400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ұшқыр ойлы тапқырлар»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұшқыр ойлы тапқырлар сайыс түрінде өткізілді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы

Қожасай негізгі орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Изтаева Изаура Бакитжанова

Тақырыбы: «Ұшқыр ойлы тапқырлар»

Мақсаты: Оқушылардың білім – білік дағдыларын байқап, өздерін емін еркін ұстай білуге үйрету. Шапшаң ойлау, шығармашылық қабілетін дамытып,білімге деген қызығушылықтарын арттыру.
Түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі: Слайд, интерактивті тақта
Сайыстың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
Кіріспе
Жер үстінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімнен аспанға жол салынар.
Армысыздар ұстаздар!
- Бармысыздар,
Болашақтың бастауы
Балғын шақты балалар!
Алдарыңызда тұрған 1 - сынып оқушыларының
«Ұшқыр ойлы тапқырлар» атты сайысына қош келдіңіздер
Ал оқушы, ұстаздар
Ортаға назар салайық
Білімділер шықпақ ортаға
Қол соғып қарсы алайық деп ортаға сайыскерлерімізді шақырайық.
Білімімізді артып, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік
Сайыс кезеңдері:

І кезең Ойна да, ойла!

ІІ кезең Ойлан, тап!

ІІІ кезең Кім жылдам?

ІҮ кезең «Ойнап өс те, ойлап өс» 

Ү кезең Құрастырма сурет

ҮІ кезең Кім тапқыр

Таныстыру Ширату

І кезен Ойна да, Ойла! Әр топқа 7 сұрақтан қойылады 1 балдан беріледі.

1. 10 балапан болды, 3 балапан қашып кетті. Неше балапан қалды?

2. Шыңғыста 7 теңге, Батырханда 3 теңге. Барлығы қанша?

3. Айсұлуда 5 кампит, ал Айнұрда 1 кампит кем. Айнұрда неше кәмпит кем?

4.Себетте 5 алмұрт, ал сөмкеде 3 алмұрт артық. Сөмкеде неше алмұрт?

5.7 кесе болды. 2-еуі сынды, нешеуі қалды?

6. 7 мысық болды, 2 мысық кетті. Неше мысық қалды?

7. Саябақта 6 қайың және 2 терек өсіп тұр. Теректің қайыңға қарағанда нешеуі кем?

1.Айдар 8 марка сатып алды. 4 маркасын жоғалтты. Қаншасы қалды?

2. Анар 6 “бестік” алды, тағы 3 “бестік” алды. Барлығы неше баға?

3.Құмырада 3 раушан гүл, ал қоңыраугүлдің 2-еуі артық. Қоңыраугүл нешеу?

4.Өзенге 8 үйрек келді, ал қаздың 2-еуі кем. Қаз нешеу?

5.Пакетте 7 кәмпит бар. Оның 1-еуі ирис, қалғаны шоколад. Неше шоколад бар?

6. Алмас пен Қанатта 9 мұз кәмпит бар. Алмас 4-еуін жеді, Қанат та сонша жеді. Қанша кәмпит қалды?

7. Айданада 3 қуыршақ пен 1 айнасы бар. Қуыршақтың айнаға қарағанда нешеуі артық?

ІІ кезең «Ойлан тап!»

І топ «Төртбұрыштар»

4+1+1= 7+1+1= 9-1-1=

3+2+1= 8+1+1= 8-1-1=

6+1+1= 9+1+0= 7-1-1=

ІІ топ «Үшбұрыштар»

5+1+1= 2+1+1= 10-1-1=

4+2+1= 6+1+1= 7-1-1=

8+1+1= 8+1+0= 9-1-1

ІІІ кезең Кім жылдам? Берілген геометриялық фигуралардан пішіндер құрастыру

Геометриялық фигуралардан пішін құрастыру

ІҮ кезең «Ойнап өс те, ойлап өс»  Екі топқа 12 сұрақтан қойылады. Сұрақтарға жылдам, дұрыс жауап беруі керек.

І топ «Төртбұрыштар»

1. Күзде жаңбыр жауады,ал қыста не жауады?

2. Тудың түсі қандай?

3. Алфавиттің бірінші әрпі?

4. Әкеңнің әкесі саған кім болады?

5. Атамнан да қаштым, әжемнен де қаштым,бұл қай ертегі?

6. Бағдаршамның қай түсі жанғанда жүруге болады?

7. Ең суық жыл мезгілі?

8. Балапан сөзіне дыбыстық талдау жасап буынға бөліңдер?

9. Ең қасиетті тағам

10. Жыл мезгілін ата?

11. Қоянның құлағы нешеу?

12 Үш қабырғасы бар фигура қалай аталады?

ІІ топ «Үшбұрыштар»

1.Әкеңнің шешесі қалай аталады?

2.Піл үлкен, ал тышқан қандай?

3. Бір аптада неше күн бар?

4. Ерасыл – ұл, ал Нұрай кім?

5. Жұлдыздар қай кезде пайда болады?

6. Бағдаршамның неше көзі бар, қандай?

7. Ақтөс-ит, ал Марат кім?

8. Жапырақ жылдың қай мезгілінде сарғаяды?

9. Жеті санынан тұратын ертегіні ата

10. Балаларға білім беретін маман иесі кім?

11. Қойдың төлі қалай аталады?

12. Қуыршақ сөзіне дыбыстық талдау жаса және буынға бөл


Ү кезең «Құрастырма сурет»


Бұл айналымда топтарға суреттің бір бөлігі көрсетіледі. Топтар сол суретте жасырылған затты табуы керек  


ҮІ кезең «Кім тапқыр»  деп аталады. Балалар жұмбақ есептің шешуін табады.


І топ «Төртбұрыш»

Мұз айдында 7 бала,

Асыр сап жүр сырғанап.

Сырғанамай 2 бала,

Жағалауда тұр қарап,

Енді осы бар баланың,

Санын айтсаң –жарадың!

7+2=9

Көлден ұшты 7 қаз,

Қайтып қонды 2 қаз,

Қонбады оның нешеуі?

Кәне, кім тез шешеді?

7-2=5

Жаңа ғана шалғында,

6 бұзау жүр еді.

Әлде шаршап қалды ма,

Жатып қалыпты 1-еуі.

Нешеуі енді жайылып,

Айт, жүргенін айырып.

6-1=5

ІІ топ «Үшбұрыштар»

2 аяқ пен 2 қол,

1 ауыз бен 1 тілің.

Нешеу болды кәне, бол,

Санап шығар кім бұрын.

2+2+1+1=6

3 алманы бақтағы,

Кірпі алып жинады.

Ең әдемі 1-еуін,

Ақ тиінге сыйлады.

Кірпідегі алманың,

Санап көрші қалғанын.

3-1=2

Аулада 3 үйрек,

Қорада 2 үйрек,

Аулаға келді 1 үйрек,

Қораға келді 1 үйрек,

Барлығы сонда неше үйрек?

3+2+1+1=7

Қорытынды бөлім

Шын жүйрік шабысынан танылады,

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда,

Сіздерге құрметпенен қол соғады.

«Ұшқыр ойлы тапқырлар» шығады дегендей, - сайысымыз аяқталды. Келгендеріңізге көп –көп рахмет. Сау болыңыздар!








































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11.04.2018
467
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі