Ұшқыр ой мен шешен тіл

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұшқыр ой мен шешен тіл

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс сайыс сабақ. Бұл сабақта логикалық сұрақтар, баланың тез ойлауына септігін тигізетін қызықты жарыс сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныптан тыс шара

Тақырыбы: Ұшқыр ой мен шешен тіл (Интеллектуалды ойын)

Күні: 24.02.2022

Сынып: 7-8
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету, қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Ойын барысы:
І. Ұйымдастыру.

Ойынның тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Топқа бөлу
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,- дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.
Ойынға 4 топ қатысады. Ойын ІV айналымнан тұрады.
Ойын ережесімен таныстыру.
Сайысымызда төрелік айтатын қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға, сол алда, − дегендей, бүгінгі сайысымызға қатысушыларды таныстырып өтейін олар:

Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін, ұранымен таныстырады.
І айналым Лездеме.
Тез жауап бер.

1. Жиегі көгерген кілем қайдан көрінген? Көкжиектен
2. Нені қазып қала болған? Жезқазған
3. Екі сөз бірігіп қалайша сайрайды? Бұлбұлша.
4. Екі қазанның бірі сатылып кетсе, неше қазан қалады? Бірқазан
5. Баққаным әрі құс, әрі түйе. Түйеқұс
6. Суы да ала, тауы да ала,
Бар ма екен осыны білетін бала? Алатау, Алакөл.
7. Ұзын құлақты, есепке шорқақ не? Есек
8. Ұйқышыл, маймақ не? Аю
9. Шақса, қауіпті, бірақ адамға пайдалы не? Ара
10. Өзіңе дос, құшағы кең кім? Ана
11. Адамға адал, қасқырға қатал не? Ит
12. Өзі ала, өзі биік не? Алатау
13. Өзі терең, өзі тұзды, өзі ала не? Алакөл
14. Өзі талды, өзі қорған не? Талдықорған.
– Білсең дағы біле бер, тағы тіле:
Мақсатыңа жетерсің білебіле! – деп дана, ойшыл Жүсіп Баласағұн айтып кеткендей, білімді, ізденімпаз оқырмандарымызбен әрі қарай сайысымызды жалғастырайық, ойынымыздың ІІ - айналымын бастаймыз.
ІІ айналым «Білекке сенер заманда ешкімге есе бермедік, Білекке сенер заманда қапы қалып жүрмейік»,- деп даналарымыз айтқандай, «Ұшқыр ой» кезеңіне де келдік. (сканвордты шешу) (датаға байланысты)

Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

Қарсыласты шаң қаптыру межеміз.
ІІІ айналым Қойылым (ертегі қойылым)

Қарап тұрмай бәйгеге сіз еніңіз,

Сұрақтарға нақты жауап беріңіз.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,

Келесі кезеңді де көріңіз,- дей келе сайысымыздың ІІІ кезеңіне көшейік.

1-топ. «Әке мен бала» Ы.Алтынсарин

2-топ . «Қарға мен құрт» Ы.Алтынсарин

3- топ. «Асыл шөп» А.Байтұрсынов

4- топ. «Әдеп» Ы.Алтынсарин

IV айналым «Әуенді тап »

Ән мен жырсыз басқаның керегі не,

Әуенсіз бұл дүние әдемі ме?

Баршамыз, қосылып ән шырқайық!

Қош келдіңіз, «Әуенді тап » әлеміне!


  1. «Атамекен» Ескендір Хасангалиев

  2. «Көк тудың желбірегені» Ибрагим Ескердір

  3. «Қазақ жігіттері» Ақылбек Жеменей

  4. «Елім менің» Бекболат Тілеуханов

  5. «Көкке өрле» Гүлнұр Оразымбетова

  6. «Мен қазақпын» Ерболат Құдайбергенов

  7. «Батырлар ұраны» Алашұлы тобы

  8. «Алға Қазақстан» Қайрат Нұртас

  9. «Атамекен» Роза Рымбаева

  10. «Өз елім» МУЗАРТ тобы


Сайыс болған жерде жеңімпаз болу керек. Ендеше жеңімпаз қай топ екенін білейік. Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау.

Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы өнерді сөндірмей,
Біліміңмен шарықтай бер әрдайым.
Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Жеңімпаз сыныпты анықтау үшін сөз кезегі әділ - қазылар алқасына беріледі.
Қорытынды
Арғымаққа міндім деп,
Артқы топтан адаспа.
Күнінде өзім болдым деп,
Кеңпейілге таласпа.
Артық үшін айтысып,
Достарыңмен санаспа.
Ғылым жұрттан асты деп,
Кеңессіз сөзді бастама.
Жеңемін деп біреуді,
Өтірік сөзбен қостама - дей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.
Келесі ойындарда кездескенше күн жақсы.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.03.2022
805
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі