"Ұшқыр ой мен шешен тіл"

Тақырып бойынша 23 материал табылды

"Ұшқыр ой мен шешен тіл"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын , танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, өз ойларын еркін де шешен сөзбен дәлелдеуге үйрету, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. - топпен қарым-қатынас арқылы бір шешімге келе алуға, өз ойын ортаға салуға және ұйымшылдықты нығайтуға тәрбиелеу; - математикалық тапсырмалар мен логикалық тапсырмалардың ерекшеліктерін бағдарлап, мәдени түрде жауап беру, ой ұшқырлығы мен шешендік сөйлеуді қоса игеруге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ұшқыр ой мен шешен тіл

Мақсаты:- оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын , танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, өз ойларын еркін де шешен сөзбен дәлелдеуге үйрету, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

  • топпен қарым-қатынас арқылы бір шешімге келе алуға, өз ойын ортаға салуға және ұйымшылдықты нығайтуға тәрбиелеу;

  • математикалық тапсырмалар мен логикалық тапсырмалардың ерекшеліктерін бағдарлап,

мәдени түрде жауап беру, ой ұшқырлығы мен шешендік сөйлеуді қоса игеруге баулу.

Көрнекіліктер: интерактивтік тақта, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, фигуралар қиындысы,

топтық есептер парағы, Төле би портреті, сыйлықтар.


Сабақтың түрі: аралас сайыс сабақ

Сабақтың әдістері:сайысу, топпен жұмыс, дәлелдеу, ойлау, жапсырмалау,жүйелі сөйлеу.

Сабақтың өтілуі: (интерактивтік тақтадан көрсетіледі)

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Мақсатымыз:

  • Топпен шешім таба білу;

  • Жауабымызды толық әрі дұрыс шешендікпен дәлелдеу;

  • Шапшаң ойлап, тез жауап беру;

  • Түрлі тапсырмаларды түсініп, ереже бойынша орындау;

  • Логикалық тапсырманы тереңнен ойлау;

  • Барлық есептердің орындалуын есімізде сақтап қалу;

  • Бір-бірімізге сыйластықпен қарау;

  • Топтың ұйымшылдығын көрсету;

  • Бәріміз де қатысуға тырысу.

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.

Ойынға 3 топ қатысады. Ойын 5 айналымнан тұрады.

Ойын ережесімен таныстыру.

Ал келіңдер, келіңдер,
Бір-біріңе еріңдер,
Өздеріңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер.

І -айналым «Қатесін тап»

ІІ -айналым «Ұшқыр ой»

ІІІ айналым «Құпия сандық»

ІV айналым «Айшықты сөздер»

V айналым «Сөз ойла,тез ойла»

  • Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін ,ұранымен таныстырады.

Сайысты қай топ бастайтынын анықтау үшін мынадай жұмбақ шешуге тура келеді.
Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе деймін.

І-топ.«Сұңқар»тобы

Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,

Ертең әлі шарықтаймыз қияда.


ІІ-топ. «Тұлпар» тобы

Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,

Оқу менен еңбекке сал барыңды.


ІІІ-топ. «Жалын» тобы

Ұранымыз: Болашақтың ұл-қызымыз

Көркейтеміз елді біз.


Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.


І -айналым «Қатесін тап»

Әр топқа 2 мақал-мәтел беріледі.Топ жылдам қатесін тауып,мақалдың дұрыс нұсқасын айтады.

І-топ.«Сұңқар»

1) Білімді бірді жығады,

Білекті мыңды жығады.

2) Ашу дос,ақыл дұшпан,

Ақылыңа қос ақыл.

ІІ-топ.«Тұлпар»

1) Білім — білім азығы,
Оқу — ырыс қазығы.

2) Ақылды қария,

Ауыздықсыз атпен тең.
Әдепсіз бала,

Жазып қойған хатпен тең.


ІІІ-топ. «Жалын»

1)Білімсізге дүние жарық,
Білімдінің күні кәріп.

2) «Біз» деген әдеп,
«Сіз» деген көмек.


ІІ -айналым «Ұшқыр ой»

Әр топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек.1оқушы 1 сұраққа жауап береді.

«Сұңқар» тобына:

  1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)

  2. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)

  3. Әдемі сөзінің синонимы. (сұлу, көркем)

  4. Сөйлем нешеге бөлінеді? (3-ке бөлінеді,хабарлы,сұраулы,лепті)

«Тұлпар» тобына:

  1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3: қатаң,ұяң,үнді)

  2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)

  3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)

  4. Батыр сөзінің синонимы. (ер, қаһарман)

«Жалын» тобына:

  1. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау)

  2. Қазақ әліпбиіндегі төл дыбыстарды ата. ( ә,ғ,қ,ң,ө,ң,ұ,ү,і,һ)

  3. Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіреді)

  4. Алыс сөзінің синонимы. (қашық,шалғай)


ІІІ айналым. «Құпия сандық»

Бұл айналымда жұмбақ жасырамын.Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.

(Слайдпен көрсету, оқушыларға оқыту)


1-топ: 1)Бірін-бірі қоштаған,

Бір үйден көрдім,

Қырық екі дос-жаран. (әріп).

2)Жеті бауыр туыспыз
Атымыз өзге демесең,
Жұмған жұдырық уыспыз.
(Апта күндері)

3)Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп,
Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне. Бұл не?
Айна

4)Қолы жоқ, сөзі жоқ, бірақ тісі бар.
Басыңмен ісі бар. Бұл не?
Тарақ
2-топ.
1)Шомылған баланы,
Аймалап алады.
Сипайды қолын да,
Сипайды жонын да. Бұл не?
Сүлгі

2)Ертемен күнде сен,
Қолыңды сүйкесең,
Кетіп кір - ласың,
Тап - таза боласың.
Бұл не?
Сабын

3)Бір сандық бар өзгеше,
Қолыңа алып жүресің.
Ішін ашып ақтарсаң
Өмір сырын білесің.
Кітап


4)Тұмсығымен қозғалар,
Соңынан аппақ із қалар.
Бор

3-топ.
1)Өзі арық, сөзі – әріп.
Қалам

2)Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолыңа алсаң шешен,
Ақылы асқан көсем.
(Кітап)

3)Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.
 (бор)

 

 


4)Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.
(мектеп)

 


ІV айналым «Айшықты сөздер»

Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз ана тілі пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Әр топқа 3 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек. (Слайдпен көрсетіп, оқытып, жауабын тыңдау)


1.Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас
(жуас)

4.Ат ізін салмау (келмеу)

1. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
2. Бетінен оты шықты (ұялу)
3. Ит өлген жер (алыс)

4.Бүйрегі бұру (жақын тарту)


1. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
2. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)
3. Таяқ сілтем жер (жақын)

4.Ешкімнің ала жібін аттамау(ұрлық жасамау)

V айналым. «Сөз ойла,тез ойла» Постермен жұмыс

(Әр топ берілген «қазақстандықтар» сөзіне бірнеше сөздер құрайды.)

(қазақ, ас, тақ, тас, тандыр, қазы, тары, арық, ар, ата, қаз, ара, нар, атан, тана, асық, ық,ыс, сатқын,Қазақстан, тарақ, сандық, сан, қатар, қақ, ат, қасық,ана,зат,атыз, стақан)
Қорытынды: Сонымен біздің ойынымыз да өз шегіне жетті.

Осымен осы ойынды тамамдасақ,

Бұл жарысты өткізер ме ек жаман болсақ.

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ.


Марапаттау

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес, жеткізе ме мұратын?

«Жеңбедім, жеңілдім» деп ренжіме,

Қатысуда бір жеңіс, жан болсаң екен ұғатын.
























«Зердеш» мектебі










ТАҚЫРЫБЫ: «ҰШҚЫР ОЙ МЕН ШЕШЕН ТІЛ»

СЫНЫПТАР: 3 а,ә,б,в ; 4 а,ә


ЖАУАПТЫЛАР: Конурбаева Г.Т

Жұбатқан Қ.М













2023-2024 оқу жылы




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
25.04.2025
341
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі