Ұшқыр ой мен шешен тіл

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұшқыр ой мен шешен тіл

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге көмегі тиеді деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ұшқыр ой мен шешен тіл

Мақсаты: Оқушылардың жан-жақты сауатты, дарынды, озық болуға, еркін сөйлей білуге үйрету.
Ой- өрісін, сөздік қорын, тілін дамыту.
Оқу-білімге, өнерге қызығушылын арттыру. Шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулу.
Сабақтың түрі: жарыс сабағы
Сабақтың әдісі: Репродуктивті әдіс. Білім-білік дағдыларын қайта жаңғырту
арқылы білімді белсенді игерту.
Зерттеу әдісі. Мүғалімнің оқушыға шығармашылық тапсырма беруі, оқушылардың өз беттерімен шешіп, мәтінмен,есептер шығару, үлестірмелі материалдармен жұмыс.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Бір сыныпта оқимыз, бәріміз де
Достық сөзі әрқашан дәрі бізге
Жарысуға сендермен келіп тұрмыз
Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге.

Оқушылар әр түрлі түстерді таңдау арқылы үш топқа бөлініп отырады.
І топ – «Білімділер»
ІІ топ – «Ойшылдар»

ІІІ топ-«Тапқырлар»

Ойынға 3 топ қатысады. Ойын 5 айналымнан тұрады.

1.Бірінші айналым. «Тездет, бірақ қателеспе!» (10 минут)
2. Екінші айналым. «Ұшқыр ой»(3 минут)
3. Үшінші айналым. «Ойлы болсаң, озып көр»(15 минут)
4. Төртінші айналым. «Тапқыр болсаң, талас жоқ»(2 минут)
5. Бесінші айналым. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» жарнама жасау.(5 минут)

1.Бірінші айналым. «Тездет, бірақ қателеспе!» (10 минут)

1. Бөртегүл ағашының бұтағында 4 күлтеден тұратын 35 гүл бар. Барлық күлтелердің саны 153. Сонда 5 күлтелі гүлдер нешеу екенін тап.
2. Менің ақшама осы ақшамның жартысын қосса, менде 150 теңге болар еді. Менде қанша ақша болған?
3. Шешесі балаларына 10 шоколадты бөліп, қыздарына үш - үштен, ұлдарына екі - екіден берді. Қыздар нешеу, ұлдар нешеу екенін тап.
4. Отбасында 3 ер бала бар. Олардың әрқайсысы алдындағысынан 4 жас кіші. Бәрінің жасын қосқанда 24 болса, үш баланың әрқайсысы неше жаста?
5. Бал салынған қалбырдың салмағы 500 грамм. Жермай құйылған дәл сондай қалбырдың салмағы 350 грамм. Жермай балдан екі есе жеңіл, сонда қалбырдың салмағы қанша?
6. Үш сөмкеде екі ондық дәптер бар. Бірақ біреуіндегі дәптерлер басқа сөмкелерден екі есе аз. Әр сөмкеде қанша дәптер бар екенін тап.
7. Егер әмияндағы бар ақшаға сол ақшаның үшінші бөлігіндей тағы сан қосса, 680 тенге болар еді. әмиянда қанша ақша болған?
8. Бір санды 6 - ға көбейтудің орнына 6 - ға бөліп қойды. Сонда 15 шықты. Дұрыс жауап қалай болу керек еді?
9. Қағазға 12 санын бір таңбалармен жауабы 7 шығатындай етіп бөл.
10. Туристер жолдың төрттен бір бөлігін және 8 км жолды жүріп өткенде, әлі жолдың екі бөлігі мен 2 км жол жүру керек еді. Барлық жолдың ұзындығы қанша?


2. Екінші айналым. «Ұшқыр ой»(3 минут)
1.жер өзін қанша сағатта айналып шығады? 14 4 44 24

2. Күн жүйесінің орталығында не орналасқан? Жер күн ай марс

3.Күн дегеніміз не? Комета планета жұлдыз аспан

4.Аспан әлемін зерттейтін адамдарды кімдер дейміз? Ұшқыш астроном косманавт телескоп

5.Жерге жақын орналасқан аспан денесі ? күн ай марс шолпан

6.Жердің пішіні қандай? Шаршы дөңгелек шар тәрізді

7.Қалай ойлайсың , ай дегеніміз не ? планета жұлдыз шоқжұлдыз жер серігі

8.мыналардың ішінен артығын тап ? марс жер күн юпитер шолпан нептун

9.Ең төмен температура жер шарының қай аймағында орналасқан ?

Оңтүстік Америка Солтүстік Америка Антарктида Еуразия

10.Қай құрлық екі бөліктен тұрады ? Еуразия Солтүстік Америка Австралия Африка


3. Үшінші айналым. «Ойлы болсаң, озып көр»(15 минут)

Нүктенің орнына тиісті жіктік есімдіктерді қойыңдар.

1...........ағасы аулада отыр. 2....... әкең дәрігер ме? 3........ тәрелкеңіз қайда? 4 ....... кесеміз нешеу? 5. ....... ақшасын жіберіңіз. 6. .......қасығыңды берші.

Ілік септіктің жалғауларын қойыңдар.

Дәптер... беті, үй... терезесі, Анар... әкесі, Абылай... бөлмесі, қыз... суреті, Абзал... кілемі, Абай... өлеңі, Виктор... көршісі, Ораз... дәптері, Жанар... оқулығы, Әсел... жолдасы, Ажар... әжесі, Евгений... қарындашы, Валерий... керуеті, ауыл... адамы, Орал... жатақханасы, Айгұл... мінезі, Жаңыл... баласы, қыз... шашы, базар... бағасы, үстел.... аяғы.

Қос сөздердің дұрыс – қатесін ажыратып жазыңыздар.

Ата –ана, ауыл – жануар, көрші – қолаң, оқу – білім, бау – бағбан, күндіз – түні, орысша – қазақша, аман – есен, хал – саулық, салт – дәстүр.

4. Төртінші айналым. «Тапқыр болсаң, талас жоқ»(2 минут)

Иісшіл - ит емес,

Ұшады -құс емес. Шыбын


Қарайып ұшты қарғадай,

Бармаған жері қалмады-ай.

Жерге түсті, ін қазды,

Аяғымен тырмалай. Қоңыз


Кішкене ғана түйме тас,

Атан түйе тарта алмас. Кене

Қатар-қатар қара нар,

Аспанменен бара бар,

Алды биік, арты жар. Құмырсқа


5. Бесінші айналым. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» жарнама жасау.(5 минут)
Қорытынды: Сонымен біздің ойынымыз да өз шегіне жетті.

Осымен осы ойынды тамамдасақ,

Бұл жарысты өткізер ме ек жаман болсақ.

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ.

Марапаттау

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес, жеткізе ме мұратын?

«Жеңбедім, жеңілдім» деп ренжіме,

Қатысуда бір жеңіс, жан болсаң екен ұғатын.

Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға көп рахмет айтамыз. Осымен ойын аяқталды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.06.2018
1180
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі