400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Үшбұрыш және оның түрлері. ҚМЖ 7 сынып геометрия 2 тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ 7 сынып геометрия 2 тоқсан. Оқу мақсаттары: 7.1.1.13 үшбұрыштардың түрлерін ажырату;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Таныстым:

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі


Момынай жалпы орта білім беретін мектебі

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Пәні: Геометрия

Тақырыбы: Үшбұрыш және оның түрлері.

Бөлім:

Үшбұрыштар

Педагогтің Т.А.Ә.

Алиева Гүлжан Аманкулкызы

Күні:

09.11.2023ж

Сынып: 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Үшбұрыш және оның түрлері.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.1.1.13 үшбұрыштардың түрлерін ажырату;

Сабақтың мақсаты

  • қабырғаларының ұзындықтары бойынша үшбұрыштардың түрлерін ажырату;

  • бұрыштарының шамасы бойынша үшбұрыштың түрлерін ажырату.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар


Сабақтың басы

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • оқушылардың назарын жинақтау;

  • оқушылармен бірлесіп оқу мақсатын, сабақ мақсаттарын анықтау.

  • оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау

Сабақтың мақсаттарымен, күтілетін нәтижелермен таныстыру.

Үй тапсырмасын тексеру.

Жинақтала

ды,сабаққа ынталанады





Ынталандыру сөздерін қолдану «жақсы», «жарайсың», «өте жақсы»




6 сынып оқулығы. 1-бөлім

Сабақтың ортасы

Өткен сабақты пысықтау.

1-мысал.

Суретте ABC үшбұрышының AB қабырғасын созғанда пайда болған KBCбұрышы 65°-қа тең, ал A және C бұрыштарының әрқайсысы 90°-тан кіші.

ABC үшбұрышының түрін анықта.

Шешуі.

⠀∠ABC және KBC – сыбайлас бұрыштар, себебі BA және BK – толықтауыш жарты түзулер, BC – ортақ қабырға. Демек, ABC = 180° – KBC = 180° – 65° = 115°. ABC – доғал бұрыш болғандықтан, ABC – доғал бұрышты үшбұрыш.

Жауабы: доғал бұрышты үшбұрыш.

2-мысал.

Жанар периметрі a -ға табаны b -ға тең теңбүйірлі үшбұрыш салды. Арман бұл үшбұрыштың бүйір қабырғасына осы бүйір қабырға ортақ болатындай теңқабырғалы үшбұрыш салды. Теңқабырғалы үшбұрыштың периметрін есептеуге арналған өрнекті құр.

Шешуі.

Теңбүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасын x деп белгілеп, оны a және b арқылы өрнектеу керек. Теңбүйірлі үшбұрыштың периметрі: P = 2x + b, ал есеп шарты бойынша P = a. Сонда

2x + b = a,

2x = a – b,

x =

Теңбүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы теңқабырғалы үшбұрыштың қабырғасына тең болғандықтан, теңқабырғалы үшбұрыштың периметрі   өрнегіне тең болады.


Жауабы:

Тапсырмалар орындау. Топтық жұмыс

1. ABC үшбұрышының периметрі 17 дм-ге, ABқабырғасы 6 дм-ге, BCқабырғасы 5 дм-ге тең. ABC қандай үшбұрыш?

2. ABCүшбұрышында A = 42°, B = 77°, C = 61°. ABC қандай үшбұрыш?

3. ABCүшбұрышында A = 26°37', B = 63°23'. Ал, Cбұрышы Aжәне Bбұрыштарының қосындысына тең. Бұл қандай үшбұрыш?

4. Теңбүйірлі үшбұрыш берілген. Оның бір қабырғасы 14 см-ге, ал, екінші қабырғасы 21 см-ге тең. Үшбұрыштың периметрін тап.

Жұптық жұмыс. “Шешуші сәт” (сематикалық карта)

а

в

с

Р

Үшбұрыштың түрлері

1

2см

3 см

7 см

?

?

2

3 см

3 см

3 см

?

?

3

6 см

6 см

2 см

?

?

4

?

?

?

12 см

Тең қабырғалы

5

3 см

?

?

11 см

Тең бүйірлі

6

3 см

4 см

?

10 см

?


Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.

Алдыңғы сабақта алған білімдерін еске түсіреді.










Мысалдарды түсінеді, жазады.






































Оқушылар өз беттерінше отырып берілген тапсырмаларды орындайды.





Жұбымен бірлесіп отырып кестені толтырады.

Ынталандыру сөздерін қолдану «жақсы», «жарайсың», «өте жақсы»
















































1-10 баллдық жүйеде бағаланады.









Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл беріледі.



































Сабақтың соңы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
13.11.2023
619
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі