Үшбұрыш бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үшбұрыш бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы

Материал туралы қысқаша түсінік
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теореманы және оның салдарын дәлелдеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Түзулердің өзара орналасуы

Күні: Сынып: 7

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар: 15 Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы

Үшбұрыш бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.1.1.16 үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теорема мен оның салдарларын дәлелдеу;

7.1.1.17 үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теорема мен оның салдарларын есептер шығаруда қолдану.

Сабактын максаттары

  1. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теореманы және оның салдарын дәлелдеу.

  2. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы теоремасын пайдаланып, белгісіз бұрыштарды табу.

  3. Үшбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысының қасиеттерін ескере отырып күрделі есептер шығару.

Бағалау критерийі

  • үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теореманы және оның салдарын дәлелдей отырып, есептер шығарады;

  • үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы теоремасын пайдаланып, белгісіз бұрыштарды табады;

  • үшбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысының қасиеттерін ескере отырып күрделі есептер шығарады;

Тілдік мақсаттар


Пәндік, тілдік мақсат: Оқушылар үшбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теореманы айта алады, өз ойын басқаларға жеткізе біледі, дәлелдейді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология: «бұрыш», «үшбұрыш», «градус», «тік бұрышты үшбұрыш», «транспортир», «қабырға», «бұрыш», «катет», «тік бұрыш», «гипотенуза».

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: «Бұл қабырға/ бұрыш … өлшенеді», «Тік бұрыш 90 градус ...», «Осы бұрыш/қабырға соған тең».«Бұл бұрыш/қабырға одан ерекшеленеді»,«Бұл бұрыш одан кем/артық», «Бұл қабырға одан ұзын/қысқа»,«Мына үшбұрыштар бір өлшемді», «Сәйкес қабырғалар/бұрыштар бірдей».

Құндылықтарға баулу

Ұжымда жұмыс жасай білуге, бір- бірін тыңдай білуге, пікірлерімен санасуға, құрметтеуге баулу

Пəнаралық байланыс

Сызу, геометрия сызба бойынша есептер құрастырады, бұрыштың белгісіз шамаларын анықтайды.

Тарих: петроглифте геометрия фигуралардың бейнелеуі.

Алдыңғы білім

7.1.1.14 теңқабырғалы, теңбүйірлі, тікбұрышты үшбұрыштардың элементтерін білу.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Оқушылардың назарын шоғырландыру

  1. Сәлемдесу.

  2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.

  3. Топқа бөлу.(топтың аттары, «Сүйір бұрышты үшбұрыш» «Доғал бұрышты үшбұрыш», «Тік бұрышты үшбұрыш»)

«Айырмашылығы неде?» әдісі бойынша фигуралардың айырмашылығын айтыңыздар.

Ж «Өлшеу» әдісі : Оқушыларға әр түрлі қиылған үшбұрыштар беріледі.

  1. Берілген үшбұрыштарды алып, бұрыштарын белгілеу.

  2. Транспортирдің көмегімен бұрыштарды өлшеу

  3. Барлық бұрыштардың қосындысын табу.

  4. Қорытынды жасау.

Осы әдісі арқылы оқушыларға сабақ тақырыбын, мақсатын өздері ашуына бағыттаймын


Слайд








транспортир

сызғыш құралдары





Сабақтың ортасы

35 мин


1 тапсырма. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы оқушылар топтық білімді жинақтау, ынтымақтаса жұмыс жасай отырып өз ойларын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге ықпал ету мақсатында топта тапсырманы орындайды.

Теорема мен салдарды дәлелдей отырып, «сәйкестендіру» кестесін толтыр.


Сәйкестендіру


Үшбұрыштың бір бұрышы 40° тең, екіншісі 60°тең болса, үшінші бұрыштың шамасын анықта?

60°

Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының қосындысы нешеге тең?


90°

Тікбұрышты теңбүйірлі үшбұрыштың сүйір бұрышы нешеге тең?

45°

Теңқабырғалы үшбұрыштың бұрышы нешеге тең?

80°





Бағалау критерийі

Дескриптор

үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теореманы және оның салдарын дәлелдей, отырып есептер шығарады

  • үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теорема мен салдарды біледі;

  • сызбасын салады;

  • үшбұрыш бұрышының шамасы жайлы ұйғарым жасайды;

  • теорема мен салдарды пайдаланып есептер щығарады;

  • жауаптарын салыстырады.


ҚБ: «Қосу, алу, қызықты» әдісі арқылы бағалау.

Көмекке мұқтаж оқушыларға уақыт береді, нұсқау береді.

«Жіңішке – жуан сұрақтар» әдісімен сұрақтар қойылады.

  1. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы неге тең?

  2. Тік бұрышты үшбұрыштардың сүйір бұрыштарының қосындысы неге тең?

2-тапсырма «Көршіңмен ақылдас» әдісі арқылы әрбір оқушы өз білгенін ортаға салып, көршісімен бөліседі.

Белгісіз бұрыштарды табыңыз




Бағалау критерийі

Дескриптор

үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы теоремасын пайдаланып, белгісіз бұрыштарды табады

  • ішкі бұрыштардың қосындысы туралы теореманы қолданады;

  • теңдеу құрады;

  • теңдеуді шешеді;

  • белгісіз бұрыштарды анықтайды


ҚБ:«Индекс карточкалар» әдісі арқылы жауап үлгісімен жұптар бір-бірін бағалайды. 1 бетіне есептердің дұрыс жауабына белгі соғады, 2 бетіне жіберген қателіктеріне белгі соғады.

«Жіңішке – жуан сұрақтар» әдісімен сұрақтар қойылады.

  1. Қанша дұрыс жауап болды?

  2. Қай тапсырманы орындау қиын болды?

  3. Қиындықты шешу үшін енді сізге не істеу керек?

3- тапсырма «Кейс» әдісі арқылы оқушылар тапсырмамен танысып, оны шешудің  жолдарын  іздейді, әртүрлі проблемаларды талдау және оларды шеше білу қабілеттері шыңдау мақсатында тиімді тәсілді таңдай отырып шығарады.

Пентаграмм тәріздес бес бұрышты жұлдыздың барлық сүйір бұрыштардың қосындысын табыңдар.

Бағалау критерийі

Дескриптор

үшбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысының қасиеттерін ескере отырып күрделі есептер шығарады

  • әр үшбұрыштарды ажыратады;

  • әр бір үшбұрыштың сүйір бұрышын табады;

  • барлық сүйір бұрыштардың қосындысын табады;

Қ.Б «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша бағалайды.

Көмек қажет ететін оқушыға уақыт беремін



Оқулық











































Карточкалар, интерактивті тақта, слайд

Сабақтың соңы

9 минут

«Крестиктер-нөлдіктер» әдісі

1. 1-ші команда (нөлдіктер)кестеден сан таңдайды.

2. Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды.

3. Жауап дұрыс болған жағдайда,1-ші команда сол квадратқакрестик қояды.

4. Жауап дұрысболмаған жағдайда, 2-ші команда

(крестиктер) сұраққажауапберугежәнесолквадратқа

крестик қоюғамүмкіндікалады

Рефлексия

«Кір жаятын жіп» оқушылардың бүгін сабақ жөнінде өз ойларын үйден пішіп келген киім үлгілеріне жазады.

кесте

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушыларға деңгейлік тапсырма берілді және сабақ үрдісінің барлық кезеңдерінде тапсырманы тез орындаған оқушылар үлгере алмай жатқан немесе түсінбей жатқан оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жетістікке жетелейді. Анағұрлым дағдысы қалыптасқан оқушыларға алған білімдерін өмірмен байланыстыра алатындай дағдыларын қалыптастыру , ізденіс жұмыстарымен жұмылдыру тапсырмаларын беруді жоспарлаймын

«Қосу, алу, қызықты» әдісі

«Индекс карточкалар» әдісі

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі


Денсаулық сақтау

технологиялары.

Белсенді жұмыс түрлерін

қолдану.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2019
2918
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі