Материалдар / үшбұрыш

үшбұрыш

Материал туралы қысқаша түсінік
Үшбұрыш және төртбұрыш туралы ақпарат беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Ақпан 2023
137
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Бөлімі

Математика негіздері

Педагогтің аты-жөні


Күні


Сыныбы


Ұоқ тақырыбы

Үшбұрыш және тіктөртбұрыш

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

Пішіндерді ажыратады және атайды.

Ұоқ мақсаты

Тікбұрыш және үшбұрыштың ерекшеліктерін анықтайды.

Ұоқ барысы

Ұоқ –нің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі





















Негізгі кезең

Шаттық шеңбер

Ашық менің жүрегім

Ылғи күліп жүремін.

Бірге ойнап,бір жүрер

Достарым көп, білемін!

-Бүгінгі көңіл-күйлерің қалай балалар?

Миға шабуыл әдісі

Жұмбақтар

1.Үшбұрыш үш жағы бар,

Ол пішінді кім табар ?

2.Допқа өзі ұқсайтын

Ерекше бір пішін бар

Атын оның атаңдар?

3.төрт қабырғасы тең болса

Төрт бұрышы тең болса

Жауап берер балақай
Ой –өрісі кең болса

-Бұл қай пішін?

Өте жақсы балалар біз дөңгелек,ұшбұрыш және төртбұрыштарды біледі екенбіз.

-Біз бүгін сабақта қандай тақырып өтеді екенбіз. Кім біліп тұр?

Ия пішіндер соның ішінде үшбұрыш және тіктөртбұрыш туралы түсінік аламыз.Онда асықтарды алып топқа бөлініп отырайық.

Топқа бөлу

1-топ «Қызыл асық»түсті асық

2-топ «Жасыл» түсті асық

Ширату жаттығуы.

«Микрофон» әдісі

-Қазір жылдың қай мезгілі балалар?

-Күзде неше ай бар?

-Қазір қай ай?

-Күздің ерекшеліктерін айтыңдаршы?

-Қандай пішіндерді білесіңдер? Жарайсыңдар балалар.

Пішіндерді үйрендім

Қабырғасы тік сайлы.

Үшбұрыш бұл үйлердің,

Шатырына ұқсайды.

-Ертегіні жақсы көресіңдер ме балалар?

Онда ертегі тыңдайық . Бұл ертегіде пішіндер сөйлейді екен.

Ертеде пішіндер сөреде жатып іштері пысып «бәрінен кім күшті»–деп айтысыпты.

Текше мен бәріненде күштімін-мені үй қабырғасына қалайды, менің бұрыштарым көп-депті

Сол кезде дөңгелек-босқа мақтанба, менде бұрыш жоқ, мен үнемі көңілді жүремін, өйткені мен домалап жүре беремін-десе

Цилиндр тұрып: ал маған ауыр заттарды салып дөңгелетіп апаратын жерлеріне апарады, әртүрлі мақсатта қолданады –депті

Үшбұрыш бұларды тыңдап тұрып: айтыспаңдар біздің бәрімізде ададмдарға керекпіз. Біз оларға әрдайым қажітпіз-деп айтыстй тоқтатыпты.Пішіндердің бәрі бұл сөзді естіп өздерінің

адамдарға қажеттілігін түсініпті.

-Ертегі ұнады ма сендерге?

-Ертегіде нелер айтысыпты?

-Пішіндер не деді?

-Кімдікі дұрыс болып шықты балалар?

Сергіту жаттығуы

Бір шаңырақ астында

Бірге тату тұрамыз

Бірге оқимыз сыныпта
Бірге сайран құрамыз

Жаңа сабақ

-Ал онда бүгін осы ақылды үшбұрыш пен тіктөртбұрыш туралы айтатын боламыз.

Үшбұрыштың суретіне қарайық

Бұрыштарын санайық

Үшеу екен сол себепті үшбұрыш атаныпты.

- үшбұрышқа ұқсайтын заттарды білеміз?

Үтік,үйдің шатыры,пирамидалар,жол белгілері.

Енді тіктөрбұрышқа қарайық. Не себепті тіктөртбұрыш деп аталады екен анықтайық. Бұрыштарын санайықшы-төртеу екен. Ал ұзындығын қараңдаршы тік әрі ұзын екен-сол себепті тік төрбұрыш деп аталады.

Осы бөлмеде осы тіктөрбұрышқа қандай заттар ұқсайды екен қараңдаршы?

Есік,шкафтар,парталар,терезелер,киім ілетін шкафтар бар екен. Өте жақсы.

«Кір жуу» әдісі.

Кір жаятын жіпте пішіндерге ұқсас суреттер ілініп тұрады аралары ашық,балалар қолдарындағы пішіндерді ұқсас суреттердің қасына кір қыстырғышпен қыстырады.

Пішіндерді ұқсаса заттарға апарып ілейік

Қорытынды бөлім: бүгін балалар біз қандай пішіндермен таныстық?

-Тікбұрыш туралы не айтасыңдар?

-Үшбұрыштың бұрыштары нешеу екен?

-Сабақтың қай бөлімі сендерге қатты ұнады?

Бағалау.Белсенді қатысқан балаларды мадақтау.

Онда сабақ ұнаса смайликті тақтадағы

күліп тұрған смайликке апарып ілеміз

Егер дұрыс түсінбедім десеңдер –көңілсіз

Мүлдем түсінбедім десеңдер-мұңайған смайликке апарып ілесіңдер.

Шаттық шеңберіне тұрып, тақпақты қайталайды




Жұмбақтарды шешеді

Үшбұрыш

Дөңгелек

Төртбұрыш










Тақырыпты болжайды










Топқа бөлініп отырады




Сұрақтарға жауап береді

Ертегі тыңдайды.





















Жаттығуды жасайды











Үшбұрыштың бұрыштарын санайды

Тікбұрыш туралы біледі





Бөлмеден пішіндерге ұқсаса заттарды табады







Суреттердің қасына пішіндерді іледі

Пішіндер суреті

Қызыл, жасыл асықтар және жай асықтар.




Үтік

Сәукеле

Үйдің щатыры

Холодильник

Шкаф,

Терезе

Мандарин

Күн

Доп

Қияр

Қауын

Айна

Жол белгілері

Текше,

Жастық

суреттері

Кір ілетін жіп

Кір қыстырғыштар

Смайликтер



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ