|
Сабақтың
ортасы
|
Жаңа сабақ
түсіндіру.
Үшбұрыштар теңдігінің бірінші
белгісі
Теорема. Егер бір үшбұрыштың екі
қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес
екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышына тең болса, онда бұл
үшбұрыштар тең болады.
Берілгені:
∆ABC,
∆A1B1C1:
AB = A1B1;
AC = A1C1;
∠A = ∠A1.
Дәлелдеу керек:
∆ABC = ∆A1B1C1.

Дәлелдеу.
∠A =∠A1 болғандықтан, A төбесі A1 төбесімен сәйкес келетіндей,
ал AB қабырғасы A1B1 сәулесінде, AC қабырғасы A1C1 сәулесінде жататындай
етіп, ABC үшбұрышын A1B1C1 үшбұрышымен беттестіруге болады. Теорема
шарты бойынша
AB =A1B1 және AC = A1C1
болғандықтан, AB қабырғасы A1B1 қабырғасымен, ал AC қабырғасы A1C1 қабырғасымен
беттесіп, B мен B1, C мен C1 нүктелері бір-бірімен дәл келеді.
Демек, BC мен B1C1 қабырғалары да беттеседі.
Сонымен, ABC және A1B1C1 үшбұрыштары толығымен беттеседі, яғни олар
тең.
Теорема
дәлелденді.
Бұл
теорема үшбұрыштардың екі қабырғасы мен олардың арасындағы
бұрышы бойынша теңдік белгісі деп те
аталады.
Тапсырмалар
1. АВС және MNG үшбұрыштары
тең. Егер AB=10 см. NG=8 см. MG=15 см болса, АC, BC,MN қабырғалары
неге тең ?
2.
∆АВС=∆А1В1С1. Егер АВС үшбұрышының
қабырғалары 4 см, 10 см және 12 см болса,онда бойынша
∆А1В1С1
үшбұрышының периметрі неге тең ?
3. А,В,С және Д нүктелері бір
түзудің бойында жатады. Егер АВЕ1
және
АВЕ2
үшбұрыштары тең болса, онда
СДЕ1
және
СДЕ2
үшбұрыштары тең екендігін
дәлелдеңдер
4. ∆EFL=∆PQM екені белгілі. PQ=4,5cm, QM=7cm,
MP=8,5cm болса, EFL үшбұрышының периметрі қандай
болады.
Күрделі деңгей
тапсырмалары:
№1.
Суретте
көрсетілгендей ойыншық шырша жасау үшін оның жиегіне жарықдиодты
таспа қолданылады.

∠1 =
∠2, AO = OC, AB = 21 см, CO = 7 см.
Егер жарықдиодты тастпаның 1 метрі 421 тг
болса, дәл осындай 7 шырша
жасау үшін неше
сантиметр жарықдиодты
таспа сатып
алу керек?
Қажетті жарықдиодты таспаның
құны қанша?
№2.
Суретте MNK бұрышының
қабырғаларындағы NS және NT кесінділері
тең. O – осы бұрыштың
биссектрисасының бойындағы кез келген
нүкте. SO кесіндісінің
ұзындығы 16 см-ге, NT кесіндісінің
ұзындығы 75 дм-ге тең. NSOT төртбұрышының периметрі
неше сантиметрге тең?

№3.
Екі
турист аса үлкен емес көлдің енін өлшеу үшін көлдің қарама-қарсы
екі жағасынан A және B нүктелерін
белгіледі.

A және B нүктелеріне дейінгі
арақашықтықты өлшеуге болатындай және осы нүктелердің екеуін де
көре алатындай етіп C нүктесін
белгіледі. AC және BC түзулерін C нүктесінен асыра
созып, AC = DC және BC = EC болатындай E және D нүктелерін белгіледі.
Төмендегі кесінділердің қайсысының ұзындығы көлдің еніне
тең?
|
Алдыңғы сабақта алған
білімдерін еске түсіреді.
Мысалдарды
жазады.
Тапсырмаларды өз бетінше
орындайды
Деңгейлік тапсырмалар
орындайды
|
Мақтау, мадақтау әдісі арқылы
бағаланады.
Әр дұрыс жауапқа 1 балл
беріледі
Балл деңгейіне қарап
беріледі.
Тапсырмаларды
«Бағалау ағашы» әдісімен
бағалаймын
|
|