Материалдар / "Ұстаз - деген ұлы есім ұғынғанға" мерекелік кеш
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ұстаз - деген ұлы есім ұғынғанға" мерекелік кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға , ұстаздарға алғыс білдіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2020
599
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

VІІ. ЗИЯТКЕРЛІК ТӘРБИЕ, АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТ ТӘРБИЕСІ

Мақсаты: Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру.






Л .Қылышев атындағы ОЖББмектеп жанындағы интернат

І-санатты тәрбиеші

Ж.М. Арыстанова










Мерекелік кештің тақырыбы: «Ұстаз» - деген ұлы есім ұғынғанға!

Мақсаты: Тәрбиеленушілерге ұстаз туралы толық мағлұмат беріп қиын да жауапкершілігі мол мамандықты таңдауға қызығы мен қиындығы бірге жүретін жемісті еңбек жолдарына қуаныш сыйлату.

Көрнекілігі: Әсем безендірілген зал, «Құттықтаймыз!» жар газеті,шарлар,

Музыка ырғағымен оқушылар ортаға шығады.

Жүргізуші: « Ұстаздық – ұстаздан басқа ешкімнің қолынан келмейді.» - дейді дана халқымыз. Еліміздің болашағы – бала үшін бар күш жігерін аямайтын, үнемі қасынан табылатын уақытында көмек қолын созатын ол – Ұстаз. Олай болса құрметті тәрбиеші – ұстаздар – сіздер сүйкімді де құрметтісіңдер. Жас та, кәрі де Сіздердің еңбектеріңізді ұмытпайды, алғыстарын айтады. Олай болса өздеріңіз тәрбиелеп отырған тәрбиеленушілеріңіздің сіздерге арналған құттықтау жырларын қабыл алыңыздар.

Ұстаз туралы шығарған өлең жолдары оқылады.

1. Білімнің кәусәр бұлағын, 2. Қыр сырын зерттеп заманның,

Ұлылығын айтып бабамның Жүресің құйып санама,

Біз үшін сенсің - мұғалім, Өнерге өріс беретін,

Ұстаз да, ғылым дана да Барометрі сенсің адамның

Жүресің құйып санама,

Біз үшін сенсің - мұғалім,

3.Сағыныш сазы толқытқан,Арнамақ сөздің мәйегін.

Шәкірттерін оқытқан,Келіп тұр жолдап сәлемін

Оқулығы, партасы Мұғалімнің арқасы.

5.Ақыл, білім көп бердің,Анамдайсың мектебім

Сенде өсіп көктедім,Сенсің өмір көктемім.

Барлығы хормен:

Алғыстарым көп менің, Асыл анам – мектебім!

ӘН орындалады

1 - жүргізуші: Құрметті ұстаз – тәрбиешілер!, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңді ықыласпен тыңдап, пән атауларына зер салып оқып үйреніп жүрміз.

Жан – жақты білім бергені үшін ұстаздарымызға айтар алғысымыздың шегі жоқ.( Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында шарлары бар)

М –мейірімді,Ұ- ұлағатты,Ғ- ғазиз,А- ақылды,Л- лайықты,І –іскер,М- маман.

6.Мұғалім, ғазиз мұғалім,Сарқылмас мәңгі бұлағым

Ұланың бүгін тойыңда,Арнайды саған бұләнін.

7.Бірге өсіп, ен жайлаған ұл менен қыз,Асыға сәлем жолдап жүректенбіз.

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.

Би «Флешмоб»7 -8 -9 кластардың орындауында

8. Оқытыңдар, ұл - қызым, деп,Күлімдеген ұстаздар.

Ән арнадық арнайыТағзым ете, ұстаздар.

9.Қара сөздің дауылы,Құрмет еткен ауылы

Барлығы хормен

Сыйымызға риза бол,

Мұғалімдер қауымы

10.Мұғалім мен ұстазда бар айырма,Ұстаз деген – жақсы әндегі қайырма.

Мұғалім, ол - бар болғаны мамамандық,Жеткенінше жеті өнерлі шайырға.

11.Ұстаз деген – ұлағаттың шайыры,Қадірінің тиетұғын қайыры.

Ұстаз деген - шуағы мол шапағат,Шаршамайтын, шалдықпайтын, тәйірі.

12 .Ұстаз деген – ұстаз болып туғандар,Ұлылықты ұлықтаған имандар.

Ұрпағының ертеңіне жол ашып,Өмірінің әр шақтарын қиғандар.

13.Қимағандар — ұстаз емес, мұғалім,Мұғалім боп, ұстаз болмау күнә, мың.

Қаратақта, ақ бор ғана қолданып,Ұстатты ұстаз дүниенің құлағын.....

14.Жақсы ұстаздың шын мәңгілік пайдасы,Өзіне обал арзан дәріс, айласы.

Ұстаз болу бақыт, әрі абыройҰстаз деген – шәкірттердің айнасы.

ӘН: Ұстазым

Жүргізуші:

Ұстаздар – ұлтымыздың тірегі,Ұстаздар мектебіміздің жүрегі,

Ұрпаққа жетер ұстазбен,Халықтың ұлы тілегі.

Ұстаз болған баршаға,Ардақты жандар қаншама.

Шәкіртің күнде қуантсын,Шаршама , ұстаз шаршама.



Қорытынды бөлім. Тәрбиеленушілер ұстаз – тәрбиешілерге арналған мерекелік концерт барлығының көңілінен шықты. Жаңадан келген тәрбиеленушілер өз өнерлерін көрсете білді. Тәрбиеленушілер өзін – өзі басқару көшбасшылық қасиеттерін көрсетебілді . «Болашақ» тәрбиеленушілер ұйымы « Дублер» күнінде ұстаз тәрбиеленушілерге жақсы көңіл – күй сыйлай білді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!