400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"ҮШБҰРЫШТАР"

Материал туралы қысқаша түсінік
геометриялық пішін үшбұрыш туралы ұғымдарын тереңдету; үшбұрышқа сипаттама беру, қоршаған ортадан үшбұрышқа ұқсас заттарды таба білу қабілеттерін арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: Үшбұрыш

Мақсаты: геометриялық пішін үшбұрыш туралы ұғымдарын тереңдету; үшбұрышқа сипаттама беру, қоршаған ортадан үшбұрышқа ұқсас заттарды таба білу қабілеттерін арттыру

Сөздік жұмыс: үшбұрыш – триугольник

Көрнекілік құралдар: геометриялық пішіндер (үшбұрыш, төртбұрыш) және үшбұрыш пішіндес заттар.


Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Балалар шаттық шеңберін орындайды.


Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Достарымды көргенде,

Қуана қарсы аламыз.

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Здраствуйте!

Good morning!


  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс мезгілі

  • Қыс мезгілінде неше ай бар?

  • Үш ай бар.

  • Үш айды атайық?

  • Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.


Ұйымдастырушылық ізденістік

Бүгінгі біздің ашық оқу қызметінің тақырыбы: Үшбұрыш деп аталады.

Бүгін үшбұрыш туралы көбірек білетін боламыз.
Бұл пішін неге үшбұрыш деп аталады, қалай ойлайсыңдар?
Өйткені бұл пішіннің бұрышы үшеу.
Қане санап көрейік: 1,2,3. (бұрыштарын көрсетіп санау)

Үшбұрыштың түсі - қызыл.

Үшбұрышты орысша триугольник деп атаймыз.


Слайдпен жұмыс

Үшбұрышқа тағы қандай заттар ұқсайды екен?

Енді осы үшбұрыш пішіндес заттармен танысайық.

Тәрбиеші балалардан суреттегі заттармен танысып, олардың атауларын атап беруді сұрайды. Суретке қарап заттарды атайды; үйдің шатыры, шырша, сызғыш, орамал, тәрелке, батпырауық т.б

Үшбұрышты пішіндес тағамдарды да атап көрсетейік: самса, ірімшік, пицца т.б.

Ғажайып сәт.

  • Балалар естідіңдер ме?

  • Есікті біреу қағып тұрған сияқты.

  • Бұл кім екен балалар?

  • Сендер оны танисыңдар ма?


Үшбұрыш:

  • Сәлем балалар, халдарың қалай? Мен пішіндер әлемінен келдім. Менің атым үшбұрыш деп аталады.

Тәрбиеші:

  • Ооо, бәрекелді балалар қараңдаршы бізге пішіндер әлемінен үшбұрыш қонаққа келіпті.

Үшбұрыш:

  • Балалар мен жайдан жай келген жоқпын. Сендерге тапсырмалар мен дидактикалық ойындар ала келдім. Менімен бірге тапсырма орындайсыңдар ма?

Балалар: ияя


Тапсырма : «Үшбұрыштың түстерін ажырат»

Шарты: түрлі түсті үшбұрыштарды түстеріне қарай өз ыдысына салу (қызыл, жасыл, сары)

Тәрбиеші: Қане балалар, сендер тапсырманы орындап болсаңдар біз үшбұрыш екеуміз дұрыстығын тексеріп шығайық. (Қарап шығып үшбұрыштардың түстерін сұрау). Балалар сендер тапсырманы жақсы орындап шықтыңдар. Ендеше орнымыздан тұрып, сергіту сәтін орындайық.


Сергіту сәті.

Көк аспанға қараймын (қолды көлегейлеп аспанға қарау)

Кеткен құсты санаймын (саусақпен санау)

Үшбұрыш боп тырналар (үшбұрыш етіп төбесіне қолын ұстау)

Жылы жаққа оралар (қанаттарын қағу)


Тәрбиеші: Үшбұрыш балалардың орындаған тапсырмалары саған ұнады ма?

Үшбұрыш: Әрине, балалар өте ақылды, алғыр екен. Енді мен балалардан көмек сұрағым келіп тұр. Күн болса суық, мен құстарға арнап үйшік жасаған едім. Бірақ бізде құстар өте көп. Олар тоңып қалады деп уайымдап тұрмын.

Тәрбиеші: Балалар, біз үшбұрышқа құстарға арнап үйшік жасап көмектесеміз бе?

Балалар: Әрине.

Тәрбиеші: ендеше үшбұрыштың уақытының аздығына байланысты, біз ұяны күннің екінші жартысында жасаймыз. Ал, қазір дайындық ретінде дидактикалық ойын ойнап жіберейік.

Дидактикалық ойын: «Пішіндерден құстарға ұя жасау»

Ойын барысы: Дьенеш технологиясын пайдалану арқылы, құстарға төртбұрышты және үшбұрышты пішіндерді құрастыра отырып, үйшік жасау.


Үшбұрыш: Жарайсыңдар, балалар! Енді құстар қыста тоңбайтын болды. Сендерге рахмеет! Енді менің кететін уақытым болды. Күннің екінші жартысында кездескенше, балалар, сау болыңдар!

Тәрбиеші: Ал, балалар олай болса бәріміз үшбұрышпен қоштасайық.


Рефлекциялық- түзетушілік

Қорытындылау

Тақырыпты бекіту мақсатында сұрақтар қою:

  • Балалар, бұл қандай пішін?

  • Үшбұрыш

  • Неге оны үшбұрыш деп атаймыз?

  • 3 бұрышы болғандықтан

  • Түсі қандай?

  • Қызыл

  • Үшбұрышты орысша қалай атаймыз?

  • Триугольник

  • Қонаққа кім келді?

  • Пішіндер әлемінен үшбұрыш келді

  • Үшбұрыш қандай тапсырмалар алып келді?

  • Үшбұрыштың түстерін ажырату

  • Құстарға не жасап бердіңдер?

  • Үйшік

  • Үйшік жасаған сендерге ұнады ма?

  • Ияя


Тәрбиеші: Өте жақсы балалар!

Балаларды мақтау, мадақтау.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: үшбұрыштарды танып, түрін, түсін атай алады.

Игереді: геометриялық пішіндерді салыстырып айырмашылықтарын табуды.

Меңгереді: айнала қоршаған ортадан үшбұрышқа ұқсас заттарды табуды. Үшбұрыштардан әртүрлі заттар құрастыруды.                



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
439
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі