400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

"Ұстаз - білім шырағы" атты эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
осы тақырыпта мәлімет іздеген мұғалімдерге, студенттерге көмегі боп қалар деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұстаз-білім шырағы



Ақырын жүріп анық бас ,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас ,

Үйретуден балаға.

Абай Құнанбайұлы

Иә, Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі –Ұстаз!

Ұстаз-адамдықтың диқаншысы. Адам тәрбиелеудің,жеке тұлғаны қалыптастырудың бағбаны.Кіршіксіз,пәк сезімді жас ұрпақты арман жолына жетелейтін де,білімнің қия шыңына көтеретін де ұстаз. «Ұстазы жақсының –ұстамы жақсы» деп ғажайып дүниенің сырын ашқан,өмірдің қыр-сырын меңгертетін де ұлық тұлғалар.Ендеше ұстаз білімнің отын жағып,бал-шырын нәрін шәкірт бойына сіңірудің әдіс-тәсілдерін жетік меңгерген мұғалім болу-адам бойындағы ұлы қасиет. Ол жүректің батырлығын да,сезімнің ақылдылығын да,мінездің жайлылығын да,білімнің байлығын да топтастырып,бір арнаға тоғыстыратын, бір сөзбен айтқанда ұстаз-асыл қасиеттердің жиынтығы.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Еліміздің ертеңі-бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деп атап көрсетуі ұстаз мәртебесін асқақтата түскендей.

Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз – баға жетпес биік тұлға. Ұлaғaтты ой иелерi де, aрмaн оты жүрегiнде aлaулaғaн жеткiншектер де, пaрacaтты қоғaм қaйрaткерлерi де бiр aдaмғa қaрыздaр. Ол – Ұcтaз!

Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,


Ұстаз болу – жүректің батырлығы.


Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,


Азбайтұғын адамның асылдығы,- деген екен сөзден жыр кестесін өрген Ғафу Қайырбеков.

Ұстаздық- мамандық иелерінің ішіндегі жауһары. Өзге мамандық атаулылары өздерінің түр-сипатын мың құбылтып жатса да, еш өзгеріссіз сол бәз баяғы қалпында жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттердің дәнін себуші болып қала бермек.

«Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» - деп, М. Шаханов ағамыз айтқандай,  әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаймын.

Ойымды қорытындылaй келе, Ұcтaз еciмi – ұлы еciм! Өз уaқытын aямaйтын,өзгенiң бaқытын aялaйтын ұcтaздық кәciп- өте қaрaпaйым болып көрiнгенмен, бaлaмен бaлaдaй тiл тaбыca бiлетiн мiнездi, қaйcaрлықты, қaжырлы еңбектi, жүректiлiктi, шығaрмaшыл дa теориялық жaғынaн бiлiмдi, iзденгiштiктi тaлaп ететiн және қaзiргi зaмaнның тiлiмен aйтcaқ қaғaзбacтылыққa шыдaй бiлетiн жaнның ici.

Міне, осындай асыл қасиетке ие мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін!

Өйткені, «Ұстаздық-ұлы нәрсе!»





Қатысушы туралы ақпарат


Аты-жөні: Сагидолданова Нурлан Сериковна

Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылы

№13 жалпы білім беретін орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

07.02.1980.

8 708 271 56 84

nsagidoldanova@bk.ru


































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 желтоқсан
477
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі