400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Үшбұрыш теңсіздігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Үшбұрыш теңсіздігі
Материалдың қысқаша нұсқасы




Үшбұрыш теңсіздігі

Жетісай ауданы,Қ.Дәрімбаев атындағы №41 ЖОМ

Күні: 15.02.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні: Абдихаликова Салиха Сарсенбаенва

Сынып:7 А

Қатысқан оқушы саны: 15

Қатыспаған оқушы саны: -

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.1.1.20 үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғалары арасындағы қатысты білу және есептер шығаруда қолдану;

7.1.3.1 үшбұрыш теңсіздігін білу және қолдану;

Сабақтың мақсаты

Тақырып аясында берілген есептерді шығара алады, яғни теориялық алған білімін практикада қолдана алады.

Жетістік

критерийлері

Оқушылар осы тақырып бойынша білу, түсіну, талдау, қолдану, анализ, синтез ойлау дағдыларын қалыптастыруы тиіс.

Құндылықтарды дамыту

Болашаққа бағдар: Рухани жаңғырудың 6 негізгі бағыты - бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығы, Туған жер бағдарламасы, латын әліпбиіне көшу, «100 жаңа оқулық» аясында патриоттыққа тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Геометрия, тұрмыста қолдана алу

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақста, интернет ресурстары (сайттар, видеолар, есептер), таратпа материалдар, көрнекі-демонстрациялық құралдар, фигуралар

Бастапқы білім


Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқыту ресурстары

Басы 5 минут

Ұйымдастыру сәті

Үй жұмысын тексеру

Математикалық логикалық есептер беру арқылы «Миға шабуыл»
















Негізгі бөлім

Тақырыпты ашу

10 минут



Егер үшбұрыштың бiр бұрышы 90°-қа тең болса, онда бұл үшбұрышты тiк бұрышты үшбұрыш деп атайды. Тiк бұрышқа қарсы жатқан қабырғасы гипотенуза деп, ал өзге екi қабырғалары - катеттерi деп аталады (70-сурет).

Тiк бұрышты үшбұрыштардың бiр ортақ элементi бар - ол тiк бұрышы. Сондықтан тiк бұрышты үшбұрыштар үшiн теңдiк белгiлерiн былай айтуға болады.

  1. белгi: Егер бiр тiк бұрышты үшбұрыштың екi катетi екiншi тiк бұрышты үшбұрыштың екi катетiне тең болса, онда бұл тiк бұрышты үшбұрыштар тең болады.

  2. белгi: Егер бiр тiк бұрышты үшбұрыштың катетi мен оған iргiлес сүйiр бұрышы екiншi тiк бұрышты үшбұрыштың сәйкес катетi мен оған iргелес сүйiр бұрышына тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады.

  3. белгi: Егер бiр тiк бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы мен сүйiр бұрышы екiншi тiк бұрышты үшбұрыштың сәйкес гипотенузасы мен сүйiр бұрышына тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады.


  1. белгi: Егер бiр тiк бұрышты үшбұрыштың катетi мен гипотенузасы екiншi тiк бұрышты үшбұрыштың сәйкес катетi мен гипотенузасына тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады.

Мұнда I белгi үшбұрыштар теңдiгiнiң I белгiсiнiң салдары, I, II белгiлер үшбұрыштар теңдiгiнiң II белгiсiнен шығады. Ал IV белгi §1-дiң 1-мысалында дәлелденген.


В нүктесiнен АС түзуiне дейiнгi қашықтық деп ВС перпендикулярының ұзындығын айтады. Жалпы, екi фигура арасындағы қашықтық деп олардың ең жақын орналасқан

нүктелерiнiң (мұндай нүктелерi бар болса) ара қашықтығын айтады. Мысалы, 72-суретте а және b параллель түзулерiнiң арасындағы қашықтық олардың ортақ

перпендикулярларының ұзындығына тең. 73-суретте С нүктесiнен АВ кесiндiсiне дейiнгi қашықтық ВС кесiндiсiнiң ұзындығына тең.

Алғы сөзде атап өткендей, әдетте, аксиомалардың iс-тәжiрибелiк мәнi бар, яғни аксиомалардың барлығының көрнекiлiк ақиқаттығы бар және күмәнсыз болып келедi. «Аксиома» сөзi гректiң «аксиос» деген сөзiнен шыққан және «құнды, лайықты» деген мағынаны бiлдiредi.

Геометрия дамуының алғашқы кезеңiнде Мысыр елiнде жоғары деңгейде болды. Бiздiң заманымыздан бұрынғы бiрiншi мыңжылдықта геометриялық мәлiметтер мысырлықтардан гректерге ауысты. Бiздiң заманымыздан бұрынғы VII—III ғасырлар аралығында грек ғалымдары өзiнiң атақты «Бастамалар» атты еңбегiнде бiр жүйеге келтiрген. Бұл еңбектерде геометрияның баяндалуы аксиомалар жүйесiне негiзделген. Евклидтiң аксиомалар жүйесi құрамында V постулат болды. Бұл постулаттан оған балама мынадай тұжырым алуға болады: түзуде жатпайтын нүкте арқылы осы түзуге параллель бiр ғана түзу жүргiзуге болады. Осы параллельдiк аксиомасы өзге аксиомалармен салыстырғанда көрнекiлiгi жағынан кем түседi. Айталық, а түзуiнде жатпайтын А нүктесi арқылы а түзуiне параллель b түзуiн жүргiзуге болады. Ендi мынадай сұрақ туындайды: А нүктесi арқылы а түзуiне параллель болатын тағы бiр түзу жүргiзуге бола ма? Бiзге b түзуiн А нүктесi маңында өте кiшi бұрышқа бұрсақ та, шыққан түзу а түзуiн қиып өтетiн сияқты болып көрiнедi (74-сурет).



Көбiнде, V постулат өзiнiң күрделi формада топшылануына байланысты

20 ғасыр бойы көптеген ғалымдарды толғандырып келдi. Бұл ғалымдар V постулатты теорема ретiнде «дәлелдеуге» тырысып бақты. Бiрақ олардың бұл әрекеттерi ылғи да нәтижесiз аяқталып отырды. Тек XIX ғасырда ғана Евклидтiң V постулаты өзге аксиомалар көмегiмен дәлелденбейтiндiгi және ол параллельдiк аксиомасының баламасы екенi дәлелдендi. Осы мәселенi шешу барысында орыстың ғұлама математигi Николай Иванович Лобачевскийдiң (1792—1856) еңбектерi шешушi үлес қосты.









Топпен жұмыс

15 минут





4-мысал. Тiк бұрышты үшбұрыштың 30°-қа тең бұрышына қарсы жатқан катетi гипотенузасының жартысына тең екенiн дәлелдейiк.

Шешуi. АВС үшбұрышында С = 90° және В = 30° болсын. 71-суретте көрсетiлгендей етiп, BCD тiк бұрышты үшбұрышын саламыз. Мұнда CBD = 30°. Онда ABD үшбұрышының барлық бұрыштары 60°-қа тең, яғни ABD тең қабырғалы. АС = 1/2 АD және АD = АВ болғандықтан, AC = 1/2 АВ.

Тағы бiрнеше маңызды ұғымдар енгiзейiк. Егер АВС үшбұрышы тiк бұрышты ( С = 90°) болса, онда ВС катетi АС түзуiне түсiрiлген перпендикуляр болады (71-сурет). АВ гипотенузасын В нүктесiнен АС түзуiне жүргiзiлген көлбеу деп атайды. Ал АС катетiн АВ көлбеуiнiң АС түзуiндегi проекциясы деп атайды. Тiк бұрышы оның өзге бұрыштарынан үлкен болғандықтан, гипотенуза оның кез келген катетiнен үлкен болады. Онда қандай да бiр нүктеден түзуге түсiрiлген перпендикуляр осы нүктеден берiлген түзуге түсiрiлген көлбеуден кiшi болады. Көлбеудiң проекциясы көлбеудiң өзiнен кiшi.


Жұппен жұмыс

10 минут

1. Қандай бұрыштар iшкi тұстас, айқыш бұрыштар деп аталады?

  1. Сәйкес бұрыштар деген қандай бұрыштар?

  2. Параллельдiктiң 3 белгiсiн дәлелдеңдер.

  3. Үшбұрыштың iшкi бұрыштарының қосындысы неге тең?

  4. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы деп ненi айтады?

  5. Тiк бұрышты үшбұрыш деген қандай үшбұрыш? Оның элементтерiн атаңдар.

  6. Тiк бұрышты үшбұрыштар теңдiгiнiң белгiлерiн айтыңдар.

  7. Көлбеу деген не? Проекция деген не? 9. Фигуралардың ара қашықтығы деп ненi түсiнедi?




Соңы

5 минут

Сабақты бекіту

Рефлексия

Қызыл - өзіне сенімді, алдына мақсат қоя білетін жандар

Жасыл – ақ көңіл, табиғатты сүйетін жандар\

Сары – ниеті таза, пейілі кең жомарт жандар

Көк – мейірімді, сенімді, биік армандарды көздейтін жандар

Үйге тапсырма: . а түзуiн сызып, одан тысқары А нүктесiн алыңдар. А нүктесiнен а түзуiне дейiнгi қашықтықты табыңдар.






Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың

материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Саралау іріктелген тапсырмалар, бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету жұмыстары.


Тапсырманы толық дұрыс орындаған оқушыларды марапаттау

Нұсқаулықпен жүргізіледі.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
570
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі