жұмысын үйлестіреді

  • Артикуляциялық моториканы жақсартуға көмектеседі

  • Ырғақ сезімін және қимылдарды үйлестіруді дамытады

  • Қолды хат жазуға дайындайды

  • Баланың көңіл-күйін көтереді

Саусақ жаттығулары

« Саусақ шынжыры».

Оң және сол қолдағы басбармақпен баланүйрек саусақтары түйісіп, жүзіктер секілді айқасып, шынжыр жасайды.


«Пілдің тұмсығы».

Оң қол алақаны жайылып тұрады. Сол қол саусақтары бас бармақ пен кішкене бөбек артқы аяғы болса, баланүйрек саусақ пен шылдыр шүмек саусақ алдыңғы аяқтар, ал ортаңғы саусақ пілдің тұмсығы.

«Геометриялық фигураларды саусақпен қайталап көр» ойыны



Суреттерді бояу (раскраска)

Араны сандарда көрсетілген түспен боя.

Психологиялық ахуал











Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары




































Оқушылар берілген тапсырманы орындайды.




































Сабақтың ортасы

Сергіту сәті

«Демалайық бәріміз!»


Шаршасаңдар, балалар

Қолдарыңды созыңдар.

1, 2, 3, 4, 5

1, 2, 3, 4, 5

Саусақтармен ойнаңдар,

Бір демалып алыңдар.


Ермексазбен жұмыс

1.Қойдың мүсінін жасаймыз.


2. Ермексазбен гүл жасаймыз.


Лабиринт

«Күшікке үйшігіне жетуге көмектес».

«Тышқанға қақпанға түспей ірімшікке жетуге көмектес».


Оқушылар сергіту сәтін жасайды.









Оқушылар берілген тапсырманы орындайды.

Сабақтың соңы

Графомоторикамен жұмыс

Үлгі бойынша берілген тапсырмаларды мұқият бастырып, орындап шық.


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.





Кері байланыс




«Рефлексия» кері байланыс


«Білім қоржыны» тәсілі

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс «Білім қоржыны» тәсілі арқылы білдіре алады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!