400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұшқан ұя 4-сынып Әдебиеттік оқу

Материал туралы қысқаша түсінік
Б.Момышұлының "Ұшқан ұя" мәтінінің сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы. Ұшқан ұя

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Батырдың балалық шағы немесежалпы ол туралы не білетіндерін ескере отырып, мәтінді өз бетімен оқып, талдап шығуға мүмкіндік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың тіл белсенділігін арттыру, ойлау ойын білдіру, есте сақтау қабілеттерін және оқу мен жазу мәдениетін дамыту

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, батыл да төзімді болуға тәрбиелеу. Ата тегін біле отырып, ел нысанасын қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу.

Түрі: Аралас сабақ.

Әдістері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, ой қозғау, Венн диаграммасы, топтастыру, түртіп алу, бес жолды өлең құрастыру.

Көрнекілігі: Б. Момышұлының шығармалары және ол туралы кітаптар, Б. Момышұлының әр жастағы суреттерінің жиыны, автор орындығы.

САБАҚ БАРЫСЫ

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау «Кішіпейілділік».

  • «Кішіпейілділік» ұғымын қалай түсінесіңдер?

  • Ол туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

  • М.Ғабдуллин кім?

  • М.Әуезов кім?

ІІІ. Жаңа сабақ

Біз бүгінгі сабақ барысында «Жарық жұлдыздар» бөлігінен тағы бір қазақтың ардақты ұлы туралы оқып танысамыз. Ол үшін алдымен екі нұсқаға бөліп, мына жұмысты орындайық.

А) Ой шақыру

(Топтастыру). І нұсқа-Отбасы. ІІ нұсқа- Соғыс.

- Мына сөздерді айтқанда сендердің ойларына тағы қандай сөздер келеді?

-Иә,балалар, жақсы адамдар жанымызда жүргенде олардың жақсылығы айтылмай, мүлде байқалмай да қалуы мүмкін.

-Ұлы Отан соғысында қаншама аға-апаларымық біз үшін, біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жандарын құрбан етті, ерлікпен қаза тапты. Мысалы, сендер қандай қазақтың батырларын білесіңдер?

-Алдарыңдағы қағаздарға білетін батырларыңның атын жазып, сол кісілердің құрметіне мына ескерткіш тақтаға аттарын іліңдер.

- Ендеше бүгінгі сабақта неміс – фашист басқыншаларымен болған соғысқа қатысып, елін,жерін, Отанын қорғаған, әділдік пен шындықтан соғылған алмас семсер

Б. Момышұлы туралы өзінің жазған «Ұшқан ұя» әңгімесімен оқып танысамыз.


Плакатқа «Білемін. Білгім келеді. Не үйрендім?» кестесі ілінеді.

  • - Батыр туралы не білеміз?

  • -Бауыржан ата туралы тағы не білгілерің келеді?

-Ендеше, біз бүгін батырдың балалық шағы туралы өзі жазған естелігін оқимыз.


Б. Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келген (Отбасы, балалық шағы туралы шағын кіріспе әңгіме айту, суреттерін көрсету).


Ә) Оқулықпен жұмыс.


Әңгімені оқығанда «түртіп алу» әдісі бойынша қарындаштарынды алып, өздерің үшін түсініксіз, жаңа сөздерді белгілеп отырындар. (Ол сөзді – білетін оқушы немесе мұғалім түсіндіреді).

Сөздік жұмысы:

Айттыру– құда түсін, қыз алып беру;

баба-арғы ата;

Бата жөні өзіңдікі-батаны өзің бергенің жөн.

Мәтінді бөлімдерге бөліп оқыту, әр бөлімге ат қою.

  1. Бауыржанның атасы мен әжесі

  2. Бауыржанның әкесі мен шешесі

  3. Батырдың дүниеге келуі

  4. Бабаның батасы

Тапсырма:

  • Мәтіндегі кейіпкерлер портреттерін тауып оқы.

  • Мәтіндегі «бата беру бөні» туралы қариялар сөзінен не байқадың?

  • Имаш атасының батасы Бауыржанға қабыл болғанын бір сөйлеммен қорытындылап жаз.



Батыр атамыз Б.Момышұлы жеке басы ойшылдығымен, отаншылдығымен, ұлтжандылығымен, қаһармандығымен, дарындылығымен, жоғары адамгершілік қасиеттерімен елеулі.

Б.Момышұлы соғысты өз көзімен көрген жазушы. Соғыста 207 рет шабуылға шығып, бірнеше рет жараланып тірі қалған.

Батырдың өзі сегіз қырлы, бір сырлы болғандықтан , бар білгенін өсиет ретінле нақыл сөз, әңгіме түрінде кейінгі ұрпаққа жазып қалдырған.

Сергіту сәті (Оқушыларға Б.Момышұлының нақыл сөздерін оқыту)

Б.Момышұлының нақыл сөздері

Ердің туы –намыс

Қара бет болып қашқанша,

Қайрат көрсетіп өлген артық.

Қырағының өзі де, көзі де батыр.

Б.Момышұлының шығармалары

Ұшқан ұя

Москва үшін шайқас

Жауынгердің тұлғасы

Майдан

Майдандағы кездесулер

Генерал Панфилов

Төлеген Тоқтаров

Куба әсерлері

Адам қайраты

Елбасына күн туса

Психология войны



Б. Момышұлының мақалдарының мағынасын түсіндіру.

1. Тексізден тезек артық, Арсыздан айуан артық.

2. Намысты нанға сатпа.

3. Тізе бүгіп, тірі жүргеннен,

Тік тұрып өлген артық.


Сабақты қорыту

Кім? – Бауыржан.

Қандай? – Адал,шыншыл,ер,батыр,ұят жанды, қайсар, жігерлі.

Не істеді? - Елі, жері үшін соғысты, ерлік.

Кім үшін? – Отаны, елі үшін, біз үшін жасады.


«Бес жолды өлең» әдісі.

Оқушыларға өлең құрату.

-Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Қандай жарық жұлдызбен таныстыңдар?

-Мен сабақты Бауыржан атаға арналған мына бір өлең шумағымен аяқтағым келіп отыр:

Қазақтың сүт бетіндей қаймағы бар,

Өзіндік парасатты байламы бар.

Баукеңнің ерліктері өз алдына,

Елгеайтқан әр сөзінің айғағы бар.

Батыр, батыл, кемеңгер, кемел бабам,

Болмайды ешқашанда төмен бағаң.

Талай жыл, талай ғасыр өтсе дағы

Ерлігіңді ұмытпас келер қоғам.



Үйге тапсырма

Мәтіннің мазмұнын әңгімелеу. «Батырдың сағынышты әңгімесі» тақырыбында эссе жазу.



Бағалау.

















































Бауыржан Момышұлының шығармалары :



  • Ұшқан ұя

  • Москва үшін шайқас

  • Жауынгердің тұлғасы

  • Майдан

  • Майдандағы кездесулер

  • Генерал Панфилов

  • Төлеген Тоқтаров

  • Куба әсерлері

  • Адам қайраты

  • Елбасына күн туса

  • Психология войны



Отбасы

Бибіжамал Мұқанқызы Момышкеліні - әйелі



Бақытжан Момышұлы-

ұлы



Зейнеп Ахметова - келіні













Наградалары



Соғыс кезінде:

«Қызыл ту» ордені

«Москваны қорғағаны үшін»орден

«Қызыл жұлдыз» ордені 2 рет



Соғыстан кейін:

«Еңбек қызыл ту» ордені

«Құрмет белгісі» ордені

«Кеңес одағының батыры»

2000 жылы «Ғасыр адамы» деп

танылды































Shape6 Shape2 Shape5 Shape4 Shape3





Shape9 Shape8 Shape7



Shape10

Бауыржан

Момышұлы





Shape11 Shape12

Shape15 Shape17 Shape18 Shape16 Shape13 Shape14

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1775
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі