Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ұсқынсыз үйрек" ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
балалардың мейірімділік, төзімділік және өзін-өзі қабылдау сияқты адамгершілік қасиеттерін дамыту, әр баланың ерекше екенін түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімнің аты- жөні:

Атраубаева Б.К


Ресурстар


Күні:

10.04.2026ж

Сынып: 2 Б

Қатысушылар саны: 16

Қатыспағандар саны:0























































Интербелсенді тақта



Интернетке тәуелділік













Picture 2






























Интербелсенді тақта/ компьютер





Picture 10











































Қойылымның тақырыбы:

Ұсқынсыз үйрек. Г.Х.Андерсон

Құндылық


«Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік айы»

Мақсаттары:


балалардың мейірімділік, төзімділік және өзін-өзі қабылдау сияқты адамгершілік қасиеттерін дамыту, әр баланың ерекше екенін түсіндіру.

• Балаларды бір-бірін кемсітпеуге, сыйлауға тәрбиелеу

• Өз-өзіне сенімділікті қалыптастыру

• Қиындыққа мойымай, сабырлы болуға үйрету

• Жақсылық пен жамандықты ажырата білуге баулу

• Эстетикалық талғамын, сахналық мәдениетін дамыту

Міндеттері:

Танымдық: өзгешелікті қабылдау, мейірімділік пен түсіністік құндылықтарын қалыптастыру.

Әлеуметтік: командада жұмыс істеу, жауапкершілік пен бір-біріне көмектесу дағдыларын шыңдау.

Коммуникативтік: сахнада сөйлеу мәдениеті, дикция мен эмоцияны жеткізу қабілетін дамыту.

Шығармашылық-техникалық: костюм, реквизит, музыкалық элементтер арқылы өнер үйлестіру тәжірибесін беру.

Өзін-өзі бағалау: қорқыныш пен сенім мәселелерін жеңу, өзін көрсетуге дайындық.

Апта дәйексөзі


«Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап»

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Алғашқы сөз (кезең)























Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі






























































Соңы(бекіту)

Рөлдер:

Автор- Амир

Ана үйрек -Айзере

Ұсқынсыз үйрек- Томирис

Үйрек 1 -Әлім

Үйрек 2- Аймекен

Үйрек 3- Әмірбек

Үйрек 4- Айша

Аққу 1- Фариза

Аққу 2 – Адия

Мысық- Мұстафа

Тауық-Асылай

Кәрі үйрек- Азамат

Қатыгез үйрек- Нұрислам

1 құс- Нұрдәулет

2 құс- Төребек

3 құс- Алихан


Автор 1 сөзі: Тұнық та терең көлдің жағасында ескі үй бар еді. Үйдің айналасын қалың ши басқан. Сол шидің арасында бір үйрек көптен бері жұмыртқа басып отырған болатын. Бір күні балапандар бірінен соң бірі жұмыртқаны жарып шыға бастады.


Автор 2 сөзі: тар жерден шыққан балапандар анасын айналып жүгіре жөнелді.


Автор 3 сөзі: Жұмыртқаның қаншасы жарылып, қаншасы әлі жарылмағанын білмек боп, аяғын көтеріп қарап еді, бір үлкен жұмыртқа қалған екен. Үйрек амалсыз жұмыртқаның үстіне қайта отыра кетті.

Осы кезде бір кәрі үйрек жанына келді:


Автор 4 сөзі: Сол сәт үлкен жұмыртқа жарылып, балапанның шиқылдаған үні естілді. Кәрі үйрек балапанға әрлі-бері қарап:



Автор 5 сөзі: Балапан расында ұсқынсыз еді. Жемді көбірек жегендіктен басқа балапандарға қарағанда тез өсіп кетті және ебедейсіздеу болды. Бауырлары да онымен ойнағысы келмеді. Ұсқынсыз балапан қатты қамығып, өзін жалғыз сезінді. Анасы оны жұбатпақ болды:




Автор 6 сөзі: Келесі күні ауа райы сондай тамаша болды. Үйрек балапандарын көлге ертіп әкеліп, жүзуді, сүңгуді үйрете бастады. Балапандар анасының істегендерін қайталап, жүзсе жүзді, сүңгісе, олар да сүңгіді. Ұсқынсыз балапан да ешқайсынан қалысқан жоқ.






Автор 7 сөзі: Құс ауласына келгенде, бір үйрек ұсқынсыз балапанды мойнынан тұмсығымен тістеп алды.



Автор 8 сөзі: Ауладағы құстар ұсқынсыз балапанды біресе итеріп жіберіп, жол бермей, енді бірде қорқытып, күн көрсетпейтін болды. Әсіресе, бір қораз байғұс балапанды олай өтсе де, былай өтсе де шоқып, денесін қанатып, маза бермеді. Бұл қорлыққа төзе алмаған байғұс балапан ақыры ауладан қашып кетті


Автор 9 сөзі: ол, сазда екі күн бойы тапжылмай отырды. Үшінші күні оның жанына ұшуды енді ғана үйреніп жүрген жабайы балапан-үйрек ұшып келді.


Автор 10 сөзі: Балапан бұл жерде де қалуға болмайтынын түсінді. Арада біраз уақыт өтті. Ұсқынсыз балапан жалғыздықтан жалығып, жазық даламен тоқтаусыз жүгіріп отырды. Алдынан кездескен ескі үйдің тесігінен кіріп, құлай кетті. Ол үйде кәрі кемпір тұрады. Оның тауықтары мен мысығы бар болатын.


Автор 11 сөзі: Осы кезде есік айқара ашылып, ішке таза ауа кірді. Сыртта күн жарқырап тұр екен.


Автор 12 сөзі: Үйден шығып, өзенге қарай жүгіре жөнелген балапан жүзіп, сүңгіп, әбден мауқын басты. Жаз өтіп, күз келді. Жел тұрып, жапырақтар сарғайып түсе бастады. Байғұс балапан суықтан тоңайын деді. Бірде орман жақтан мойны ұзын, аппақ қардай әдемі құстар ұшып шықты. Бұл жылы жаққа бет алған аққулар болатын. Ұсқынсыз балапан соңдарынан ергісі келіп, қанаттарын жайып, бір түрлі дыбыс шығарды. Бірақ қанша талпынса да ұша алмай, суға құлай берді. Көп ұзамай борандатып қыс та келді. Балапан жүзіп жүрген көл бірте-бірте мұзға айналды.


Автор 13 сөзі: Осылайша талай қорлық пен азапты өткерген балапан қыстан аман шығады. Күн жылып, қар еріп, көктем келеді. Көлге неше түрлі құстар ұшып келе бастайды. Қыстай қамыс арасын паналаған ұсқынсыз балапан да қанатын жайып жіберіп, көлге ұшып шығады. Өзінің қанаттары қатайып өскен екен. Кенет ол көл бетінде жүзіп жүрген аппақ, әдемі құстарды көреді. Бұл өткен күзде соңдарынан еріп ұшып кеткісі келген аққулар еді. Оның сол құстардың қасына барғысы келеді. Бірақ өзінің ұсқынсыз түрі есіне түсіп, «тұмсықтарымен шоқып, өлтіріп тастар» деп мұңайды. Ары ойлап, бері ойланады:

Автор 14 сөзі: Сол кезде ол өзінің судағы бейнесін көреді.



Автор 15 сөзі: Бұл да сұлу аққулардан айнымай қалыпты. Тіпті де ұсқынсыз емес, керісінше, сондай әдемі, аппақ екен. Өзіне қайта-қайта қарап, қатты қуанған ол, осы уақытқа дейін көрген қорлықтарын ұмытып кетеді. Ал өзге аққулар қасына келіп, оны тұмсықтарымен аймалай бастайды.


Автор 15 сөзі: Жағада жүрген басқа құстар бұларға қызыға қарайды.



Автор: Барлық аққулар жаңа келген аққуға бастарын иеді. Ал «ұсқынсыз үйрек балапаны» атанып келген құс ұялғандай, қанатымен бетін бүркеді. Енді оған барлығы сүйсіне, қызыға қарауда.






Финал (барлық кейіпкерлер сахнада) (Көпшілік бірге ән айтады:



Эпилог (ананың сөзі) Ана үйрек: «Маңыздысы — жүректің жылулығы. Өмірде әркімнің орны, әркімнің күші бар.»


















Үйрек балапан 1: – Пи, пи, пи, қандай кең жер!







Үйрек ана 1 сөзі: – Сендер әлі көп нәрсені көрген жоқсыңдар, «өзім де осы маңайдан басқа еш жерді көрмеген екем-ау» .



Кәрі үйрек 1 сөзі: – Бұл күрке тауықтың жұмыртқасы болуы мүмкін. Оны таста да, өз балапандарыңа ие бол.

Үйрек ана 2 сөзі: – Осынша уақыт бастым ғой, сәл шыдайын, – деді үйрек.

Кәрі үйрек 2 сөзі: – Өзің біл ендеше ( кәрі үйрек кетіп қалды.)


Кәрі үйрек 3 сөзі: – Қандай ұсқынсыз өзі, расында да күрке тауықтың балапаны болды ғой, басқа балапандарға еш ұқсамайды.

Үйрек ана 3 сөзі: «Түк түсінсем бұйырмасын, мына ұсқынсыз балапан шынында менікі болғаны ма?» (деп ойлады үйрек-ана да соңғы туған балапанына қарап.)


Үйрек ана 4 сөзі: – Кішкентайым-ау, сен неліктен мұндай болдың екен, қалайша басқаларға ұқсамайсың?

Ұсқынсыз үйрек 1 сөзі:– Ешкім мені жақсы көрмейді, бәрі мені ызаландырады. Неге мен бауырларыма ұқсамаймын? (қайғырды ол) .


Үйрек ана 5 сөзі: -«Күрке тауықтың емес, өзімнің-ақ балапаным сияқты ғой, қарашы, өзгелермен бірдей жүзіп жүр»


Үйрек ана 6 сөзі:– Қане, маған қарай жүз.

Үйрек ана 7 сөзі: – Балалар, біз қазір құстардың ауласына барамыз. Менен алыстап кетпеңдер, –

Үйрек ана 8 сөзі: – Мұның не? Ол саған ештеңе істеген жоқ қой!

Қатыгез үйрек: – Ол ұсқынсыз әрі қолапайсыз! Басқа балапандарыңның бәрі өте сүйкімді. Ал мына балапаның маған ұнамайды.

Ұсқынсыз үйрек 2 сөзі: «Осы жерде қалып, шалшық суды ішсем де күнімді көрермін»

Жабайы үйрек: – Бізбен дос болсаңшы, өзің бір күлкілі екенсің.

Тауық: – Сен жұмыртқа туа аласың ба? – деп сұрады.

Ұсқынсыз үйрек 3 сөзі: – Жоқ,

Мысық: – Бәлкім, сен пырылдап, әжейдің көңілін аулай алатын шығарсың? – деді мысық. –

Ұсқынсыз үйрек 4 сөзі: Жоқ!


Ұсқынсыз үйрек 5 сөзі: – Аулаға шыққым келіп тұр. Шіркін, суда жүзсем ғой! – деді тауыққа қарап.

Тауық: – Қайдағыны айтпашы, арамтамақ, –( деп ашуланды тауық) – одан да сен әжейге жұмыртқа туып бер!

Үйрек: – Менің бұл жерде қалғым келмейді.

Тауық: – Онда басың ауған жаққа кете бер, – деді тауық.


Ұсқынсыз үйрек 6 сөзі: «Жүзе берсем, мұз қатпайтын шығар иә»






Ұсқынсыз үйрек: «Өзге құстардан қорлық көргенше әдемі құстардың қолынан өлейін» деген шешімге келген ол аққулардың қасына ұшып барады.

Ұсқынсыз үйрек: «Не болар екен?» (деп үрейленген «үйректің» басы салбырап кетеді.)







Ұсқынсыз үйрек (таңдана): «Бұл мен бе? Менің қанатым... Қалайша? Бұл аққудың бейнесі!»



Аққу (Адия): «Сен бізбенсің. Тыңда, әркімнің өзіне жарайтын орны бар. Сен ұзақ уақыт өзіңді дұрыс түсінбедің.»


1 құс: (Нұрдәулет): – Қараңдаршы, аққуларға әне тағы бір әдемі аққу жаңадан қосылыпты! – деп айғайлайды бір құс.

2 құс (Төребек) – Иә! Жаңадан бір аққу келіпті, – деп шуылдасады өзге құстар

3 құс Алихан:– Мына аққу бәрінен де әдемі екен!

Үйрек: – Мен ұсқынсыз балапан кезімде осындай бақытқа кенелерімді білсем ғой! – деп қуана дауыстады.


Хор: «Біз әртүрлі, біз біргеміз, біз үйретеміз, біз бірге өсеміз!»

(Барлығы қол ұстасып тұрады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11