Материалдар / "Ұшқыр ой" психологиялық сайыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ұшқыр ой" психологиялық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушылардың ойлау мен сөйлеу мәдениетін шыңдай түсе отырып, сайыста өз білімдерін одан әрі биіктете берулеріне жұмылдыру. Ұжымшылдыққа,бірлікке баулу. Қарым-қатынастарын нығайту. Психология негізінде сананы қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2018
1566
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Ұшқыр ой» психологиялық сайыс.

Мақсаты: Қазіргі таңда баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына қазақ халқының әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерінің үлесі мол. Жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, жұмбақтардың орыны ерекше. Оқушылардың бойына асыл қасиеттерді байыту. Ой-қиялын дамыта отырып тәрбиелеу.

Барысы: «Танысу» тренингіне сайысқа қатысушылар алдымен танысу барысында, есіміңізге өзіңіздің жақсы қасиетіңізді байланыстырып айтылады. Мыс: Айгүл-ақылды, Самал- салмақты, Дархан-дарынды т.с.с.

1- жүргізуші:

Армысың барша халайық,

Тапқыр ойшылды табайық

Сайыс атты алаңға

Зер салып қарайық.

2- жүргізуші:

Уа, жараңдар, жараңдар.!

Бізді тосып қараңдар!

Ғылымдардың ғылымы-Психология пәні,

Жаңылтпаш, мақал-мәтел, жұмбақты

Жасырайық, бастайық.

1- жүргізуші:

Уа, халайық, халайық!

Психология ғылымына зер салайық,

Соған орай психология сабағын,

Мақтаймыз біз даттаймыз.

Мың бір жұмбақ жасырып,

Есімізді сақтаймыз,

Ел сенімін ақтаймыз.

Қол соғып, қошметеп,

Сайысымызды бастайық.

2- жүргізуші:

Білімнің сарқылмас кеңдігін,

Басталды сайыс енді мінең

Жарыс туын желбіреп биікке,

«Зейін» мен «Ерік» тобы келді міне. (екі топ ортаға шығып тұрады.)

1-жүргізуші:

Көрермен бұл жарысты көріңіздер

Дарынды ұл-қыздарыңыз төріңізде

Ата-дәстүр салтымен ең алдымен

Иіліп сәлем береміз.

2- жүргізуші:

Қазылар алқасымен таныстырып,

Әділ бағасын беруін сұраймыз.

1- жүргізуші:

I- сайыс. Таныстыру. (екі топтың сәлемдесуі)

«Зейін» тобы:

Асыл-тастан, өнер жастан

Халық айтса, халық сөзі

Әрқащанда нанымды.

Саналы болып, өнер қуған ұл-қызбыз,

Жеңу үшін белін буған

«Зейін» тобы ұл-қызынан

Сәлем сіздерге жалынды!



«Ерік» тобы:

Ертеңгі өмірге үлкен үміт артамыз.

Жарысуға келдік міне ортаңызызға,

«Ерік» деп атымызды үкілетіп,

Иіліп сәлем береміз-баршаңызға

Еңбек еттік ерінбей,

Жалқаулықтан арылып,

Сүмбі талдай өрімдей,

«Ерік» тобы төріңде.

2- жүргізуші:

II- сайыс. Екі топтың әділқазыларға ән шашуы:

«Зейін» тобы:

Әділқазы алқасына

Үлкен үміт артамыз

Әділ шешім болса егер,

Риза болып қайтамыз.

«Ерік» тобы:

Құрметтейміз, әділ үшін

Әділқазы алқасын!

Риза болып шешіміңе

Оқушылар мақтасын.

1- жүргізуші: III- сайыс. (Екі топқа жаңылташтар қайталау )

2- жүргізуші: IV- сайыс. Жұмбақ. (екі топ бір-біріне 5-5 жұмбақ жасырады.) Зейін тобына:

1. Екі ағайынды,

Екеуі де бір үйде,

Бірін-бірі көрмейді. (көз).

2. Күмбір-күмбір қарағым,

Қартайғанша жарадың. (құлақ)

3. Ти, ти десем тимейді,

Тиме десем тиеді. (ерін)

4. Бір минутта дүнияны аралайды,

Сонда да шаршамайды. (Ой)

5. Сәуле астында жүз ине. (кірпік)

6. Қос қабыршақ қабысып,

Қарбызға тұр жабысып.(құлақ)

7. Беткейге қар жауды,

Кетпеске айналды. (шаштың ағаруы)

«Ерік» тобына:

1. Кішкене ғана тостаған,

Жер дүниені бастаған. (көз)

2. Отыз екі орағым бар ғажайып,

Әттен, кейін кетеді гой азайып.(тіс)

3. Бір минутта дүнияны аралайды,

Сонда да шаршамайды. (ой)

4. Бес ат,

Бесеуі де қасқа ат. (бес саусақ)

5. Он айда мен аламын он жаңа айды,

Он жаңа айды алсам да ол таусылмайды. (тырнақ)

6. Күмбір-күмбір қарағым,

Қартайғанша жарадың. (құлақ)

7. Он кемпір мұз арқалап тұр (Тырнақ)

  1. жүргізуші. V- сайыс. Мақал-мәтелдер. (Бірінші топ бастайды, келесі жолын екі топ жалғастырып айту. Әр топтан алты-алтыдан айтып, жарысу.)

«Зейін» тобына:

1. Ақылды адам ерінбейді, (қуатты адам сүрінбейді.)

2. Ашу-дұшпан,ақыл дос, (ақылыңа ақыл қос)

3. Ақыл- арман, (ой-өріс)

4. Ақыл азбайды, (әділдік тозбайды)

5. Еңбек-өмірді ұзартады, (ұят-бетті қызартады)

6. Ақыл адам көрігі, (ақылдың сабыр серігі)

7. Ақыл тозбайтын тон, (білім таусылмайтын кен)

«Ерік» тобына:

1. Ақыл-дария, (ой-теңіз)

2. Жақсы сөз (жан азығы)

3. Ойнап сөйлесең де (ойлап сөйле)

4. Мал сақтама (ар сақта)

5. Жақсының сөзі (жырмен тең)

6. Артық сөйле , кем сөйле (таразылап тең сөйле)

7. Жаман сөз жылатады (жақсы сөз жұбатады)


«Жануарлар бейнесі» тренингінде екі топқа екі жәшік беріледі. Ішінде жануарлардың аты берілген парақтар бар , соны қимыл-әрекетпен көрсету керек. Оны қарсы топтағы оқушылар «қандай жануар?» екенін табуы шарт.


Қазылар алқасынан қорытындысын сұраймыз.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!