"Ұшқыш қыз- Хиуаз Доспанова"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ұшқыш қыз- Хиуаз Доспанова"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақта оқушылар Хиуаз Доспанова туралы бейнежазба көріп, «БББ» әдісі арқылы білімдерін жүйелейді. Екі мәтінді салыстырып, олардың тақырыбын, құрылымын, аудиториясын, стилі мен тілдік ерекшелігін анықтайды. «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі арқылы мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын талдап, кестеге түсіреді. Грамматикалық тапсырмада оқшау сөздер мен одағайларды қолданып, оқылым және тыңдалым материалдары негізінде диалог құрайды. Сабақ соңында «БББ» кестесінің соңғы бөлігін толтырып, қорытынды жасайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Ұшқыш қыз- Хиуаз Доспанова

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.2.4.1 Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;

7.4.4.4 Одағай түрлерін ажырата білу, қолдану;

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Хиуаз Доспанова туралы жазылған мәтіндердің мазмұнын түсіну, тақырыбы мен стилін жалпы салыстыру, одағай түрлерін ажырата білу, қолдану.

Көпшілігі: Хиуаз Доспанова туралы екі түрлі стильде жазылған мәтіндердің тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын салыстыру, одағай түрлерін ажырата білу, қолдану;

Кейбірі: идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау, одағай түрлерін ажырата білу, қолдану.

Ойлау дағдыларының деңгейі

талдау

Бағалау критерийлері:

  • Мәтіндердің стилін, тақырыбын анықтайды

  • Құрылымы мен аудиториясын ажыратады

  • Тілдік ерекшелігін салыстырады

  • одағай түрлерін ажырата біледі, қолданады.

Құндылықтарға баулу

Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім (2-құндылық)

Пәнаралық байланыстар:

Тарих, әдебиет

Алдыңғы білім

Панфиловшылар ерлігі

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы






















Сабақтың ортасы:



















І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, сабаққа дайындық.

Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.

  • Қандай батыр қыздарды білеміз?

  • Хиуаз Доспанова туралы естігендерің бар ма?

  • Бүгінгі біздің сабағымыз кімге арналады?

БББ кестесінің 1-бағанын толтырады.

Білетінім

Білгенім

Білгім келеді





Осылай сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.

Мақсаты:ой жинақтауға, жұмыс істеуге дағдыландыру.

І. ОҚЫЛЫМ АЛДЫ

1-тапсырма. Ой шақыру.

https://www.youtube.com/wath?v

«Ұшқыш Хиуаз Доспанова» атты бейнежазбаны тыңдай отырып, батыр қыз туралы мәлімет алады.

«БББ» әдісімен алған мәліметін жинақтау. 2-бағанды толтырады.

Білетінім

Білгенім

Білгім келеді




Дескриптор:

  • Хиуаз Доспановаға байланысты сұраққа жауап береді;

  • Бейнежазбаны тыңдай отырып, алған мәліметін «БББ» әдісі арқылы жинақтайды.

ҚБ

ІІ. ОҚЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ

Оқушыларға екі мәтін таратылады. Екі мәтінді салыстырып, тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын, олардың тілі мен стилінің формасын, ұқсастығын және айырмашылығын сараптаңыз.

«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі

Тапсырма. Екі мәтінді салыстырып, тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын, олардың тілі мен стилінің формасын, ұқсастығын және айырмашылығын сараптаңыз.

1-мәтін

Хиуаз Доспанова!

      Бұл есім
жас ұрпаққа күні кешеге шейін беймәлім болып келді. Ал аға буын өкілдеріне
келсек, соғыс жылдарында аты шығып, соғыстан кейінгі кезеңдерде
қайраткерлігімен кең танылған тұлғаны ұмыта бастады. Себебі Хиуаз апамыз ел
тізгінін ұстағандардың көңілінен шықпады. Әдейі ұмыттыру саясаты ұсталынды. «Болат
кездік қап түбінде жата ма?» Қаһарман қыз өзі кеуде соғып шыға келмесе де,
елі-халқы оны жоқтады. Көлеңкеден күнгейге шығуына көмектесті. «Бауыржан
ағасының сарқытын ішкен қайсар қыз» жасы ұлғайған шағында тәуелсіз Қазақ елімен
қайта қауышқандай болды. Халық Қаһарманы атағын иеленді. «Ештен кеш жақсы»
деген осы.

 Қазақ
халқының атағын аспандатқан арулар Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың
қатарларына Хиуаз Доспанова келіп қосылды. Осыны әлемге айқайлап айтқың келеді!

            Хиуазтану
енді ғана басталып жатыр. Жылдар өтер, ұрпақтар алмасар. Ерлікті елі ұмытпас,
бір буын келесі буынға жеткізіп отырар.

 Ант сөздері
- жауынгерлердің борышы, ары, намысы. Біз ант сөздерін сап алдында босқа
қайталаған жоқпыз, жоқ, ол сөздер біздің жанымыз, жалынымыз еді, әскери
өміріміздің бастан кешкен және бастан кешетін қасиетті күндері еді. Сол күні,
ант берген күні біз өзіміздің нағыз жауынгер екенімізді сезіндік.

 Біз өрт
соғыстың от-жалынынан өттік, өліммен бетпе-бет кездестік, адамзат қасіретін,
нелер сұмдықты көрдік; көз жасы мен қанға бөгіп тебіренген туған жерімізді
көрдік; қорлық көріп, әбден әлсіреген совет адамдарының неміс тұтқынынан
босанғанын көрдік; соғыстың алғашқы айында құлдыққа түскен жігіт пен қыздардың
үйлеріне қаусап қайтқанын көрдік, не көрмедік!

            Бұл
ендігәрі қайталанбауға тиіс! Ешқашан қайталанбайды! Совет адамдарының тұжырымы
осындай! Осыны тілейді бүкіл прогресшіл адамзат!


2-мәтін

Оқулықтағы ОҚЫЛЫМ мәтіні


Екі мәтіннің ұқсастығы




Екі мәтіннің айырмашылығы



Түрі



Көзделген аудитория (кімдерге арналғандығы)


Мақсаты


Мазмұны


Стилі



Тілі




Мәтіннің тіліне, мақсаты мен мазмұнына сараптама жасау жолдары:

  1. Мәтінді мұқият оқып шығыңыз;

  2. Оқу барысында мәтін стиліне (ресми және бейресми) назар аударыңыз;

  3. Мәтіннің аудиториясын анықтаңыз; яғни бұл мәтінді кімдер оқитыны туралы болжаңыз. Әдетте, аудитория жас ерекшелігіне, қызығушылығына қарай жіктеледі;

  4. Осы мәтін арқылы автор оқырманға қандай ой тастағысы келетінін ойлаңыз. Автордың ойы сіз сараптама жасап отырған мәтіннің мақсаты болады;

  5. Мәтін абзацтарын қысқа мазмұндаңыз; мәтінді мазмұндауда бір-біріне қарама-қайшы пікірлерді атап өтуіңізге болады. Ол кезде төл сөз бен төлеу сөзді пайдаланғаныңыз дұрыс. Соған байланысты автор көзқарасын да келтіруге болады.

  6. Әр абзацтың бір-бірімен байланысын анықтаңыз; әр абзац, әдетте, бір-бірімен логикалық жағынан байланысады немесе жалғаулық шылаулар арқылы байланысады;

  7. Мәтіннің тіліне сараптама жасауда тақырып бойынша термин сөздер мен кәсіби сөздерді анықтап, сол арқылы автордың қай стилде жазып отырғанын растай аласыз. Адамның көңілкүйін білдіретін сөздер, әдетте, көркем әдебиет стиліне тән екендігі ұмытпаңыз.

  8. Әр абзацтың соңғы етістігіне талдау жасаңыз. Олар әр түрлі шақтық формада тұруы мүмкін. Олардың ол формада тұруына түсініктеме беріңіз.

Дескриптор:

  • стиль түрін анықтайды;

  • мәтіндерді салыстыра алады;

  • тілдік ерекшеліктерін анықтай алады;

  • мәтіндердің негізгі идеясын анықтай алады.

  • бір-бірінің жұмысын тексеріп, бағалай алады.

ҚБ

ІІІ. ОҚЫЛЫМНАН КЕЙІН. ӘТН.

3-тапсырма. Оқшау сөздерді қатыстырып, оқылым және тыңдалым материалдары бойынша диалог жазыңдар.

Дескриптор:

  • Оқшау сөздерді қатыстырады;

  • оқылым және тыңдалым материалдары бойынша диалог жазады;

  • талдап, түсіндіреді.

ҚБ

Бекіту. БББ кестесінің 3-бағанын талдайды.

Білетінім

Білгенім

Білгім келеді





Сәлемдесу, сабаққа дайындық.

Сұрақтарға жауап беріп, БББ кестесінің 1-бағанын толтырады.










«Ұшқыш Хиуаз Доспанова» атты бейнежазбаны тыңдай отырып, батыр қыз туралы мәлімет алады.«БББ» әдісімен алған мәліметін жинақтау. 2-бағанды толтырады.








Оқушыларға екі мәтін таратылады. Екі мәтінді салыстырып, тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын, олардың тілі мен стилінің формасын, ұқсастығын және айырмашылығын сараптаңыз.







Мәтіндермен танысады.










































Салыстыру кестесімен жұмыс жасайды.



















Мәтіннің тіліне, мақсаты мен мазмұнына сараптама жасау жолдарымен танысады.
































Грамматикалық тақырыпты меңгереді.



Грамматикалық тапсырма орындайды.






БББ кестесінің 3-бағанын талдап, қорытындылайды.







ҚБ

Тамаша жауап!

Жақсы жауап!

Талпын!












ҚБ

Тамаша жауап!

Жақсы жауап!

Талпын!











ҚБ

Тамаша жауап!

Жақсы жауап!

Талпын!


























































































ҚБ

Тамаша жауап!

Жақсы жауап!

Талпын!








ҚБ

Тамаша жауап!

Жақсы жауап!

Талпын!




7-сынып қазақ тілі












https://www.youtube.com/wath?v

































http://infoportal.kz/ru/content/kanatty-kyz




















Сабақтың соңы:





Үй тапсырмасы:




6-тапсырма


Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік;

Рефлексия


Өзін-өзі бағалау

Кері байланыс парағы

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлекция жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Сабақ мақсаттары

Оқыту мақсаттары шынайы болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды?

Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Егер осы сабақты қайталап өткізсем нені өзгертер едім?

Тақырыптың өмірмен байланысы болды ма?













































Бағалау критерийі:

Дескриптор:

  • Мәтіндердің стилін, тақырыбын анықтайды

  • Құрылымы мен аудиториясын ажыратады

  • Тілдік ерекшелігін салыстырады

  • стиль түрін анықтайды;

  • мәтіндерді салыстыра алады;

  • тілдік ерекшеліктерін анықтай алады;

  • мәтіндердің негізгі идеясын анықтай алады.

  • бір-бірінің жұмысын тексеріп, бағалай алады.

Дескриптор:

  • Б. Момышұлының ұлағатты сөздерінің мағынасын ашып, түсіндіреді;


  • «құпия сөздің» мағынасын ашуда ойланады, өз болжамын ұсынады.





Тапсырма

Екі мәтінді салыстырып, тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын, олардың тілі мен стилінің формасын, ұқсастығын және айырмашылығын сараптаңыз.

1-мәтін

Қаһарман

Мың құбылып тұрса-дағы бар маңы,

Адамзатты алға бастар Ар заңы!

Мір оғындай Момышұлы Бауыржан –

Туа біткен туралықтың тарланы.

Әрбір сөзі жас ұрпаққа – тағылым,

Бойға жиған ақылы мен сабырын,

Өмір бойы шындық үшін күресіп,

Жалғандықтың тіліп түскен тамырын!

Жауынгерді айналдырып құрышқа,

Тайсалмастан кірген талай ұрысқа.

Ұрпағына үлгі болған ғұмырын

Ұқсатамын жарқылдаған қылышқа!

Жүру үшін тура жолдан бұрылмай,

Ар мен Намыс бірге туған ұғымдай.

Біздер үшін рухы биік Бауыржан

Батырлық пен Ақиқаттың туындай!

Ұшқыр ойды от-қайраққа жаныған,

Туған елді өз үйім деп таныған,

Жалындаған жастар керек еліме

Батыр баба қасиеті дарыған!

(«Егемен Қазақстан» Айбатыр СЕЙТАҚ)

2-мәтін

Редакцияға тапсырма сұрай келген А.Бек нақ осы тұсқа тап келеді. Редакцияның сол кездегі қызметкері «Бранденбург қақпасы» кітапшасының авторы жазушы Александр Кривицкий  А.Бекке осы жиырма сегіз батыр жайлы түсіндіре келіп, шығарма жазуды тапсырады. Полкте бір қатал полк командирі – аға лейтенант Б.Момышұлы деген командирдің бар екенін ескерте айта келіп, сол жайлы шығарма жазуды қатты өтініп сұрайды. Аға лейтенант өте қатал, ешкіммен ашық сөйлесе бермейді, тіпті маңына да жолатпайды дегенді баса ескертеді. «Сен Момышұлымен тіл табыса алсаң, онда сенің жолыңның болғаны, – дейді Бекті жолға шығарып салып тұрып. Шындығында да Александр Кривицкий өзі де соғыстың алғы шебін аралап жүріп, Момышұлымен танысып, шығарма жазуды ойлағандардың бірі еді. Әйтсе де, оның бұл ойы іске аспады. Ол Б.Момышұлының қатаң қаһарына шыдамай, дегеніне көне алмай жолдары екі айырылған болатын. Осы жағдайды көп ойланған А.Кривицкий панфиловшылар жайлы шығарма жазуды бір сәтте есінен шығарған емес. Ақыры А.Бекке өзінің ойын іске асыруды тапсырады. А.Бек бұл жұмысты ойдағыдай атқарып, Б.Момышұлының атын да, өзінің атын да дүние жүзіне әйгілі етті.Б. Момышұлы А.Бекті алғашында қабылдамады. Турасын айтсақ, сөйлеспек түгіл маңайына да жолатқан жоқ. Ал Бек Б.Момышұлының бұл қылығына қатты қынжылса да, наразы болмады. Бірақ соңынан қалмай Б.Момышұлы алғы шептегі окоптарды аралағанда, ізінен қалмай алғы шепке барды. Штабта отырса, ол штабтың босағасын қарауылмен бірге күзетіп отырды. Сөйтіп жүріп ақыры Бәукеңді дегеніне көндіріп, өз ойын іске асырды.

(kazgazeta.kzcайты, Мұхамеджан Кәтімхан)









Екі мәтіннің ұқсастығы







Екі мәтіннің айырмашылығы











Түрі





Көзделген аудитория (кімдерге арналғандығы)




Мақсаты







Мазмұны







Стилі





Тілі















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.08.2025
116
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі