Материалдар / Ұшқырлы ой

Ұшқырлы ой

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушының ой өрісін дамытады.
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Қостанай қаласы білім бөлімінің "Қостанай қаласы білім бөлімінің

Дружба жалпы білім беретін мектебі" КММ






«Ұшқырлы ой»

математика пәнінен көмекші құрал




Әзірлеген: Садуакасова Гульжанат Рысбаевна

1 сынып















Қостанай – 2022 ж.


Түсінік хат

Бұл «Ұшқырлы ой» 1 сынып оқушыларына арналған математика пәнінен көмекші құрал. Математикалық ұғымдар мен тәсілдерді оқытып үйрету барысында өзін-өзі жетілдіруші, өзін-өзі жүзеге асырушы және өзін-өзі дамытушы, қалыптастыру процесінде қосымша таңдау сабақтарына көмек көрсетуге арналған.

Мақсаты:

- математикалық пәніне қызығушылығын ояту, танымдық қабілеттерін дамыту;

- математикадан алған білімдерін тереңдете түсу;

- оқушылардың қисынды ойлау, іздеу қабілеттерін дамыту

Көмекші құралдың бағдарламасына қойылатын талаптары:

- негізгі бағдарламамен байланыс;

- Қызықты тапсырманы қарастыру;

Біліміне қойылатын талаптар:

- геометриялық пішіндер;

- Сандар туралы түсінік;

- логикалық есептер

- қосу мен азайту амалдарына сәйкес сиқырлы шаршылардың орындалу ережелері;

- дәстүрден тыс есептерді шешудің мүмкін болатын жолдары.

Математика пәнінен /вариативтік/ сабағының ішінде пішіндер, геометриялық фигуралар, тапсырмалар, есептер, логикалық есептер, кестелер,ойлан тап, санамақтар т.б. қамтылған. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай отырып деңгей бойынша сараланған. Математикалық есептерді шығару - оқушылардың пәнге деген ынтасын арттырады, оның қолдану саласына деген тұрақты қызығуын оятады, бағдарламадан тыс материалдарды терең игеруіне және өз білімін тереңдетуге әсер етеді, оқушылардың ойлау қабілетін кемелдене түсуіне мүмкіндік береді.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылардың 1-сынып бойынша өз білімдерінің танымдық қабілеті арта түседі.

Әрбір сабақ 1 -ші сынып оқушысының жас ерекшелігіне бейімделген тілмен тұжырымдалған оқу мақсатынан басталады. Оқушыларға алынған тапсырмалар түрлі түсті түстермен алынған, оқушы атқаратын іс-әрекетке жұмылдырушы сұрақ немесе қысқа мәтін түрінде емес, көрнекі сурет бойынша алынған. Тапсырмалар барысында оқушылар шығармашылық тапсырма орындауға үйренеді.






Ұшқырлы ой

34 сағат


Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Уақыты

1

"Ұқсастығын тап, айырмашылығын ажырат"

1


2

Кесіндінің сиқыры

1


3

Қасиетті сандар

1


4

Кім зерек?

1


5

Салыстырудың құпиясы.

1


6

Математикалық ребустар

1


7

Сандар құрамы

1


8

Логикалық тапсырмалар

1


9

Өзіңді тексер!

1


10

Сурет бойынша өрнек құру

1


11

Сурет бойынша теңдіктер құру

1


12

Кел, ойнайық!

1


13

Салыстыру

1


14

"Математикалық тізбектер"

1


15

Кім жүйрік?

1


16

Формасы әр түрлі заттар

1


17

Суретті үлестірмелер

1


18

Есептер еліне саяхат

1


19

Өзіндік жұмыс

1


20

Есептер еліне саяхат

1


21

"Болды,қалды" есептер

1


22

Математикалық диктант

1


23

Кім білгір?

1


24

Жұп және тақ сандар

1


25

Тапқырлар әлемі

1


26

Оң жақ,сол жақ,алды,арты

1


27

Бақылау жұмысы

1


28

Сандар сыры

1


29

Сандар сыры

1


30

"Әріпті өрнектер" еліне саяхат

1


31

Ойлан.Жұптас.

1


32

"Математика әлемінде"

1


33

Жас математиктер турнирі

1


34

Ондықтар еліне саяхат

1






1-сабақ

Сабақтың тақырыбы

"Ұқсастығын тап, айырмашылығын ажырат"

Сабақтың мақсаты

Заттарды түстеріне, түрлеріне қарай ажыратып салыстыруды меңгерту

Сабақтың

міндеттері

Балалардың үлкен - кіші, көп - аз туралы ұғымдарын қалыптастыру. Көп - аз, үлкен - кішіні ажыратып күнделікті өмірде қолдана білуге және бір - бірін аттарымен атай білуге үйрету.

Оқыту әдісі

Әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сергіту сәті, қорыту.

Сабақтың түрі

Өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, ауызша.

Сабақтың көрнекілігі

Ағаш қуыршақтар, үлкен - кіші алмалар муляжы, үй макеті, қолдан жасалған алма ағашы және алмалар, құстар, себеттер.т.б.

Күтілетін нәтиже

Көп - аз, үлкен - кішіні ажыратып күнделікті өмірде қолдана білуге және бір - бірін аттарымен атай білуге үйренеді. Заттарды түстеріне, түрлеріне қарай ажыратыпсалыстыруды меңгереді.

Қызығушылықты ояту

Сыныптағы, айналадағы заттарды атап, оларды салыстыру.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.

Тапсырмалар

1. Заттарды салыстыр. Қандай ұқсастығы, қандай айырмашылығы бар?

Жауабы: 1-қатарда балықтар. Ұқсастығы: үшеуі де балық.

Айырмашылығы: түстері әр түрлі.

2-қатарда қозықұйрықтар.

Ұқсастығы: үшеуі де қозықұйрық.

Айырмашылығы: түстері, көлемі әр түрлі.

2.

1. Үшбұрыштыр-4, төртбұрыштар-2.

2. Төртбұрыштың оң жағында 1 фигура бар.

3. Үшбұрыштың сол жағында 2 фигура бар.

4. Ортасындағы түзу сызық ең қысқа.

3. Тізбекті ары қарай жалғастыр, боя

4. Әр қатардағы артық затты сызып таста. Оны неге сызғаныңды түсіндір.


Ой толғаныс

Біз бүгінгі сабақта не істеп үйрендік? Нені санадық?


Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.


Кері байланыс

Рефлексия


Ұнады

Ұнамады



Оқушыға қай тапсырма ұнаса, сол тапсырманы көрсетеді.












2-сабақ

Сабақтың тақырыбы

Кесіндінің сиқыры

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың танымдық ойлау, кесіндіні өлшеу, салу, өз бетімен жұмыс жасау қабілетін жетілдіру.

Сабақтың міндеттері

Оқушылармен бірлесе отырып екі кесіндінің, олардың ұзындықтарын пайдаланып, қосынды және айырмасын шығарып алу алгоритмін құру және практикада қолдана білуге үйрету. Оқушылардың танымдық ойлау, кесіндіні өлшеу, салу, өз бетімен жұмыс жасау қабілетін жетілдіру. Оқушыларды еңбекқорлыққа, жылдамдыққа, ынтымақтастыққа баулу.

Оқыту әдісі

Түсіндіру сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік

Сабақтың түрі

Өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, ауызша.

Сабақтың көрнекілігі

Оқулық, кеспе сандар, жеке суреттер

Күтілетін нәтиже

Оқушылар кесіндіні қалай, ненің көмегімен сызуды меңгереді. Олардың ұзындықтарын пайдаланып, қосынды және айырмасын шығарып алу алгоритмін құру және практикада қолдана білуге үйренеді

Қызығушылықты ояту

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.

Тапсырмалар

1. Суретті ары қарай аяқта.Қалауыңша боя.

Жауабы: дөңгелекті сару, үшбұрышты жасыл, төртбұрышты қызыл түспен бояу.

2. Қызыл қаламмен 2 см, жасыл қаламмен 3 см кесінділер сыз. Екеуін салыстыр. 2см < 3см

3. Суреттерді жалғастыр, үшеуі де бірдей болсын. Қыздың көйлектерінің түймелерін, жағасын,жеңін түгендеп салу.

Shape1 4. Заттардың жұбын тап.

Мысалы: барабанның соққышын т.б.

Сергіту сәті

Сағаттың тіліндей, 
Иіліп оңға бір. 
Сағаттың тіліндей 
Иіліп солға бір 
Сағатқа қарап ап 
Жаттығу оңай-ақ.


Ой сергітеді, шаршағандары

басылады

Ой толғаныс

Біз бүгінгі сабақта не үйрендік? Кесінді дегеніміз не? Оны қалай өлшейміз?


Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау



Кері байланыс

Рефлексия

Ұнады

Ұнамады



Оқушыға қай тапсырма ұнаса, сол тапсырманы көрсетеді.





3-сабақ.

Тақырыбы: Қасиетті сандар

Мақсаты: Қасиетті сандар туралы ұғымды қалыптастыру.

1.Сандардың ішінен 3 және 7 сандарын тауып көрсет.


- Әлемдегі 7 кереметті тізіп көрейікші

- 3 санына қатысты не білесіңдер?

3 - санына байланысты:

Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.

Жұмысқа үш жылда үйренеді, жалқаулыққа үш күнде үйренеді.

Ат баспаймын деген жерін үш басады.

7 - санына байланысты:

Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.

Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі.

Жақсыны жеті жыл жетелесең, адам болады,

Қорытындылау.



4-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Кім зерек?

Мақсаты: Кем,артық ұғымын түсіндіру.

1.

2.Қанша артық белгісін қой. >; < ; =

Shape2





3.Қайсы артық?

4. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?

Менің атым Сайран. Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім?

Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?

Қорытындылау.







5- сабақ

Сабақтың тақырыбы

Салыстырудың құпиясы. Кім жүйрік?

Сабақтың мақсаты

Заттардың саны  бойынша топтарды салыстыру дағдыларын  дамыту.


Сабақтың түрі

Өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, ауызша.

Тапсырмалар

Бүгінгі жұмысты өзіндік жұмыс түрінде ұйымдастыруға болады.

1. Суретке қарап өрнектің мәнін тап. №2. Салыстыр. №3. Қандай сурет жетіспейді? Бос торкөзге керекті суретті сал. №4. Өрнек құр, мәнін тап.


Қызығушылықты ояту

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.


Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай бөбектер

Үлкен болып өседі.


Ой сергітеді, шаршағандары

басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:

Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Рефлексия


Ұнады

Ұнамады




Оқушыға қай тапсырма ұнаса, сол тапсырманы көрсетеді.




















6-сабақ.

Тақырыбы: Математикалық ребустар

Мақсаты: Ойлау қабілетін дамыту.

-Кәне тез шешейік

1-топ

2-топ

.

3-топ

Қорытындылау -Жарайсыңдар!



7-сабақ.

Тақырыбы: Сандар құрамы

Мақсаты:Сандар құрамын білу.

1-топ

2-топ

3-топ

Қорытындылау.



8-сабақ.

Тақырыбы: Логикалық тапсырмалар

Мақсаты:Ойлау қабілетін дамыту.

1-топ

2-топ

3-топ



Қорытындылау: Жарайсыңдар!





9- сабақ

Сабақтың тақырыбы

Өзіңді – өзің тексер

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың   өз бетінше  орындау  дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі

Өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, ауызша.

Сабақтың көрнекілігі

Дидактикалық материалдар.

Тапсырмалар

1. Қолыңда қанша саусақ болса, сонша дөңгелектің суретін боя. Шешуі: 10 дөңгелекті бояйды.№2. Суреттегі қателіктерді тап. Шын мәнінде қалай болу керек екенін айт. Сурет бойынша топтық жұмыс ұйымдастыруға болады.әр топ талдап талқылайды.№3. Ойлан, тап. Жауабы: 4 жапырақ. №4. Тапсырмаларды орындап, керекті түспен бояйдыӨзіндік жұмыс ретінде беруге немесе жарыс түрінде ұйымдастыруға болады. № 5. Шайнек қанша болса, сонша кесе сал.Жауабы: 3кесе алу керек.

Қызығушылықты ояту

Өзіндік жұмысына дайындықтарын тексеру.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.

Сергіту сәті

Қане балалар, тұрамыз,
Бойымызды жазамыз.
Балықтарға ұқсап біз,
Жүзіп-жүзіп аламыз.

Ой сергітеді, шаршағандары

басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:

Тауық шықты көшеге,
Ерді барлық шөже де.
Алға кетті 7-еуі,
Артта қалды 3-еуі.
Санай алмай барлығын
Есі шықты тауықтың.
Сен есепте, балақан,
Қанша еді балапан? (10)

Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?


Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау



Кері байланыс

Рефлексия

Ұнады

Ұнамады



Оқушыға қай тапсырма ұнаса, сол тапсырманы көрсетеді.








10- сабақ

Сабақтың тақырыбы

Сурет бойынша өрнек құру

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды сурет бойынша, ауызша есеп құрастыруға үйрету.

Сабақтың міндеттері

Оқушыларды сурет бойынша, ауызша есеп құрастыруға үйрету.Ой өрісін, тілін, есте сақтау қабілетін дамыту.Білімді болуға тәрбиелеу.

Оқыту әдісі

Сұрақ-жауап, түсіндіру, есептеу, ойын.

Сабақтың түрі

Өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, ауызша.

Сабақтың көрнекілігі

Суреттер.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар сурет бойынша, ауызша есеп құрастыруға үйренеді.


Тапсырмалар

1. Өрнек құр, мәнін тап. мысалы: 5-3=2 т.б.

2. Керекті санды қою керек. Өзіндік жұмыс ретінде ұсынуға болады. №3. Есепте, салыстыр. № 4. Суретті жалғастыр. № 5. Өлең есеп. Шешуі:10 алма.


Сергіту сәті

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.


Ой сергітеді, шаршағандары

басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма: мұғалімнің қалауы бойынша алуға боады.

Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?


Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.



Кері байланыс

Рефлексия

Ұнады

Ұнамады



Оқушыға қай тапсырма ұнаса, сол тапсырманы көрсетеді.















11- сабақ

Сабақтың тақырыбы

Сурет бойынша теңдіктер құру

Сабақтың мақсаты

Тез  ойлауға, шапшаң  есептеуге баулу,  ой  өрісін дамыту

Оқыту әдісі

Сұрақ-жауап, түсіндіру, есептеу, ойын.

Сабақтың түрі

Өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, ауызша.

Сабақтың көрнекілігі

Әр түрлі суреттер.

Күтілетін нәтиже

Суретке қарап отырып теңдіктер құруды меңгереді.

Қызығушылықты ояту

Оқу құралдары пайдалана отырып теңдіктер құру. Мысалы: 1 сөмке+1 өшіргіш; 3 дәптер+2 кітап т.б.


Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.

Тапсырмалар

1. Суретке қарап бірнеше теңдіктер құру керек

2. Есепте, теңдік пен теңсіздік құрастыр.Сурет бойынша есеп құрастыруға үйрету. №3. Санап, теңдік құр. №4. Заттардың жұбын табу кетек. Топтық жұмыс түрінде ұсынуға боады.


Сергіту сәті

Топ-топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн.

(балалар қолдарын соғады)


Ой сергітеді, шаршағандары

басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:

Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.



Кері байланыс

Рефлексия

Ұнады

Ұнамады



Оқушыға қай тапсырма ұнаса, сол тапсырманы көрсетеді.

















12 – сабақ

Сабақтың тақырыбы

Кел, ойнайық!

Сабақтың мақсаты

Әр түрлі әдістер арқылы оқушылардың сөз байлығын тексеру, бекіту, өз пікірін айта білуін қалыптастыру.


Сабақтың міндеттері

Өткен тақырып бойынша әр түрлі әдістер арқылы оқушылардың сөз байлығын тексеру, бекіту, өз пікірін айта білуін қалыптастыру. Ттез ойлау, оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл дамыту логикалық ойлау, талдау, жинақтау қабілетін дамыту.


Оқыту әдісі

сұрақ-жауап, ойландыру, түсіндіру, ойын әдісі, диалог құрастыру.

Сабақтың түрі

Өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, ауызша.

Сабақтың көрнекілігі

Әр түрлі суреттер, қима қағаздар.

Күтілетін нәтиже

Ойын арқылы оқушының ой-өрісі дамиды.

Тапсырмалар

Сабақты ойын түрінде бастауға болады.

1. Ойыншықтардың көлеңкесін табады №2. Орманға жетуге Бауырсаққа көмектесу керек және жол көрсетеді. Егер оқушылар бір – бірімен келіспей ортақ шешім таппаса мұғалім көмекке келеді. №3. Кім жылдам? жеке жұмыс түрінде ұсынуға болады. №4. Машаға көбелек ұстауға көмектесу.оқушылар көмекке әрқашан дайын екенін белсене көрсетуге тырысады.


Сергіту сәті

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш,

Бойға жинап күш.

Жаттығу жасап алайық,

Бiр дем алып қалайық.


Ой сергітеді, шаршағандары

басылады

Ой толғаныс

Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау



Кері байланыс

Рефлексия


Ұнады

Ұнамады



Оқушыға қай тапсырма ұнаса, сол тапсырманы көрсетеді.













13- сабақ

Сабақтың тақырыбы

Салыстыру

Сабақтың мақсаты

оқушының ойлау, ауызша есептеу, есте сақтау қайта жаңғыртуын дамыту.


Сабақтың міндеттері

2, 3, 4, 5, 6, 7 сандарының қосу және азайту кестесіне сүйене отырып, екі таңбалы сандарды, өрнектерді салыстыру, сөз есеп, теңдеуді шешуге машықтандыру.Оқушының ойлау, ауызша есептеу, есте сақтау қайта жаңғыртуын дамыту. Адамгершілікке,әдептілікке, достыққа, ұйымшылдыққа, ұйымшылдыққа, қамқорлыққа, тәрбиелеу.


Оқыту әдісі

Сөздік әдісі, өз бетімен жұмыс, топтастыру, таңдап алу ,тірек схемасы.

Сабақтың түрі

Өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, ауызша.

Сабақтың көрнекілігі

Әр түрлі суреттер, қима қағаздар.

Күтілетін нәтиже

Салыстыруды меңгереді.

Тапсырмалар

1. Сурет бойынша өрнек құрастыр, салыстырады.

2. "Түймелерді салыстыр" ойынын ойнайды.

3. Жауабы: Отбасы мүшелері 8 адам. Еңбекті 7 адам жасады. №4. тапсырманы орындайды.


Сергіту сәті

Бiр, екi, үш

Бойға жинап күш.

Жаттығуды жасаймыз

Шынығуды бастаймыз.


Ой сергітеді, шаршағандары

басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:

Жандоста бар 5 іні,
Алмаста бар 2 іні,
Қоссақ 5 пен 2-ні,
Қанша болар шешуі? (7)

Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?


Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.



Кері байланыс

Рефлексия

Ұнады

Ұнамады



Оқушыға қай тапсырма ұнаса, сол тапсырманы көрсетеді.








15 – сабақ

Сабақтың тақырыбы

Кім жүйрік?

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың математикалық білімдерін тереңдете түсу, логикалық ойлауды, тапқырлықты дамыту, қабілетті және дарынды балаларды анықтау.


Сабақтың міндеттері

Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру. Оқушылардың математикалық білімдерін тереңдете түсу, логикалық ойлауды, тапқырлықты дамыту, қабілетті және дарынды балаларды көрсету. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жеңімпаз озық болуға тәрбиелеу.


Оқыту әдісі

Сұрақ - жауап, өз бетімен жұмыс, топтастыру, тірек схемасы.

Сабақтың түрі

Өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, ауызша.

Сабақтың көрнекілігі

Сызбалар, сұрақтар жинағы, жұмбақтар, логикалық есептер.

Күтілетін нәтиже

Оқушылардың жүйріктігі, ептілігі, тез ойлау қабілеті сыналады.


Тапсырмалар

Тапсырмаларды орындағанда қателік жібермеуді басшылыққа алу керек.

1. Қатесін тап. №2. Санның құрамын тап.

3. Тиісті белгіні және тиісті санды қой..

4. Папугайдың тапсырмаларын орындап, бояп шығады.

1-көк,

2-сары,

3-қызыл,

4-жасыл.

Сергіту сәті

Оңға, солға бұрылдық,

Алға, артқа иілдік.

Тіземізді бүктіріп,

Қолды создық тік тұрып.


Ой сергітеді, шаршағандары

басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:

Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.



Кері байланыс

Рефлексия

Ұнады

Ұнамады



Оқушыға қай тапсырма ұнаса, сол тапсырманы көрсетеді.






14- сабақ

Сабақтың тақырыбы

"Математикалық тізбектер"

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін өмірде пайдалануға үйрету.


Сабақтың міндеттері

Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау.Мұндағы өлең-есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке , ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған жерінің табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.


Оқыту әдісі

Сұрақ-жауап, көрнекілік, ізденушілік, ойын, құрастыру

Сабақтың түрі

Танымдылық ойын, сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі

Сызбалар, сұрақтар жинағы, жұмбақтар, логикалық есептер.

Күтілетін нәтиже

Оқушылардың жүйріктігі, ептілігі, тез ойлау қабілеті сыналады.


Тапсырмалар

1. Тізбекті санды аяқта. Жұп сандарды қызыл түспен, тақ сандарды жасыл түспен бояу керегін мұғалім ескертеді.

2. Геометриялық фигуралар сыз: 2 түзу, 1 сәуле, 3 кесінді. Тақтада ұйымдастыруға болады. №3. Жаубы: 5 қонжық. №4. Сандарды сызғыштың көмегімен жалғастыр. Өлше.


Сергіту сәті

Секіреміз топ-топ,

Шапалақтап көп-көп.

Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш,

Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш.


Ой сергітеді, шаршағандары

басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:

Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.



Кері байланыс

Рефлексия

Ұнады

Ұнамады



Оқушыға қай тапсырма ұнаса, сол тапсырманы көрсетеді.










16-сабақ.

Тақырыбы: Формасы әр түрлі заттар

Мақсаты: Заттардың әр түрлі болып келетінін ұғындыру


1. Заттарды формасына қарай топтаңдар



2.Көлеміне қарап сәйкестендеріңдер



Қорытынды: Заттарды көлеміне қарай анықтай алады екенбіз.

"Кім жылдам" ойыны арқылы формасы әр түрлі заттарды жинатамын.

Жинақылыққа,ұқыптылыққа үйретемін. Ұқыптылыққа баулимын.

Топпен жұмыс ретінде сыныптан мысал келтіремін.




17-сабақ.

Тақырыбы : Суретті үлестірмелер

Мақсаты:Өздік жұмысқа баулу


1.Өрнек құрастыр



Қорытындылау







18- сабақ

Сабақтың тақырыбы

Есептер еліне саяхат

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту

Сабақтың міндеттері

Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың білім деңгейін тексеру, алған білімдерін тиянақтау.Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.


Оқыту әдісі

Сұрақ-жауап, ойын, әңгімелеу

Сабақтың түрі

Өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, ауызша.

Сабақтың көрнекілігі

оқулық, қима қағаздар, жұмбақтар, логикалық есептер.

Күтілетін нәтиже

Суретке қарап есеп құрастыруды үйренеді, өрнектердің мәнін тауып суретпен сәйкестендіреді.


Тапсырмалар


1. Сәйкестендіру керек. Заттардың саны мен цифрларды сәйкестердіріп сызады.

2. Суретке қарап есептер құрастыру, №3. Есептерді шығару. Мұғалімнің көмегімен атқарылады.

4."Математикалық аққалалар", суретті пайдалана отырып өрнектер құрастырып мәнін табу,


Сергіту сәті

Бала, бала, балақай,

Қол соғайық, алақай!

Бiр,екi,үш деп айтайық,

Саусақтарда тартайық.

Жалқау бала болмайық,

Қолды қысып, ойнайық.

/ Б.Бөрiбаев/


Ой сергітеді, шаршағандары

басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:

Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.


Кері байланыс

Рефлексия

Ұнады

Ұнамады












19 – сабақ

Сабақтың тақырыбы

Өзіндік жұмыс

Сабақтың мақсаты

Сабақтағы өтілген тақырыптар бойынша логикалық ойын есте сақтау қабілетін, сөздік қорын қалыптастыру.


Сабақтың міндеттері

Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау.Сабақтағы өтілген тақырыптар бойынша логикалық ойын есте сақтау қабілетін, сөздік қорын қалыптастыру.Әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Оқыту әдісі

Бақылау – байқау әдістері

Сабақтың түрі

Өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, ауызша.

Сабақтың көрнекілігі

Оқулық, оқушының жұмыс дәптері.

Тапсырмалар

1. Өрнектің мәнін тап, суретпен сәйкестендір. Суретті боя. № 2. Есепті шығар. № 3. Берілгені 4 см кесінді сыз және одан 3 см артық кесінді сыз. Оларды салыстыр. №5. Кілттердің сәйкес тістерін табу үшін топтық жұмыс ұйымдастыру керек. Мұғалім басшылығымен.


Қызығушылықты ояту

Өзіндік жұмысын орындауға дайындық.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.

Сергіту сәті

Ал, балалар, тұрайық.

Алақанды ұрайық

Оңға қарай иiлiп

Солға қарай иiлiп

Бiр отырып, бiр тұрып,

Бойымызды созайық

Белiмiздiжазайық.


Ой сергітеді, шаршағандары

басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:

Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.



Кері байланыс

Рефлексия

Ұнады

Ұнамады



Оқушыға қай тапсырма ұнаса, сол тапсырманы көрсетеді.








20– сабақ

Сабақтың тақырыбы

Есептер еліне саяхат

Сабақтың мақсаты

Тез ойлауға,шапшаң есептеуге баулу,ой -өрісін кеңейту.

Сабақтың міндеттері

Математика сабағында алған білімін өмірде пайдалана білу.Тез ойлауға,шапшаң есептеуге баулу,ой -өрісін кеңейту.Ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу.


Оқыту әдісі

ойын сабақ

Сабақтың түрі

Өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, ауызша.

Сабақтың көрнекілігі

сөзжұмбақтар, геометриялық фигуралар, санамақ

Күтілетін нәтиже

Суретке қарап есеп құрастыруды үйренеді, өрнектердің мәнін тауып суретпен сәкестендіреді.


Тапсырмалар


1. Өрнектің мәнін табу.

2. Ой ұшқырлығына құрылған есептерді шығару.

3. Суретті бояп, суретке сәйкес санды белгілеу.

4. Мысалды дұрыс шығарсаң, математикалық сөз шығады. Жауабы. Кесінді.


Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Қос бүйiрдiсығамыз.

Оңға, солға бұрылып,

Бiр айналып шығамыз.

Бiр,екi, үш, төрт, бес

Қолды қолға ұрамыз.

/ Б.Бөрiбаев/


Ой сергітеді, шаршағандары

басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:

5. Мысалды шығара отырып боя.

жасыл сары көк қызыл

7

8

9

10






Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?


Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.




21 – сабақ

Сабақтың тақырыбы

«Болды-өзгерді-қалды» есеп шығару

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың ақыл-ой қабілетін, өз беттерінше жұмыс ізденуін, ізденушілігін дамыту.


Сабақтың міндеттері

Оқушылардың алған білімдерін пысықтау, санды өрнектер,сандарды салыстыру, есеп шығару, білім-білік дағдыларын бекіту. Оқушылардың ақыл-ой қабілетін, өз беттерінше жұмыс ізденуін, ізденушілігін дамыту. Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, ақыл-ой белсенділігін арттыруға тәрбиелеу.


Оқыту әдісі

сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың түрі

Өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, ауызша.

Сабақтың көрнекілігі

сөзжұмбақтар, геометриялық фигуралар, санамақ

Күтілетін нәтиже

Суретке қарап есеп құрастыруды үйренеді, жасырын сөздерді таба алады, логикалық есептерді шығара алады.


Тапсырмалар

1. Есептерді шығару.

2. Салыстыру.

3. Суретке қарап отырып өрнек құрастыру,

4. Жауабы: Айжанның бантигі сары. Ал Айымның бантигі қызыл.Гүлімнің бантигі жасыл.,


Сергіту сәті

Көп отырып, шаршадық,

Қозғалуды аңсадық.

Жүгiргiмiз келедi

Әдемiлеп ән салып.


Ой сергітеді, шаршағандары

басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:

Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.



Кері байланыс

Рефлексия

Ұнады

Ұнамады



Оқушыға қай тапсырма ұнаса, сол тапсырманы көрсетеді.












22 – сабақ

Сабақтың тақырыбы

Математикалық диктант

Сабақтың мақсаты

Математикалық диктант жаздыруға дағдыландыру

Сабақтың міндеттері

Математикалық диктант жаздыруға дағдыландыру.Тірек білімдерін жетілдіру. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттілігін дамыту.Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Оқыту әдісі

Сұрақ-жауап, ойын, әңгімелеу.

Сабақтың түрі

Өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, ауызша.

Тапсырмалар

1.Көңілді жаттығулар.

2. Математикалық диктантты орындау.

3. Мысалдарды дұрыс шығарсаң мына ойыншықтар "Ертегі үйіне" кіре алады. Қане, қатесіз шығарып көрейік!

4. Римдік цифрларды Есіңе сақта. Рим цифрларын қолдану кезеңі мен қазіргі кездегі колданыста жүруін түсіндіру

Қызығушылықты ояту

Математикалық диктант жаздыру.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.

Сергіту сәті

Ұшқандай боп кекiлiк,

Биiк-биiк секiрiп,

Ойнап-ойнап, тез өсiп,

Кетемiз бiз жетiлiп.


Ой сергітеді, шаршағандары

басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:

Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.



Кері байланыс

Рефлексия

Ұнады

Ұнамады



Оқушыға қай тапсырма ұнаса, сол тапсырманы көрсетеді.










23-сабақ.

Тақырыбы:Кім білгір?

Мақсаты: Теңдік,теңсіздік туралы білу.


1.Мысалды стрелка арқылы өз жауабымен қос.

2+2 6+2

4+2 9-2

7-3 4+1

8

4

7

5

6

3

6-3 4+3

8-5 6+3

10-3 3+2

7

3

5

9











2.Қалдырылып кеткен амал таңбасын қой.

4 4 = 8

Shape3

9 4 = 5

6 4 = 10

5 4 = 9

Shape4 Shape5 Shape6





-Не байқадыңдар?

Айжанда 5 шар, Самалда сонша шар бар. Самалдың шары қанша?

Марат 2 бор, Самат сонша бор сатып алды.Қанша болды?

Қорытындылау.



24-сабақ.

Тақырыбы: Жұп және тақ сандар

Мақсаты: Жұп және тақ сандар туралы ұғым беру.


1 тапсырма. 1 топ. Жұп сандар орнында тұрған заттарды тауып белгіле.


Shape7

2 топ. Тақ сандардың орнында тұрған заттарды белгіле. 











Shape8









2 тапсырма. Қай тирда тақ санмен белгіленген нысананы көрсетіп тұрғанын белгіле.

3 тапсырма. Заттардың саны тақ сан болып тұрған суреттерді көрсет.















25-сабақ.

Тақырыбы: Тапқырлар әлемі

Мақсаты: Ойлау қабілетін дамыту

Тапсырманы орында:

2.Әйнек бетіне үшбұрыш пен төртбұрышты желімдеді. Шаршы бізге жақын тұрғандай көрінеді. Ал егер біз әйнектің келесі бетінен қарайтын болсақ, қай фигура бізге жақын тұрғанға ұқсайды ?



Shape9 Shape10 Shape11









Суретте неше үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы, дөңгелек бар?

Shape12 Shape13 Shape14 Shape15 Shape16 Shape17







Қорытындылау: Тапқыр екенсіңдер





26-сабақ.

Тақырыбы:Оң жақ,сол жақ,алды,арты.

Мақсаты: Бағдарлау қабілетін дамыту.

1.Суреттен қонжықтардың қай жақта тұрғанын айт.

Shape18 Shape19 Shape20 Shape21 Shape22











2.Орналасу ретін анықта



-Жұлдызша қай жерде орналасқан?

Қорытындылау:Заттардың орналасу реті болады екен.





27– сабақ

Сабақтың тақырыбы

Бақылау жұмысы

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың   өз бетінше  орындау  дағдыларын қалыптастыру.


Сабақтың түрі

Өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, ауызша.

Сабақтың көрнекілігі

Дидактикалық материалдар.

Тапсырмалар

1. Тиісті санды орнына қой.

2 . Қабырғаның қара бөліктеріне қанша кірпіш жетпейтінін сана және жаз.Жауабы: 18.

3. Сұрақтарға жауап бер. Ауызша орындалады.

4. Жасырын сөзді тап.Жауабы: жарайсың.

5. Өлең есеп . жауабы: 7 бала.


Сергіту сәті

Қане балалар, тұрамыз,
Бойымызды жазамыз.
Балықтарға ұқсап біз,
Жүзіп-жүзіп аламыз.


Ой сергітеді, шаршағандары

басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:


Тауық шықты көшеге,
Ерді барлық шөже де.
Алға кетті 7-еуі,
Артта қалды 3-еуі.
Санай алмай барлығын
Есі шықты тауықтың.
Сен есепте, балақан,
Қанша еді балапан? (10)

Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?


Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.



Кері байланыс

Рефлексия

Ұнады

Ұнамады



Оқушыға қай тапсырма ұнаса, сол тапсырманы көрсетеді.









28 – сабақ

Сабақтың тақырыбы

Қызықты сандар

Сабақтың мақсаты

Оқушының ойлау, зейін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың міндеттері

Сандарды тура және кері ретімен қоя білуге, сандардың таңбаларын танып ажыратуды, геометриялық пішіндер мен денелерді, олардың түстерін ажыратуды ойын арқылы жетілдіре түсу.Ойлау, зейін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тіл байлықтарын және сөздік қорларын байыту.Тапқырлыққа, ептілікке, жылдамдыққа, достыққа тәрбиелеу.


Оқыту әдісі

түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, жұмбақ жасыру, санамақтар.

Сабақтың түрі

Өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, ауызша.

Сабақтың көрнекілігі

Цифрлар, пішіндер, шыршалар,суреттер

Күтілетін нәтиже

Сандар сырымен танысады, қызықты логикалық есептер шығаруды үйренеді.


Тапсырмалар

1. "Қатесін тап" ойыны.

2. Өрнектің мәнін шешіп, жасырын сөзді тап. Жауабы: сандар сыры.

3. "Ия" немесе "жоқ" деп жауап бер.

4. Заттардың атын ата, Барлық ойыншықтарды сары түспен, ыдыстарды көк түспен, киімдерді жасыл түспен бояу керек.


Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай бөбектер

Үлкен болып өседі.


Ой сергітеді, шаршағандары

басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:

Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.



Кері байланыс

Рефлексия

Ұнады

Ұнамады



Оқушыға қай тапсырма ұнаса, сол тапсырманы көрсетеді.













29- сабақ

Сабақтың тақырыбы

Сандар сыры

Сабақтың мақсаты

Оқушының ойлау, зейін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың міндеттері

Сандарды тура және кері ретімен қоя білуге, сандардың таңбаларын танып ажыратуды, геометриялық пішіндер мен денелерді, олардың түстерін ажыратуды ойын арқылы жетілдіре түсу.Ойлау, зейін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тіл байлықтарын және сөздік қорларын байыту.Тапқырлыққа, ептілікке, жылдамдыққа, достыққа тәрбиелеу.


Оқыту әдісі

түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, жұмбақ жасыру, санамақтар.

Сабақтың түрі

Өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, ауызша.

Сабақтың көрнекілігі

Цифрлар, пішіндер, шыршалар,суреттер

Күтілетін нәтиже

Сандар сырымен танысады, қызықты логикалық есептер шығаруды үйренеді.


Тапсырмалар

1. "Қатесін тап" ойыны.

2. Өрнектің мәнін шешіп, жасырын сөзді тап. Жауабы: сандар сыры.

3. "Ия" немесе "жоқ" деп жауап бер.

4. Заттардың атын ата, Барлық ойыншықтарды сары түспен, ыдыстарды көк түспен, киімдерді жасыл түспен бояу керек.


Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай бөбектер

Үлкен болып өседі.


Ой сергітеді, шаршағандары

басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:

Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.



Кері байланыс

Рефлексия

Ұнады

Ұнамады



Оқушыға қай тапсырма ұнаса, сол тапсырманы көрсетеді.









30 – сабақ

Сабақтың тақырыбы

"Әріпті өрнектер" еліне саяхат

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың математикалық ойлауын дамыту, есеп шығару білігін тиянақтау.


Сабақтың міндеттері

Санды және әріпті өрнектерді ажырата білуге үйрету, есептер шығаруға баулу, жұптасып, топтасып жұмыс жасауға үйрету.  Санды және әріпті өрнектер туралы түсінік қалыптастыру.Оқушылардың математикалық ойлауын дамыту, есеп шығару білігін тиянақтау.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Оқыту әдісі

Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, жұмбақ жасыру.

Сабақтың түрі

Өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, ауызша.

Сабақтың көрнекілігі

дидактикалық материалдар .

Күтілетін нәтиже

Санды және әріпті өрнектерді ажыратады, есептер шығаруға төселеді, өзара бірлесіп жұмыс жасай алады.


Тапсырмалар


1. Әріпті өрнектің мәнін табу,

2, №3. Семантикалық картаны толтыру,

4. Кестелерді толтыру керек.


Сергіту сәті

Оң қолымды көтерем,

Оң қолымды түсірем,

Сол қолымды көтерем.

Сол қолымды түсірем.

Оңға қараймын,

Аяқты топ-топ басамын,

Солға қараймын.

Біраз сергіп аламын.


Ой сергітеді, шаршағандары

басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:

Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.



Кері байланыс

Рефлексия

Ұнады

Ұнамады



Оқушыға қай тапсырма ұнаса, сол тапсырманы көрсетеді.














31– сабақ

Сабақтың тақырыбы

Ойлан,жұптас!

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды сауаттылыққа тәрбиелеу. Ұжымда еңбек ету, бір- біріне деген достық ықыластарын ояту.


Оқыту әдісі

Сұрақ-жауап, ойландыру, түсіндіру, диалог құрастыру.

Сабақтың түрі

Ойын сабағы.

Сабақтың көрнекілігі

дидактикалық материалдар .

Күтілетін нәтиже

Түрлі ойындар арқылы логикалық тапсырмаларды орындай алады.


Тапсырмалар

2. Заттардың ішінде барлығының жұбы бар, жұбы жоқ затты тауып, атын жаз немесе суретін салу,

3. Суреттің атынтауыпжазады бояу керек.

4. Бұтақта бірнеше құс отыр. Олардың үш басы бар. Құстардың қанаттары қанша?

Сергіту сәті

Ал балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Бой сергітіп алайық.


Ой сергітеді, шаршағандары

басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:

Біз бүгінгі сабақта не істеп үйрендік? Нені санадық?

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.



Кері байланыс

Рефлексия

Ұнады

Ұнамады



Оқушыға қай тапсырма ұнаса, сол тапсырманы көрсетеді.









32 – сабақ

Сабақтың тақырыбы

"Математика әлемінде"

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту арқылы тапқырлыққа және жарысу арқылы тез, дұрыс есептей білуге дағдыландыру.


Сабақтың міндеттері

Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту арқылы ұқыптылыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа және жарысу арқылы тез, дұрыс есептей білуге дағдыландыру. Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру,ынтымақтастыққа, жұмыс істеуге дағдыландыру. Ұқыптылыққа, досын құрметтеуге тәрбиелеу.


Оқыту әдісі

Сыни тұрғысынан ойлау, топпен жұмыс, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі

Сайыс сабақ.

Сабақтың көрнекілігі

Кеспе қағаздар,түрлі-түсті қағаз.

Тапсырмалар


1. Логикалық есепті шығар.

2. Семантикалық картаны толтыр.

3.Жауабы: 1- Нұргүл, 2- Алма , 3 - Әлия .

4. АБВДГЕЖ нүктелерін қос.Жауабы: сынық сызық шығады.


Сергіту сәті

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш,

Бойға жинап күш.

Жаттығу жасап алайық,

Бiр дем алып қалайық.


Ой сергітеді, шаршағандары

басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:

Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.



Кері байланыс

Рефлексия

Ұнады

Ұнамады



Оқушыға қай тапсырма ұнаса, сол тапсырманы көрсетеді.











33 – сабақ

Сабақтың тақырыбы

«Жас математиктер» турнирі

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың математикалық ойлау қабілетін , шығармашылық белсенділігін дамыту,


Сабақтың міндеттері

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, математикалық ойлау қабілетін шығармашылық белсенділігін дамыту, логикалық және қызықты математикалық есептермен ойындармен таныстыру.Оқушылардың еріктілігін пәнге, деген қызығушылығын, сауаттылығын арттыру, есептеу дағдыларын жетілдіру, алған білімдерін тереңдету.Адамгершілікке, еңбек сүюге, бір - бірін сыйлауға, әдептілікке тәрбиелеу.


Оқыту әдісі

Сұрақ - жауап, көрнекілік. ізденушілік, ойын, құрастыру

Сабақтың түрі

Танымдылық ойын сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі

Сөзжұмбақ, бейнелі сөз, викторина.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар логикалық тапсырмаларды орындай отырып, пәнге деген қызығушылығы артады. Логикалық және қызықты математикалық есептермен, ойындармен танысады.


Тапсырмалар


1 «Ойнайық та, ойлайық»

2. Мына суреттегі өзің қалаған 3 теңдеуді шеш.

3. Мына фигуралардың қанша екенін тап.үшбұрыш- 17

Шаршы -2, тіктөртбұрыш -1.

4. Суретті крассворт шешу арқылы ерекше торкөздегі сөзді тапқан оқушы жеңімпаз.


Сергіту сәті

Секіреміз топ-топ,

Шапалақтап көп-көп.

Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш,

Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш.


Ой сергітеді, шаршағандары

басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:

Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.



Кері байланыс

Рефлексия

Ұнады

Ұнамады



Оқушыға қай тапсырма ұнаса, сол тапсырманы көрсетеді.



34- сабақ

Сабақтың тақырыбы

Ондықтар еліне саяхат

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың ондық және натурал сандар туралы түсініктерін кеңейту. «Ертегі еліне» саяхат жасай отырып есептер шығаруға баулу.


Сабақтың міндеттері

Оқушыларға ондық және натурал сандар туралы түсінік беру, меңгерту. «Ертегі еліне» саяхат жасай отырып есептер шығару.
Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау, танымдық қабілеттерін, математикалық тілдерін дамыту.Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, тазалыққа, отансүйгіштікке, еңбексүйгіштікке, адалдыққа тәрбиелеу.


Оқыту әдісі

Түсіндіру, сұрақ - жауап, интерактивті оқыту әдісі

Сабақтың түрі

Өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, ауызша.

Сабақтың көрнекілігі

Сөзжұмбақ, бейнелі сөз, викторина.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар ондық және натурал сандар туралы түсініктері кеңейіп, меңгереді. «Ертегі еліне» саяхат жасай отырып есептер шығаруды үйренеді.


Сергіту сәті

Қақпаға туралап, 
Теп допты, оң аяқ 
Қақпаға туралап, 
Теп допты сол аяқ, 
Оң аяқ, сол аяқ 
Жаттығу оңай-ақ.


Ой сергітеді, шаршағандары

басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:

Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.



Кері байланыс

Рефлексия

Ұнады

Ұнамады



Оқушыға қай тапсырма ұнаса, сол тапсырманы көрсетеді.
















Пайдаланған әдебиеттер


1. Оқушының анықтамалығы 1-4 сынып «Алматы кітап баспасы» 2020 ж.


2. Математикалық ой ашар «Қазақ энциклопедиясы» 2021 ж.


3.«Сиқырлы пішіндер мен сандар әлемінде» Шымкент, «Шикула и К» 2021ж.


4.«Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар»
Р.Қ. Өміртаева «Атамұра» 2021 ж.


Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі