жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Үшбұрыштың биссектрисасы, медианасы және биіктігі.
Қысқа мерзімді жоспар.
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7. 2 А Үшбұрыштар. Күні Сынып:7 |
Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Үшбұрыштың биссектрисасы, медианасы және биіктігі. |
|||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
7.3.1.12 Үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігі анықтамаларын білу және оларды салу; 7.3.1.14 Тең қабырғалы, тең бүйірлі, тік бұрышты үшбұрыштардың элементтерін білу; 7.3.1.15 Сүйір бұрышты, доғал бұрышты және тік бұрышты үшбұрыштың биіктіктерінің орналасуын салыстыру; |
|||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Барлығы: -Үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігі анықтамаларын білу және оларды салу; -Тең қабырғалы, тең бүйірлі, тік бұрышты үшбұрыштардың элементтерін біледі; -Үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігін сала алады; Оқушылардың басым бөлігі: - Тең қабырғалы, тең бүйірлі, тік бұрышты үшбұрыштардың элементтерін біледі; -Үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігін сала алады; Кейбір оқушылар: -Сүйір бұрышты, доғал бұрышты және тік бұрышты үшбұрыштың биіктіктерінің орналасуын салыстыра алады. |
|||||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
1. Үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігі анықтамаларын біледі және оларды салады; 2. Тең қабырғалы, тең бүйірлі, тік бұрышты үшбұрыштардың элементтерін біледі; 3. Сүйір бұрышты, доғал бұрышты және тік бұрышты үшбұрыштың биіктіктерінің орналасуын салыстырады; |
|||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Кесінді-kesindiБұрыш –ugolПерпендикуляр- perpendikulyar Үшбұрыш – treugol/nikСызғыш – lineyka Диалог пен жазу сөздер үшін пайдалы мен тіркестер: Үшбұрыштың биіктігі деп оның төбесінен қарсы жатқан қабырғасы арқылы өтетін түзуге түсірілген перпендикулярды атайды. |
|||||||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Ынтымақтастық дағдысын қалыптастыру, қарым-қатынас орнатуда сыни тұрғыдан ойлайды. |
|||||||||||||||||
|
Пəнаралық байланыс |
Сызу, ағылшын. |
|||||||||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта. |
|||||||||||||||||
|
Алдыңғы білім |
Кесінді, үшбұрыш, үшбұрыштың түрлері. |
|||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 2 мин 4 мин |
Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың сабаққа қатысы мен дайындығын қадағалау. Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру. Үйге берілген тапсырманы «Оқы, жұптас» әдісі арқылы тексеру. Үшбұрыштың түрлерінің суреттерін құрастыру арқылы топқа бөлу. Оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтауға көңіл бөлу. «Ой-толғау» әдісі. Бүгінгі өтетін тақырыбымызға байланысты үшбұрыш,үшбұрыштың түрлері ұғымдарды ауызша қайталаймыз.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. |
Слайд
Суреттер.
Слайдтар |
||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы (15 мин)
8 мин
2 мин 7 мин
|
Үшбұрыштың биіктігі деп оның төбесінен қарсы жатқан қабырғасы арқылы өтетін түзуге түсірілген перпендикулярды атайды. Үшбұрыштың берілген төбесінен жүргізілген биссектрисасы деп осы төбесіндегі бұрыш биссектрисасының қарсы жатқан қабырғасымен шектелетін кесіндіні атайды. Үшбұрыштың берілген төбесінен жүргізілген медианасы деп осы төбені қарсы жатқан қабырғасының ортасымен қосатын кесіндіні айтады. Бүгінгі үшбұрыштың биссектрисасы, медианасы, биіктігі және есептері туралы не үйренгендерін білу үшін «Кластер» әдісін пайдаланамын. (Топпен жұмыс) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Ең алдымен жеке жұмыс істейді. Сосын жұппен талқылайды. Соңында топпен бөліседі. Есептер орындайды. 1 тапсырма: АР=AQ және BP=BQ теңдіктері орындалатындай болып, AB және PQ кесінділері қиылысады. АВ сәулесі PAQ бұрышының биссектрисасы болатынын дәлелдеңдер. 2 тапсырма: АВС үшбұрышында AB=BC, BD-биссектриса. Егер А төбесіндегі сыртқы бұрышы 1300 қа тең болса, онда ВСА бұрышын табыңдар.
Сергіту сәті. «От шашу» әдісі. «Кім жылдам?» әдісі. Жеке жұмыс. 1 тапсырма: АВС үшбұрышында AB=BC, BD-биссектриса. Егер АВ = 5 см, АD=2см болса, онда АВС үшбұрышының периметрін табыңдар 2 тапсырма: Табаны ВС болатын АВС тең бүйірлі үшбұрышының медианасы АN. Егер АВС үшбұрышының периметрі 24 см болса, онда AN ді табыңдар.
|
|
||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы
4 мин
1 мин
2 мин |
«Асық алу» әдісі арқылы сабақты қорытындылаймыз. Асықтарда төмендегідей сұрақтар қамтылған.
Үйге тапсырма: Егер үшбұрыштың медианасы әрі биіктігі болса, онда осы үшбұрыштың тең бүйірлі болатынын дәлелдеңдер. Кері байланыс «БББ» әдісі бойынша. Білемін: Білдім: Білгім келеді? |
Стикерлер |
||||||||||||||||
|
Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз. |
Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау |
|
|||||||||||||||
|
Қабілеті жоғары оқушыларға күрделілігі жоғары есептер беремін. |
Жұптық, топтық, жеке жұмысты орындау барысында бағалау критерилері бойынша критериалды бағалау |
Сергіту сәттері, техника қауіпсіздік ережесін сақтау. |
|
|||||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия |
|
|||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен |
|
|||||||||||||||||
|
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет? |
||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген