Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктіктігі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім мазмұнын жаңарту. Жаңа форматпен жасақталған. жетінші сыныпқа сабақ беретін ұстаздар қауымы өзіне жүктеп немесе осында қарай алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.2В Үшбұрыштар

Мектеп: «№1 жалпы білім беру орта мектеп»ММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Тажибенова Маржан

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктіктігі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты

Оқушылар:

7.3.2.6 үшбұрыш медианасының, биссектрисасының, биіктігінің, орта перпендикулярының, орта сызығының анықтамаларын біледі және оларды кескіндей алады;

Сабақ мақсаттары

  1. Үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктіктігі ұғымдарын меңгерту;

  2. Үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктіктігін салу дағдысын қалыптастыру.

Бағалау критерийлері

  • Оқушы үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктіктігі дегеніміз не екенін біледі.

  • Кез келген үшбұрыштың медианасын, биссектрисасын, биіктіктігін салады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- есептің шығару жолын түсіндіре алады;

- бөлімнің ұғымдары мен терминдерін түсінеді және қолданады;

Құндылықтарды дарыту



Оқушыларда өз бетімен жұмыс істеу мәдениетін дамыту, ұйымшылдыққа үйрету, бірін-бірі сыйлау.

Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет

Оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу

Пәнаралық байланыстар

информатика, графика

Бастапқы білім


Алғашқы геометриялық мәліметтер: нүкте, түзу, кесінді, бұрыш, перпендикуляр түзулер.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар




















Ынтымақтық ахуал туғызу.

шаттық шеңберін құру

Үй тапсырмасын тексеру:

Маша и аю ойыны

Шындық болса аю жалған болса Машаны көтереді























ТОПҚА БӨЛУ: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында, картокаларға әр түрлі үшбұрыштар сызылып оларға биіктік, медиана және биссектрисалары салынады 1-топқа биіктігі салынған үшбұрыштар. 2-топқа медианасы. 3-топқа биіктігі салынғандар отырады

Жаңа материалмен жұмыс

Өздігімен оқу, іздену

1топ – үшбұрыштың биіктігі

2топ – үшбұрыштың медианасы

3топ–үшбұрыштың биссектрисасы

(берілген тақырыптарды өздігімен оқып, топта талқылайды. Әр топтың бір мүшесі ортаға шығып түсіндіреді)

Түсіндіріп болған соң әр топқа 2 парақтан беріледі сол параққа өздерінің тақырыптарынан көрші топтарға 5 сұрақ қояды. Бір бірін қаншалықты тыңдағандығын байқаймыз.

Практикалық жұмыс: «Қарапайымнан күрделіге» - қағидасына сүйене топтық жұмыс орындатамын.

1-тапсырма : №124 есеп

AP=AQ және BP=BQ теңдіктері орындалатындай

болып, AB және PQ кесінділері қиылысады. AB сәулесі PAQ

бұрышының биссектрисасы болатынын дәлелдеңдер.

Шешуі: PAQ да P және Q нүктелерінен А және В нүктелері бірдей қашықтықта жатыр. Сондықтан АВ сәулесі PAQ бұрышының биссектрисасы болады

131 есеп

Табаны ВС болатын АВС тең бүйірлі үшбұрыштың медианасы

AN. Егер АВС үшбұрышының периметрі 32 см, ал АВN үшбұрышының

Периметрі 24 см болса, онда AN – ді табыңдар.

Шешуі: АВ+BN=32/2=16 см, ал AB+BN+AN=24. Бұдан, AN=24-16=8. Жауабы: 8 см.

Дескриптор: Білім алушы

  1. Оқушы үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктіктігі анықтамаларын біледі.

  2. Кез келген үшбұрыштың медианасын, биссектрисасын, биіктіктігін салады

Проблемалық сұрақ:

  1. Бірнеше үшбұрышта медиана, биіктік, биссектриса сыздық.Қандай салдар шығаруға болады?

  2. Тік бұрышты үшбұрыштың биіктіктері туралы не айтуға болады?

Қорытындылау

І нұсқа Сәйкесткедіру ІІ нұсқа тест тапсырмасы

Халықаралық атаулары

Анықтамасы

Тең бүйірлі үшбұрыш

Барлық  қабырғалары тең үшбұрыш

Медиана

Төбесінен қарсы жатқан қабырғасы арқылы өтетін түзуге түсірілген  перпендикуляр

Биіктік

Төбені қарсы жатқан қабырғасының  ортасымен  қосатын кесінді

Биссектриса

Төбедегі бұрыш биссектрисасының  қарсы жатқан қабырғасымен шектелетін кесінді

Тең қабырғалы үшбұрыш

Екі қабырғасы тең үшбұрыш

Блиц тест

Барлық  қабырғалары тең үшбұрыш

  1. Тең қабырғалы

  2. Тең бүйірлі

  3. Әртүрлі қабырғалы

Төбесінен қарсы жатқан қабырғасы арқылы өтетін түзуге түсірілген  перпендикуляр

  1. Биіктік

  2. Медиана

  3. Биссектриса

Төбені қарсы жатқан қабырғасының  ортасымен  қосатын кесінді

  1. Биіктік

  2. Медиана

  3. Биссектриса

Төбедегі бұрыш биссектрисасының  қарсы жатқан қабырғасымен шектелетін кесінді

  1. Биіктік

  2. Медиана

  3. Биссектриса

Екі қабырғасы тең үшбұрыш

  1. Тең қабырғалы

  2. Тең бүйірлі

  3. Әртүрлі қабырғалы



Презентация







http://LearningApps.org/watch?v=pkrw36waj17


Презентация


Презентация




Презентация

А4 форматты ақ парақ



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Топқа бөлуде мен физикамен пән аралық байланысты қолдану мақсатында «Атомдар» тәсілін қолдандым. Теория түсінуде «Постер» әдісін қолдандым. Оқушылардың болашақта таныстырылым уақытында өзін еркін сезініп, өзіне деген сенімділігін арттыру мақсатында. Одан соң жұптық жұмыс және жеке тапсырмалар бердім.

Оқушылардың сабақты қалай игергендігін конструктивті кері байланыс жасау, критериалды бағалау және «Бағалау терезесі» әдісі арқылы не үйренгендігін, өзін бағалап, не үйренгісі келетінін айқын көре аламын.

  • Сынып бөлмесі желдетіп алынады, көзге арналған жаттығу жасалады.

  • Топқа бөлген уақытта оқушылардың әр түрлі жұмыс түрлерін орындауда еркін қозғалуына жағдай жасаймын.

  • Сынып бөлмесінің жарықтылығын қадағалаймын.

  • Интербелсенді тақтаны белгіленген уақыттан артық қолданбауды ескеремін.

Сабақ бойынша рефлексия


Жалпы бағалау.

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
1131
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11