400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үшбұрыш және оның түрлері. Үшбұрыштың медианасы,биссектрисасы және биіктігі. 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
үшбұрыштың анықтамасын біледі, оның түрлерін ажыратады;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары.

Бөлім: 7.2ВҮшбұрыштар

Мектеп: Қызылорда облысы Шиелі ауданы

№ 158 орта мектебі


Күні: 10.10.2019ж

Мұғалімнің аты-жөні: Абилдаева Гулжанат Кыдырбаевна


Сынып: 7 «а»

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Үшбұрыш және оның түрлері. Үшбұрыштың медианасы,биссектрисасы және биіктігі.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.1.13 үшбұрыштың анықтамасын біледі, оның түрлерін ажыратады;

7.1.1.12 үшбұрыштың медианасы,биссектрисасы және биіктігі анықтамаларын білу және оларды салу


Сабақ мақсаттары

Үшбұрыш анықтамасын біледі және үшбұрыш түрлерін ажырата алады.

Үшбұрыштың медианасы, биссекртисасы,биіктігінің анықтамаларын біледі және кескіндей алады.

Үшбұрыш түрлерінің ерекшеліктерін есептер шығаруда қолдана біледі.


Бағалау

критерийлері

Үшбұрыш анықтамасын біледі;

Үшбұрыш түрлерін анықтай алады.

Үшбұрыштың периметрін табады.

Үшбұрыштың медианасын, биссектрисасын,биіктігін жүргізе алады.


Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- есептің шығару жолын түсіндіре алады;

- бөлімнің ұғымдары мен терминдерін түсінеді және қолданады;

Лексика және терминология

- сүйір бұрышты, доғал бұрышты, тікбұрышты үшбұрыштар;

- теңқабырғалы, теңбүйірлі, қабырғалары әр түрлі үшбұрыштар;

- үшбұрыштың элементтері;

- үшбұрыштың медианасы,биссектрисасы,биіктігі;

- үшбұрыштың периметрі;


Құндылықтарды дарыту

Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана – Бейбітшілік және келісім сарайы.


Пәнаралық байланыстар

Сызу; технология, әдебиет


АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта,Слайд презентация


Бастапқы білім


Паралель түзулер, перпендикуляр түзулер,сыбайлас бұрыштар және вертикаль бұрыштар.








Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар



Сабақтың басы 3 минут

І Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Оқушыларды түгелдеу.

Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін

« Өзі сұрақ- өзі жауап » психологиялық тренинг жүргіземін:

-Әрбір адам ? Туысым, досым,жұрағат,

-Әрбір сабақ ? Үйрену, ұғу, ұлағат,

-Әрбір ісің ? Тірлік,тірек,адамдық,

-Әрбір сөзің ? Шындық,бірлік,адалдық.







Сабақтың ортасы

10 минут





















































































5 минут

















10 минут












































































































Оқушыларды « Геометриялық фигуралар » әдісі арқылы топқа бөлу

1 - топ « Тең қабырғалы үшбұрыш »

2 - топ « Тең бүйірлі үшбұрыш»

3- топ « Әр қабырғалы үшбұрыш »

4 - топ « Сүйір бұрышты үшбұрыш »

5 - топ « Доғал бұрышты үшбұрыш »

6 - топ « Тік бұрышты үшбұрыш »


Білу. « Ашық микрофон » әдісі арқылы өтілген өтілген тақырыптарды қайталап, еске түсіріп алайық:


1.Үшбұрыш дегеніміз не ?

- Бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктеден және оларды қосатын үш кесіндіден құрылған фигура үшбұрыш деп аталады.

2.Үшбұрыштар қабырғаларына байланысты қалай аталады?

-Тең қабырғалы үшбұрыш,тең бүйірлі үшбұрыш, әр қабырғалы үшбұрыш.

3. Үшбұрыштар бұрыштарының өлшемдеріне қарай қалай аталады?

- Сүйір бұрышты үшбұрыш, доғал бұрышты үшбұрыш,

тік бұрышты үшбұрыш.

Енді осы үшбұрыштың түрлері өздерін таныстырсын, ол үшін « Үшбұрыштар еліне саяхат » жасайық:

Мұғалім:
Ерте,ерте, ертеде
Ешкі жүні бөртеде
«Үшбұрыш» атты хан болыпты, 
Бір руға тең болыпты


1.Үшбұрыш ханның үлкен ұлы

Маң-маң басқан,аяқтарын тең басқан

Үш қабырғам әрқашанда қос-қостан

Тең қабырғалы үшбұрыш боп атандым,

Бөлініп шыққалы мен о бастан.

Менің атым тең қабырғалы үшбұрыш немесе дұрыс үшбұрыш деп атасаңдар болады,
Себебі менің барлық қабырғаларым мен бұрыштарым тең.


2. Ханның ортаншы ұлы:


Үш қабырғамның екеуі

Сәйкестенсе бір-бірімен

Тең бүйірлі үшбұрыш екендігі,

Көрініп тұр ғой түрінен
Менің атым тең бүйірлі үшбұрыш
Себебі екі бүйір қабырғам тең,
Үшінші қабырғам табаным
Менің қасиетім табанымдағы бұрыштар тең, Табаныма жүргізілген медианам әрі биіктігім,әрі биссектрисам.


3 Мен ханның кіші баласымын :
Менің атым әртүрлі қабырғалы үшбұрыш.
Себебі қабырғаларымның ұзындықтары әртүрлі
Жүру қиын болғандықтан көзге көп түсе бермеймін.

4. Сүйір бұрышты үшбұрыш:
Мен ханның немересімін
Ау, халайық!
Бұрышым менің сүйір
Ақылың болса егер бір түйір
Ойланшы өзің.
Сонда қалай аталамын?
Оқушылар жауабы:
Сенің атың сүйір бұрышты үшбұрыш.
5. Доғал бұрышты үшбұрыш
Доғал менің бұрышым,
Білсең айтшы дұрысын.
Қалай деп, кәне атайды?
Шөбересін атайдың.
Оқушылар: Сенің атың доғал бұрышты үшбұрыш.
6. Тік бұрышты үшбұрыш:
Мен ханның неменесі
Ешкімнен ұялып саспаймын,
Бір бұрышым тік болған соң
Атым менің тік бұрышты үшбұрыш.
Қасиетім менің ерекше,
Белгілі ғой әр елге.



критерийі

Дескриптор

балл

Ашық микрофон әдісі арқылы өтілген тақырыптарды пысықтайды

(5балл)

Ережелерді біледі

1

Сұраққа толық жауап береді

1

Математикалық тілде жеткізеді

1

Топтық ережені сақтайды

1

Уақытты тиімді пайдаланады

1


Енді осы жерден саяхатымызды тоқтата тұрып, бүгінгі сабағымыздың тақырыбына тоқталайық:


Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың түрлері, үшбұрыштың медианасы,биссектрисасы және биіктігі.


Үшбұрыштың медианасы дегеніміз...Үшбұрыштың төбесі мен оған қарсы жатқан қабырғасының ортасын қосатын кесінді.


Үшбұрыштың биссектрисасы дегеніміз...Үшбұрыш бұрышы биссектрисасының төбесі мен оған қарсы жатқан қабырғасын қосатын кесінді.

Үшбұрыштың биіктігі дегеніміз... Үшбұрыштың төбесі мен оған қарсы жатқан қабырғада немесе оның жалғасында жатқан нүктені қосатын және осы қабырғаға перпендикуляр болатын кесінді.


Практикалық топтық жұмыс: «Әр қолда – өзінің ісі»

Оқушыларға тақтайша, шеге , жіп таратылады.

1 – тапсырма: Оқушылар кез-келген үшбұрыш жасап, оның периметрін табады.









2 – тапсырма :

Үшбұрыштың төбелерін белгілеп, оның қабырғаларына медианаларын, биссектрисаларын, биіктігін жүргізіп ,әріптермен белгілеп көрсетіңіз.





критерийі

Дескриптор

балл

Берілген үшбұрыштың периметрін табады

(5балл)

Берілген үшбұрышты түсінеді

1

Үшбұрыштың төбелерін белгілейді

1

Үшбұрышты кескіндеп алады

1

Алынған үшбұрыштың қабырғаларын өлшейді

1

Периметрін табады

1


Дескриптор: - үшбұрыш қабырғаларын өлшеп, периметрін табады

− медианаларды салады және әріптермен белгілейді;

− биссектрисаларды салады және әріптермен белгілейді;

− биіктіктерді салады және әріптермен белгілейді ;

Бағалау : « 3 » ; « 4 » ; « 5 » баллдық жүйемен бағалау.



«Ой сергіту»


Ертегімізді жалғастырамыз . Ертегі - сұрақ

Бірде барлық үшбұрыштар уәкілдері орман алаңқайында жиналып,қай үшбұрышты хан сайлаймыз деп кеңесті.Олар ұзақ уақыт айтысып,бір тоқтамға келе алмады.Сонда бір үлкен үшбұрыш бәріміз үшбұрыштар патшалығына жолға шығайық, қай үшбұрыш патшалыққа бірінші боп кірсе ,соны сайлайық –деді. Барлық үшбұрыш осыған келіседі.Ертеңіне таңмен барлығы жолға шығады.Жолда келе жатса,алдарынан өзен шығып, « мене тек барлық бұрыштары сүйір үшбұрыштар ғана өтеді» - дейді.Сонымен үшбұрыштардың кейбіреуі өте алмай жағада қалады,қалғандары өзеннен өтіп,әрі қарай жол тартады.Олар келе жатса алдарынан тау шығады, ол айтады « тек екі қабырғасы тең үшбұрыштар өтеді» деп,бұл өткелден өткен үшбұрыштар одан әрі жүріп кетеді.Олар бір кезде тік жарға кездеседі,онда тар көпір тұрады.Көпір «Менен тек барлық қабырғалары тең үшбұрыштар ғана өте алады»дейді.Сонымен көпірден тек қана бір үшбұрыш өтіп, үшбұрыштар патшалығына бірінші боп кіреді,оны үшбұрыштар патшасы етіп сайлайды.

Сонымен:

1. Қай үшбұрыш патша болды?

2.Қай үшбұрыш негізгі қарсылас ретінде көпірге дейін келді?

3. Жарыстан ең бірінші шығып қалған үшбұрыш түрі.


«Есептеу – білімді еселеу » әдісі

Семантикалық карта

№

а

в

с

р

Үшбұрыштың түрлері

1

6см

7 см

12 см



2

5 см

5 см

5 см



3

11 см

5 см

5 см



4




18 см

Тең қабырғалы

5


10 см


27 см

Тең бүйірлі

6

3 см

17 см


37см



Тест

1. Үшбұрыштың екі қабырғасы 8 см және 17 см, ал периметрі 35 см. Оның үшінші қабырғасы қандай? А.52 см В. 17 см С. 25 см Д. 10 см

2. Үшбұрыштың бір қабырғасы 10 см, периметрі 32 см, ал өзге екі қабырғаларының айырмасы 5 см. Үшбұрыштың қабырғаларын тап. А. 8,5см;13,5см. В. 10,5см ;7,5см. С. 10см ;12см. Д. 8см ;3см.

3. Тең бүйірлі үшбұрыштың екі қабырғасы 7 см және 11 см. Оның үшінші қабырғасын тап. А. 4 см В. 18 см С. 7 см Д. 5 см



4.ΔАВС – тік бұрышты үшбұрыш. Оның С бұрышы тік. Осы үшбұрыштың қай қабырғасы ең үлкен? А. ВС В. АВ С. АС Д. анықтау мүмкін емес

5. Тең қабырғалы үшбұрыштың бір қабырғасы 3,7 см. Периметрін тап. А. 7,4 см В. 3,7 см С. 11,1 см Д. 30 см





Геометриялық фигуралар

микрофон







слайд











































































слайд











Тақтайша,шеге,әр-түрлі жіптер

Сызғыш,

Транспортир,

Маркерлер



























































Үлестірме қағаздар



















Тест парақшалары















Сабақтың соңы

7 минут



































Қорытынды: Үшбұрыш түрлерін талдасақ.

Үйге тапсырма :

Бағалау парағы

№

Оқушының аты

Жаңа тақырып талдау

Таныс-тыру

Тақтайша мен жұмыс

Семантикалық карта

Тест

Қорытынды баға



































Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Тең қабырғалы үшбұрыш-

Тең бүйірлі үшбұрыш

Әр қабырғалы үшбұрыш


Тікбұрышты үшбұрыш – мінезі қатты, алған бетінен қайтпайтын жандар
Әр қабырғалы үшбұрыш – құбылмалы мінезді, тез ойланып тез жауап беретін жандар
Тең бүйірлі үшбұрыш - әрқашан әділдікті қолдайтын жандар
Тең қабырғалы үшбұрыш – сыпайы болуға ұмтылатын жандар


слайд







Бағалау парақшалары















Геометриялық фигуралар



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
















Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік ережелерінің тармақтары




Сабақбойыншарефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.






Жалпы баға



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралыда ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





































Picture 2

Picture 4 Picture 1 Picture 5 Picture 3 Picture 6


Алға аудандық білім бөлімі

№3 Алға қазақ орта мектебі



«Білім беру жолындағы жаңаша бетбұрыс: Ізденіс және тәжірибе...» тақырыбындағы семинар


Ашық сабақ тақырыбы:

«Үшбұрыш түрлері»









Класс: 7 «Г»

Өткізген: Улыкпанова Г.С















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 тамыз
771
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі