400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұшқыр ой

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұшқыр ой» викториналық ойынның сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қ.Аухадиев атындағы орта мектебі КММ











Викториналық ойын

Тақырыбы: «Ұшқыр ой»







Жетекшісі:Төлеуғажина П.А

Тексерген:Балтабева А.Д

















2022-2023 оқу жылы




«Ұшқыр ой» викториналық ойынның сценарийі


Жүргізуші: Армысыздар, құрметті оқушылар мен қонақтар! Бүгінгі біздің “Географияға қызықты саяхат” апталығына арнайы өтіп отырған «Ұшқыр ой» викториналық ойынынымызға қош келдіңіздер!


Мақсаттары:


1) логикалық ой-өрісін, зейінін,


жадында сақтау қабілетін дамыту;


2) оқушылардың оқуға деген


қызығушылығын, шығарамашылығын


дамыту;


3) жеңіске ұмтылуға және


қарсыластарын құрметтеуге тәрбилеу;


Ойынның кезеңдерімен таныстыру


1.Жүзден жүйрік


2.Полиглот


3.Логика


4.Жорға


5.Көшбасшы


Таныстыру:


7сынып – 9 бала


8сынып – 9бала


9 сынып- 9бала


Жүргізуші: Қазылар алқасымен


таныстыруға рұқсат етіңіздер. Олар:


Әділ қазылар


1.


2.


Жүргізуші: Ойын балдық жүйеде


бағаланады.


Жүргізуші:Біз ойынымызды


бастаймыз. Көңіл қойып,


қатысыңыздар.


1 кезең Жүзден Жүйрік


Сұрақтар:


1. Фараб қаласында дүниеге келген шығыстың ғұлама ғалымы (Әл Фараби)


2. Әлемде неше теңіз бар? (4)


3. Күн жүйесіндегі екінші планета қалай аталады? (шолпан)


4.Хантəңірі шыңына дейін барған зерттеуші (П.П Семенов-Тяншанский)

5.Жер бедерінің басты ерекшелігін көруге болады Физикалық картадан.

6.Көңіл күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген?

Африка

7. Ресейде шаруалар бұл өсімдікті «шайтанның алмасы» деп атады. Тіпті оны ХІХ ғ оны көбейтуге бүлік те шығарған.

Картоп

8. Ең суық астана - Улан-Батор

9. Адамнан телефоны көп қала – Вашингтон

Жүргізуші:Ең төмен ұпай жинаған екі ойыншы ойыннан шығады.


Жүргізуші: Қазылардан ойынның нәтижесін жариялап, ойыннан шығатын екі оқушыны атауын сұраймыз.


Жүргізуші: Енді келесі «ПОЛИГЛОТ» турын бастайық.


Жүргізуші:Осы турда жұмбақты шешіп, оның жауабын үш тілде айтып шығу керек (қазақша-орысша-ағылшынша/немісше). Әр дұрыс жауап үшін 5 ұпай беріледі (5+5+5).


(2-тур «ПОЛИГЛОТ»)


Үлкен, үлкен түйені

Тастапты атам шөгеріп.

Өркеші бұлтқа тиеді,

Бауыры жатыр көгеріп.

Тау-Гора- mountain

Есіктен кірді еңкейіп,

Төрге шығады қампайып.

Аяз-Мороз- freezing

Көз жасты – жылауық,

Келе жатыр бір алып.

Жабырқаса жылайды,

Жадыраса тарайды.

Бұлт-Туча- cloud

Тай қазаным күні бойы қайнайды

Ортайып та, сарқылып та қалмайды.

Көл-озеро- lake

Аспандағы әсем белбеуді,

Алып белге буынсам.

Кемпірқосақ-Радуга- rainbow


Жүргізуші: Біз екі ойыншымен қоштасамыз, оларға ойынымызға белсенді қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз.


Жүргізуші: Келесі кезеңімізді жалғастырамыз,логикалық сұрақтарға жауап бер


3-тур ЛОГИКА:


1.Екі күн қатарынан жаңбыр жаууы мүмкін бе?


(жоқ,себебі,екі күннің арасында бір түн бар)


2.Қандай ыдыстан тамақ іше алмаймыз?(бос ыдыстан)


3. Адамдар мен көліктер басып өтетін жануар қалай аталады?(зебра)


4.Шикідей жемейді. Піскен соң қоқысқа тастайды. Бұл не?(лавр жапырағы)

5. Дәрігер 3 дәрі беріп мұны жарты сағат сайын ішу керектігін айтады. Осы үш дәріні ішіп бітіруге қанша уақыт кетеді?


(1,5 сағат десеңіз қателесесіз. Бірінші дәріні ішкен соң жарты сағаттан кейін екіншісін, тағы жарты сағаттан кейін үшіншісін ішкенде, 1 сағаттық уақыт кетеді.)

6. Жаралғанда жабысқан (Адамның есімі)


Жүргізуші: Әр ойыншы 1 минутта сұрақтарға жылдам жауап беру керек. Әр дұрыс жауап үшін 5 ұпай беріледі. Қазылардың мұқият болуын сұраймыз.


(4-тур «Жорға»)


1-ОЙЫНШЫ:


1. Адамның қалыпты температурасы (36,6)


2. Қай материкте барлық меридиан қиылысады? (антарктида)

3. Ақмола Астана деп қай жылы аталды? (6 мамыр 1998 жыл)


4. Ғылым патшасы (математика)


5. Ақпараттық процесстерді зерттейтін ғылым (информатика)


6. Ең ірі жәндік (кит)


2-ОЙЫНШЫ:

1. Қай жылы Қазақстан тәуелсіздігін алды? (1991)


2. Бүкіл меридиан қиылысатын мұхит бар ма? (Солтүстік мұздық мұхит)


3. Қазақ алфавитінің авторы (Ы. Алтынсарин)


4. Ғылымдар атасы (тарих)


5. Пингвиндер мекені (антарктида)


6. Қай материкте өзен жоқ? (Антарктида)


Жүргізуші: Ойыншылардың ұпайларын есептеп және жеңімпазымызды анықтау үшін қазылар алқасын шығарып салсақ.


Жүргізуші: Бүгінгі біздің география апталығына арнайы өтіп отырған викториналық ойынымыз тәмәм.Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз,құтты болсын әлі де талай белестерді бағындыруыңа тілектеспін,ендеше қош сау болыңыздар.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.08.2026
2
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12