400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үшбұрыш және оның түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: №72

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сәндібекова Гүлсара Жарылқасынқызы

Сынып 7

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабақ тақырыбы

Үшбұрыш және оның тұрлеріне есептер шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.1.14. Тең қабырғалы, тең бүйірлі, тік бұрышты үшбұрыш элементтерін білу;

7.1.1.19. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы есептер шығаруда қолдана білу;
7.1.1.14. Тең бүйірлі үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін қолдану;

7.1.1.14. Тең қабырғалы үшбұрыштың қасиеттерін қолдану;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Үшбұрыш және оның түрлерінің анықтамасын
меңгеріп, оларды ажырата алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Тең қабырғалы, тең бүйірлі, тік бұрышты үшбұрыш қасиеттерін есептер шығаруда қолдана алады;

Кейбір оқушылар: Сабақты өмірмен байланыстыра отырып, есептер
құрастырады.

Бағалау критерийлері

-Үшбұрыш түрлерін біледі;

-Үшбұрыштың ішкі бұрыштары туралы теореманы қолдана біледі;

-Үшбұрыштың сыртқы бұрышы анықтамасын біледі;

- Тең бүйірлі үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін есептер шығаруда қолдана алады;
-
Тең қабырғалы үшбұрыштың қасиеттерін есептер шығаруда қолдана алады;
-
Тік бұрышты үшбұрыш қасиеттерін есептер шығаруда қолдана алады;

Тілдік мақсат

Пәнге тән лексика мен терминология: Үшбұрыш

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: үшбұрыштың ішкі бұрыштары, үшбұрыштың сыртқы бұрыштары. Тең қабырғалы, тең бүйірлі, тік бұрышты үшбұрыштар.

Құндылықтарды дарыту


-Қазақстан тәуелсіздігі және Астана, елге деген сүйіспеншілігін арттыру;
-Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру;
-Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

Пәнаралық байланыстар

Бейнелеу, тарих, әдебиет.

АКТ қолдану дағдылары

Сабаққа қатысты көрсетілім жасау

Бастапқы білім


Бұрыш және бұрыштың түрлері.
Үшбұрыш және үшбұрыштың түрлері.

Сабақтың барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

I.Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа дайындығын қадағалау;

II. Үй жұмысын тексеру.
Үй жұмысы есептерін оқушылар жұпта интерактивті тақтадағы дұрыс есептер жауаптары бойынша бір-бірін тексеріп, бағалау критерийі бойынша өз-өздерін бағалайды.

Бағалау критерийі:
-Үшбұрыш сызбасын сыза біледі;
-Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теореманы қолдана біледі;
-Үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы есептер шығаруда қолдана біледі;







Бағалау

парақ-шалары



























Сабақтың ортасы


III.Өтілген сабақты қайталау. Өтілген сабақты «Таңда да, таста» әдісі арқылы қайталап, оқушыларды топқа бөлу.

Оқушыларға сүйір бұрышты, тік бұрышты, доғал бұрышты үшбұрыш пішінді кеспе қағаздарын таратамын. Бұл кеспе қағаздарында деңгейлі есептер немесе сұрақтар жазылған.

Shape1

Shape2 -жеңіл тапсырмалар,



-қиындығы орташа тапсырмалар,


Shape4 Shape3

-қиындығы жоғары тапсырмалар.

Shape5

Оқушылар кеспе қағаздарды өз деңгейлері бойынша таңдайды да, ондағы тапсырмаларды орындайды. Қағазды умаждап бір-біріне лақтырып бойларын сергітеді. Умаждалған қағазды алып, орындалған тапсырмаларды тексеріп, бір-бірлеріне ауызша кері байланыс жасайды да, кеспе қағаз кескіні бойынша, яғни үшбұрыш түрлеріне қарай топқа бөлінеді.

1-топ: Сүйір бұрышты үшбұрыштар
2-топ: Тік бұрышты үшбұрыштар
3-топ. Доғал бұрышты үшбұрыштар
-Оқушылар бір-бірлеріне үш санына қатысты мақал-мәтелдер немесе жақсы сөздер айтады.

№1 топтық тапсырма.

СShape7 Shape6 үйір бұрышты үшбұрыштар тобы:

В

Shape9 Shape8 300 250 Табу керек:

АShape10 С


Тік бұрышты үшбұрыштар тобы:

Shape11 АShape13 Shape12

Shape14

Shape15 Табу керек:

С В


Доғал бұрышты үшбұрыштар тобы:

Shape18 Shape17 Shape16 В

1400 Табу керек: с

Shape19 Shape20
А С

Оқулықпен жұмыс. Оқулықтан есептер беремін.

Есептер шығару барысында «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісін қолданамын. Оқушылар жеке жұмыстанып, шығарған есептерін жұпта тексеріп, топта талқылайды.




Деңгейлі

тапсырмалар
















Топ
атаулары







Топтық тапсырмалар


















Сабақтың соңы

Сабақты «Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша қорытындылаймын.

Сүйір бұрышты үшбұрыштар тобына: Елордамыз Астана қаласында орналасқан әлемдік сәулет өнерінің кестесінен орын алып үлгерген қандай ойын-сауық орталығын білесіңдер?

Тамаша өнер туындысы - "Хан шатыр" ойын-сауық орталығының пішінің бір жақ беті үшбұрыш түрінде кескінделген. Өлшеу жұмыстарын жүргізе отырып, үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы қолданып «Хан Шатырдың» жерге қатысты алғандағы сыртқы бұрыштық шамаларын табыңдар.

Тік бұрышты үшбұрыштар тобы: Елордамыз Астанадан үшбұрыш пішіндес қандай құрылыс кешендерін білесіңдер?

Сәулет өнерінің бірегей туындысы - Бейбітшілік және келісім сарайы. «Бейбітшілік және келісім сарайы»- пирамида түрінде бейнеленген. Ал, оның бір жақ беті үшбұрыш пішінді. Өлшеу жұмыстарын жүргізе отырып, үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы қолданып жерге қатысты алғандағы сыртқы бұрыштық шамаларын табыңдар.

Доғал бұрышты үшбұрыштар тобы: Қазақстанда қандай таулар мен жоталарды білесіңдер?
Тапсырма: Сурет қандай үшбұрыш түріне мысал бола алады? Сұраққа жауап беріп, өлшеу жұмыстарын жүргізе отырып, үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы қолданып
жерге қатысты алғандағы сыртқы бұрыштық шамаларын табыңдар.

Оқушылар іздену жұмыстарын жүргізіп, аталған шамалар бойынша өз ойларын ортаға салады. Тапсырмаларды орындайды.

Кері байланыс. Оқушылардың сабақ бойынша алған білімдерін анықтау үшін «Рефлекциялық нысана» әдісі бойынша кері байланыс жасаймын.



Үйге тапсырма беру. Оқулықтан есептер беру.

Қосымша дерек көздерінен үшбұрыш пішіндес
ғимараттарды тауып, олар туралы мәліметтер беру










«Хан Шатыры» суреті














«Бейбітшілік және келісім сарайы»















Тау мен жота

суреті









Кері байланыс

парақшалары






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
411
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі