Материалдар / Ұстаз - ұлағатты есім
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұстаз - ұлағатты есім

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы ұстаздар, ағартушылар туралы түсініктерін кеңейту мақсатындағы тәрбие сағатының қысқа мерзімді жоспары
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тәрбие сағатының қысқа мерзімді жоспары

Тәрбие сағаты

«Ұстаз-ұлы есім»

Класс жетекші:

Оразова Г.К.

Класс: 10 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы:

«Ұстаз-ұлағатты есім»


Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)


Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім –мектептің жүрегі.

Ы.Алтынсарин

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды ұстаздарды, олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеуге, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу. Білім мен біліктілік ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу.

Құндылықтарды дарыту

Рухани-адамгершілік тәрбие

Ресімдеу

Презентация, видеоролик

Музыкалық және бейне көркемдеу

Әнұран.

Ән: «Ұстазым менің», «Ұстазым»

Үлестірмелі материалдар

Өлең шумақтары

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация/моноблок/колонко

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет ресурстары https://www.youtube.com/watch?v=dfwKsbZ1ZAE


Сабақтың барысы



Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (5мин)


Сәлемдесу.

Оқушыларды түгендеу.

Оқушылардың техникалық құрылғыларын, интернет қосылуын тексеру.



Сабақ басы (10 мин)


Жаңа оқу жылымен қатарласа келетін мұғалімдер күні осы күздің, қазан айының үлесінде.

1994 жылдан бері әлемнің 100-ден астам мемлекетінде қазан айының алғашқы жексенбісі мұғалімдер мен білім беру саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі болып белгіленген. Кей мемлекеттер бұл мерекені 5 қазан күні атап өтеді

Мұғалімдер күні қалай тойланады?

Біздің мемлекетімізде де бұл мереке қазан айының алғашқы жексенбісіне белгілеген. Дәлірек айтсақ, мұғалімдер күні 1965 жылы 29 қыркүйекте КСРО жоғарғы кеңесі президумының бұйрығымен қазан айының алғашқы жексенбісіне бекітілді. 1966 жылы 5 қазанда ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымының өкілдері "Мұғалімдердің жағдайы туралы" құжатқа қол қойған.

2011 жылы ҚР Білім министрлігі Ұстаздар күнін атап өтуді 5 қазанға ауыстыру туралы ұсыныс жасады. Себебі, 5 қазанда әлемнің көптеген елдері Дүниежүзілік ұстаздар күнін атап өтеді. Бірақ мереке күні өзгертілмеді. Айта кетейік, қазан айының бірінші жексенбісінде Ұстаздар күні тек Қазақстанда ғана емес, Беларусь, Қырғызстан және Латвияда да атап өтіледі екен.

2019 жылы ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оларды қолдауға шақырды.

«Ұстаздар - балаларға білім беріп, ұрпағымызды отаншылдық рухында тәрбиелейтін керемет жандар», - деп жазды мемлекет басшысы.

Мереке қарсаңында еліміздің барлық аймақтарында ұстаздардың кәсіби мерекесіне арналған мерекелік шаралар өткізіледі.

Бұл күні білім беру саласының мамандарын құттықтап, құрметтейді және ерекше үлестері мен жетістіктері үшін марапаттайды.

Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз,- деп Әл-Фараби атамыз айтқандай, өз істеріңнің маманы бола білген мектеп-гимназия Ұстаздарына алдыңғы апта өздеріңіз белсенділік танытып видеоқұттықтау жасадыңыз. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, сол Құттықтау жасау барысы қызық болған сынды. Өз эмоцияларыңызбен бөліссеңіз.

Оқушылар өз көңіл күйлерін, мектепке деген сағынышын айтады.

Тыңдайды, сұрактарға жауап береди

презентация

Ортасы (20 мин)



Мектептің айнасы, бәйтерегі, ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса, бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ.

Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ол – мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, ұлттың да, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз жанды өкілі. Ол – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы. Ұстаз – мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерінің көрігі. Ұстаз – білім беру сапасын арттыру саясатын тікелей жүзеге асырушы. Ол – мемлекетімізді құрметтеу жауапкершілігін шәкірттеріне жеткізіп дарытушы.

«Ұстаз» туралы видеоролик көрсету.

Ән тыңдату: «Ұстазым менің»

Оқушыларға Сүйікті мұғалімдеріне ашық Хат жазғызу. Сабақ соңында сол мұғалімге жіберттіру.

Ой бөліседі, тапсырма орындайды










Бейнеролик қарайды

Презентация











бейнеролик

Соңы (5 мин)



Қорытынды:

Білімнің күші құдіретті. Ол бар жерде үздіксіз даму үрдісі болады. Білім арқылы адам баласы өмірдегі өз орнын табады. Сіздің әр жеткен жетістігіміз – біздің жетістігіңіз! Біз сіздерді шынымен сағындық.

Осындай қиын-қыстау шақта сабыр сақтап, кішігірім мәселені дүрліктірмей, елмен бірге бұл індетті еңсеру өз қолымызда. Барша мүмкіндікті пайдаланып, кедергілерге қарамастан, білім алуды жалғастырғанымыз абзал болмақ.

Бірге болсақ, алмас асуымыз болмас! Біз біргеміз!!! Біз қашықтан оқып жатырсақ та жүрегіміз сіздермен бірге соғады.


Сабақтан алған әсері туралы ой бөліседі






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!