«Таутүрген негізгі орта
мектебі» КММ
«Ұшқыр ой мен шешен тіл»
5-6 сынып оқушылары арасында тіл
сайысы

Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Тургумбекова Ақмарал
Нурахановна
«Ұшқыр ой мен шешен тіл»
тіл сайысы
Мақсаты: Оқушылардың жан — жақты білімдерін
тексеру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін шыңдау. Өз ойын
жеткізе білуге тәрбиелеу
.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, тапсырмалар, логикалық
тапсырмалар, әр топқа даярланған үстел, интерактивті
тақта.
Түрі: Топтық
сайыс
Қатысатын сынып: 5, 6
.
Сайыс
барысы:
Армысыздар қадірлі қонақтар,
ұстаздар және оқушылар! Сайысымызға қош
келдіңіздер!
Ал ,келіңдер,
келіңдер,
Біріңе — бірің еріңдер.
Білімпазды тексеріп,
Жеңімпазды көріңдер,- дей отырып,
«Ұшқыр ой мен шешен
тіл » атты тіл сайысымызды
бастаймыз.
Әділқазы алқасына бір
сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!- дей келе сайыстың әділ бағасын
беретін, әділқазы
алқасымен таныс
болыңыздар.
Енді сайыскерлерімізді ортаға
шақырайық.
1 –
топ: «Алғырлар»
тобы, 2 – топ: «Тапқырлар»
тобы
Бөлімдермен таныстырып
өтейін:
1
кезең – «Таныстыру»
2
кезең -«Сұрақ бізден — жауап сізден» әдебиеттік оқу пәнінен
сұрақтар
3
кезең -«Қанатты сөз —
қазына»
4
кезең -«Айшықты
сөздер»
5
кезең -«Мақалды
аяқта»
6
кезең— «Анаграммалар»
7
кезең – «Суреттер
сөйлейді».
Білген сайын келеді біле
бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек
— деп сайысымыздың 1 — бөлімін
бастаймыз.
І – кезең:
Таныстыру. Енді топ мүшелерімен танысуға
көшейік. (әр топ – топ аты, топ ұранымен
таныстырады)
1 — топ: «Алғырлар»
тобы
Ұраны: «Алғырлар»
алға !
Қарсыластан
қалма!
Батыл қадам бас
та!
2-топ: «Тапқырлар»
тобы
Ұраны:
«Тапқырлар» алға!
Батылдыққа
баста !
Жарысудан
қашпа!
ІІ – кезең: «Сұрақ бізден — жауап
сізден»
Ұшқыр ойға ерік болып
шеберлік,
Сөз
кезегін әдебиетке берелік
Арамызда тапқыш достар көп
екен
Солардың енді жауаптарын
көрелік
Әрбір дұрыс
жауап 1 ұпай.
1-топ
«Алғырларға»
-
Ұлыстың ұлы күні қай күн? (22
наурыз)
-
«Шықбермес Шығайбай» ертегісіндегі Шығайбай
қандай адам? (Сараң)
-
Ертегінің түрлерін ата?
(Шыншыл,Қиял-ғажайып,Тұрмыс – салт,
Жан
–жануарлар туралы)
-
Шығармада кейіпкердің кезектесіп сөйлеуін қалай
атайды? (диолог)
-
«Омоним» сөздер деп қандай сөздерді
айтады?(жазылуы бірдей,мағынасы әр түрлі
сөздер)
2-топ
«Тапқырларға»
-
Қазақтың үш биі кімдер,ата?(Төле би,Қазыбек
би,Әйтеке би)
-
Қобыланды батырдың тұлпары?
(Тайбурыл)
-
Ерте ,ерте,ертеде….деп басталатын қандай
шығарма?(Ертегі)
-
Нар
деп нені атаймыз?(Түйені)
-
«
Ақ киімді денелі ақ сақалды» – деп басталатын қандай өлең жолы ,
авторы кім? (Абай, «Қыс» өлеңі)
3 кезең — «Қанатты
сөз қазына»
Әрбір дұрыс
жауап 1 ұпай.
Білімдіден шыққан кез,
Талаптыға болсын тез.
Нұрын, сырын білуге,
Көкірегінде болсын көз — дей
келе келесі бөлімге кезек берсек. Топ басшылары келіп мына
қағаздан мақал тақырыптарын таңдайды.Таңдаған тақырыптарына
байланысты 4 мақал айтады.
Еңбек туралы;
Отан, туған жер
туралы;
Оқу, білім
туралы;
Ана
туралы 4 мақал
4 кезең -«Айшықты
сөздер» бұл айналымда бірнеше сөз тіркесі беріледі
оқушылар бір сөзбен айтуы
керек. Әрбір дұрыс жауап 1
ұпай.
1-топ. «Алғырларға»
-
Төбе шашы тік тұрды.
(қорықты)
-
Қолды болды (Ұрланды)
-
Жүрек жұтқан (батыр)
-
Қоян жүрек (қорқақ)
-
Көз
ілінбеді (ұйықтамады)
2 —
топ.«Тапқырларға»
-
Бетінен оты шықты
(ұялды)
-
Қой
аузынан шөп алмас (жуас)
-
Төбесі көкке жетті
(қуанды)
-
Күлін көкке ұшыру
(құрту)
-
Жүрек жалғап алды
(тамақтанды)
5 кезең -«Мақалды
аяқта»
Әрбір дұрыс жауап 1
ұпай.
1-топ. «Алғырларға»
-
Қыз
өссе…
2. Ерді намыс…
3. Жаман жолдастан…
4. Тіл тас жарады…
5. Қына тастан шығады…
2-
топ . «Тапқырларға»
-
Қарға баласын …..
-
Кітап білім бұлағы …
-
Ақыл азбайтын тон…
-
Ердің атын….
-
Еріншектің….
6-кезең.
–«Анаграммалар»
Анаграмма — сөздегі әріптердің орны ауыстырылған мағынасыз әріптер
жиынтығы. Бұл мағынасыз сөздер әр топқа беріледі. Әр топ неше сөз
дұрыс құрастырса ,сонша ұпай
жинайды.1 сөз 1- ұпай.
1 — топ. «Алғырлар»
2 — топ. «Тапқырларға»
-
Сепе (есеп) 1.
Өркеп(көрпе)
2.
Дәмеі (әдемі) 2.
Абытр (батыр)
3. Ромна (роман) 3. Алшабр (шалбар)
4. Апра (арпа) 4. Ешешн (шешен)
5. Рыдқы (қыдыр) 5. Ізки (киіз)
7-кезең. Суреттер
сөйлейді.
Оқушылардың алдына тарихи
тұлғалардың суреттері беріледі. Олар кім және олар туралы қандай
мәлімет біледі ортаға салады.
Осымен ойынымыз шарықтау
шегіне жетті.
— Жарыс заңы ежелден, Жеңімпазды
анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол, Еңбектену, жалықпау – деп сөз
кезегі әділқазыларға беріледі.
Жеңімпаздарға марапаттау
айтылады.
Тексерілді: Көкен
Н.