Материалдар / Ұстаз - ұлағатты есім
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұстаз - ұлағатты есім

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшісіне керек. Ұстаз туралы дайын сценарий берілді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
757
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұстаз – ұлағатты есім. 9-сынып


Мақсаты: Болашақтың тірегі-шәкірттерді тәрбиелеудегі ұстаздың өлшеусіз

еңбегін оқушы санасына жеткізу, құрмет сезімін арттыру


1 – жүргізуші: Қайырлы күн! Армысыздар, аса құрметті де аяулы біздің

ұстаздарымыз!
2 – жүргізуші: Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Төл мерекелеріңіз құтты болсын, ізгіліктің пайғамбары ұстаздар қауымы!
1 – жүргізуші: Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы,-
деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Б. Момышұлы «Ұстаздық -ұлы қызмет, себебі ұрпақтарды ұстаздар тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген болатын.

2 – жүргізуші: Аяулы ұстаздарым! Сіздердің бала көңілдеріңіз әр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге - білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шәкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны», «Бала жанашыры». Иә, бұл мектеп мұғалімі - ұстазға арналған теңеулер, бұл тізбектің шегі бар ма екен десеңізші. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, өздеріңізге арналған даналық сөздер тұтас бір кітапқа айналары сөзсіз. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, кәсіптеріңізге сәттілік тілейміз.

1 – жүргізуші: Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та ,тауыса алмаспыз. Еңдеше, қымбатты ұстаздар, Әлішерге сөз берейік.


(Ф. Оңғарсынова «Ұстаз» өлеңі оқылады)

Зауытта болсаң күнбе-күн,
Көрінер еді табысың.
Дәрігер болсаң түрлі емің,
Шипалы жанның бағы шын
Ал сенің еңбек жемісің,
Өзгеше тіпті басқадан.
Ол өзің арнап ел үшін,
Осынау жүрген жақсы адам.
Жақсы адам елдің тірегі.
Байлығы туған халықтың,
Шапағын шашар үнемі,
Көгіңде тұрған жарық күн.
Сен жастық қамын шертерсің,
Тағдырын толғап ойланып,
Әр үйдің бір еркесін
Үйреттің өзің қолға алып,
Ұстазсыз жолда сөнбек күн,
Шәкіртсіз өмір сусыз жер,
Көрінбес ғажап еңбектің,
Бейнетін кешіп жүрсіздер
Жүректе тұрар жанымнан табыл, жігер күт,
Ұстазым сенің, әр күнің әр сәтің, тұрған бір ерлік
Алпамыс:
Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп, күлімдей.

Жансерік:
Жыр оқисың нөсер болып жайылып,
Қас қабағын қалт жібермей шәкірттің
Қарайсың -ау нұр жүзіне сүйсініп,
Жалын атып, от боп, бірге жанасың

2 – жүргізуші:
Ұстаз -ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор, ол тек оқу, жазу үйретіп беретін мұғалім ғана емес, қиналған сәтте қол үшін беретін қамқоршы, көмекші. Іздеген сұраққа, бастаған іске ақыл – кеңес беретін ақылшы, бірге еңбек ететін дос.

1 – жүргізуші:
Ұстаз -шәкірт алдында сыйлы адам. Ол жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау - адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін, жауаптылық,қажырлылық, білімділік, жүректілік,сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған дихан да, мал бағып терін төккен шопан да, ғарышкер де -бәрі - бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар ,сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.


Ендеше, Ербол Асылай мен Комсомол Балнұрдың орындауында

«Қазақ биін» тамашалаңыздар.


Жанна:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға.

Қалдықожа:
Ұстаз, ұстаз !
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық,
Әл - Фараби , Ыбырай мен Ахаңды,
Осы сөз ғой қойған бізді ұлы ғып.

Бекзат:
Ұстаз небір қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылменен емдейтін.
Болса- дағы малға кедей өмірде,
Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін.

Өміржан:

Алғаш рет оятқансың санамды,

Алғаш рет ұстатқансың қаламды.

Сол үшін де мәңгі сыйлап өтермін,

Түсіндірген жақсы менен жаманды.

Серғазы:

Ол бейне өзім үшін алып адам,

Бойына жаман қасиет дарымаған.

Есейіп еңбекке еніп кетсем- дағы,

Үйретіп жол сілтеп жүр әлі маған.

Бойыма алаулатып күш- жалынды,

Өмірге ұмтылдырған құштарымды.

Кеудеме білім сырын құйып берген,

Ұмытпан мәңгі- бақи ұстазымды.


2 – жүргізуші: Ардақты ұстаздар! Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, сіздерді пайғамбардай сыйлайтын, жүрегі жылы, бойы ізгілікке толы шәкірттеріңіз көп болсын!

Барлығы бірге: Мерекелеріңіз құтты болсын!


1 - жүргізуші :Менің ойымша кез - келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздың өнер тағылымы - терең өнер. Ал өнерлі болу кез - келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен терең еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз - тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.


2 – жүргізуші: Мен осы сөз дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын

қосайыншы.
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады
Көңілді күндер тусын алдын әлі.
Ән - шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.

1 – жүргізуші : Мына ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл

алыңыздар!

«Ұстазым» әні. Орындайтындар: Таңшолпан мен Ақбота

2 – жүргізуші:
Енді бір сәт Сержанға кезек берейік.


Ұстаз деген- жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген- анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың.

Ұстазыңды түсінгін сен тереңнен,

Бар әлемге еңбегімен еленген.

Сенің бағың өрге қарай өрлесе,

Ол да бірге қуанышқа кенелген.

Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,

Ізгі іс қой ұстаз тілін алғаның.

Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,

Ол- өзіңнің орындалған арманың.

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,

Ұстаз деген- ұлылардың ұлысы,

Қасиеті бас иелік мәңгілік.


1 – жүргізуші: Сіздерге арнайы ойынымыз бар. Апайларымызды ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші: Сіздерге алғысымызды білдіре отырып, дарынды да талапты оқушыларыңыз Таңшолпан мен Ақботаның орындауында «16 апай» әнін қабыл алыңыздар.

1 – жүргізуші: Ұлағатты ұстаздар, бүкіл адам баласы сіздерге бас иеді.

Мереке күні баршаңызға шаттық, қуаныш әкелсін!
2-жүргізуші: «Сыр сұхбат» деп аталады кешіміздің жалғасы. Ұстаздарға қоятын аз ғана сауалымыз бар.

Ұстаздық өміріңіз сізге ұнай ма?

Оқушы кезіңізде сабаққа кешіккен кезіңіз болды ма?

Неліктен осы мамандықты таңдадыңыз?

Сабағыңызда оқушы ұйқтап қалған кез болды ма?

Жас кезіңіздегі армандарыңыз орындалды ма?

Егер сіз ұстаз болмасаңыз, басқа кім болуыңыз мүмкін еді?

«Лезгинка» биі. Биші қызымыз Балнұрды ортаға шақырамыз.


«Ұстазым» әні хор.


Қорытынды.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!