Ұстаз - тағдыр, ұстаз – ғұмыр
Ғылым иесі ғалым да, ел
қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақындар да,тегеуріне темір
балқытқан жұмысшы да, егін еккен дихан да, мал бағып терін төккен
шопан да бәрі-бәрі ұстаздан білім алған. Мұғалім –бұл жай ғана мамандық емес, бұл
үлкен ғұмыр!
«Ұстаз ұлы — тұлға»-
дегендей бәріміз де ұстаз алдынан өттік.
Ұстаз мен үшін ардақты есім.
Ұстаздар – тыншымайтын
еңбеккерлер,
Жемісті жерге екпеген, елге
еккендер,-демекші әрбір адамның, шәкірттің өзі сүйген
алғашқы ұстазы, жылдар бойы тәлім алған ұстазының аяулы бейнесі
көкірек көрігінде, жүрек түбінде сақталуы заңдылық. Себебі, ұстаз –
баланы адам қылып тәрбиелеп, күлімдеген, күнім деген, сенің
жүрегіңе болашаққа мақсат қоя білуге сенім ұялатқан зор
тұлға.
Оңашада отырып ұстаз туралы ойға кетсем,
көз алдымнан ақ жарқын мінезді, ақ жүректі, жылы жүзді ұстаз
бейнесі көрініп, мені қиялға батырып, еріксіз нұрлы естеліктерге
жетелей жөнеледі... Мен ұстаздардың еңбегін бағалаймын,өзім де
ұстаз болғандықтан шығар,сондықтан олардың еңбектерінің еленгенін
қалаймын.Өйткені олар — бала үшін жанын салып, білімнің бар кәусар
бұлағын ашып, әр оқушының санасына сәулесін төгіп, нұрын шашатын
жақсылық иелері. Олай дейтінім, жақсының жақсылығын айт, нұры
тассын дегендей, мен өзімнің сүйікті және мәңгілік есімде қалған
ұстазым жайында айтсам артық болмас деп
ойлаймын. Сонда мен өзіме пір тұтқан
бейне, өзімнің мұғалімім-Салиха Динқызы.
Ұстазымның ерекшелігі – туа біткен ұстаз еді,
бар жандүниесімен ұстаз еді. Ол кісі - сондай мейірімді, ақылды,
ақкөңіл әрі өте білімді адам болған. Бізге 2 курста 2006 – 2007
жылдарда Алматы қаласында Алматы мемлекеттік политехникалық
колледжінде «Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері» арнайы
пәнінен сабақ берген. Ұстазымның сабақ түсіндіруіне,
кішіпейілділігіне қатты қызығатынмын.
Сабағы қызықты өтетін, өйткені, ол — өте
ізденімпаз жан еді.
Сол кісінің орнында болғым
келетін, ол кісінің бойынан табылатын балаларға бар мейіріммен
қарайтын көзқарасы, адалдығы, қарапайымдылығы маған ұнайтын. Мен
ұстазыма шексіз алғысымда білдіремін және ризамын, себебі менің
осындай дәрежеге жетіп, арманыммен асқақтап өмір сүруім сол кісінің
ықпалы деп білемін. Осы бір сұрақ өмірге келіп, сана-сезімі
жетілген әрбір адамды толғандырары сөзсіз. Бір кездері мен де осы
бір сұрақтың жетегінде көп ойланып, толғанып, қиялдап, өзім
қалайтын, өзім сүйіп айналысатын істі таңдау жетегінде жүрдім.
Ақырында осы бір сұраққа жауап та таптым.
Абай атамыз «сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан»
деп айтқандай, мен де өз орнымды
таптым. Ең алғаш еңбек жолымды осы
алматы мемлекеттік политехникалық колледжде бастадым. 2008 ж.
бастап арнайы пәндер сабағынан яғни, ұстазым секілді «Алгоритмдеу
және бағдарламалау негіздері» мұғалімі болып қызмет атқардым. Ол
колледждің тамыры тереңнен нәр алған, қаншама ел басқарған
азаматтар мен азаматшалар сол алтын ұядан ұшқан. Сондықтан да мен
алғаш келгенде өзіме жүктелетін жүктің ауыр екенін сезіп, бар ынта-
жігерімді алдыма келген шәкірттеріме аудардым. Ұстазымның бойыма
сіңірген сарқылмас білімі мен білігінің арқасында шынайы өмірге
шыңдалып өзім де сол ұстаздың үмітін ақтау үшін шәкірт тәрбиелеп,
сол шәкірттеріме берген білім мен тәрбиенің арқасында елімізге
еңбегі тиер азамат қылып тәрбиеледім.
Арнайы пән оқытушысы
Ұ.Құдабаева
Алматы мемлекеттік
политехникалық колледжі