Сәтбаев
қаласы
Абай атындағы №4
мектеп-лицейі КММ

Тақырыбы:
«Ұшқыр ойлы
жұлдыздар»
Өткізген:
биология пәні
мұғалімі:
Жаркенова
А.А.
2017-2018 оқу
жылы
«Ұшқыр ойлы
жұлдыздар»
сыныптан тыс интеллектуалдық
ойыны
(7
сыныптар)
Мақсаты:
- танымдық белсенділігі
жоғары, ұшқыр ұтымды ойлап, белсенді қимылдайтын өзгенің пікірін
сыйлап, төзімділікпен тыңдай білетін интеллектуалдылығы жоғары
ұрпақ тәрбиелеу ;
- оқушылардың
ғылыми-теориялық көзқарасын дамыту, инновациялық технологияның
тиімді тәсілдерін қолдану.
Түрі:
интеллектуалды
ойын
Сайыстың
барысы:
1-Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!танымдық
сайысымызға қош келіпсіздер
2- Жүргізуші:
интеллектуалдық
ойының мақсаты:
- танымдық белсенділігі
жоғары, ұшқыр ұтымды ойлап, белсенді қимылдайтын өзгенің пікірін
сыйлап, төзімділікпен тыңдай білетін интеллектуалдылығы жоғары
ұрпақ тәрбиелеу ;
- оқушылардың
ғылыми-теориялық көзқарасын дамыту, инновациялық технологияның
тиімді тәсілдерін қолдану.
1-Жүргізуші:
Ақыл - тон, аңдағанға
тозбайтұғын,
Білім – кен, қанша болса
азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара
жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын, - деп
Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, алдарыңызда өз білімімен,
ақыл-ойымен ерекешеленетін топтар өздерін таныстырып
өтсін.
Таныстырылым 5
мин
І -
топ – «Білгірлер»
тобы
ІІ
-топ«Ойшылдар»
тобы
1-топ. –Біздің топтың аты:
«Білгірлер».
-Біздің ұран: Біз білгір
балалар,
Білімі көпке
танылар.
Сынасуға келсең
–кел,
Сайыста бәрі
сыналар.
2-топ. –Біздің топтың аты:
«Ойшылдар».
-Біздің ұран: Ойшылдарда
қалыспас,
Талғаммен қара
жарыспас.
Ойланып әрбір
ойынды,
Сайысың болсын
жаңылмас.
2-
Жүргізуші:
Енді сайысымыздың негізгі бөлімдерімен
таныстырар болсақ, сайысымыз 4 кезеңнен
тұрады.
1 – кезең - «Көкпар » 8 сұрақ қойылады. (4био,4 гео)10
мин
2 – кезең -
«Ойлан, тап»
сайысы 10 мин
3 – кезең – «Сиқырлы
шаршы»
4-кезең
- «kahoot»
3 мин
1-
Жүргізуші:
Тапқыр, білгір,
дарынды
Жарыс бар бүгін
арынды
География,биология пәнін сүйсең
сен
Ортаға сал барыңды – деп сайысқа
қатысушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы турын
бастасақ.
2-
Жүргізуші
Білімнің ұшқырлығын
танытатын,
«Көкпар » турда сайыскерлер
жаңылмағын.
Уақыт деген зымырап өтіп
кетер,
Асып, тасып, асықпа,
қалыспағын.
1 – тур - « көкпар». Бұл кезеңінде әр топқа 4
ұяшық беріледі. Дұрыс жауапқа таңдаған ұпай саны
берiледi.
1 – кезең - «
көкпар»
БИОЛОГИЯ:
1. Адам ағзасындағы ең қатты
зат (тіс)
2. Еш кашан ауырмайтын жануар
(акула)
3. Түсті ажырата алмайтын
құбылыста ашқан ғалым (Дальтон)
4. Жасушаны ашқан
ғылым . \ Роберт
Гук
\
ГЕОГРАФИЯ:
1.
Литосфераның жоғарғы,
атмосфераның төменгі бөлігі және гидросфера мен биосфераның
байланысы мен әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасқан табиғат
кешені (географиялық қабық)
2.
«Ноосфераны биосфераның ең
жоғары дамыған сатысы» деп қарастырған ғалым? (
В.В.Вернадский)
3.
Біздің заманымызға дейін
сақталып келген ежелгі карталардың бірі? (
Вавилон)
4.
Орта Азия мен Орталық Азияны
Зерттеуге үлес қосқан қазақ
ғалымы?(Ш.Уалиханов)
1-
Жүргізуші: 1 - кезеңнің қорытындысын
айтады.Жақсы, осымен ойынымыздың
бірінші кезеңі өз мәресіне жетті. Жинаған баллдарыңызды санап
шығып, айтыңыздар.
2-Жүргізуші:
Келесі 2 – кезең -
««Ойлан, тап»
сайысы конверт ішіне сұрақтар
жасырылады. (Балл критерии
айтылу керек) 10 мин 10
балл
1 топ
Бұл процесті алғаш
зерттеушілер Швейцария ғалымдары Ж.Сенебье, Н.Соссюр және
неміс химигі Ю.Майер болды. 19 ғ-ң 2-жартысында К.А.Тимирязев бұл
процес хлорофилл арқылы сіңірілетінін
анықтады. Күн сәулесі энергиясын
(химиялық) энергияға айналдыратын күрделі
процесс.
Жауабы: (ФОТОСИНТЕЗ)
реакцисын
жазады.6СО2 + 6 Н2О
= С6Н12О6 + 6О2↑
2 топ.
Отаны-Оңтүстік Америка. Оның қолдан өсіріле
бастаған алғашқы жері-Чили мен Перу. Оны Чилиден испандықтар 1536
жылы Еуропаға алып келіп, әуелі Испанияның өзінде өсірген. Кейіннен
ол Испаниядан Италияға, Голландияға, Англияға және басқа елдерге
тараған көрінеді.
Перуліктер оны папа деп атаған, папаның күнге
кептірілгенін чуньо деп атаған. Жерден қазып алынған папаны дағ
кептірілген чуньоны да перуандықтар суға қайнатып немесе отқа көміп
пісіріп жейтін болған. Француздар оны
жер алмасы деп, итальяндар әуелі тартуфоль деп атаған. Ресейге
тарауына І Петрдің еңбегі зор.
Жауабы:
(картоп) картадан чили мен перуді
табады
1-
Жүргізуші: Келген көрермендермен ойын
өткізіледі.
Логикалық
сұрақтар:
1.9 бас, 22 аяқ. Неше тауық,
неше ешкі? (2 ешкі, 7 тауық).
2. 5 адамға 5 алманы бөлу керек: әр адам бір алманы алса, бір алма
кәрзеңкеде қалу үшін қалай бөлеміз? (1 адам 1 алманы кәрзеңкесімен
алады).
3.Тауық бір аяғымен тұрса 3
кг, екі аяғымен
тұрса қанша кг?( 3кг)
4.Бір кісі найзағай
жарқылдаған сайыншашын тарайды екен, неге?(Фотоға түсіп жатырмын
деп ойлайдыекен)
5.Бірінші төрт аяқты, кейін
екі аяқты, оданкейін үш аяқты ол не?(Адам)
6.Лимонның жартысы неге
ұқсайды?(Екінші жартысына)
7.Құлақ не үшін
керек?(Көзілдірікті ұстап тұру үшін)
8.Балықтар неліктен
сөйлемейді?(Су жұтып қоймау үшін)
9.Теңіздің суы неліктен тұзды?
(Балықтар иістеніп кетпеуі үшін)
10.Әлемдегі ең үлкен алма
қайда өседі?(Алма ағашында)
1-Жүргізуші:
2 - кезеңнің қорытындысын
айтады.
Жақсы, осымен ойынымыздың
бірінші кезеңі өз мәресіне жетті. Жинаған баллдарыңызды санап
шығып, айтыңыздар
2- Жүргізуші:
Келесі 3- кезең «Ежелгі гректер мен
римдіктердің сүйікті жемісі болған. Адам организмі үшін ең пайдалы
антиоксиданттар оның қабығында болады. Адамзат бұл жемісті тағам
ретінде біздің дәуірімізге дейінгі 6500 жылдан бері пайдаланып
келеді. Бұған археологиялық қазбалар дәлел. АҚШ-тың Манхэттен
қаласында бұл жеміс 1647 жылдан бері өнім беріп келе жатқан ең
«кәрі» жеміс ағашы деп есептелінеді.»
(АЛМА)
1- Жүргізуші:
Соңғы шешуші кезеңімізді
бастаймыз:4–кезең
«kahoot»сайысы.3
мин
4
кезең.Полиглот
Ойынымыздың 4 кезеңінде
оқушыларға жұмбақтар жасырылады, жауабын үш тілде айту керек.
Бірінші қол көтерген оқушы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 5
ұпай.
-
Дәмі де жоқ, түсі де
жоқ,
Пайдаланбас кісі де
жоқ. (Су - вода -
water)
-
Отқа жанбас, суға
батпас. (Мұз – лед – ісе
)
-
Жерге қазық қақтым,
Басына айдар
тақтым. (Сәбіз - морковь
- carrots)
-
Екі
ағайынды, екеуі де бір үйде
Бірін-бірі
көрмейді.
(Көз – глаз –eyes)
-
Күннің нұрын сүйемін,
Күнге басымды иемін.
Моншағым жоқ мойнымда,
Үлкен қапақ
киемін. ( Күнбағыс-
подсолнечника - sunflower)
6.
Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады. (Жел – ветер - the wind)
7.
Қыста ғана болады,
Ұстасан қолын тоңады. (Қар-
снег-snow)
8.Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе – вервлюд –
camel)
9.Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен,ұстайды. (Балық – рыба - fish)
10.Секіреді –
Бала емес.
Сақалы бар –
Шал емес (Ешкі- -коз - goats)
Марапаттау.
2-
Жүргізуші
Ойын - толқын, айналған қатты
ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс
та.
Біреу озып келеді
қатарынан,
Біреу мініп жатқанда
аптығыста.Сонымен бүгінгі
«Ұшқыр ойлы
жұлдыздар» атты сайысымыз өз мәресіне
жетті. Алда әлі де биік – биік асулардан көріне беріңіздер деп
тілек білдіреміз.
1-
жүргізуші:
Ойын - толқын, жатқандай асып,
тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс
басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама
ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма
жасып
Шуақты күндерде
жолыққанша!