Мақсаты: Балаларды ұстазды
құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын
түсіндіру. Ұстаз еңбегін бағалай ілуге
тәрбиелеу.
Жүргізуші: Ұлылықтың
ұйтқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр
алған.
Шапағатты шуақ сепкен
ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар
арман.
Ұстаздар жақсылықтың жол
ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала
шағы
Өмірді алға қарай
өрлететін
Сендерде Ұлы Отанның болашағы
-
Ұстаз... Қандай қасиетті сөз!
Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға
бейнесі. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі
ұғым болса, оның бірі - Ұстаз. "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны
ілесің" дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны
сөзсіз.
Құрметті ұстаздар, қадірлі
қонақтар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
Бүгінгі мерекеге арналған "Ұстаз - мәңгілік нұрдың қызметшісі" атты
мерекелік жиынымызды ашуға рұқсат
етіңіздер.
Мерекелік жиынды ашу үшін
бүгінгі біздің бүлдіршіндеріміздің әніне
беремін.
Ән: "Ұстазым
менің"
Орындайтын: Қамбар Мухсару,
Ұланқадр Мадина, Халел Медина,
Түркменбайұлы
Әлихан
Жүргізуші: Ұстаз сөзін айтып
жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар
жанды ұғып,
Ұстаз деген - ұлылардың
ұлысы,
Құрметіне бас иейік мәңгілік!
- деп келесі кезекті бүлдіршіндердің тақпақтарына
берейік.
1 бала Ұстаз бізді білім беріп
өсірген
Қатемізді әрқашанда
кешірген.
"Өмір жолы - қиын жол" деп
әрдайым
Тәрбиелеп, ақылды ғып
өсірген.
2 бала Жақсылықтан
үйреніп
Боламыз біз жақсы
адам
Жамандықтан
жиреніп
Үлгі аламыз
жақсыдан
3 бала Ұстаздарым биік тұлға
байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы
алды.
Қуанышты жарқын тілек
білдіріп,
Құттықтаймыз, ұстаздарым
баршаңды.
4 бала Ұлы өмірге жетелеп,
ашқан білім есігін
Құрметтейік мәпелеп,
ұстаздардың есімін.
Жүргізуші: Бірге өсіп, ен
жайлаған ұл мен қыз,
Асыға сәлем жолдап жүректен
біз
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем
биді,
Сіздерге тарту етіп
ұсынамыз.
Би: "Қара
жорға"
Жүргізуші: Ендігі кезекті
тақпақтарға береміз.
5 бала Анамыздай менің асыл
ұстазым,
Өтті бізбен көктем, күз, қыс,
жазың.
Жылдар бойы тәрбиелеп,
аялап,
Болашаққа бір жол
нұсқадың.
6 бала Мұғалім ғазиз
мұғалім,
Сарқылмас мәңгі
бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда
,
Арнайды саған бұл
әнін.
7 бала Келешекке алтын
бақ,
Қосар таудай
үлесің.
Жасай берсін
жарқылдап,
Ұстаз атты ұлы
есім.
8 бала Нұрын төккен көк аспан
күмбезінен
Күлімдеуің ұқсайды күн
көзіне
Өолда болса ұстаздарға сыйлар
ем,
Бар байлығын әлемнің біз
сіздерге.
Жүргіуші: Білімнің кәусар
бұлағын,
Жүресің құйып
санама
Біз үшін сенсің
мұғалім
Ұстаз да, ғалым да, дана
да
Хор: " Жас дәуірдің
түлегіміз"
Жүргізуші: Ұстаз болған
баршаға
Ардақты жандар
қаншама
Шәкіртің күнде
қуансын
Шаршама ұстаз, шаршама -
ұстаздарға арнаған бүлдіршіндердің тақпақтарына
беремін.
9 бала Ең аяулы есім ғой
"Ұстаз" деген,
Бар тіршілік бақытты
ұстазбенен
Ұстазды жеткізгенше
мұратына
Білім іздеп лапылдап жана
берем
10 бала Ақырын жүріп, анық
бас,
Еңбегің кетпес
далаға
Ұстаздық қылған
жалықпас
Үйретуден
балаға.
11 бала Сағыныш сазы
толқытқан,
Арнамақ сөздің
мәйегін
Шәкірттерің
оқытқан,
Келіп тұр жолдап
сәлемін.
12 бала Қанатым
талмайды
Қиялым
самғайды
Ақын да, ғалым
да
Ұстазсыз
болмайды
Мереке
күніңмен
Құттықтап бүгін
мен
Ойыма ой
қосам
Сен берген
біліммен.
Жүргізші: Суретші болсақ, ең
әсем бейнені ұстаздарға арнаймыз,
Сәулетші болсақ, ең көрікті
ғимаратты ұстаздарға саламыз,
Жүрек күйін тербетер сазгер
болсақ, асыл әнді ұстаздарға шырқаймыз
Сезімді бойлайтын ақын болсақ,
нұрлы жырлардың әр тармағын аяулы
ұстаздарға
арнаймыз.
Би:
"Көбелектер"
Жүргіуші: Бүгінгі күн
құшақтарын гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты
болсын.
Білімімен суарған
шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты
болсын!
Құрметті ұстаздар, қонақтар!
Бүгінгі ұстаздар мерекесіне арналған "Ұстаз - мәңгілік нұрдың
қызметшісі" атты мерекелік жиынымызды жабық деп
жариялаймын.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға
көп - көп рахмет. Бүгінгі біздің балабақшамыздың қонақтары, бүгінгі
мерекенің қонақтары __________________, қалалық білім бөлімінен
келген тәлімгер, ұстаз Чуйшбаева Сәуле апайға
береміз.
№ 22 "Ақбұлақ" балабақшасы
МКҚК
"Ұстаз - мәңгілік нұрдың
қызметшісі"